Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аналық без кистасы аяқшасының бұратылуы. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Аналық без кистасының бұралуы –аналық без кистомасы немемс кистасының асқынуы. Аурудың басталуы дене қалпының біреден ауысуынан және күшенуден, жөтелден, ауыр жұмыстан кейін құрсақ қуысының қысымының жоғарлауынан болады. Бұрылыуы біртіндеп 90-180˚және толық 360 ˚ бұрылуына бөлінеді. Клиникасы: іштің төменгі жағында бірітіндеп күшейетін ауырсыну, ауырсыну сегізкөзге және аяққа берілуі мүмкін, жүрек айну, құсу жеңілдік әкелмейді, терінің бозаруы, суық тер, дене температурасының жоғарлауы, ішектік диспепсия, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғуының жиілеуі. Диагностикасы: жалпа қарау, сұрастыру,акушерлік анамнез, ТАЖ,

ЖЖЖ дене температурасын, АҚҚ анықтау. Пальпация щеткин симптомын анықтайды. перкуссия жасау. Шұғыл көмек көрсету: жедел госпитилизация көп салала стационарға. Науқасты үйде қалдырмайды.

 

12.Ботулизм. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Ботулизм – дегеніміз ботулизм бактериясының токсинінің (уының) болуынан туындайтын ОЖЖ зақымдаумен жүретін ауру. Ботулизм бактериялары анаэробтар болып табылады, яғни тек қана оттегі мүлде жоқ ортада ғана тіршілік ете алады. Олардың қалыпты тіршілік ететін ортасы - топырақ болып табылады, сол арқылы суға, жемістер мен көкөністерге, тағамдарға, ал бұл өз кезегінде адамның ішек жолдарына түсуіне септігін тигізеді. Қоршаған ортаның қалыпты жағдайында токсиндер 1 жылға дейін, ал консервіленген тағам өнімдерінде жылдар бойы сақталады. Көбіне үй жағдайында дайындалған қолдан жапқан саңырауқұлақ,баклажан, көкөніс салат,ет, балық консервілерін пайдаланғаннан болады. Клиникасы:әлсіздік, іш ауруы, құсудың пайда болуы, көз алды торланып, бұлдырайды, бір нәрсе екеу болып көрінеді, ішкен асы тамақтан өтпей, шашалады, жұтыну қиындайды, даусы қарлығып, мұрын арқылы сөйлейді, уланғанда адамның көзі қитарланып, бұлдырайды, қабағы түсіп, көзі көрмей қалуы мүмкін. Диагностика. көбіне жоғарда айтылғандай дұрыс өңделмеген консервирленген тағамдардан болады. Дәрігер құсық массасын, тағамды стерильды банкаға не приборға салып алу керек. Тез арада лабороторияға жеткізілуі керек. Шұғыл көмек: жедел түрде жуан зондпен асқазанды тазалау, алғашқы тазалауды қайнаған сумен жуу керек себебі ботулин токсинин ыдыратпай алу үшін. Кейін нейтрализация үшін 2% нартий гидрокарбонаты ерітіндісімен жуады. Асқазан –ішек жолдарындағы ботулинтоксинин тазалау үшін тұзды іш жүргізетін препарат береді. Науқасқа көп көлемдегі су ішкізеді диурезді бақылап отыру арқылы. Жағдайы ауры науқасқа госпитилизацияға дейін дезинтокационды терапия жүргізеді. Сонымен қатар прозерин 0,05% — 2 мл б/е не тері астына, балаға 10 жасқа дейін — 0,05 мп/кг, 10 жастан улкен -2 мл. Егер ауруханаға жеткізу ұзаққа созылса ботулинге қарсы антитоксикалық сыворотка қолданылады. Тыныс алу функциясының бұзылысында оларды жою үшін оксигенотерапия, қосымша дем беру, ИВЛ жасайды. Симптоматикалық ем жүргізеді. Госпитализация; жедел түрде инфекционды болницаға жеткізу.

