Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Пайғамбарымыз (с.а.с) нің өмір баянымен танысудың маңыздылығы




Пайғамбарымыз Мухаммад (с.а.с) адамзатты тура жолға және жақсылық пен ақиқатқа үгіттеп, кімде кім иман келтіріп сол дағуатқа құлақ асса жаннатпен суйіншілеген. Алла тағаланың әмірлеріне мойынұсыну, тыйғандарынан тыйылуды ескертті. Алып келген шариғаты адамзатты надандықтан құтқарып өркениетпен таныстырды. Сол себептен оның өмірбаянымен танысу өте маңызды.

Ибн Исхақ: әс-Сира(151/ 768) Уaқиди:Китаб әл-Мағази(208/823) Ибн Һишәм: әс-Сира ән-Нәбәуия(219/ 834)Ибн Сағд: Китаб әл- Табақат(230/ 845) Алғаш жазылған сияр кітаптар
Иман негіздерінің бірі болған пайғамбарларға иман келтіру- ең алдымен олардың өмір тарихын білуге шақырады. Пайғамбарымыз (с.а.с) дың өмір тарихы үмбеттеріне екі дүниелік үгіт насихатпен бақытты өмір сүрудің таптырмас үлгісі екеніне ешкім күмән келтіре алмайды. Мухаммед (с.а.с) нің өмірінен сыр шертетін кітаптарды сияр деп атайды. Сияр «сира» сөзінің көпше түрі болып, сөздікте жол және өмірбаян деген мағынаны береді. Ал терминдік мағынасына келсек, Әз пайғамбарымыздың туылғаннан бастап қайтыс болғанға дейінгі өмірін қолға алған ілімге сияр деп айтамыз. Сияр- пайғамбарымыздың өмірге келуі, балалық шағы, жігіт шағы, үйленуі, отбасылық өмірі, пайғамбарлықтың келуі, дін таратуы, һіжірет жасауы, қоғамдық қарым- қатынасы, қатысқан соғыстары және қайтыс болған кезіне дейінгі болған бүкіл іс- харекеттірін қарастырады. Сияр ілімінің мақсаты, Әз пайғамбарымыздың пайғамбарлық кезеңіндегі болған жағдайларды негізгі дереккөздермен салыстыра- зерттеп, бұқара халықтың оқып түсінуіне жағдай жасап беру болып табылады.

Басты дереккөз сиярда құран кәрім болып есептеледі. Кезегімін пайғамбарымыздың хадистері, одан кейін сияр кітаптар. Пайғамбарымыздың өмірін құран кәрімсіз елестету мүмкін емес. Өйткені құран ол кісіге уахи етілді, оны ең дұрыс түсінгендеоған өз денгейінде амал еткенде пайғамбарымыздың өзі болатын.Сондай-ақ құранда сол кездегі бүткіл шайқастар,келіссөздер,яһуди, хрестиан және бәдәуилермен болған қарымқатынастар мен һижретке тиісті болған мағлұматтарды табуға болады. Соны мен қатар пайғамбарымыздың тұлғалық сипаттарыда сырт қалмағанын байқаймыз. Хадис кітаптарындада пайғамбарымыздың өмір жолын, мінез құлқын баяндайтын хабарлар жеткілікті. Сол себептен сияр ілімінде хадистің орны ерекше. Сиярді әнгімелейтін8- ғасырдың басында бір қатар кітаптар жарық көрді. Солардың маңыздыларының басында алғаш жазылған ибн Исхақтың «әс-Сира»атты еңбегін ерекше айтуға болады.

Адамзатға үлгі болған пайғамбарымыздың өмірімен танысу, оны тану иманды кісілерге күш-қуат сыйлайды. Құранда кәрімде пайғамбарымыздың мүминдерге үлгі екені жайлы мынадай аят бар: [1] لقد كان لكم في رسول الله اسوة حسنة لمن كان يرجو الله واليوم الاخر وذكر الله كثير ا

«Расында сендер үшін, Алланы да ақырет күнін де үміт еткендер және Алланы көп еске алған кісілер үшін; Алланың Елшісінде көркем өнегелер бар.» ахзаб 21.

