25?
Науқас Г. 16 жаста.Шақырудың себебі: көшеде ес түссіз жатыр. Анамнезін анықтай алмады. Қараған кезде: жағдайы ауыр. Есі жоқ. Қарашығы тарылған «нүктелі», жарыққа әсер етпейді. Білегенде көптеген бұрынғы және жаңа инъекция орындары. Санаулы тыныс белгілері 5-6 рет 1минутына, жүрек тондары қатты, ырғақты. ЖСЖ 64 рет 1 мин., АҚ 90/60 мм сын.бағ.
Науқасты комадан шығару үшін қандай дәрілік зат енгізу керек.
- бемегрид
+ налоксон
- атропин
- эуфиллин
- кордиамин
26?
Жас ас үй қызметшісі әйелде ауыр бөшкені көтерген кезде кенеттен іштің төменгі жағындағы ауырсынуы, құсқысы келу және үлкен дәретке шақырулар сезімі пайда болды. Қандай белгінің жоқтығына байланысты жедел жәрдем дәрігері, жүкті трубаның үзілуінен, аналық бездің апоплексиясын ажырата алады:
- іштің төменгі жағындағы ауырсынуы
- артқы тік ішекте қысымды сезіну
+ жатырдан қанды бөліністердің бөлінуі
- құсу
- үлкен дәретке шақырулар сезімі
27?
6-7 апта мерзімдегі жүкті әйел кенеттен пайда болған жалпы әлсіздік, бас айналу, қысқа мерзімдік талып қалу жағдайы, іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауырсыну, жыныс жолдарынан жағылмалы қанды бөліністің пайда болуына байланысты жедел жәрдем шақыртты. Объективті түрде: науқастың өңі бозарған, пульс мин. 90, А/Қ – 100/70 мм сын.бағ. (қалыптысы А/Қ -115/70 мм сын.бағ.), t-36,50. Құрсағы жұмсақ, іштің төменгі сол жақ бөлігінде аздап ауырсыну бар.Құрсақтың жиырылу симтомдары жоқ.
Сіздің әрекетіңіз:
- қосымша емдеу шараларынсыз, гинекологиялық бөлімге науқасты шұғыл арада жеткізу
+ инфузиялық терапия және шұғыл түрде емханаға жеткізу
- ауырсынуды басу, госпитализация;
-окситоциннің 10 мг б/і енгізу, госпитализация;
- гинекологқа кеңес алу үшін бару ұсынылды.
28?
Жаяу жүргінші өтетін жерде ЖКО (жол көлік оқиғасы) болды – жаяу жүргіншіні көліктің қағып кетуі. 5 мин. кейін келген жедел жәрдем жолдың өтетін жағында жатқан, оң жақ аяғының көптеген жабық сынықтарымен ер адамды тапты. Жәбірленуші қиналып, ауырсынудан ыңырсып, көмекке шақырып жатты, өңі бозарып, суық тер жапқан.АҚ-120/80 мм сын. бағ., пульс мин. 110.
Берілген жағдайда қажетті шұғыл емдеу шараларының алгоритмі:
- науқасты носилкаға салу, жәбірленушіні ЖЖ салонына жеткізу, шұғыл арада госпитализациялау
- ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, госпитализация.
-ауырсынуды басу, жәбірленушіні ЖЖ салонына жеткізу, аяқты иммобилизациялау, госпитализация.
+ адекваттық ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, инфузиондық терапия, госпитализация.
-аяқты иммобилизациялау,оксигенотерапия,ауырсынуды басу, госпитализация
29?
Науқас Б., 35 жаста. Жедел жәрдем келгендегі шағымдары: жиі ауырсынумен жүретін кіші дәрет, зәр түсінің өзгеруі (ет жуындысы тәрізді). Жағдайының нашарлауы 3-4 сағат көлемінде, жоғардағы шағымдар пайда болғаннан кейін. Бұрындары ауырмаған. Бірінші қатарға қандай диагноз «сұранып тұр».
-гидронефроз
-нефроптоз
+несептасауруы
-поликистоз
- бүйрек артериясының тромбозы.
30?
Жедел жәрдем шақырту себебі: кеудедегі ауырсыну. 50 жастағы науқас күрт пайда болған кеуде артындағы ауырсынуына, құрғақ жөтел және бас айналуына шағымданады. Соңынан инспираторлық типтегі ентігу, терінің бозаруы мен цианоз пайда болды. Перкуторлық жүрек оң шекарасының кеңеюі анықталады. Аускультативтік: ІІ тонның акценті және өкпе артериясының үстінде екіеселенуі байқалады.
Қандай диагноздың ықтималдығы жоғары?
- крупозды пневмония
-астматикалық статус
- жедел миокард инфарктысы
- спонтандық пневмоторакс
+ өкпе артериясының тромбоэмболиясы
31?
48 жастағы науқас таңғы астан кейін пайда болған жүрек қағу ұстамасына, күрт әлсіздікке, жүрек аймағындағы қысып ауырсынуға, қорқыныш сезіміне, ентігуге шағымданады. Өздігінен ұстаманы баса алмады. «103» шақырды. Объективті:терінің жамылғылары бозарған. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырыл жоқ. ТЖ 24 минутына. Жүректің тондары қатты, ритмді, шулар естілмейді. Пульс 190 рет минутына, ритмді, аз толымды. АҚ 105/70 мм с.б.б.
(әдеттегі қысымы 120/70 мм. с.б.б.). Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры қабырға доғасының шетінде.
Көрсетілген препараттардың қайсысы қажетті көмек көрсетеді?
- лидокаин
- натрий нитропруссиді
- корвалол
Изоптин
- новокаинамид
32?
Жұмысынан үйіне қайтып келе жатқан 40 жастағы ер адамға мас жасөспірімдер шабуыл жасаған, оң иығына бірнеше пышақ жарақатын салған. Өтіп бара жатқандар ЖЖ шақыртқан. 15 минуттан кейін ЖЖ келгенде науқастың өңі бозарып, баяу қимылдап, оң қолымен қанап жатқан жарақатын басуға тырысуда. Пульс 1 мин. 120 соғ., АҚ 90/60 мм сын.бағ.
Шақыртылған ЖЖ бригадасының әс-әрекеттерінің алгоритмі:
- ауырсынуды басу, қан тоқтататын белдікті тағу (жгут), асептикалық байламаларды тағу, шұғыл арада госпитализациялау,
- асептикалық байламаларды тағу, шұғыл арада госпитализациялау
- белдікті (жгут), асептикалық байламаларды тағу, инфузиондық терапия, госпитализация
+ белдікті (жгут) және асептикалық байламаларды тағу, ауырсынуды басу және инфузиондық терапия, госпитализация
- инфузиондық терапия, ауырсынуды басу, асептикалық байламаларды тағу, госпитализация.
33?
