Мәдиналықтар Меккеге келіп кеткен кісілерден пайғамбарымыз жөнінде, дін жайлы хабардар болып, 620 жыл қажылық кезеңінде Меккеге келіп пайғамбарымызға жолығады. Пайғамбарымыз оларды дінге шақырып, құран аяттарынан оқып берді. Алты кісіден құралған бұл топ пайғамбарымызға бағат жасап, келер жылы қайта келуге келісіп мәдинаға қайтады. Бұл кісілер Мәдинаға келіп пайғамбарымыздың насихатын жалғап, елді дінге үгіттейді. Аз уақыт ішінде уағыз насихат жемісін бере бастайды.
621 жыл қажылық кезеңінде,бұрыңғы алты кісіге қоса тағы алты, оны Хазраж екісі Әус тайпасынан он екі кісі пайғамбарымызға жасырын келіп жолығады. Басшы болып Асғад бин Зурара келіп еді. Келген топ. “Алла тағалаға серік қоспауға, ұрлық және зина жасамауға, балдарын өлтірмеуге, ешкімге жала жаппауға, Аллаға және пайғамбарына итағат етуге [46]” уәде береді. Бұл келісім ислам тарихында Бірінші Ақаба Келісімі деп аталады. Мәдиналық мұсылмандар пайғамбарымыздан өздерімен бірге дінді үйрететін, құранды оқытатын,бір кісіні алып кетуді өтінеді. Пайғамбарымыз бұл іске Мусғаб бин Умайрд дейтін жігітті жөн көреді. Асғад бин Зурараның үйіне орналасқан Мусғаб, Мәдина халқын дінге үйрете бастайды. Көркем мінезі, шешен тілімен көптеген кісілерді дінге кіргізеді. Үйді үйге барып құран үйретіп, Асғад ибн Зурараның қолдауымен, Мәдинада дін жылдам жайылады. Әус тайпасының көсемдерінен Сағд бин Мағаз, Үсәйд бин Худайр деген кісілер Мұсғаб бин Умайрдың көркем уағыздарын тыңдап мұсылман болады. Көсемдері дінді қабылдаған соң тайпаның айтарлық түгелі дінге кіреді. Бұл хабарды естіген пайғамбрымызбен Меккелік мұсылмандар қатты қуанады. Сол себептен (621м) жылын «Сәнәтулибтиһаж» (қуаныш жылы) деп аталды.
Мәдиналықтардың дінге қызығуының бір неше себебі бар еді. Мәдинада өмір сүретін араб тайпалары мен яһудилердің арасында бір бәсеке болатын. Жақында келетін пайғамбар яһудилерден келеді, сол себепті яһудилер «біз арабтардан үстем боламыз» дейтін. Пайғамбарлық яһудилерге тән, ол бізден шығады деп күтетін болған.
Мәдиналықтар яһудилермен көрші өмір сүргендіктен, ахырет, тозақ, пейіш, пайғамбарлық секілді ұғымдар олар үшін бөтен емес еді. Өйткені арабтар бұл терминдерді яһудилердің аузынан көп еститін. Сол себептен Мәдиналық арабтардың дін жайлы уағыздарға құлақтары бейім еді.
Мәдинада араб тайпаларының арасында да дұшпандық бар еді. Әус пен Хазраж арасындағы жақында болған Буғас соғысы оларды бір шама қайғығыға дұшар еткен болатын. Бұл екі тайпа арасын татуластыратын Мәдинаға бейбіт өмір сыйлайтын бір күш қажет еді. Бұл мәселе Ақаба келісімінде қозғалып еді. 622 жылында Меккеге бесжүз кісі келіп, олардың екеуі әйел жетпіс бес кісі дінді қабылдады. Мәдинаның мұсылман болуына септігі көп тиген Мусғабта көп қатары Ақабаға келіп пайғамбарымызға жолығады. Меккелік мушриктерге байқатпау үшін түрлі жолдар мен ақабаға жиналады.
Пайғамбарымыз қасына Әбубакір, Али және көкесі Аббас алып Ақабаға келеді.
