Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Инвестициялық саясат




1. Инвестицияны 2 тұрғыда қарастырамыз:

Инвестиция-1)Капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы

2)Кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және зияткерлік құндылықтардың барлық түрлері.

Инвестициялық концепция мына берілген үш бағыт арқылы жүзеге асырылады:

1)мемлекеттік бюджеттік қорларды пайдалану арқылы;

2)ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

3)шетелдік инвестициялар тартумен тиімді пайдалану механизмі арқылы.

Инвестициялық ресурстардың негізгі көздерін ұтымды пайдалануда келесі көзқарастарды жүзеге асыру керек:

- инвестициялық қорларды тек қана экономиканың құрылымыдық өзрегістерінің ғана емес, сонымен қатар республиканың экономикалық тәуелсіздігінің негізі болып саналатын халық шаруашылығының басыңқы бағыттарын дамытуға жұмылдыру;

- халық шаруашылығы салаларының өндірістік қорларын тезірек жаңартуға мүмкіндік беретін жеделдетілген өтелім саясатын іс жүзінде, нақты жүзеге асыру керек;

- басыңқы салалар мен өндірісітерді қаржыландыру республиканың экспорттық потенциалының көлемі мен тиімділігін жоғарылату мақсатында жүргізу керек.

Жоғарыда көрсетілген шаралар әлеуметтік- экономикалық дамудың орта және ұзақ мерзімдік кезеңдерін қамтитын стратегиялық жоспарлар жасау кезінде ескерілуі тиіс.

Осы жоспарлардың құрамында ұлттық және аймақтық басыңқылар бойынша жасалатын бағдарламалар мен тығыз байланысқан, арнаулы мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар жасалынады.

Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты. Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың, оларды шешуші бағыттарға шоғырландырудың, қоғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз етудің жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды өндіретін, өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға тиіс.

Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрлымдарды құру, сондай-ақ, республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізі мен органдары құрылды. Осы мәселе бойынша шаралардың біртұтас кешені қабылдануда. Соның ішінде, “Шетел инвестициялары туралы” Заң (1991 ж.); “Инвестициялық жекешелендіру қорлары жөніндегі Ереже” (1993 ж.); ”Қазақстан Республикасының шетел инвестициялары бойынша ұлттық агенттігін құру туралы” ҚР Президентінің Жарлығы (маусым 1992 ж.); “Инвестициялар бойынша ҚР Мемлекеттік комитетін құру жөніндегі” ҚР Президентінің Жарлығы (қараша 1996 ж.); “Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы” ҚР-ның Заңы (наурыз 1997 ж.) және жекеленген жылдарға арналған инвестициялық бағдарламалар қабылданды.

Бұл құжаттар елдегі инвестициялық процесті басқарудың негізін қалады; жұмыс орындарын құру, инфрақұрылымды дамыту, елдің өнеркәсіптік және техникалық потенциалын дамытудың өсу қарқыны мен әртараптандыру саласында мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыру мен көптеген экономикалық мәселелерді шешудегі органдардың дұрыс жүйесін, олардың функциялары мен міндеттерін анықтады.

2000 жылға дейінгі кезеңнің индикативті жоспарының жорамалы бойынша отандық пен шетел инвесторларының жеке капиталын салудың басым бағыттарына төмендегілерді жатқызу мақсатқа сай болады: жеңіл өнеркәсіптің, агроөнеркәсіптік кешеннің өңдеуші салаларының, машина жасаудың, құрылыс материалдары өнеркәсібі мен мұнай, химия өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын салу мен реформалар жүргізу.

Орталықтандырылған капитал салымдары есебінен әлеуметтік сала объектілерінің құрылысын мақсатты республикалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асыру қарастырылады.

Мемлекеттік инвестицияларды басқару 4 жеке кезеңде жүзеге асырылуы қажет:

1. Жоспарлау;

2. Бағдарламалау;

3. Бюджетті дайындау;

4. Орындау;

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай-ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселесі шешіледі. Бұл кзеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды тандау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалық министрліктер жобаларды қаржылық-экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипаттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жылға арналған инвестициялар бойынша ұсыныстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат- жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңданудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаражат бөлу жөніндегі шешімдер мынандай факторларды ескеруі қажет:

- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай;

- инвестициялар бойынша ұсыныстардың нақты аспектілері, соның ішінде экономикалық аспектілер.

Егер инвестициялық жобаларды (кеңес беру мен сатып алуда талдау) жүзеге асыру бюджеттік мекемелерінің міндеті болып табылса, инвестициялық жобаларды қауіпке жиі қойса, әсіресе қаражатты артық жұмсауда, мәселелерден аулақ болу үшін сақтықтың қосымша шараларын қабылдау қажет.

Қазақстанға ең алдымен, мемлекеттік инвестицияларды тиісті институционалдық жүйесін құру мен жоғарыда аталған функциялардың (жоспарлау, бағдарламалау, бюджетті дайындау және оны орындау) ұйымдық пен тиімді орындалуын қамтамасыз ету қажет.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1404 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2302 - | 2063 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.