29 жастағы науқастың жедел жәрдем шақырту себептері: іштің төменгі бөлігінде оң аяққа, белге, иррадиацияланатын толғақ тәріздес ауырсыну, құсу, жүрек айну, нәжіс және газардың ұсталуы. Ауырсыну 6 сағат бойы мазалайды. Физикалық жүктемеден кейін жағдайы нашарлаған. Қарау барысында: науқас мазасыз, терісі бозарған, АҚ 100/70 мм.с.б.б.,. PS 100 рет минутына, температурасы 37,10. Іші кепкен, іштің алдыңғы қабырғасындағы бұлшықеттің кернеуленуі және қозу симтоматикасы байқалады.
Осы жағдайдағы сіздің тактикаңыз:
- ішке суық қою
- спазмолитикалық препараттар
+ хирургиялық стационарға жоспарлы госпитализацилану
- антибактериалдық препараттар
- хирургиялық стационарға жедел госпитализациялау
34?
Науқас Б., 62 жаста. Жедел жәрдем келгенде, ауа жетпеуге, төс артында қатты ауырсынуға, өлім жайлы қорқыныш сезімге шағымданды. Жағдайының нашарлауы кенеттен түнде пайда болған. Қараған кезде: жағдайы ауыр, есі анық. Тері жамылғылары боз, ылғалды. Ортопное. Тынысы шулы, қолқылдаған. Өкпесінде түрлі калибрлі ылғалды көп сырылдар. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. ЖСЖ 110 рет 1минутына, АҚ 160/100 мм сын.бағ.
Науқасқа алғашқы көмектің бірінші қатардағы дәрілік заты:
- эуфиллин
- трамадол
+ морфин
- эналаприл
- магния сульфат
35?
Жедел жәрдем бригадасы келген кезде, 40 жасар әйел, оң жақ бел аймағында қатты ұстамалы, бел мен шап аймағына таралатын ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну төрт сағат жалғасқан. Қараған кезде: науқас қобалжыған. Терісі бозғылт, суық. АҚ - 120/80 мм сын.бағ., пульс 80 рет 1минутына. Пальпацияда, оң жақ қабырға- омыртқалық бұрыштың ауырсынуы. Гинекологиялық анамнезі тыныш. Сіздің болжам диагнозыңыз.
- өттас ауруы
+ несептас ауруы, бүйректік колика.
- жедел пиелонефрит
- жедел холецистит
- жатырдан тыс жүктілік
36?
26 жастағы әйел, үшінші жүктілік, үшінші рет босану. Кенеттен толғақтар басталды, тұрақты, қарқынды сипатта. Жүктіліктің жақсы даму қызметінің аясында босанушыда ұрықмаңы сулары кетуде. Мойынның ашылуы толық. Босанушыны стационарға жеткізу шешімі қабылданды. Тасымалдау кезінде көлікте босанушыда толғақтар басталды. Бқл жағдайдағы сіздің әрекетіңіз?
-босанушыны жақын арадағы перзентханаға жеткізу
+ көлікті тоқтату және босануды қабылдау
-ауырсынуға қарсы препараттар енгізу
-жатыр қызметінің жиырылуын тежейтін препараттар енгізу
-жатырды жиырылтатын препараттар енгізу
37?
Кардиогенді шок кезіндегі таңдаулы дәрілік зат:
- кортикостероидтар
- мезатон
- жүрек гликозидтері
+ допамин
- норадреналин
38?
Егде жастағы науқастарда артериялық қысымды тез арада төмендету орынсыз:
-жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігінің дамуына байланысты
-сұйықтықтың ұсталуы
-өмірге маңызды ағзалардың қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауы
+ жедел ми қан айналымының бұзылысы -инсульттің дамуы
-миокард инфарктісінің дамуы
39?
«Болгарка» арасымен жұмыс жасап отырып ер адам сол жақ иығын жаралап алды. Қатты қан ағу орын алды. ЖЖ шақыртылды. Бригада келгенге шейін диспетчер жәбірленушіге жоғарыда жарақаттанған жердің жарасына тез арада белдік (жгут) тағуға кеңес берді. Қан тоқтататын белдікті дұрыс тағудың нұсқалары:
- белдік қолға жараланған жерден жоғарырақ, шама келгенше қатты қысып тағылу керек.
- белдік жараның жоғарғы жағына барынша күшпен, қолдың дистальдық бөлігінде сезінбей қалуды тудыратындай тағылу керек.
+ белдік жараның жоғарғы жағына тек қан ағуды тоқтату үшін ғана қысып таңылу керек.
- белдік жараның жоғарғы жағына күшпен тек жарадан қан баяу білінетіндей етіп тарту керек.
- белдік жараланған жерден төменірек қолдың бұлшық еттерін қысқанға дейін күшпен тартылу керек.
40?
Қабылдау бөліміне ауыр жағдайда, 35 жасар ер адам жеткізілді. Бастың ауырсынуы, іштегі қатты ауырсынуға,жүрек айну, құсу және көргіштігінің тез бұзылуына шағымданады. Анамнезінде: алкоголь қабылдап тұрады, жақында досымен техникалық спирт ішкен. Қараған кезде: жағдайы ауыр, тері жамылғылары боз, құрғақ. Жүрек тондары қатты, тахикардия - 100 рет 1 мин., АҚ 140/90 мм сын.бағ. берілген улану кезіндегі антидотты дәрілік затты көрсетіңіз:
+ этил спирты
-Налоксон
- Атропин
-Унитиол
-Бемегрид
41?
50 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсау мақсатында сол жақ иық бөлігіне ұстара кескішімен бірнеше кесілген жарақаттар салды. Геморрагикалық шошыну дамыды. Жараға қан тоқтататын белдік (жгут), асептикалық байламалар таңылды, инузиондық терапия жүргізілді (15 мин. бойында бекітілген перифериялық катетер арқылы 1000 мл изотоникалық тұнба мен 400 мл полиглюкин ағынды арқылы енгізілді).
Қаналмастырушыларды қарқынды түрде құю қандай мақсатпен жүргізілді:
- ҚКЦ жетіспеушілігін азайту
+ циркулирлеуші сұйықтық көлемін толықтыру
- циркулирлеуші плазма көлемін толықтыру
- глобулярлық қалдықты толықтыру
- интоксикацияны жою (болдырмау
42?
Политравмада өзара тарту (отягощения) синдромы:
- дененің түрлі саласындағы бір уақытта зақымданған мүшелерінің қарапайым функционалдық жетіспеушілігінің қалыптасуы
- адекваттық емес емдеу шараларының салдарынан политрваманың бойында нашарлау
+ зақымның бір анатомиялық саласының басқа анатомиялық саласының ағысынан өзара тартылуы (взаимоотягощение)
- политравмамен туындаған КБЖ (ОПН)
- политравмамен туындаған КТЖ (ОДН)
43?