Ақаба келісімі жасалған орын(Мекке) |
Ақабада сөз алған Аббас: «Біз пайғамбарымызды бұл жерде көзіміздің қарасындай сақтап келудеміз, егер сіздерде солай жасауға келіссеңіздер біз оны сіздермен жібереміз, болмаса осы жерде қалады», деген мағынадағы сөз айтады. Мәдиналықтар Аббастан кейін пайғамбарымыздыңда сөз сөйлеуін қалайды. Сонда пайғамбарымыз құранннан аяттар оқығаннан кейін, “ Балашағаларын қорғағандай пайғамарды қоруды,жақсы да жаман күндерде, молшылықта және тарлықта итағат етіп бірге болуға және жақсылыққа шақырып, жамандыққа бөгет болуға олардан уәде алады “[47].
Есте сақтайық Ақаба келісімі Меккеде қорланған мұсылмандарға паналайтын елдің есігін ашты. Ақабадағы мәдиналықтармен келісім, олардың дінге кіруі, һижрат етіп баратын жердің ірге тасын қалау болды. осылайша Ислам меккеден шығып Араб түбегіне тарай бастады. |
Мәдинаға һижрет
Мұсылмандардың Меккеде еркін өмір сүруі қиындап, өмірлерінеде қауіп төнді. Бір жағынан дінді Меккенің сыртына уағыздау да қажет еді. Сол себепті екінші ақаба келісімінен кейін пайғамбарымыз мұсылмандардың Мәдинаға көшуіне рұхсат берді. Мәдина, Меккеге 400 шақырым қашықтықта орналасқан қала. Сол күннің өлшемімен түйемен он екі күндік жол еді. Мұсылмандардың Мәдинаға қоныс аудару шешімі мушриктерге күтпеген жағдай болды. Өйткені мұсылмандардың мәдинаға жиналып, бір күшке айналуы, Меккенің саяси және экономикалық болмысын едәуір алаңдататын. Мәдина қаласы Шам шаһарына шыққан меккелік сауда керуенінің жолында орналасқандықтан, жол қауіпсіздігі мұсылмандардың бақылауына өтіп, зиян шегуі әбден мүмкін еді. Сол секілді мұсылмандар Мәдинаға орналасса, ол кезде жергілікті араб тайпаларымен бірігіп Меккеге шабуыл жасайма деп те қорыққандықтан, барынша көшке қарсылық білдірді. Жолға шыққан мұсылмандарды қолға түсіріп, қамауға алып, ерлі зайыптыларды ажыратып, малдарын басып алды. Бас бостандығы жоқ құлдар, туыстары тарапынан қамауда қалған кейбір мұсылмандардан басқалар, қарсылықтарға қарамай, қаладан жеке жеке, топ топ болып һижретке салынды.
Солардың қатарында Әбу Бәкірде һижретке рұхсат сұрайды. Бірақ пайғамбарымыз оған, “ Асықпа! Алла тағала саған қайырлы жолдас беред і “[49], деп күтуін ұсынады.
Меккеден шығу
Мұсылмандардың һижрет мәселесі Меккелік мушриктерді бей жай қалдырмады. Олар қурайштың үлкендеріне хабар беріп, “ Дару’н - Нәдуа ” дейтін жерде жиналады. Жиналыста Пайғамбарымыз жайлы шешім қабылдауды тартысады. Оны һижреттен тоқтатсақ, қалғандар, көшіп кеткендердің мәселесі оңай болып, Меккеге қауіп төнбейді деген ойға келеді. Сөйтіп үш түрлі ой ортаға тасталады.
1. Қамауға алуды ұсынады: бірақ мұсылмандар жиналып құтқаруы мүмкін деп, бұл шешім қабылданбайды.
2. Жер аудару. Бұл шешімде қабылданбайды, өйткені барған елде мұсылмандық дамып қайта шабуы мүмкін.
3. Өлтіру мәселесі. Бұл қанға қан өш алу мүмкін деп алғашында қабылданбайды. Бірақ Әбу Жәһіл: “ Қурайштың әрбір атасынан бір жігіт тағайындайық, олар бір дестен өлтірсе, кімнің өлтіргенін дәлелдей алмайды. Һашимиттер барлық қурайштықтардан өш алуға батылдары жетпейді. Артынан құн төлеп құтылып кетеміз ", деген ұсынысты айтып, жиналыстағылардың барлығы мақұл көреді.
