Мақсаты: Студенттерге сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдіс тәсілдерін меңгерту. Жаттығулар жасау арқылы әдістердің ерекшеліктерін, мазмұныны білуге үйрету. Іс –тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру.
Жоспар
1.Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері.
2.Балалардың жас ерекшелігіне сай балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Мектеп жасына дейінгі бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда төмендегідей әдістер қолданылады:
1. Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
Яғни бала тәрбиешісінің айтқан дыбыстарын бірге қайталайды. Бұл әдіске жаттықтыру кезінде тыныс шығару процесіне ерекше көңіл бөлінеді. Сол себепті дыбыстау мүшелерін жаттықтыру үшін «Гүлдерді иіскейік», «Бөлме ішінде ұшыру үшін мамықты үрлейік», «Қолымыз тоңса демімізбен жылытайық», «Сабын көпіршігін ұшырайық» секілді сюжетті айындарды пайдалануға болады, немесе дыбыстарды меңгертуде рольдік ойындарды да ұйымдастыруға болады. Мысалы, қасқыр у-у-у-у-у деп ұлиды. Ит ав-ав-ав-ав деп үреді. Сондай-ақ Сөздер тізбегі деген дидактикалық ойындар арқылы балаларды сөздің бірінші және соңғы дыбыстарын ажырата білуге үйретіледі. Мысалы, бұл ойында көбінесе суреттер пайдаланылады. Алма / а..а / ағаш / а..ш / т.б.
2. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда тақпақ, жаңылтпаштар айтып жаттығу әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бұл әдіс кезінде де тәрбиеші белгілі бір дыбысқа балалардың назарын аудара білуі тиіс. Бұл әдіс көбінесе балаларға жеке және хормен айтқызу тәсілдері арқылы жүзеге асырылады немесе осы бір әдісті бейнелі сергіту сәті мәселесімен бекітуге болады. Мысалы, бір аңның немесе құстың қандай дыбыс шығаратындығын әрі сөзбен, әрі қимылмен көрсетуге болады.
3. Балаларға шығармашылық тапсырма орындату. Бұл әдіс бойынша бала өз түсінігін баяндайды, басқалар оның дауыс реңкін және дыбыстарды айтқандығын айырады.
4. Көрнекілік әдіс. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыруда кеңінен қолданылады. Әрбір дыбысты айтқанда сол дыбыстардың таңбасы сол дыбысқа байланысты көрсетілетін заттар, құбылыстар көрнекілік арқылы берілуі қажет.
5. Дидактикалық ойындар дыбыстық мәдениетті қалыптастыруда басты роль атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай жүргізілуі қажет. 1жас 6 айдан 3 жасқа дейінгі балалар сөздерді, сөздегі жеке дыбыстарды, жай сөз тіркестерін тәрбиеші айтқан үлгімен қайталап айтатын болады. Бұл кезеңде баланың дыбыстау мүшелері, есту қабілеттері күшті дамиды. Сондықтан балаларға алдымен айтқанда қиындық келтіретін А, И, О, У, К, Б дыбыстары үйретіледі және бұл жастағы балаларға дыбыстарды меңгертуде дидактикалық ойындар жиі қолданылады. 3жастан 5 жасқа дейінгі балалар сөздерді мағынасына қарай орынды пайдалана бастайды. Шағын ертегілер, әңгімелерді қайталап айтып беруді немесе суреттен не көріп тұрғандарын мазмұндауда да жеке дыдыстардың айтылуына көңіл бөлінеді және осы кездегі тәрбиешінің басты міндеті сөздердің дыбысталу, естілу ерекшеліктерін балаларға байқатып, оны дұрыс айта білуге, дыбыстау мүшелерінің қызметін жетілдіруге, мәнерлеп сөйлеуге көңіл бөлуі қажет. Тіліміздегі әр дыбысты баланың дұрыс меңгеруі үшін сол дыбыстарды басқа дыбыстардан ажырата білуге дағдыландыру, дыбысты сөз ішінде дұрсы айта білуге үйрету және өтілген сол дыбыстарды сөз тіркестерінде және сөйлемде айтқызу жұмыстары жүргізіледі. Бестен жеті жасқа дейінгі аралықтағы балалар тіліміздегі дыбыстың барлығын толық меңгеріп сөздерді дұрыс айтуға төселулері қажет және бұл жастағы балалар сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға ажыратып үйренеді немесе керісінше дыбыстардан буындар, буындардан жеке сөздер, жеке сөздерден сөйлемдер құрастырылады. Бірақ бұл жастағы балалардың барлығы дыбыстарды, сөздерді қатесіз айтады деп есептеуге болмайды. Олардың арасында Р, Ш, Ж, Н шатастырып, орын алмастырып айтатындар кездеседі. Сондықтан естиярлар мектепке даярлық тобында да балалар тілінің дыбыстық мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді. Бала тіліндегі қателік мектепке барғанға дейін немесе кейін оны дұрыс сөйлеуге үйрету қиынға түседі. Мектепке дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін тәрбиелеу, сөздік қорды дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің грамматикалық құбылыстарын қалыптастыру сабақтарымен тығыз байланыста жүргізіледі. Алайда бала тілінің дыбыстық мәдениетін жетілдіру сабақпен шектеліп қалмауы тиіс. Басқа пәндерді өткен кезде де, сабақтан тыс кезеңде де бұл жұмыстар өз жалғасын табады. Мысалы, көркем әдебиет оқу іс-әрекетінен өлеңдер жаттағанда, сурет іс-әрекеттерінде түрлі нәрселердің бейнелерін салғанда соны түсіндіру мақсатында, ертегілерді, әңгімелерді пайдаланғанда балалардың дұрыс сөйлеуіне көңіл бөлінеді. Сондай-ақ ән, музыкадан да дауыс екпініне, дауыс қарқынына, жалпы үн реңкіне, дауыс сазын ретке келтіруге жан-жақты мән берілуі қажет. Сонымен қатар күннің екінші жартысында немесе ертеңгіліктер өткізген кезде, серуен, топсаяхат кезінде, тіптен балабақшаға қабылдап алып бақшадан кетер кезінде, балалардың сөйлеген сөзіндегі дыбыстардың жеке сөздердің дұрыс айтылуына тәрбиеші көңіл бөлуі қажет.
Күннің екінші жартысында да бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастыратындай сөздік жаттығуларды, дидактикадық ойындарды ұйымдастыруға болады.
Студенттерге берілетін тапсырмалар:
· Дыбыстардың айтылу үлгісін беру.
· Балаларға шығармашылық тапсырма орындату.
· Көрнекіліктер
4. Дидактикалық ойындар.
5. Мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыстық мәдениетін қалыптастыру балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізілуі