Пайғамбарымыз барлық кедергілерге төзімділік көрсетіп, Алла тағаланың жолына шақырудан бас тартпады. Меккеліктер бұл жолды сайқы мазақ етседе, пайғамбарымыз олардың ұстанымдары қате, пұттарға табынуы адасушылық екенін беттеріне айтатын. Олардың пұттары жайлы мына аяттарды оқыған кезде, делебелері одан әрі қоза түсті:
“Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер. (98) Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады”. (99) [34]. Мүшриктер пайғамбарымыздың өтетін жолдарына тікен және қоқыстар тастап оған бөгет болуға кірісті. Меккеліктер Әбу Талибке келіп, «Бауырың ата бабаларымыздың жолына қарсы келіп, тәңірлерімізді аяқ асты етіп, бізді теріс жолдасыңдар деп жатыр, егер қайтармасаң біз оны тоқтатайық. Не ол өмір сүрсін, не біз өмір сүрейік»,- деп ескерту жасады.
Пайғамбарымызға Әбу Талибқа келіп мушриктердің айтқанын жеткізеді. Өзіңді және мені ойла, мен оларға қарсы ештеңеде айталмаймын дейді. сол кезде пайғамбарымыз: «Оң қолыма күнді, сол қолыма айда ұстатса, маған беттеген бағытымнан бас тартпаймын», - деп, райынан қайтпайтындығын білдірді. Мушриктер пайғамбарымыздың табандылығына көздері жеткен соң, Ұтба ибн Рабиғаны елші етіп, мынадай ұсыныс жасап, келісімге шақырды. Егер Меккенің әкімшілігін сұраса бастық болсын, ең сұлу қызға үйленсін, дүниелік не сұраса берейік дейді, тек қана пұттарына тиіспеуді, олар жайлы әңгіме айтпауды өтінді. Олардың елшілеріне мынадай жауап берді пайғамбарымыз: «сендердің айтып тұрғандарыңның ешбірі менде жоқ, бірақ Раббым мені сендерге пайғамбар етіп жіберді, оның әмірін жеткізіп жатырмын, иман келтірсеңдер екі дүние бақытына кенелесіңдер. Пұттарға табынудан бас тартып, Аллаға құлшылық етіңдер»[35].
Бұл келісімге келмейтінін аңғарған мушриктер, онда кезектесіп, бір жыл пұттарға, бір жыл бойы Алла тағалаға құлшылық жасауды ұсынады. Пайғамбарымыз мына аятпен оларға жауап береді .(Мұхаммед Ғ.С.): «Әй Кәпірлер!» (1)«Сендердің табынғандарыңа табынбаймын;» (2)
«Әрі сендер де менің құлшылық қылғаныма құлшылық қылмайсыңдар.» (3)«Сірә мен сендердің шоқынғандарыңа шоқынушы емеспін» (4)«Сондай ақ сендер де менің құлшылық қылғаныма, құлшылық қылушы емессіңдер.» (5)«Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» де. (6)[36]
Меккеліктер армандары орындалмағаннан кейін, мұсылмандарға тиісе бастайды. Исламды қабыл алмақшы болғандарды да түрлі қиындықтарға тап болатынын айтып оларды шошытуға кіріседі. Ал мұсылман болған кісілерді діннен қайтуға зорлайды. Мұсылмандардың қатарында болған кедей кісілер мен құлдарды аяусыз азаптайды. Меккеліктердің бұл азаптауларына дұшар болған кісілер Биләл Хабаши, Ясирдің отбасы, Сухайб Руми және Әбу Фухайра секілді ешкімі жоқ құлдар болатын. Биләлдің қожайыны болған Үмәйя бин Хәлаф, Биләлді ыстық тасқа бастырып діннен қайту үшін азаптайтын. Аммар ибн Ясир әке шешесі мен бірге мұсылман болғаны үшін азапталған алғашқы кісілер. Мушриктердің азаптауларынан Аммардың әкесі Ясир анасы Сумайя ислам тарихында алғашқы шейіт болған мұсылмандар болып саналады. Пайғамбарымыз бірде Меккеде болатын Указ, Мәжәнна, Мина секілді жәрменкелерде қажылыққа келген арабтарды дінге шақыра бастады. Оларға құранның аяттарынан оқып, исламға шақыратын еді. Артынан мушриктер келіп, «бұл кісі біздің туысымыз, құлақ аспаңдар, ол өзі бір жынданған сиқырбаз», деп елді райынан қайтарады. Пайғамбарымыздың бұл әрекетіде нәтиже бермейді. Кағба араб тайпаларының пұттарына табынатын орталығы болғандықтан қасиетті саналатын. Сол себепті пайғамбарымызға қарсы келуінің негізгі себебі олардың діни ұстанымдарына бекем болуы. Ата бабаларынан мұра болып қалған көне жолдарын дұрыс және қасиетті санайтын еді. Сол пұттар оларды Аллаға жақындатады деген сенімде болатын.