Мағлұмат сандығы Алғаш һижретке шыққан кісі Әбу Сәләмә.Ал соңғы кісі, Пайғамбарымыздың көкесі Аббас Меккенң фатх етілуінен аз уақыт бұрын Һижрет жасады. |
Пайғамбарымыз аләйһиссалам Әбубәкірге келіп һижретке рұхсат болғанын хабарлап, жолға дайындық жасауын айтады. Әбубәкір Сыддық қызметшісі Амирге екі түйесін жолға әзірлеуін тапсырады. Әбубәкір Абдулла бин Урайқитпен жолға қашан шығатынын келісіп алады. Абдулла исламға кірмеген болсада сенімді кісі болатын. Пайғамбарымыз әзіреті Алиге һижрет хабарын беріп, оған,«Бұл түн мен жолға аттанамын, сен менің төсегіме жатасың, жамылып жатқаныңды көріп мушриктер мен екен деп ойласын. Мына аманаттарды иелеріне тапсырып арқамнан Мәдинаға сенде кел»[50] деп айтады. Мушриктер пайғамбарымыздың шығуын күзетіп үйдің айналасында күтеді. Түннің бір уақтында сағат үште Құран оқып, уысындағы топрақты мушриктедің бетіне шашып шығып кетеді. Осылайша пайғамбарымыз Әбубәкірдің үйіне келіп, екеуі жасырын Меккеден шығады. Оңтүстікте орналасқан, Меккеге бес шақырымдағы Сәуір тауына қарап жылжиды. Пайғамбарымыздың уйінің сыртында күзеткен мушриктер таң ата үйге кіріп барса, төсекте жатқан Али екенін байқайды. Ашуланып Алиді соғып, кағбаға қамап тастап, кейіннен босатады. Меккені тәптіштеп іздеп таппағасын, пайғамбарымыздың және Алидың басына тапқан кісіге жүз түйе тігеді.
Мәдинаға шығатын барлық жолдарды тексеріп шығады. Оларда шатастыру үшін солтүстік шағындаға Мәдина жолынан емес, оңтүстік тараптаға Сәуір тауына шығып, сол жерде екеуі үш күн түнейді. Әбубәкірдің қызметшісі қой бағып жүріп, оларға сүт алып келіп отырды. Ұлы Абдулла Меккеннің хабарын беретін еді. Ізқуар кісінің көмегімен мушриктер Сәуір тауындағы үңгірдің ауызына шейін келіп, ізді жоғалтады. Олардың келгенін көрген Әбубәкір, «уа Расулалла, егер еңкейсе бізді көреді» деді. Сол кезде пайғамбарымыз «لَاتَحْزَنْإِنَّاللهََّمَعَنَا» [51] , «қорықпа! Алла тағала бізбенен бірге!, екі жолдастың үшіншісі Алла тағала болса не үшін қорқамыз? [52] деп Әбубәкірді тынышталтады. Үнгірдің жақындаған кезде ауызында бір өрмекшінің торын және көгершіннің ұясын көріп, бұл жерге ешкім кірмеген екен деп қайтып кетеді. Үш күн үш түн іздеп таппайды. Алыстап кеткенғой деген ой келеді оларға. Төртінші күннің таңында келісім бойынша Абдулла Урайқитпен Әбубәкірдің қызметшісі түйелерді алып үнгірдің қасына келеді. Пайғамбарымыз, Әбубәкір, Абдулла және қызметші төртеуі теңіз жағалап, меккеліктердің жүрмейтін жолымен сапарға шығады. Пайғамбарымыздың басына тігілген түйеге қызығып біраз кісі іздеуге кіріскен болатын. Сурақа дейтін қурайштық пайғамбарымыздың түйесінің ізін тауып, артынан жылдам қимылдай бастайды. Жақындап келген кезде аты сүрініп, өзіде аттан құлайды. Бұл жағдайды басына келген бақытсыздық санап, мұғжизаны көріп, кешірім өтінеді. Пайғамбарымыз ешкімге тіс жармау шартымен оны босатып жібереді. Қайтар жолында кездескен іздеушілерді шатастырып басқа жолдарға бағыттап жібереді. Жолда Бәни Әсламнің жерінен өткен кезінде Бурайда кездеседі
مسجد النبي |
مسجد النبي |