· Тапсырма сұрақтары бойынша студенттер жауабы тыңдалып, толықтырылады.
Бала тілінің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың әдістері
3. 3 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс
4. 5 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс
5. 7 жасқа дейінгі балалармен жүргізілетін жұмыс
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары.
Ересектер мен мектепке даярлық топтарына технологиялық карта құру, өткізу, талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Б.Баймұратова. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы-Алматы: «Рауан»1991
2.Ғ.Дүкенбаева. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу.-Алматы,1992.
3.Баймұратова Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. – Алматы: Мектеп, 1991. – 95 б.
4.Нұрмухаметова Р.Ә. Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ фольклоры арқылы эстетикалық тәрбие беру: пед. ғыл. канд... автореф. 13.00.07. – Алматы, 2004. – 23 б.
5.Баймұратова Б. Тіл дамыту әдістері. – Алматы: Мектеп, 1991. – 80 б.
6.Бәтібаева С.Ғ. Қазақстанда қазақ балабақшаларының қалыптасуы мен дамуы (1946-2001): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.01. – Алматы, 2004. – 144 б.
7.Метербаева К.М. Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас): пед. ғыл. канд... дис. 13.00.02. – Алматы, 2005. – 150 б.
Дәріс №23
Тақырып: Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі
Мақсаты: Студенттерге мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың мазмұны мен міндеттерін, әдіс-тәсілдерін түсіндіріп, меңгерту. Күнделікті іс-тәжірибеде пайдалануға бағыттау.
Жоспар
· Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем әдебиетпен таныстырудың маңызы мен міндеттері.
· Көркем әдебиетпен таныстырудың әдіс-тәсілдері.
Мазмұны: 1. Шолу дәріс. Көркем әдебиет мектеп жасына дейінгі бала тілін қалыптастыруда, дамып жетілуіне үлкен әсер етеді. Көркем әдебиет арқылы бала айнала қоршаған орта, табиғат туралы түсінік алып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жайлы түсініктері дамиды. Өлеңдерді, ертегілерді тындаған кезде бала сол кейіпкерлердің жақсы іс әрекетіне үйрене бастайды. Сөйтіп көркем әдебиет арқылы бала адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық тәрбие алады.
Балабақшаға арналған білім беру бағдарламасында әр топта оқытылатын көркем шығарманың тізімі берілген. Осыған орай:
1.Сол шығарманың мазмұнын меңгертіп дұрыс түсініктерін қалыптастыру тәрбиешінің ең басты міндеті болып саналады.
2. Әңгімені не ертегіні тыңдаған бала сол шығарма оқиғасымен кейіпкерлердің іс-әрекетімен бірге шығармадағы көңіл-күйді өзі бастан кешіргендей сезімде болуы тиіс.
3. Шығармада не туралы айтылғанын, сол шығарманың кейіпкерлері не себепті ұнады, ұнамаса қандай мәселелері бар және шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді ажырата алатындай дәрежеге жетуі тиіс.
4. Шығарма мәтіні ролдерге бөлініп беріліп, балалар сол ролдер бойынша жауап береді.
5. Тәрбиеші өз тобындағы балалардың өткен жылы қандай шығармамен танысқанын еске түсіріп отыруы қажет.
6. Мектеп жасына дейінгі балаларды көркем шығармамен таныстыруда ең жиі қолданылатын әдіс тәрбиешінің оқып беруі. Көлемі шағын мәтіндер ауызша жатқа оқылады. Бұл кезде басты көңіл бөлетін жәй балаларды басқаның сөзін тыңдай білуге үйрету, сол арқылы есте сақтау қабілетін арттыру.
7. Баяндау әдісі. Бұл әдістің алдыңғыдан айырмашылығы тәрбиеші оқылатын шығарманы сөзбе-сөз емес еркін түрде айтып береді. Яғни мәтінді тәрбиеші қысқартуына да, балаларға қиындық келтіретін бөліміне түсінік беруге болады. Баяндаған, әңгімелеген кезде сол топтағы балалардың сөздерімен шектелмей әдеби тілде сөйлеу қажет.
8. Жаттау әдісі. Бұл әдіс көбінесе өлеңдерде, мақал-мәтелдерде, оқыған кезде пайдаланылады.
9. Дидактикалық ойындар. Балаларға таныс шығармалар арқылы жүргізіледі.
10. Сөздік жұмыс. Әрбір оқылған шығармадағы балаға таныс емес оқиғалар суреттер, көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі қажет.
ТӘСІЛДЕРІ:
1. Шығарманы қайталап оқу – Бұл тәсіл балаға таныс өтілген шығармалар бойынша жүргізіледі.
2. Таңдап үзінді оқу тәсілі.
3. Шығарма мазмұнына сай ойыншықтар, суреттер пайдалану.
4. Кітаптағы дайын суреттерді пайдалану.
Студенттерге берілетін тапсырма:
1. Бала тілін дамытуда көркем әдебиеттің алатын орны.
2. Көркем әдебиетен таныстырудың міндеттері, әдіс-тәсілдері.
3. Кітап бұрышы, оның маңызы
ІІ. Студенттер мен оқытушының бірлесіп атқаратын жұмыстары:
1. Тапсырманың сұрақтары бойынша оқытушы мен студенттер пікір алысады. Көркем әдебиетпен таныстырудың міндеттерін мысалдар келтіріп жан-жақты талдайды.
2.
Көркем әдебиетпен таныстырудың әдістері
Көркем әдебиетпен таныстырудың тәсілдері
3)
ІІІ. Студенттердің өзіндік жұмыстары. “Балбөбек”, “Біз мектепке барамыз”, “Зерек”, “Алғашқы қадам” бойынша әдеби шығармалар оқып беру бөлімін әр топ негізінде талдау.
Дәріс №24