Әйел адам дәрігерге басының айналуы мен, қорқыныш үрей сезіміне шағымданды. Қараған кезде: беті боз, суық. ТЖ 100 рет минутына. АҚ тез жоғарлаған - 230/140 мм сын.бағ. Терапевт феохромацитома кезіндегі гипертониялық кризді анықтады. Кризді қалай басуға болад:
- дибазол
+ фентоламин
-капотен
-коринфар
-пентамин
44?
Жедел жәрдемді шақыру себебі: қатты бастың ауырсынуы. Науқас А., 56 жаста. Шүйде аймағында басымрақ сезілетін басының ауырсынуына, жүрек айну, көз алдында «шіркейлердің» пайда болуына, құлақтағы шуға шағымданады. Анамнезінде: артериалды гипертензия бойынша «Д» тіркеуде тұрады. Үздіксіз кальций антогонистер тобының гипотензивті дәрілік заттарын қабылдайды. Жағдайының нашарлауы бірнеше сағаттай, психо- эмоционалды қобалжумен байланыстырады. Қараған кезде: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Жүрек тондары әлсіреген, ырғақты. ЖСЖ – 112 с/мин., АҚ 190/110 мм сын.бағ. Берілген артериалды гипертензия кезінде ЖЖ дәрігері АҚ қаншаға төмендетеді:
- 10%
+ 25%
- 30%
- 15%
- 35%
45?
ЖКО кезінде зардап шеккен ер адам сәйкесінше зақым алды.
Төменде көрсетілгендерден қай жарақатты жәбірленуші алуы мүмкін:
- оң тізесінің екі сүйегінің де жабық сынығы
- бас сүйегінің ашық сынығы
+ ЖБМЗ (ЗЧМТ) және іштің тұйық зақымдануы
- іштің тұйық зақымдануы, бауыр мен көк бауырдың капсуляр асты үзілуі
- ЖБМЗ (ЗЧМТ),мидың шайқалуы, қол сауасақтарының, кеуде сүйегінің химиялық күйігі (аккумуляторлық сұйықтық).
46?
Науқас С., 45 жаста, дәрімен улануға байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Басының ауырсынуы, жүрек айнуы мен құсуға шағымданады. Науқастың айтуы бойынша жедел жәрдемге дейін,бір сағат бұрын 10 таблетка (атауы белгісіз) суицид мақсатында белгісіз дәрі қабылдаған. Қараған кезде: науқас қобалжыған,тынымсыз, айқын гипергидроз, тахикардия 120 рет 1минутына, ентігу 25 рет 1минутына, АҚ 160/100 мм сын.бағ.
Қандай медикаментозды улану туралы ойлауға болады:
- но-шпамен
+ эфедринмен
- клофеллинмен
- аспиринмен
- седуксенмен
47?
Жатыр түтігінің қабырғасынан ұрықтың (эмбрион) толық не болмаса бөліктік сылынуы және ұрық тінінің жатыр қуысына шығуы көрінеді:
+трубалық жүктілікті үзуде (аборт)
-мойындық жүктілікте
-қатып қалған (тоқтап қалған) жүктілікте
-жатыр трубасының үзілуінде
-прогрессирлеуші трубалық жүктілікте
48?
Құрсақтық жүктілікте құрсақтық қуыстың қай бөлігінде ұрықтық жұмыртқа барынша жиі имплонтирленеді:
-үлкен сальник
+ жатырлық-тік ішектік тереңдеу
-несеп жолы
-ішектің шажырқайы
-бауыр асты кеңістігі
49?
Науқас 39 жаста. Жедел жәрдемді шақыру себебі – тұншығу. Жедел жәрдем келгенде, тәуілік бойы ұзақ, басылмайтын тұншығу ұстамаларына, қиын бөлінетің қақырықты ұстамалы жөтелге шағымданады. Анамнезінде: 10 жыл бронх демікпесімен аурады. Қараған кезде: ортопноэ, экспираторлы ентігу, тыныс алуға қосымша бұлшықеттердің қатысуы. ТЖ 35 рет минутына. Дистанционды сырылдар. Перкуссияда: өкпеде қораптық дыбыс. Аускультацияда өкпенің барлық алаңдарында құрғақ ысқырықты сырылдар, қатқыл тыныс..Пульс -110 рет 1минутта, АҚ 120/80 мм сын.бағ.
Берілген ауру кезеңіне тән дәлелді клиникалық белгіні көрсетіңіз:
- айқын цианоз
- экспираторлы тұншығу
-Гипоксиялық кома
- «мылқау» өкпе
+ β2-андреномиметиктерге деген рефракторлық
50?
ЖКО орнына 10 минуттан кейін ЖЖ бригадасы келіп жетті. Оң жақ төменгі аяғының көптеген жабық сынықтары бар жәбірленуші травматикалық шоктың эректильді фазасында болды.Травматикалық шоктың эректильді фазасының симптомдарын көрсетіңіз.
- әлсіздік, тежелгіштік, сылбырлық, анергия.
- айқын байқалған тахикардия, нитевидтік пульс, АҚ 60/20 мм сын.бағ. төмен
+ қозу, тахикардия, қалыпты немесе біршама жоғарылаған АҚ, тері қабаттарының бозаруы, суық тер.
- ДВС - синдром
- «Шоктік» бүйрек
51?
Науқас 36 жаста. ЖЖ келгенде іштің төменгі жағындағы артқы жаққа иррадиацияланумен қатты ауырсынуға, жалпы әлсіздік, бас айналуға шағымданды. Күрт ауырған. 30 мин бұрын. Анамнезде 4 мед.түсік - асқынусыз, ретсіз етеккірлік цикл. Соңғы менструация - 2 ай бұрын. Объективті: науқас өңі боз, сылбыр. Пульс 120 в 1мин., АҚ 85/50 мм сын.бағ. Іштің гипогастральдық облысында ауырсыну бар. Щеткин-Блюмберг (оң) жағымды симптомы. Аздап қанды бөліністер жыныс жолдарынан байқалады. Сіздің алдын ала қояр диагнозыңыз:
- аналық бездің апоплексиясы
- өз-өзінен басталған түсік тастау
+ трубаның үзілуі түріндегі жатырдан тыс жүктілік
- мойындық жүктілік
- қабықасты фиброматозды түйіннің туындауы
52?
Науқас Е., 23 жаста басының ауруына, таңертен бетінің ісінуіне, бел аймағындағы ауырсыну мен зәр түсінің өзгеруіне байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Анамнезінде: екі аптп бұрын баспамен ауырған. Жағдайының нашарлауы бір аптадай.
Қараған кезде: беттің және аяқтарның ісінуі, ТЖ 20 тер минутына, өкпеде везикулярлы тыныс, төменгі бөлімдерінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты ЖСЖ 98 рет минутына. АҚ 160/100 мм сын.бағ.
Дәрігер қандай ауруды болжайды және науқасты жүргізу шаралары:
-жедел пиелонефрит, нефрологиялық бөлімшеге госпитализациялау
-бүйрек поликистозы, амбулаторлыжағдайда тексерілу ұсынылған.
+ жедел гломерулонефрит, нефрологиялық бөлімшеге госпитализациялау
- несеп тас ауруы, урологиялық бөлімшеге госпитализациялау
- жедел гломерулонефрит, амбулаторлы жағдайда тексерілу ұсынылған
53?
Ұзақ жаншылу синдромынан жарақаттанған науқастардағы токсикоз ауырлығын бағалайтын факторлар:
- жарақаттанған соңдардың ісінуі
+ миоглобинемия, миоглобинурия
- гиперкалиемия, гипонатриемия
- гиперкреатинемия, гиперфосфатемия
- қандағы гистамин мен аденил қышқылының көп болуы
54?
Сыртқы қакпақшалы пневмотораксқа сай белгілер:
- жарақат аймағындағы жұмсақ тіндердің эмфиземасы
- кеуде аралықтың езілуі
- қарама қарсы жақтағы өкпенің басылуы
- көкірек аралықтың зақымданған жаққа ығысуы
+ көкірек аралықтың қарама қарсы жаққа ығысуы
55?
30 жастағы ер адамды қансыраған күйінде, көшеде өтіп бара жатқандар анықтаған. ЖЖ шақырылған. ЖЖ келгенде, қол және аяқтарындағы көптік тілінген жаралардан қан кету салдарынан дамыған геморрагиялық шок белгілері байқалады. АҚ 70/40 мм сын.бағ. Пульс – толуы төмен - 140 рет 1мин.
Осы жағдайдағы Альговер индексі:
- 1
- 2
- 1,5
- 0,75
+ 0,5
56?
Жәбірленушіде – көптеген травматикалық жарақаттанулар бар. Эритроцитотердің айқын агрегациясы бар микроциркуляцияның бұзылуын жою мақсатында қандай тұнбаның инфузиясын жүргізу қажет:
- полиглюкин
+ реополиглюкин
- плазма
- альбумин
- изотоникалық тұнба
57?
32 ж. әйел адам ЖЖ көлігін шақыртты. Толғақ тәрізді іштің төменгі жағындағы ауырсынуға, жыныс жолдарынан қою түсті қанды бөліндіге шағымданады. Жағдайдың нашарлауы 2-3 сағатта. Етеккірдің тоқтағаны-15 күн. Жүктілік белгілері байқалмайды. Анамнезде: хроникальды сальпингоофорит, ретсіз етеккір. Объективті: тілі ылғалды. Іші әдеттегідей, тыныс алу актісіне қатысады, шекті кернеулі, оң жақ төменгі бөлігі мен бүйір жағы ауырады. Құрсақтың ққозу симпотомдары күмәнді. Жыныс жолдарынан бөлінулер қою түсті, ақырын.
Сіздің алдын ала қояр диагнозыңыз:
- альгодисменорея
+ жатырдан тыс жүктілік
- өздігінен басталған түсік тастау
- оң жақ аналықтың апоплексиясы
- күрделі апендицит
58?
Науқас К.,20 жаста. ЖЖ шақырусебебі: іштің ауырсынуы. Эпигастрий аймағында ауырсыну,жүрек айну, бірреттік құсуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2-3 сағат, өздігінен. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, есі анық. Температура 37,00С. Тілі құрғақ, ақ жабынмен қапталған. Іші қатайған, оң жақ мықын аймағында ауырсынумен. Щеткина-Блюмберга, Ровзинга, Ситковского симптомдары әлсіз оң. Гинекологиялық анамнезі ерекшеліксіз.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
- тоқ ішіек өтімсіздігі
+ жедел аппендицит
- жедел холецистит
- жедел панкреатит
- жедел гастрит
59?
18 жасар науқас К шақыру. Барлық денесінің ісңуі мен басының ауруына шағымданады. Басынын өткен баспадан кейін жедел ауырған. Мойнында және бетінде тез жайылған ісіңулер мен ентігу пайда болған. Диурез төмендеген. Объективті: жағдайы ауыр. Беті боз, ісіңген. АҚ 210/120 мм сын.бағ. зәрі «ет жуындысы» тәрізді. Осы жағдайдағы жедел жәрдем дәрігернің қандай іс әрекеті тиімді?
- ауырсынуды басу
- урологқа қаралуды ұсыну
- диуретиктерді беру
+ науқасты шұғыл ауруханаға жатқызу
- науқасты бақылау.
60?
Жедел жәрдем шақыру себебі: кеудедегі ауырсыну. Төс артындағы арқаға берілуімен ауырсыну, тыныс жеткіліксіздік сезіміне шағымданады. Жағдайының нашарлауы бір сағат бұрын, нитроглицерин таблеткасын қабылдауы жағдайын жақсартпады. Анамнезінде: ЖИА. Күштемелі стенокардия бойынша Д есепте тіркеуде тұр. Объективті: жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ 80 рет минутына, АҚ 90/60 мм.с.б.б. ЭКГ да: ритмі синусты, дұрыс, 80 рет минутына. ST сегментінің элевациясы, II, III, aVF тіркемелерінде патологиялық Q. Төменде көрсетілген емдеу нұсқаларының қайсысы тиімді болып табылады?
- оксигенотерапия, 1- 2 нитроглицерин таблеткасы тіл астына, гепарин.
+ оксигенотерапия, 200,0 мл 0,9% NaCl ерітіндісі тамырішілік, допамин т/і, морфин, аспирин, тромболизис
- 1- 2 нитроглицерин таблеткасы тіл астына, пропранолол 10-40 мг ішке, гепарин
- 1- 2 нитроглицерин таблеткасы тіл астына, кетонал, гепарин
- оксигенотерапия, 1- 2 нитроглицерин таблеткасы тіл астына, гепарин, трамадол
61?
40 жастағы еркек үйдің шатыры опырылуы барысында және өрт сөндіру кезінде ауыр құрама жарақат алды. Егер науқас тірі қалған жағдайда оған травматиялық аурудың қандай кезеңдерін өту керек?
- ерте кезең, кеш кезең, торпидті кезең
- откір кезең, жеделдеу кезең, созылмалы кезең,
- өткір кезең, созылмалы кезең, аурудың ерте айқындалу кезеңі
- травматиялық кеш айқындалу кезеңі, травматиялық аурудын ерте айқындалу кезеңі, кеш айқындалу кезеңі, реабилитация кезеңі
- эриктильді кезең, торпидті кезең, созылмалы кезең
62?