13.Қарыншалық пароксизмдік тахикардия. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Пароксизмальды тахикардия жүректің жиырылуының кенеттен жиілеп, минутына 140-220 ретке дейін соғуы. Осындай ұсатама кезінде науқас әлсіздікке, кеуде артындағы ауырсынуға не қысылуға, ентігу, қоқыныш сезіміне шағымданады. Паррксизмальды тахикардия 2 ге бөлінеді: қарыншаүстілік, қарыншылық. Мұндағы қарыншалық пароксизмальды тахикардия ЭКГ-дағы QRS комплексінің едәуір кеңеюі мен бұзылуымен жүретін ж.рек ырғағының бұзылуы. Клиникасы: ұстама бұл кезде кенеттен басталады және бірден басылады. Науқаста жүрек тұсында жүрек ұшы түрткісі қалыптасын жүрек соғуы бірітіндеп күшейеді. Сонымен қатар гемодинамиканың бұзылуымен: жүрек шығарылымынығ төмендеуімен, АҚҚ төмендеуімен, жүрек тұсында ауырсынумен және жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көрінісімен жүреді.ұстама кезінде орталық жүйенің бұзылыуы болуы мүмкін. Бұл кезде терлеу күшейеді, бас айналу, көздің қарауытуы, қолдардың дірілдеуі болуы мүмкін. ұсатама кезінде науқас әлсіздікке, кеуде артындағы ауырсынуға не қысылуға, ентігу, қоқыныш сезіміне шағымданады. Диагностикасы: сұрастыру, қарау, ЭКГ түсіріу. ЭКГ-да – QRSкомплексінің деформациясы және кеңеюі, RS-T сегменті мен Т тісшесінің орналасуында дискординация болады. Шұғыл көмек көрсету принциптері: жалпы шаралар: оттегі беру, ЭКГ мониторингі, науқас жағдайын бағалау. Пароксизмалды қарыншалық тахикардияны басу үшін 2% 6-8мл лидокаин ерітіндісін көктамырға енгізеді. Сонымен қатар 2,5 %4 мл этмозин, ритмонор 70 мг, кордорон 5 %6-9 сл не амидорон 300 мг беруге болады. Егер аталған терапия әсері болмаса онда ЭИТжасалады. QТ аралығы ұзаруы болса көктамырға 25 % 8 мл магний сульфатын енгізеді, кажет болса тағы қайталайды. Тахикардия басылған сон магний сульфатын тамшалатып енгізген жөн.

14.ЖМҚБ. Жіктелуі. Диагностикасы.

Инсульт –инфарк және ми затына қан құйылумен жүретін бас ми қанайналымының бұзылуы. Классификация: жалпы ЖМҚБ бөлінеді: ми қан айналымының бұзылуына ауысатын, инсульт. Мұндағы ми қан айналымының бұзылуына ауысатын өзі бөлінеді: транзиторлы ишемиялық атака, жедел гипертоникалық знцефалопатия. Инсульт: ишемиялық инсульт, гемморагиялық инсульт, аралас инсульт. Гемморагиялық инсульт қанның құйылу орнына байланысты: ми ішілік қан құйылу, субарахиноилды қан құйылу, субдуральды гематома, байланысқан қан құйылу. Диагностикасы: науқастың жалпы жағдайын бағалау, жалпы қарау: бас қаңқасын пальпациялау/бас жарақатын анықтау үшін/, сыртқы есту және мұрын жолдарын қарау. Пульсты анықтау,ТАЖ.АҚҚ өлшеу. Жүрек аускультациясы, неврологиялық статуты анықтауда мән беріледі: аяқ-қолдардағы қозғалыстар, науқасқа қолын 10 с дейін көтеріп тұруын өтінеді, парестиялық болса қол жылдам түсіп кетеді. Сойлеудің бұзылуы, науқас жалпы сөздерді дұрыс айта алмайды аузында ботка бар сияқты болады. Бас қаңқалық иннервацияның бұзылуы: беттің асиммертиясы, дисфагия болады. Естің жоғалуы,сопор, кома. Көз алаңының дефектісі. Қандағы қант деңгейін анықтау.

