Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Саудамен айналысуы және Хадишамен некелесу




Пайғамбарымыз жас кезінен Әбу Талибтің қасында саудамен айналысты. Көкесі Шам шаһарына пайғамбарымызды тоғыз он жастарында екен бірге алып барды. Пайғамбарымыздың Бусра деген жерде Бахирамен кездесуі, сол сапарда болған еді. Бахира Әбу Талибқа жас Мұхамметтің бойында інжілдегі пайғамбарлық белгілерін айтып хабар берген еді.

 

Iнжілде оқып едi Расул атын, Әртүрлi пайғамбарлық ғаламатын. Жай салып, жол үстiнде отыр едi, Болды деп шығатұғын уақыты жақын. Тәлiп һәм оның сөзiн қабыл алды, Үшеуi бiр хұжраға бiрге кiрдi. Артықша екеуiне зияфат қып, Алдына тағам тартты неше түрлi.
Оларға неше түрлi тағам тартты, Қонақасы тамам болып бәрi қайтты. «Жақыны бұл баланың қайсысың?» – деп, Керуеннiң адамына Бахира айтты. Расулға Бахира айтты: «Тыңда сөзiм, Белгіңді кiтаптардан көрдi көзiм. Бұл жерден жолығар деп үмiт етiп, Отан қып отыр едiм, мұнда өзiм.[23]
«Мен» – дедi дауыс берiп Әбу Тәлiп, Бұл ұлым өзiм бiрлән келдiм алып. «Мен» – дедi дауыс берiп Әбу Тәлiп, Бұл ұлым өзiм бiрлән келдiм алып.  

Он жеті жасында пайғамбарымыз көкесі Зубайрмен Йеменге сауда керуенімен барды. Осылайша пайғамбарымыз жас кезінен сауда сатық тәжіребесіне ие болған. Өзінің саудада әділдігі және өмірде дұрыстығымен жұрттың бәрін өзіне қарататын. Сондықтан ел оған Мухаммад’ул- Әмин (сенімді, тура Мұхаммед) деген есім қойған еді. Көкелерімен барған сауда керуендерінен кейін Меккелік бір неше бай саудагерлердің сауда керуенін басқарып, берекелі мол пайдаға бөлеген. Сағид бин Абдулла секілді саудагерлермен серіктесе сауда жасап, пайғамбарымыздан өте разы болғаны кітаптарда келген. Бұл кісі исламмен қауышып, жаһілиетте серіктес болғанын пайғамбарымызбен еске алып отыратын. Пайғамбарымыз жастық шағында Шам және Йеменнен басқа қалаларғада сауда сапарымен барған. Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттер Меккенің ақсүйек отбасылырынан болған Хадишаны да бейжай қалдырмады. Сөйтіп ол кісіде пайғамбарымызға Шамға сауда керуенін басқарып баруды ұсынады. Қасына Майсара деген қызметшісінде қосып береді.

Хадиша Майсараға айтты: «Ей, құл, Керуенмен бiрге барар Мұхаммед бұл. Түйенiң жақсысына мiнгiздiрiп, Келгенше күндiз-түнi қызметiн қыл. Әртүрлi жолда көрсең қызық әдет, Баршасын маған келiп айлағын жад. Бұл айтқан пәрменiмнiң бәрiн қылсаң, Мүлкiмнен шығарамын қылып азат».

 

Бұл сапар, пайғамбарымыздың Шамға жасаған екінші сапары болатын. Сапардан күткен пайда еселене келеді. Майсара сапардағы болған барлық хабарды жеткізіп, пайғамбарымыздың жомарттығын, кемел бір тұлға екенін айтқанда, Хадишаның пайғамбарымызға деген сенімі мен сыйы оданда артып, үйленуге ниеттеніп адам салады. Пайғамбарымыз Хадишаның ұсынысын қабыл алады. Меккеліктер Хадишаны «Таһира» және «Афифә» (пәк әйел) деп атайтын. Әбу Талиб бұл қайырлы істі көкесі Амр бин Асқа тапсырады. Меккелік үлкендерің қатысуымен үлкен той жасалады. Тойда Әбу Талиб және Уарақа бин Науфал құттықтау сөзін айтып, некелерін Уарақа қияды. Бір неше түйе сойылып ас тартылады. Осылайша отбасы құрылып Пайғамбарымызбен Хадиша ана бақытты өмір бастайды.Дүниеге екі ұл, Абдулла мен Қасым, төрт қыз, Зейнеп, Рұқия, Үмму Гүлсім, Фатима келеді.

 

Бар едi сол арада бiр бай қатын, Айтар-ды Хадиша деп оның атын. Артықша жүзi нұрлы, сұлу едi, Сәлікәараб дер еді асыл затын.   Ерi жоқ қатын едi өзі бір тұл, Есепсiз көп едi дүние мен пұл. Қаншама шаһзадалар айтса-дағы, Ешбiрiн жүрер едi қылмай қабыл.[24]   Әуелi туып едi Қасым ұлы, Сол үшiн Әбул Қасым лақап қылды. Рұқия, Зейнеп, Гүлсiм һәм Фатима, Одан соң Абдулла мен Тахир- туды.   Жастықта өлiп кеттi ұлықтары, Қыздардың балиғатқа жеттi бәрi. Расулдың екi қызын Оспан алған, Жұп болды Фатимамен Әзірет Әлi.[25]

Жәһілиетте арабтар қыз бала туылса бақытсыздық санасада, пайғамбарымыз керісінше қыздарын мақтан тұтып, өсіріп, мәпелеп күйеуге беріп еді. Хадиша анамыз дүние салғанша пайғамбарымыз ешкімге үйленбеді. Мысырлық Мариядан туған Ибраһим атты баласы жас кезінде-ақ шетнеп кетті. Қызы Фатимадан басқа барша балдары пайғамбарымыздан бұрын қайтыс болған. Сондықтан пайғамбарымыздың ұрпақтары Али мен Фатимадан тараған.