Төс артындағы, қолға таралатын, тыныштықта пайда болатын, нитроглицеринмен басылмайтын ауырсынуға, ұстамалы қанды бөліністі жөтелге байланысты науқас ЖЖ шағымданған. Анамнезінде: өкпенің созылмалы ауруы, АГ. Қарағанда: тізесіне дейінгі бірқалыпты ісінулер, жүрек шекарасы солға ығысқан, өтпелі жыбыр аритмиясы. Кардиомиалия, ырғақ бұзылысы, кенет тромбоэмболия, іркілген жүрек жеткіліксіздігі қандай ауруға тән.
- ревматикалық емес миокардит
+ Дилатационды кардиомиопатия
-Гипертиреоидты кардиомиопатия
- Дисгормональді кардиомиопатия
- Гипертрофиялықй кардиомиопатия
63?
Перитонит кезіндегі, нейроэндокринді және нейрогуморалді бұзылыстар қалай көрінісі береді:
- симпато-адренал жүйесінің белсендірілуі, катехоламиндер мен 17-оксикетостероитердің қанда жоғарлауы, холинэргиялық реакцияның тежелуі
- симпато-адренал жүйесі белсенділігі мен катехоламиндердің төмендеуі.
- симпато-адренал жүйесінің белсендірілуі, катехоламиндер мен 17-оксикетостероитердің қанда жоғарлауы, холинэргиялық реакцияның жоғарлауы
- симпато-адренал жүйесінің белсендігінің және катехоламиндердің төмендеуі мен холинэргиялық реакцияның тежелуі
- симпато-адренал жүйесінің белсендірілуі, катехоламиндер мен 17-оксикетостероитердің қанда төмендеуі, холинэргиялық реакцияның жоғарлауы.
64?
Науқас У., 25 жаста, кіреберісте оң жақ аяғының сирақтобық буынында ішке қарай қайырып алған. Локалді айқын ісіну, сирақтобық буынында ауырсыну, вальгустық деформация. Оң жақ сирақтобық буынында қозғалыс ауырсынуға байланысты мүмкін емес. Ауруханаға дейінгі этапта әрекет ету тиімді болып табылады?
-ауырсынуды басу, иммобилизация
-репозиция
-седация
-иммобилизация
-ауырсынуды басу
65?
Геморрагиялық синдром, ағзалардың микроциркуляциясының дисфункция және дистрофиясымен жүретін блокада, жедел бүйрек жеткіліксіздігі тән
-гемофилия
+ ТІҰ синдромы
-Виллебранд ауруы
-Рандю-Ослер ауруы
-Геморрагиялық васкулит
66?
Науқас, 55жаста, тізе және жамбассан буынындағы механикалық сипаттағы ауырсынуға, буындардың ісінуіне шағымданады. Жағдайы қанағаттанарлық. Қозғалыс кезінде тізе буынында сықыр және ауырсыну анықталады. Бұл патологияда бірінші қайсысы өзгеріске ұшырайды?
-синовиалдық қабық
-буындық шеміршек
-субхондралдық сүйек
-буынаралық саңылау
-периартикулярлық тін
67?
85 жастағы әйел кереуеттен құлады. Оқиға болған орынға келген жедел жәрдем бригадасы оң жақ жамбас сүйегінің ортаңғы үшіншісінің жабық сынығын анықтады. Науқасқа шұғыл көмек көрсетілді, транспорттық иммобилизация жүргізілді. Берілген манипуляцияда транспорттық иммобилизацияны мақсаттық белгілеудің көрсетілген пункттерінің қайсысы жоқ:
- шок профилактикасы
-сынған жерде гематоманың өсуін ескерту
- сүйек сынықтарын репозициялау
- қоршаған тіндердің (ткань) екінші рет зақымдануын ескерту
- жарақаттанған аяқта жекеленген іріңдеу процестерінің тәуекелін төмендету
68?
Науқас А., 34 жаста. Зәр шығару соңғы кезіндегі ауырсынуға және зәрінің түсінің қызаруына шағымданады. Жағдайының нашарлауын жұмыс орнындағы суықтанумен байланыстырады. Дене температурасы 37,90. Қай патология үшін зәр шығару соңғы кезіндегі ауырсыну және терминалдық гематурия тән?
-жедел уретрит
-созылмалы простатит
+ жедел цистит
-цисталгия
-зәртас ауруы
69?
Жедел жәрдемге шақыру түсті. Шақыру себебі: қызба. Жедел жәрдем келгенде науқаста амбулаторлық зерттеу өткенде зәр анализдерінде пиурия анықталған. Зәрдің бактериологиялық зерттеулерінде қоздырғыштар анықталмады. УДЗ де: бүйрек паренхимасының көптеген ұсақ абсцесстері анықталады. Жедел жәрдем дәрігері қандай патологияны анықтай алады?
+ апестематоздық нефрит
-бүйрек карбункулы
-некротикалық папилит
-бүйрек амилоидозы
-бүйректің медуллярлы некрозы
70?
40 жастағы ер адам үйдің төбесінің құлауы мен өртті сөндіру кезінде ауыр комбинирленген зақым (травма) алды. Егер науқас тірі қалса, жәбірленушіге травматикалық аурудың қандай кезеңдерінен өтуге тура келеді.
- зақымға күрт реакция кезеңі, кеш айқындалулардың кезеңі, реабилитация
- травматикалық аурудың ерте айқындалулардың кезеңі, кеш айқындалулардың кезеңі, реабилитация
- зақымға күрт реакция кезеңі, травматикалық аурудың ерте және кеш айқындалуларының кезеңі
+ зақымға күрт реакция кезеңі, травматикалық аурудың ерте айқындалулардың кезеңі, кеш айқындалулардың кезеңі,реабилитация кезеңі.
-эректильдік кезең, торпидтік кезең
71?
Туристі тарантул тістеп алған. Тістеген жерде қатты ауырсыну, тері гиперемиясы, айқын ісіні мен параестезия пайда болды. Осы жағдайдағы алғашқы қажет көмек:
+ суық басу
- жгут салу
- қажет етпейді
- жараға құрғақ жылу басу
- иммобилизация
72?
Қандай уақыт аралығында алғашқы травматикалық шок пайда болады:
- 4-12 сағатта
- алғашқы 24 сағат бойында
- зақымдану кезінде немесе бірден одан кейінгі сағатта
- алғашқы тәуліктің соңында
- оперативті емдеуден кейін
73?
Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: науқас, 40 жаста, түн ортасында жүрек аймағындағы ауырсынудан, тыныс жетпеу сезімінен оянды. ЭКГ да – ST сегментінің жоғары дөңестілікпен өтпелі доғатәрізді көтерілуі. Анамнезінде: бұрындары мұндай түнгі ұстамаларды анықтамаған, дәрігерге қаралмаған. 1 таблетка нитроглицерин қабылдаған – нәтижесіз. Бұл патологияда қандай препаратты қабылдау оптималді болып табылады?