 

15.Тұншығу. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Тұншығу –кенеттен немесе әдейі тыныс жолдарына сұйықтықтың жиналыуы, өкпелік газ алмасудың толық тоқтауы. Тұншығудын түрлері: шынайы –тыныс сақталған бірақ тыныс жолдарына сұйықтықтың жиналуы; асфикйиялық –тыныс жодарын судың алғашқы порциясы түскеннен ларингоспазнан өкпелік газ алмасудың тоқтауы; сипкопальды –қанмен қамтамасыз етудің біріншілік тоқтауы; екіншілік тұншығу –судың түспеуінен емес басқа себептен науқастың өлімі. Клиникасы: алғашқы кезеңде науқас есі және тыныс сақталған болады, кейде қозғыш не есі анық болмады/заторможенный/ болады. 18-20 ˚С суға тұншықсада науқас дірілдейді. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт не көгерген болады. Тынысы жиі, шулы, жөтелмен бөлінеді. Іштің жоғарғы жағы ісінген болады ол судың белгілі бір мөлшері жиналғаннан. Агональды кезенде есі жоғалған, жүрек жиырылуы сақталған. Тері жамылғысы суық, бірден көгерген. Жүрек жиырылыуы әлсіз, сирек, аритмиялық. Пульс ұйқы және сан артериясынан анықталады. Қарашық рефлекісі әлсіз. Сирек тұншыққан адамның аузын ашу мүмкін емес. Клиникалық өлім кезеңі тынысы және пульс соғуы жоқ, қарашық ұлғайған, жарыққа өзгермейді. Шұғыл көмек көрсету принциптері: 1. Науқасты судан шығару. 2. Науқасты ішімен өзіңнің тізене орналастыр, судың шығуына мүмкіндің бер. Ауыз қуысын бөгде заттардан тазарт. 3. Ұйқы артериясынан пульсті және қарашықтың жарыққа реакциясын анықтаныз. 4. Егерде пульс пен қарашық реакциясы жоқ болса жүрек-өкпелік реанимацияға көшініз. Науқас өз-өзіне келгенге дейін жүргізіледі. 5. Науқас өзіне келгеннен кейін тұрақты бір қырынан жатқызыныз. Науқасты жылытыныз. 4 процентті натрий гидрокарбонаты 0,2-0,3 мг/кг ерітіндісін тамыр/і беру міндетті. Көрсеткіштер бойынша 20 процентті нартий оксибат ерітіндісі 80-100 мг/кг тамыр ішіне. Егерде науқас агоналды кезеңде болса суды шығаруға уақыт жоғалтпай бірден жүрек-өкпелік реанимацияға көшініз. Жүрек қызметі қалпына келгеннен кейін жасанды өкпе вентиляциясы жалғастыру 100 %оттегі, 2 сағаттан кем емес. Кейін оттег і көлемін төмендетеді 50-60%. Өкпе ісінуін және ми ісінуін алдын алу үшін преднизалон 30мг/кг, диуретик фуросемид 20-40 мг.

16.Ларингоспазм. Бронхоспазм. Ажыратпалы диагнозы. Шұғыл көмек көрсету принциптері. Ларингоспазм –көмей мускулатурасынң спазмнан ұстаманың пайда болып дауыс саңылауының тарылуына алып келеді. Клиникасы: инспираторлы ентігу, тыныс алуға мойын және кеуде клеткасының бұлшықеттерінің қатысуы, қалқанша шеміршегінің экскурциясы анықталады,тыныс алғанда жоғары, тыныс шығарғанда төмен қозғалады, тыныс ритмінің баяулауы, көмей шуының қалыптасуы, венозды стаз, пароксизмальды пульс. Ал бронхоспазм – бронх бұлшықеттерінің жиырылуынан бронхтардың обструкциясын шақыратын тыныс жеткіліксіздік жағдайы. Клиникасы: экспираторлы ентігу, құрғақ жөтел қиын бөлінетін қақырық, мойын бұлшықеттеріне күш түсуден тыныстың қысқаруы, диффузды цианоз, тыныс алғанды мойын веналарының ісінуі, тыныс алу жиілеген, тыныс шығару ұзақ, сойлеу қиын. Жедел көмек: ларингоспазм кезінде эмоциональды және психикалық тынышталу, жоғарғы тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру, стенозды азайту үшін аяқты ыстық суға салу, горчиник қолдану. Жартылай отырған қалыпта жылы су ішкізу, ылғалды оттегіммен ингаляция жасау. Преднизолон 3% 60-90мг тамыр ішіне, хлоропирамин 2% 1,0 мг, димедрол 1% 1,0,тамыр ішіне не б/е. Бронхоспазм –бронхоспазмды шақыратын факторды жою, тыныс алуды жақсартатын жағдай жасау –терезені ашу, киімдерін шешу, сальбутамолмен ингаляция жасау, эуфиллин 2,4% 10-15 мл тамыр ішіне, предизолон 60-90 мг.