«Еш қорықпа! Алла тағала сені жамандыққа итермелемейді, сені тек жақсылыққа себепші етеді.Себебі сен, туыстарыңа бауырмашыл, отбасыңа мейірбан,адамдарға тек жақсылық тілейтін жансың. Жетімдердің басын сипап, олар мұңаймасын деп, оларға барлық жағдайды жасауға тырысасың. Тура сөз, әділ шешім қабылдайтын, аманатқа қиянат жасамайтын, қамқоршысы жоқтарға қамқор, айналаңа жұмсақ сөйлейтін бір тұлғасың».
Пайғамбар алайһиссалам өз отбасына және туыстарына өте бауырмашыл, қандайда бір қиыншылық кездерде әрқашан қол ұшын ұзататын. Әбу Талибтен Алиді алып бауырына басып тәрбиеледі. Аббастың жағдайы жақсы болғандықтан Жағфарды қамқорлығына алуды өтінген болатын. Пайғамбарымыздың мінезі мен туыстық қарым қатынасының қай дәрежеде екенін, алғашқы уахи түскенде, Хадиша анамыздың айтқан сөздерінен байқауға болады. Пайғамбарымыз өте қайрымды болатын, әсіресе үлкендерді қатты құрметтейтін. Алты жасында жоғалтқан анасын ұмытпай, арнайы «әбуа» дейтін жерге келіп, қабірін зиярат жасап басын жөндеп кеткен.Сол жерде көңілі босап көзіне жас алды. Не үшін жыладыңыз деп сұрағанда, «Анамның маған деген мейірімін сезіндім, сол себептен жыладым»[26], деген еді. Пайғамбарымыз әкесінің қабірінде зиярат жасап тұратын. Умму Аймандыда еш ұмытпай оның жағдайынан хабар алып тұратын еді. Өйткені атасы қайтыс болған кезде, оның еңбегі пайғамбарымызға көп сіңібеді. Көрген жерде Умму Айманның құрметін орнына қоятын еді. Әбу Талиб қайтыс болған кезде пайғамбарымыз жас болсада қатты қайғырған болатын. Әбу Талибты және оның отбасын жақсы көретін және құрметтейтін. Заманында кедей бір отбасы болсада, пайғамбарымызды бауырына басып, өз балдарындай көріп тәрбиелеген болатын. Соның барлығын ұмытпаған пайғамбарымыз, саудамен айналысқан кезде Әбу Талибтің отбасына көмектесті. Әбу Талибтің жұбайы Фатима бинт Әсаттіде өмірінің соңына дейін құрметтеп өтті. Қайтыс болған кезде пайғамбарымызға «не үшін сонша қайғырдыңыз», деп сұрағанда,«Қалайша қайғырмайын, жетім болып барған кезімде, балдарынан бұрын маған тамақ беретін, шашымды тарайтын, ол кісі менің анам секілді еді», деп жауап берген.

 

Амин” деп аталуы

Пайғамбарымыз жастық шағынан жаһилиеттің неше түрлі әдеттерінен, құмар, арақ ішетін жиындар ұзақ жүрді. Жігіттік кезінде үлкендер секілді жұртқа ақыл айтып, қоғамда беделді болды. Кағбаның қайта құрылысын басқаруы соның бір дәлелі. Кағба Ибраһим пайғамбар мен Исмаил салғаннан кейін тарихта табиғы апаттардың салдарынан бір неше қайта соғылды. Кезекті салынуында пайғамбарымыз отыз бес жасында болатын. Қара тасты орнына қояр кезде Меккеліктер таласып қалады. Сонда қурайыштың үлкендерінен Әбу Умайя бин Муғира,“ Бәни Шайба есігінен қазір кім кіріп келсе, сол кісі шешім қабылдайды, соны тағайындайық.” дегенде, барлығы келіседі. Сол кезде айтылған есіктен Пайғамбарымыз с.а.с кіріп келгенде, бұл кісі ең сенімді адам, сондықтан шешімді сол қабылдайды, біз ырзамыз дейді. Өйткені пайғамбарымыз өзінің туралығымен әділдігінің арқасында елдің сенімін ақтаған еді. Сол себептен оған, “Мухаммад’ул- Әмин” (сенімді Мухаммед) есімін берген болатын. Меккеде “әл-

Әмин” деген кезде алғаш ойға пайғамбарымыз келетін. Қысқасы мәселе пайғамбарымызғы ұсынылғын кезде, қара тасты матының ішіне қойып, жан жағынан барлық тайпаның үлкендері көтеріп, тасты пайғамбарымыз өз қолымен орнына қояды. Осылайша мәселе шешімін табады. Міне осы жағдай пайғамбарымыздың қай дәрежеде сенімді және абыройлы екенінің бір көрінісі. Пайғамбарымыз елдің бұл сенім мен ниетін, жастық шағынан ақтап алған еді. Алла тағала құрані кәрімде: «Өміріңе серт болсын»[27], деп пайғамбарымыздың өнегелі өміріне ишарат жасаған.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 535 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2460 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.