- адельфан
+ нифедипин
- кеторолак
- лидокаин
- анальгин
74?
Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: науқас, 37 жаста, анамнезінде: аяқтың терең веналарының тромбофлебиті, кенет дамы,ан ентігу, кеуде келеткасындағы ауырсыну, қан жағындыларымен жөтел, жүрек қағу мазалайды. Бұл жағдайдың мүмкін болатын себебі болып табылады?
-спонтандық пневмоторакс
-бронхылық демікпесінің ұстамасы
-тыныс жолдарындағы бөтен дене
-өкпе артериясының ауалы эмболиясы
+ өкпе артериясының тармақтарының тромбоэмболиясы
75?
Науқас К., 55 жаста, 2 ай бұрын холецистоэктомия жасалынған, операция кезінде холедох қате тігілген және кесіп өтілген. Қарау барысында: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Тері жамылғылары сарғайған, склерасы иктериялық. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауырсынады, құрсақ тітіркену симптомдары жоқ. Жедел жәрдем дәрігері қандай асқынуға күмандануы мүмкін?
- Резидуалдық холедохолитиаз
-Холедох стриктурасы. Билиодигистивті анастомоз.
- Қап өзегінің ұзын тұқылы.
- Одди сфинктерінің стенозы.
- Холецистоэктомиядан кейінгі холедохтың кеңеюі.
76?
26 жастаға қайта жүкті әйел, жүктіліктің 9 аптасында әйелдер кеңесіне тіркеуге келген. Анамнезенде: терапевте АГ бойынша тіркеуде тұрады. Алдыңғы жүктілік кезінде жүктілік асқынып, 32 аптасында медициналық көрсеткіштер бойынша үзілген. Тіркеуге алар кезінде шағымдары жоқ. АҚ 120/80 мм сын.бағ.
Аталған патология кезінде жүктіліктің қай мерізімінде госпитализацияға алу қажет?
Аптаға дейін
- 24 аптаға дейін
- 36 аптаға дейін
- 28-32 аптаға дейін
- 38-40 апта
77?
Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: науқас И., 60 жаста. Жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, бас айналуына шағымданады. Анамнезінде жиі талу жағдайлары. Объективті: есі сақталған, бозарған, ЖЖЖ 45 рет минутына, АҚ 100/70 рет минутына. Көрсетілген скрининг тестілерінің қайсысы тиімді болып табылады?
- глюкометрия
- АҚ қайтадан өлшеу
- ЖЖЖ бақылау
- пикфлоуметрия
+ ЭКГ
78?
50 жастағы науқаста, 6 айдан соң созылмалы калькулезді холециститке байланысты орындалған холецистоэктомиядан кейін дүркін-дүркін склераның сарғаюымен жүретін оң жақ қабырға астындағы ауырсынулар қайтадан мазалай бастады. Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуінде бауырдан тыс өт жолдарының патологиясы анықталмады. Бұл жағдайда диагностика үшін қандай зерттеу әдісі мәліметті болып табылады?
-құрсақ қуысының рентгенографиясы
-эндоскопиялық фиброгастродуоденоскопия
-бауырды сканирлеу, ЭРХПГ
-спленопортография
-бауыр сцинтиграфиясы
79?
Үй жағдайындағы босану. Босанудың бірінші кезеңі 20 минут созылады. Жыныс жолдарында қанды бөліністер пайда болған.
Қандай патологияны бірінші орында жоққа шығару керек:
+ плацентаның сыдырылуы
- плацентаның келуі
- жатыр мойынының жыртылуы
- қынаптың жыртылуы
- шап аралықтың жыртылуы
80?
Травматикалық шокта патологиялық реакцияны жіберетін негізгі тригерлік механизм:
- зақымдаушы агенттің ықпалы
+ ауырсыну
- қабындырушы фактор
- психоэмоционалдық стресс
- иммунитеттің төмендеуі
81?
Қандай дәрілік заттармен уланғанда мынандай симптомдар анықталады: психомоторлық қозу, мидриаз, аккомодация салдануы, тахикардия, сілекей бездерінің секрециясының азаюы, тері жамылғыларының құрғақтығы?
-прозерин
+ атропин
-ацетилхолин
-пилокарпин
-галантамин
82?
Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: науқас, 41 жаста, жиі түнгі тұншығу ұстамаларына шағымданады. Науқастың физикалық белсенділігі кенет шектелген. Анамнезінде – 4 жыл бойы бронхылық демікпе диагнозымен қаралып тұрады, темекі шекпейі. Сыртқы тыныс параметрлері: тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы <60%. Бронхылық демікпесінің ауырлық дәрежесі қандай?
+ ауыр персистерлеуші
-астматикалық статус
-персистерлеуші орташа дәрежеде
-жеңіл персистерлеуші
-интермиттерлеуші
83?
Зақымдану кезіндегі бірінші деңгейдегі шұғыл шаралар болып табылады:
- қан ағуды тоқтату, транспорттық иммобилизация
+ қан ағуды тоқтату, адекваттық ауырсынуды басу
- глюкокортикоидтерді, коллоидтік тұнбаларды енгізу
- қан ағуды тоқтату, коллоидтік тұнбаларды енгізу
- адекваттық ауырсынуды басу, коллоидтік тұнбаларды енгізу
- күрделі бүйректік жетіспеушілік
84?
Жауаптың қай нұсқасы мүмкін, шок- бұл 4 «Г» әрпінің ережесі (қағидасы) екенін ескерсек:
- гипотензия, гипоксия, гиперкалиемия, гипотермия
- гипотензия, гипоксия, гипокалиемия, гипотермия
+ гипотензия, гипоперфузия, гипоксия, гипотермия
- гипотензия, гиперперфузия, гипоксия, гипотермия
- гипотензия, гипоперфузия, гипоксия, гипертермия
85?
Науқас, 28 жаста, шахтер, қалтырауға, әлсіздікке, тыныс алу кезіндегі оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, тот басқан түстегі аз мөлшердегі қақырықты жөтелге шағымданады. Қарау барысында: ерін және мұрынерін үшбұрышының цианозы; еріндерінде – ұшықтық бөртпелер. Перкуторлық – оң жақта, жауырынның төменгі бұрышында тұйықталған тимпаникалық дыбыс анықталады. Аускультативті: тыныс алуда крепитация, плевраның үйкеліс шуы естіледі. ТЖ 25 рет минутына. Бұл жағдайда аурудың қандай қоздырғышы болуы мүмкін?
+ пневмококк
-стафилококк
-клебсиелла
-гемофилдік таяқша
-көкіріңді таяқша
86?
