Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мемлекеттің әлеуметтік қорғау жүйесі




Әлеуметтік қорғау деп қоғамдық дамудың нақтылы жағдайларына сәйкес азаматтарға қалыпты тіршілік әрекетінің кепілдікті денгейін қамтамассыз етуге арналған басымдықтардың және оларды мемлекеттік және басқадай институттар арқылы жүзеге асыру механизмдерінің жүйесін айтады. Бұл деңгей қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының ахуалына, жалпы ішкі өнімінің мөлшерлеріне, қордаланған ұлттық байлыққа және оларды бөлудің сипатына, жүйені іске асыру механизмдерінің жұмыс тиімділігіне байланысты болады. Әлеуметтік қорғаудың қаржылық тұлғалауы арналуы ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қайта бөлгіштік қатынастарда көрініп, білінеді, бұл қорлардан халыққа әр түрлі әлеуметтік төлемақылар беріледі.Кедейленген топты азайту-нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі міндеті. Тұтынудың әртүрлі денгейінің еңбек пен жұмысшы күші факторларымен байланыстылығын атап өту керек.

Бұл жүйе өзара байланысқан элементтер жиынтығын, нарық жағдайындағы адам басындағы қиыншылықтарды жеңілдетуге, сонымен қатар барлық халық топтарының іскерлік белсенділігін ынталандыруға бағытталған. Ең алдымен әлеуметтік қорғау жүйесі қоғамның ең қорғансыз бөлігі – қарттар, мүгедектер, көп балалы отбасылар, жетімдер, ауруларды қорғауды көздейді. Бұл зейнетақыны индексациялау, жәрдемақыны, әр түрлі талондарды таратып беру, тағы басқадай көмек түрлері жолымен жүзеге асырылады. Аталған қоғамдық топтарды қолдау үшін қайырымдылық қорлар мен ұйымдардың, мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың, жеке азаматтардың көмегі маңызды рөл атқарады.

Екіншіден, мемлекеттік сектордан босаған жұмысшыларды қабылдай алатындай ұсақ және орта кәсіпорындардың дамуына мемлекет қажетті шараларды жасауға мүдделі және міндетті.

Үшіншіден, мемлекет, одан кейін кәсіпкерлік құрылымдар, мамандықты жоғарылату, мамандықты ауыстыру немесе жұмыстан босатудың өндірістік немесе экономикалық себептеріне байланысты белгілі мөлшерде материалдық ресурстар шығындарын көтеру қажет.

Төртіншіден, мемлекет жалпы адамдық мораль қалыптарына, салт дәстүрге, мәдениетке және т.б қайшы келмейтін заңдар жүйесін жасап, олар өз кезегінде әр азаматқа тіршілік түрін таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі қажет.

Нарықтық экономикаға көшу кезеңі мен оның даму барысындағы дағдарыстар әр адам, әр отбасы үшін қиын сынақ. Біреулер бұл кезеңнен жеңіл өтеді, біреулеріне қиындау, ал кейбіреулер үшін бұл апатпен тең. Осы кезеңнің қиындықтарын күн ілгері көре білу, халықты әлеуметтік жағынан қолдау мен қорғау шараларын тереңінен ойластыру – өркениетті мемлекеттің төл ісі.

Қазақстанда қазіргі жағдайда халықты әлеуметтік қорғау жүйесі одан ары қарай жетілдіру үстінде. Оны 2015-2016ж. әлеуметтік даму бағдарламасының атқарылуынан көріп отырмыз. Бағдарламаның мақсаты қаржылық тұрақты, экономикалық тиімді, әлеуметтік әділетті үш сатылы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі болып табылады. Жалпы барлық жәрдемақылар категориялық санаттық негізде беріледі: тек қана республикалық денгейде бекітілген екі әлеуметтік төлемдер-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын-үй жәрдемақысы-мұқтаж адамдардың табысын тексеру арқылы орташа табысы кедейшілік денгейінен төмен отбасыларына беріледі (егер олардың табысы күнкөріс минимумынан 40% –дан төмен болса).

Әлеуметтік төлемдердің ішінде көлемі жағынан екінші орында тұрған әлеуметтік көмектің бір түрі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектер болып табылады: оған тұрғын-үй жәрдемақысы, бала тууға байланысты берілетін және басқа да әлеуметтік көмектің түрлері жатады.

Атаулы әлеуметтік көмек Қазақстан Республикасының 2002 жылы 17-ші шілде де шыққан №246 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» заңына сәйкес беріледі.

Атаулы әлеуметтік көмек табысы аз отбасыларына, соның ішінде орташа табыспен кедейшілік шегінің айырмашылығы ретінде нақты аймақты төленіп отырады.

Халықтың тұрмыс деңгейі – халықтың ауқаттылығын көрсететін категория, адамның материалдық-әлеуметтік қызметтер мен игіліктерді тұтынуы және нақты сұраныстарын толығымен қамтамасыз ететін жиынтық көрсеткіш. Осы қызметтер мен игіліктердің бір мезгілде үй шаруашылығында тұтынылуының ақшалай көрінісінің жиынтығы өмір құны деп анықталады.