 

17.Жарақаттық шок. Жіктелуі. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Жарақаттық шок – механикалық жарақаттан кейін организмге қауіп әкелетін жағдай. Классификациясы. Ағымына байланысты: біріншілік –жарақаттан кейін бірден дамиды; екіншілік –жарақаттан кейін бірнеше сағаттан кейін дамиды. Кезеңдері. Компенсирленген –шок көрінісі бар бірақ АҚҚ калыпты, организм күресуге қабілетті. Декомпинсерленген –шоктың барлық клиникасы бар және гипотензия анық. Рефрактерлі шок –бароық жүргізген терапия нәтижесіз. Ауырлығына байланысты: 1 деңгей –САҚ 100-90мм.рт.ст.пульс 1 мин 90-100. 2 деңгей - САҚ 90-70мм.рт.ст.пульс 1 мин 110-130. 3деңгей - САҚ 70-60мм.рт.ст.пульс 1 мин 120-160. 4деңгейде АҚҚ, пульс анықталмайды. Кезеңдеріне байланысты: эректильді және торпидті болып бөлінеді. Жедел көмек: науқас жағдайын бағалау, қанды тоқтату /тампанада, қысатын байлам, жгут салу/ ауырсынуды басу /0,5мл 1% атропин ерітіндісін,2мл 1% дифенгидрамин/димедрол/ / транспорттық мииобилизация, жоғалған қан көлемін қалпына келтіру 6%полиглтикоген енгізеді, жеңіл және орташа ауырлықта кристаллоидарды енгізеді. 0,9%нартий хлор ертітіндісін, 5% глюкоза. Госпитилизацияға көорметкіш: абсолютты барлық науқас гаспитилизацияланады.

 

18.Хирургиядағы «жедел іш». Ажыратпалы диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Хирургиядағы жедел ішекке –жедел аппендицит, жедел перитонит, 12елі ішек пен асқазан ойық жарасында, жедел холецистит, панкреатит, жедел ішек өтімсіздігі. Жедел аппендицитте ауырсыну бірден басталады, оң жақ мықын аймағында орналасады, жүрек айну, құсу алғашқы сағаттарды, құсу бірретік, ауыздың құрғауы, дене температурасының жоғарлауы 37,5-37,8 ге дейін көтерілуі, науқас қалпы бүйірінен жатып аяғын бүгіп жатады. Щеткин-Блюмберг, Ситковский, Ровзинг, Воскресеньский симптомдары оң. Жедел көмек: Жедел т.рде хирургиялық бөлімге госпитилизация.. Жедел перитонтте ауырсыну бірден басталады іштің барлық аймағында жайылады. Интоксикация күшейген сайын ауырсыну әлсірейді, жүрек айну құсу болады, құсық алғашқы кезде ішкен тамақтарды құсады, кейін өттік, іріңді иіспен болады. Алғашқы кезде мазасыз болады кейін. Жедел көмек: экстеренно хирургиялық бөлімге госпитилизацияға көрсеткіш. Асқазан мен 12 елі ішек ойықжарасында эпигастрия аймағында қысып аурысыну, көбіне аш қарынға таңғы сағат 4-5 шамасында, тамақ ішкенен кейін басылады. Диспепсиялық синдром және астено-вегетативті бұзылыстар болады. Жедел көмек. Жедел т.рде хирургиялық бөлімге госпитилизация. Жедел холецистит анамнезінде бауырлық колика кездеседі, ауырсыну оң қабырғаастында, ұзақтығы 30 мин. Ауырсыну майлы тағамдарды пайдаланған кезге байланысты. Мерфи, Ортнер, симптомдары оң. Хирургиялық бөлімге госпитилизация, траспортировка носилкада арқасымен. Жедел панкреатит ауырсыну, құсу, метеоризм. Аурысыну бірден басталады, майлы тағамдарды жегенде алкоголь пайдаланғанда пайда болыды, кіндіктен жоғары аймақта ауырсыну болады. Симптом Мондора сияқты бетте цианоз пайда болады, мейо-робсон, керта, губергрица, грота белгісі оң. Жедел көмек: жалпы жағдайын бағалау, инфузионды терапия натрий хлорид 0,9% -400мл, глюкоза 5%-400мл. Орташа ауырлықта спазмолитиктер қолданады дротоверин тамыр ішіне 40-80 мг, айқын ауырсынуда наркотикалық емес анальгетик қолданылады, кеторолак 30мг. Жедел ішек өтімсіздігі –ауырсыну бірден, толғақ тәрізді іштің ауыруы, іші ісінген, нәжіс пен газдың болмауы, көпреттік құсу, жеңілдік әкелмейді, ішек перистальтикасы болмайды, организмнің сусыздануы. Жедел көмек: экстренно госпитилизация.