Өрт болған жерден 56 жастағы науқас С., жеткізілді, өрт сөндіру барысында науқаста қозу және тырысумен ауысатын қысқа мерзімді естен тану байқалған. АҚ 180/100 мм с.б.б., ЖЖЖ 100 рет минутына. Жедел жәрдем дәрігерінің әрекетін анықтаңыз:
- Асқазанды шаю, т/і бемегрид, кордиамин, оттегі ингаляциясы
- Ерте және көп мөлшердегі оксигенотерапия, уксус қышқылының буымен дем алдыру, т/і бемегрид, кордиамин
- асқазанды қайтадан шаю, т/і налоксон, кордиамин
- Ерте және көп мөлшердегі оксигенотерапия, т/і глюкоза
-Асқазанды көп мөлшерде шаю, т/і кордиамин, аминазин, оттегі ингаляциясы
87?
Сізді 15 күн бұрын жедел аппендицитке байланысты операция жасалынған науқасқа шақырды. Кеуде клеткасындағы оң жақ бөлігіндегі ауырсынуға, қалтырауға, гектикалық қызбаға шағымданады. Сіздің тактикаңыз?
-хирургтың қабылдауына жіберу
-хирургия бөлімшесіне шұғыл госпитализациялау
+терапев қабылдауына жіберу
-терапия бөлімшесіне госпитализациялау
-күндізгі стационарға жатуға кеңес беру
88?
Жедел жәрдем бригадасына шақыру түсті: көшеде адамға нашар. Шақыруда: әйел, 40 жаста, көшеде естен танған. Қарау барысында: тері жамылғыылары бозарған, науқас өздігінен тыныс алмайды, ұйқы артерияларында пульс анықталмайды, көз қарашықтары жарыққа әсер етпейді. Жүрек-өкпе реанимациясы басталды. Жедел жәрдем дәрігері жүрек-өкпе реанимациясын өткізуде қандай критерийлердің нәтижелігімен басқару керек?
-мидриаз
+әрбір басуда ұйқы артериясында пульстің пайда болуы
-цианоз
-тырысулар
-бозару
89?
Қан жоғалтудың барынша көп көлемі қандай сынықта байқалады:
- тізе сүйектерінде
- ұршық сүйегінде
+ жамбас сүйектері
- иық сүйегінде
- қабырғалардың
90?
40 жастағы әйел адам ЖКО кезінде іштің тұйық зақымдануын алды. Оны қарау кезінде жағымды «ваньки–встаньки» симптомы байқалды. Кеуде қуысының қандай мүшелерінің зақымдануы туралы ойлану керек?
- асқазан
- несеп жолы
- фаллопиевтік трубалар
+ бауыр, көк бауыр
- жатыр
91?
Жедел жәрдем шақыру: әйел, 45 жаста. Денесінің бүкіл аймақтарында қышымалы бөртпелердің пайда болуына, дене температурасының 38,80С жоғарлауына, тыныс алудың қиындауына шағымданады. Анамнезінде: ЖРВИ дан кейінгі қатты жөтелден соң өздігінен б/і цефтриаксон қабылдаған. Антибактериалдық препараттардың қай топтары науқаста осындай реакция тудыруы мүмкін?
+ цефалоспориндер
-аминогликозидтер
-пенициллиндер
-макролидтер
-фторхинолондар
92?
Жедел жәрдемге шақыру түсті: қатты бас ауырсыну. Науқас А., 69 жаста, шүйде аймағындағы бас ауырсынуына, көз алдында шіркейлердің ұшуына, құлақтағы шуылға шағымданады. Бас ауырсынуы 20 жыл бойы мазалайды, сол уақыттан бастап АҚ 160-170/90-95 мм с.б.б дейін жоғарлағанын анықтаған. Дәрігерге қаралмаған. Жағдайының нашарлауы 2 сағат бұрын, эмоционалдық күштемелермен байланыстырады. Қарау барысында: жағдайы қанағаттанарлық. Жүрек тондары әлсіреген, ритмі ырғақты. АҚ 190/110 мм с.б.б., ЖЖЖ – 112 рет минутына. Жағдайын бағалаңыз, жедел жәрдем көрсетудегі оптималді тәсілін таңдаңыз:
- ГК I типі, эналаприлат ерітіндісі 0,625 мг вт/і, ағызып, баяу, 20 мл 0,9% NaCI ерітіндісінде;
- ГК I типі, эналаприлата ерітіндісі 1,25 т/і, ағызып, баяу, 20 мл 0,9% NaCI ерітіндісінде;
- ГК I типі, магний сульфат ерітіндісі 25%-10,0 мг т/і, ағызып, баяу, 20 мл 0,9% NaCI ерітіндісінде;
-ГК II типі,каптоприл, сублингвальді 25 мг;
- гипертониялық криз II типі, фуросемид 40мг т/і
93?
Жарақаттық аурудың жедел кезеңі немен сипатталынады:
-жедел тамыр жеткіліксіздік синдромымен
+ жарақаттық шоктың дамуы
-ЖБЖ дамуы
- ДВС синдромның дамуы
-полимүшелі жеткіліксіздік синдромы
94?
Науқас, 50 жаста, ұзақытығы 2 сағаттай және үдемелі қарқындылықтағы кеудедегі басып ауырсынулар мазалайды. Ауырсынулар кенеттен және алғаш рет пайда болған. Бұрындары дәрігерге қаралмаған. Объективті: акроцианоз, мәрмәр тәрізді тері, жабыспалы суық тері, пульс жіптәрізді, АҚ 80/60 мм с.б.б. Қандай клинико-функционалдық бұзылыстар осы жағдайға әкелді?
-шығару фракциясы бұзылмаған
-сол жақ қарыншаның шығару фракциясы 60% дан аз
-сол жақ қарыншаның шығару фракциясы 40% дан көп
-сол жақ қарыншаның шығару фракциясы 20% дан аз
- жақ қарыншаның шығару фракциясы 20% дан көп
95?
Науқас, 64 жаста, тракторист, қысқа шөп дайындаудан кейін жеде лауырған. Пневмония диагнозы қойылып, амоксициллин тағайындалған. Емдеу барысында жағдайы нашарлаған: ентігу үдемелі сипатта болған, әлсіздік, шаршағыштық мазалаған; тыныс алу кезінде жөтелу пайда болған. Өкпесіндежөтелу кезінде өзгермейтін тыныс алу кезіндегі крепитация естіледі. Амоксициллинді доғарғаннан кейін преднизолон 40 мг/ тәулігіне, соңынан 10 мг мөлшеріне дейін азайтумен тағайындалған. Емдеу әрекетін таңдаңыз.
-преднизолонды сол мөлшерінде жалғастыру
-преднизолон дозасын 90мг дейін жоғарлату
-физиоем тағайындау
-преднизолонды доғару
-делегил тағайындау
96?
Артериялық гипертензиямен жүретін, жедел миокард инфарктісінің асқынуы ретіндегі интерстициалдық өкпе ісінуін басу ретінде қандай препаратты алдын ала енгізу қажет?
