Кенішті электрэнергиямен жабдықтау екі бөліктен тұрады. Бірінші жер бетіндегі, екіншісі жер астындағы орналасқан электр қондырғылары мен қоғалатын машиналар мен механизмдері электр энергиясымен қамтамасыз ету.
Жер бетіндегі объектілерді электрэнергиясымен жабдықтау сұлбаларына мынандай талаптар қойылады.
1) Барлық электрэнергиясын тарататын желілер мен қосалқы бекеттер тұрақты режимде жұмыс істеуге тиісті. Қосалқы желілер тек қана I категорияға жататын объектілерге тартылуы тиіс. Мысалы, басты көтеру және желдету қондырғылары, жер астындағы орталық ток кернеуін төмендететін қосалқы бекет (ЦПП).
2) Энергия тарату магистральды және радиальды желілер арқылы болу қажет.
3) Бір магистральды желіден жалғанатын трансформаторлар саны кернеу 6-10кВ болған жағдайда, қуаты 100-1600кВа дейін 2-3 шамасында, 250-600кВа дейін 3-4 шамасында болуы тиіс;
4) I - II категориялы электр қабылдайтын объектілер үшін екі трансфор-матор қоюды қрастыру керек, бұ трансформаторлардың қуаты 100% болып, жұмысқа жарамдылығы тұрақы болуға тиісті.
Жер астындағы орналасатын қондырғыларды электрэнергиясымен жабдықтау үшін төмендегі талаптар қойылады: бұл талаптар мынандай жағдайларға байланысты:
1) Кеніш алабының көлемі және тереңдігі;
2) Жер астындағы электрқабылдағш қондырғылардың қуаты;
3) Жұмыс істейтінқќабаттар саны;
4) Қолданылатын ток кернеуінің мөлшері;
5) Кеніш көлігінң түрі;
6) Шахтаға электр энергиясын беретін қосалқы бекеттің жоғары кернеу мөлшері.
Жер астын қамтамасыз ететін электр жүйесінің сұлбасына мынандай талаптар қойылады:
1) Негізгі электр қабылдағыштарды қамтамассыз ететін желілер тиянақты және тұраќты болуы қажет;
2) Қолданған уақытта өрт қауіпінен, кеніш ортасынан және адамдарды тоққа түсіп калудан қауіпсіз болуы;
3) Өндіріс қуаты өсуіне байланысты, жабдықау мөлшерін үлкейтуге мүмкіндік болуы;
Кен қазу жұмыстарының тереңдігіне байланысты электр энергиясын таратудың екі жолы бар.
Біріншісі: шахта тереңдігі үлкен болған жағдайларда электр энергиясын оқпандарда орналастырылған желілер арқылы.
Екіншісі: кен µндіру ж±мысы терењ емес, не жер бетіне таяу жаѓдайда электрэнергиясын ±њѓымаѓа орналасќан желілер арќылы тарату.
Кернеу мµлшерін тањдау жер астындаѓы ќондырѓылардыњ саны, ќуаты жєне арналуына байланысты.
Жер асты қазбаларын электрэнергиямен жабдықтау жер бетіндегі басқы қосалкыбекет (ГПП) оқпандармен жүргізілген желілер арқылы жер астындағы орталық төмендету қосалқыбекетіне (ЦПП) жалғау арқылы атқарылады.
ЦПП-дан таратылатын энергияның бір бөлігі оқпан маңындағы орналасқан қазбалардағы тоқ қабылдағыштарға, ал екінші бөлігі шахтаның басқа да қабаттарына таратылады. Бөлім және қозғалмалы қосалқы бекеттер (УПП, ПУПП) тасымалдау штректеріндегі және қазбалардың кең мүмкіндігі бар жерлеріне орналастырылады. Бұндай қосалқы бекеттердің ток қабылдағыш-тардан ара қашықтығы 500м аспағаны жөн.
Кеніштерде жер астында электрқондырғыларын пайдалану үшін электрмен жабдықтаудың жалпы сұлбасы жасалу керек. Онда әрбір қабаттағы тау кен жобасы бойынша; желілер, қосалқы бекеттер, жеке электр қабылдайтын машина механизмдер көрсетілуі керек. Сұлбада әрбір қондырғының аты – жөні, қуаты, желілердің ұзындығы, қимасының ауданы т.с.с. анық жазылып көрсетілуі қажет.
Барлық электр аппараттары және машина механизмдердің тұрқы жерге жалғануға тиісті. Жер астының барлық қабаттарында. Жалпы жерге жалғау желісі орналастырылады. Машиналар жергілікті жерге жалғанғанмен тұрмай, жалпы желіге де жалғанады. Осы айтылған жалпы желі, сужиғыш қазбада орналасқан басты жерге жалғағышқа барып жалғанады. Басты жерге жалғағыштың ауданы 0,75 мм2, қалыңдығы 5 мм, кедергісі – 2 Омнан аспауға тиіс. Жергілікті жерге жалғағыштар қазбаның су ағар арнашығында орналасып, ұзындығы 2,5 м, қалыңдығы 3 мм, ауданы 0,3 м2 кем болмауы керек. Құрғақ сызаттарда жерге жалғағыштар диаметрі 30 мм, ұзындығы 1,5 м құбырдан жасалады. Ол құбырда диаметрі 5мм, саны 20 дан кем емес тесіктер тесіледі [3].
Таспалы конвейерлер
Әсер ету принципі, жіктелуі және қолдану аймағы. Таспалы конвейерлерде үстінде жүгі бар таспа стационарлы аунақшалы тіреуіштермен жылжып алып жүруші және тартқыш қызметін атқарады.
Таспалы конвейерлерді мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:
- арналуы бойынша – жалпы мақсатта өнеркәсіптің әртүрлі саласында қолданылатын, жер асты және ашық тау-кен жұмыстарында;
- орнату тәсілі бойынша – жазық, көлбеу, көлбеу-жазық;
- таспаның тасушы бетінің пішіні бойынша – бір аунақшалы тіреуіш-терден пайда болатын жазық, көп аунақшалы тіреуіштерден пайда болатын науашалы;
- таспа тарамдарын пайдалану бойынша - жоғарғы жұмысшы тарамымен, төменгі жұмысшы тарамымен, екеуі де жұмысшы тарам болғанда;
- тау-кен салмағын түсіру тәсілі бойынша – артқы атанақтар (барабандар) арқылы, аралық түсірумен.
Жер асты таспалы конвейерлер арналуы бойынша штректік, еңісті және бремсбергтік болып бөлінеді. Әрбір көрсетілген конвейерлердің өзіне тән кейбір сипаттамалық ерекшеліктері болады.
Мысалы, бремсбергтік, еңістігі конвейерлердің өшірілген қозғалтқыш жағдайында таспаның қозғалысын тоқтататын электромагнитті немесе таспалы тежеулері болады [3].
1.5 - сурет – Таспалы конвейер
Арналуына сәйкес таспалы конвейерлер әріптермен белгіленіп отырады, мысалы штректік Л, еңісті ЛУ, бремсбергтіктерін ЛБ, телескоптықтарын ЛТ деп белгілейді.
Әріптердің сол жағына цифрлар қойылады, олар таспаның типтік өлшемін және сантиметрмен берілген енін көрсетеді, мысалы 1Л80, 1Л100, 1ЛТ80, 1ЛБ80, 2ЛУ 160 сияқты белгіленеді.