  • Тұтынуға қолданылатын табыстар (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш):
  • Орташа еңбек ақы;

Халықтың тұрмыс деңгейінің көрсеткіштеріне мыналар жатады:

  • халықтың ақшалай табыстарының номиналдық (аталуы көрсеткіші (ай сайын жан басына шаққандағы көрсеткіш):
  • ең төменгі еңбекақы;
  • номиналдық (аталуы) еңбек ақының ең төменгі еңбек ақыға қатынасы,
  • жасына қарай берілетін ең төменгі зейнетақы;
  • күнкөріс минимумы (жан басына шаққандағы ай саынғы көрсеткіш);
  • табысы минимумынан төмен халықтың үлес салмағы,%,
  • азық-түлік себетінің құны (жан басына шаққандағы ай сайынғы көрсеткіш);
  • табысы азық-түлік себетінен төмен халықтың үлес салмағы%.

Сонымен, жұмыссыздық, халықты жұмыспен қамтамасыз ету мәселесі осы күндері ең өткір проблемаға айналып отыр.

Жастар жұмысқа орналасуға байланысты ең осал топ болып табылады, осы себептен олар кедейшілікке де бейім. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне және толық жұмыспен қамтылмауға, әсіресе ауылдық жерлерде көп кездесетін жұмыссыздыққа ұшырататын әлеуметтік және экономикалық проблемалармен олар бетпе-бет кездеседі.

 

Сонымен,бүгінгі күндері Қазақстанда халықты әлеуметтік кепілдік берудің жаңа механизмдері қалыптасуда. Республикалық және аймақтық деңгейде, өндіріс ұжымдары мен жеке адам деңгейінде әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдіктер түрлері мен нормаларын анықтау, олардың есептеу – жоспарлау әдістемелерін жетілдіру, заң жүзінде бекіту жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік нормативтер жалпы мемлекет, өндіріс, әр түрлі әлеуметтік топтар мен еңбек ұжымдары деңгейінде анықталып, бекітіледі. Әлеуметтік нормативтер жүйесін үш салаға бөліп қарастыруға болады.

1. Тұрғындардың барлығына ортақ әлеуметтік–экономикалық кепілдіктер мен әлеуметтік қорғаулар;

2. Қоғамның экономикалық белсенді мүшелеріне, еңбекпен қамтылғандар мен уақытша жұмыссыздарға арналған әлеуметтік кепілдіктер мен қорғау шаралары;

3. Қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларға белгілі мөлшерде әлеуметтік кепілдік беретін мемлекет шаралары.

Қазақстан 2016 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Еліміздің әлеуметтік ахуалы да тұрақты қалпында 2001 жылдан бастап мемлекеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам адамдарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан 5 жыл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда екі есеге артық.

Зейнеткерлерді қолдау көлемін ұдайы арттырып келе жатқандығы байқалады, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті.

Әлеуметтік құрылым жылдан-жылға нығайып отыр. 2014 жылы ғана Республика бойынша 76 мектеп және 23 денсаулық сақтау орны салынды. Жалпы айтқанда қоғамдық өмірдің барлық салаларында ілгерілеу серпіні болып жатыр. Бұл біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымызбен дұрыс қалыптастырылған мемлекеттік бюджеттің негізінде іске асып отыр.

Егер алдағы уақытта атқаруға тиісті шаралар қарастырылған айтсақ, ол:

· Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9%-ға арттырып отыру;

· Сәби 1 жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай-сайынғы жәрдемақыны 2016-2017 жылдары кезең-кезеңімен өсіруді, орта есеппен алғанда 2009 жылғы жәрдемақының мөлшерін 2,5 есеге арттыру;

· Бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы-25 %-ға, 2010жылы - 25%-ға, ал 2017 жылы 30%-ға арттыру қамтамасыз етілуі тиіс.

Сонымен қатар, бюджеттің нәтижелігін арттыру және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қарастырылды. Орталықта нәтижелікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту керек, яғни тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуі тиіс.

Жоғарыда аталған қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Экономикалық саясат: лекциялар Д.Қ. Қабдиев., Т.Қ. Оралтаев., А.Б. Темірбекова., Ә.Е. Ескендіров., С.Қ. Бекмолдин., Б.Х. Хабибуллин., А.Т. Белеков.-Алматы: Экономика.2002-170 бет.

2. Байгісиев М. Ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеу.-Алматы: Раритет, 2010.-240 бет.

3. Ұлттық экономика Оқулық/А.В. Сидоровичтің., Ә.Ә.Әбішевтің жалпы редакциялануымен. – Алматы: Экономика, 2010.-528 бет.

4. Ускенбаева А.Р.Экономическая политикаУчебно-практическое пособие. – Караганда, 2004. – 278 с





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1399 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2259 - | 2032 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.