Сол себептен пайғамбарымыздың оларды пұттардан қайтуын, бір Аллаға құлшылық жасауын қабыл алмаған еді. Пұтқа табынуды дұрыс деп санайтын. Құранда олардың адасуда екенін мына аяттармен баяндайды. (Мекке мүшріктеріне) Алла түсірген (Құранға) бой ұсыныңдар делінсе, олар: «Жоқ, үстінде ата-бабаларымызды тапқан жолға ілесеміз» деді. Егер аталары еш нәрсені түсінбеген әрі тура жолда болмаған болса да ма?) [37] 170
Шынайы дінді қабыл алмауларының да бір себебі, саудадан ағып келе жатқан пайдадан құр қаламыз деп ойлайтын. Өйткені Мекке арабтардың сауда орталығы болып саналатын. Жыл сайын пұттарға табыну үшін келген арабтар, меккеліктер үшін пайда көзі еді. Пұтқа табынушылықтың орталығын басқарған мушриктер, абыройдан және барша араб тайпаларының сауда керуендерінен айрылып қалудан, сауда айналымы тоқтап қалудан қатты қорқатын еді. Пайғамбарымыздың пұттар жайлы аяттарды оқуы, олар үшін күйзеліс болып, жүйелерінің қирауы еді. Саяси және экономикалық дағдарыстан қорыққандықтан олар пайғамбарымызға дұшпандық жасап еді. Пайғамбарымызға қатты қарсы болғандар Меккенің үлкен саудагерлері екеніде соның бір айғағы. Пайғамбарымыз құрайштықтардың басқада әдепсіз қылықтарын, әйел затына, жітімдерге жасаған қарым қатынасты сынайтын. Сол тұрғыдан дағуат жасап, қоғамда адамзат туылғаннан егемен (азат), Алла тағаланың хұзырында тең екенін уағыздайтын. Өйткені Меккеде құлдық жүйе әбден қалыптасқан еді. Сол себептен мушриктердің үлкендері құл мен қожайынды теңестіргені үшін Пайғамбарымызға қарсы шықты. Ал рушылдық мәселесіде дінге кіруге кедергісін тигізіп жатты. Һашимиттер мен Омаяттар арасындағы бәсекелесу қаншама адамның дінге келуіне кері әсерін тигізіп жатты. Меккеліктердің пайғамбарды қабылдамауының бір себебі лидер кісі бай, еркек балдары көп боле керек еді. Олардың есебі бойынша Меккеден Уәлид ибн Муғира, Таифтан Масғуд деген кісі пайғамбар болуы керек деген ұстанымда болған. Бұл сөздеріне құран былай жауап берді.
Олар: “Бұл Құран (Мекке, Тайып) екі қаладан ірі бір адамға түсірілсе еді” деді. (31)
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның мәрхаметін олар бөліп бере ме? Олардың дүние тіршілігіндегі несібесін араларына Біз үлестірдік. Сондай-ақ бір-біріне бағынсын деп, бірін-бірінен дәрежеде көтердік. Раббыңның мәрхаметі олардың жиған-тергендерінен артық. [38] (32)