- Фуросемид
+ Морфин
- Натрий Нитропруссиді
- Эналаприл
- Обзидан
97?
Науқас, 62 жаста, төс артындағы қатты ауырсынуға, әлсіздікке, тежелуге шағымданады. Төс артындағы ауырсыну түнде басталған. Жағдайы ауыр. Сұрғылт бозару, суық тер, терісі суық. Тежелген. Өкпесінде – везикулярлыық тыныс, өкпенің барлық алаңдарында ірікөпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйық, ритмді. ЖЖЖ рет минутына. АҚ 80/60 мм с.б.б. Пульс жіптәрізді. Іштің пальпациялағанда жұмсақ. Олигоурия. Осы патологияда жедел көмек көрсетіңіз.
-строфантин, эуфиллин енгізу
-эналаприл, преднизолон енгізу
+ допаминмен инфузиялық терапия жүргізу
-добутамин енгізу
-фуросемид енгізу
98?
Политравмалар жіктеледі:
- оқшауланған, көптік, сәйкестік
- оқшауланған, сәйкестік, комбинирленген
- сәйкестік, көптік,
- оқшауланған, көптік,
+ сәйкестік, комбинирленген, көптік
99?
Сынап және ауыр металл қосылыстарымен уланған кезде арнайы антидоттық терапия болып табылады:
+унитиол, мекаптид
-адреналин, обзидан
-хинин, окситоцин
-дигоксин
-калий тұздары
100?
Қабылдау бөлімшесіне қанды құсықпен науқас жеткізілді. Қарау барысында: тері жамылғылары сарғайған, кіндік айналасында кеңейген веналар, ауырсынады. Науқасқа Блекмор зонды енгізілген. Жүргізілген шарадан дәрігер не күтеді?
-жалпы жағдайының жақсаруы
-гемодинамиканы қалыптастыру
+ уақытша қан кетуді тоқтату
-болжамды асқыныстардың алдын алу
-қан кетуді барынша соңына дейін тоқтату
101?
Қандай алкоголь суррогатымен уланғанда спецификалық терапия мақсатында 30% этил спирті қолданылады?
+ метилен спиртом (метанол, древесный спирт), этиленгликоль
- сірке қышқылы
- дихлорэтаном
-төртхлорлы көміртегі
- ФОВ
102?
Қай ауру кезінде жүрек тұсындағы ауырсуну синдромы нитроглицерин қабылдағаннан кейін 5 минуттан соң басылаы.
-Эндокардит
+ тұрақты стенокардия
- Перикардит
-Миокардит
- миокард инфарктісі
103?
Жедел жәрдем шақыруында: қантты диабетпен ауыратын науқас эйфория күйінде, бас ауырсынуына шағымданады. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, қол саусақтарының треморы. Өкпесінде везикулярлық тыныс, сырылдар жоқ. Жүрк тондары тұйықталған, ритмді. ЖЖЖ 90 рет минутына. АҚ 160/110 мм с.б.б. Жағдайын бағалаңыз, жедел жәрдем көрсету оптималді әдісін көрсетіңіз:
- аз мөлшердегі кетоацидоз кезеңі, т/і, 0,9%-1000мл NaCl ерітіндісін тамшылатып
- гипогликемиялық жағдай, т/і, 5%-500,0 глюкоза ерітіндісін тамшылатып;
+ гипогликемиялық жағдай, т/і, 40%-60,0 глюкоза ерітіндісін ағызып;
- гипогликемиялық жағдай, т/і, 5%-60,0 глюкоза ерітіндісін ағызып;
- аз мөлшердегі кетоацидоз кезеңі, т/і, 0,9%-500мл NaCl ерітіндісін тамшылатып, инсулин 6-8 ЕД
104?
Авариядан кейін 8 сағаттан кейін үйінділердің арасынан 38 жасар еркек шығарылған. Оң жақ аяғы санның ортаңғы үштен бір бөлігіне дейін қысылған.
Қандай асқыну дамуы мүмкін
- терең веналардың тромбофлебиті
- Синдром Рейно
- Эндартериит
- беткей веналардың тромбофлебиті
+ ұзақ жаншылу синдромы
105?
Политравмалардың барынша көп кезедесетін себебі болып табылады:
+ ЖКО
- биіктен құлау
- қатты затпен соққы алу
- өндірістік апаттар
- әуе апаттары
106?
Науқас Қ., 54 жаста. Тыныс алғанда, қозғалғанда күшейетін сол жақ кеуде бөліміндегі интенсивті ауырсынуларға шағымданады. Жедел, ауыр жүк көтергеннен кейін ауырған. Қараған кезде: жағдайы орташа, дене қызуы қалыпты. Жүрек тондары өзгеріссіз, ЖСЖ ЧСС 76 рет 1мин., АҚ 135/85 мм сын.бағ. Жоғарғы мойын омыртқаларының қылқанды өсінділерінің пальпациясы ауырсынумен. Диагнозды нақтылауда қандай тексеруі әдісі тиімді?
- флюорография
- УЗИ
- ЭХО-КС
- ЭКГ
+ рентгенологиялық
107?
Жүректің жұмысының бұзылуына байланысты жедел жәрдемге науқас шағымданған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, терісі қалыпты. Жүрек тондары тұйық, аритмиялы. ЖСЖ 90 рет 1минутына. АҚ 20/80 мм сын.бағ. ЭКГ: ритм синусты, ұзын паузамен жалғасқан, жіңішке ретсіз QRS комплексімен үзілген. Науқаста ритм бұзылысының қандай түрі.
- синусты аритмия
- синустытахикардия.
+ суправентрикулярлы экстрасистолия
- қарыншалық экстрасистолия
-жыбыр аритмиясы
108?
Политравма патогенезінде орталық орынды алады:
Гипотония мен гипоксия
- гипотония мен гиперкапния
-гипотермия мен гиперкапния
-гипоксия мен гипотермия
-гиперкапния мен гипертермия
109?
Науқас, 48 жаста, ентігуге, сары түсті қақырықты жөтелге, дене температурасының 38-38,50С жоғарлауына, әлсіздікке шағымданады. Апта бойы ауырады. Қарау барысында: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Мұрынерін үшбұрышының цианозы. Тыныс алуда сол жақ кеуде бөлігі қалыңқы. Перкуссия кезінде өкпенің төменгі-бүйір бөлімінде дыбыс тұйықталған, сол жерде тыныс әлсіреген, жөтелден кейін өзгермейтін дыбыстыемес ұсақкөпіршікті сырылдар. ТАж 28 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған. ЖЖЖ 98 рет минутына. АҚ 11/80 рет минутына. Басқа ағзалар бойынша – өзгеріссіз. Наууқаста қандай асқыныс дамыды?
-альвеолярлы өкпе ісінуі
-спонтанды пневмоторакс