 

19.Көмейдегі бөгде зат. Клиникасы. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету принциптері.

Көмейге бөгде зат болып ет не балық сүйектері, ине, булавкалар, түйме, тіс пртездері, монета, ойыншықтардың майда бөлшектері тұрып қалуы мүмкін. Клиникасы бөгде заттың көлеміне орналасуына байланысты. Үлкен емес зат тұрып қалса жөтел дірілі, тыныс алудың қиындауы, цианоз. Кейін даусының қарылуы пайда болады, көмейде ауырсыну пайда болады. Жөтел ұстамасы периодты қайталап отырады. Бөгде зат үлкен емес болса тыныс алудың қиындауы бастапқы кезде болмайды шырышты қабаттарды зақымдағанда қан құйылулар пайда болып тіндердің ісінуі болып көмей тарылады нәтижесінде тыныс жеткіліксіздігі пайда болады. Бөгде заттардың тұруынан асқыныстар көмей абцессі, флегмонозды ларингит, сепсис дамиды. Бөгде зат улкен болса дауыс шелінің обтурациясына алып келип соңы өлімге алып келеді. Зардап шеккенді жедел түрде стационарға жеткізеді. Бөгде затты алу үщін науқастың жағдайы мен бұлшықет тонусына байланысты. Егер науқас есі анық болса жауырынаралығынан 3-4 қысқа күшті соққы береді. Басқа вариант науқастың артынан келіп эпигастрий аймағынан ұстап кеуде тұсынан құшақтап кеуде клеткасын қысады. Бөгде затты ауызға қарай қысады тыныс шығаруды қамтамасыз ете отырып, сонымен қатар тыныс алуды қамтамасыз етеді. Егерде дәрігер келгенде науқас ес-түссіз жатса Хаймлиха премы қолданылады.

 

20. Комалар. Глазго шкаласы бойынша комалардың жіктелуі.

Кома –бұл сыртқы тітіркендіргіштерге реакция болмайтын ессіз жағдай. Пайда болуына байланысты біріншілік, екіншілік болып бөлінеді. Церебральды кома –апоплексиялық кома, бассүйек-ми жарақаттары, ми ісігінде болады. Соматогенді жарақаттар, инфекциялық аурулар, мидың және оның қабаттарының қабынуы, эноеринді аурулар, термиялық жарақаттар, бауыр, бүйрек, ұйқы безінің зақымдануы. Глазго шкаласы бойынша бағалауда: көзін ашуы,қозғалу белсенділігі, сөйлеу реакциясын бағалайды. Көзін ашу спонтанды болса 4, бағытталған сөзге жауап беру 3, ауыр тітіркендіргішке жауап беру 2, жауап жоқ болса 1 балл беріледі. Қозғалу белсенділігі берілген тапсырманы орындайды 6, ауыру сезім тітіркендіргішті итереді 5, ауру сезіміне аяқ қолдарының жұлқылауы 4, ауру сезіміне тоникалық бүгілу3, ауру белгісіне тоникалық жазылу 2, жауап жоқ 1. Сөйлеу реакциясы дұрыссқйлеу 5, шатасып сөйлеу 4, түсініксіз сөйлеу 3, буынсыз дыбыстар 2, жауап жоқ 1. Алынған ұпайлардың жалпы санын қосу арқылы науқас жағдайы бағаланады. 15 –есінің бүтіндігі, 13-14- есеңгіреу, 9-12 –сопорға, 4-8 комаға, 4 ми өліміне сәйкес келеді.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Діяльність Шанхайської організації співробітництва | Кпе артериясының тромбоэмболиясы
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1077 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2214 - | 2158 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.