( Мұхаммед С.А.С.) оларға: «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер. Алла (Т.) сендерді жақсы көріп, күнәларыңды жарылқайды. Өйткені, Алла аса жарылқаушы, ерекше мейірімді» де. Али Имран-31   ллдфылдфлыфд
Демек пайғамбарымызды танымай ол кісінің көркем өнегелерін тани алмаймыз.

Алла елшісінің мінез құлқының негізі құран болатын. Айша анамыздан ол кісі жайлы сұраған кезде “ Пайғамбарымыздың мінезі құран болатын “,- деп жауап берген.

Пайғамбарымыз с.а.с адамзаттың абзалы және ардақтысы. Ал ол кісіге иман келтірген дер үшін пайғамбарымыздың орны ерекше болары сөзсіз. Пайғамбарды дұрыс тану, оны үлгі ету дінді дұрыс түсунудің кепілі болып саналады. Алла елшісі құранға жоғары денгейде амал еткен тұлға болғандықтан, оның өмірін зерделеу құранды дұрыс аңғаруға көмектеседі.

 

2. Исламнан бұрыңғы араб түбегіне шолу.

Араб түбегі, Азия, Европа және Африканың тоғысқан жерінде орналасқан.

Түбектің батысында Қылыз теңіз, оңтүстігінде үнді мұхиты және Адан шығанағы, шығыста Оман және Басра шығанағы орналасқан. Азия материгіне жалғасқан бөлігінде Палестина және Сириямен шекараласады.

Араб түбегінде исламнан бұрын “бәдәуилер “ және “хадарилер” деп аталатын екі түрлі өмір сүру салты болатын. Хадарилер қала, кент және ауылдарда өмір сүрсе, бәдәуилер тау тас және шөлейт жерлерде көшпенділерше өмір кешіретін болған. Араб жарты түбегінде халықтайпа және ру болып өмір сүретін.

Хижаз сөздікте: жабу, тығындау, алдын кесу деген мағынаны береді. Хижаздың жағрафиялық орналасуы, Шамнан Нәжранға дейін созылып жатған араларын жер жерде ойпаттар бөліп тұратын таулардан құрайды. Батыста орналасқан Тиһамә мен шығыста орналасқан Нәждті бір бірінен бөліп тұрғандықтан Хижаз деген атпен аталған. Хижаз деген де Тиһамәніде өз ішіне алған аймақты түсінеміз. Хижаз Пайғамбарымыздың туып өсіп өткен жері болғандықтан ислам тарихында маңызды да қасиетті мекен болып саналады. Басты қалалары Мекке, Мәдинә, Таиф. Хижаздың орталығы Мекке.

Араб түбегінде халық орталығында және шет аймақтарда өмір сүреді. Ішкі жағы жаңбыр аз жауатын аймақтар болып, ойпаттар

 

 

мен таулы аудандардан құралған. Сол себептен бұл мекендерде халықтың саны аз болатыны табиғи заңдылық. Ел суы бар жерлерде малын жайып, су тартылған мезгілдерде суы бар аймақтарға көшіп отыратын. Күн көрістері мал шаруашылығы болып, егінмен айналысуға, сауда сатық жасауға табиғаты сай келмейтін.

. Ал шеткі аудандарға назар салар болсақ, ол жерлер жауын шашынды, егінге қолайлы болғандықтан, ел тұрғылықты өмір кешуге қалыптасқан болатын. Араб түбегінде қалалар мен кенттер қиыр (шет) аймақтарға орналақан.

Бұл түбекте тарихта Ад және Сәмуд, Мәдиян атты қаумдар өмір сүріп арттарынан нәсіл қалмаған. Олардан басқа Қаһтанилар, Аднанилар өмір сүретін. Қаһтанилардың ата жұрты Йемен болатын. Ал Аднанилар жергілікті халықпен араласып арабтасып кеткен болатын

Бұларды Хижаздықтар деп те атайтын еді. Хижаз заман заман сыртқы жаулардың назарына іліккен мен ешкім отарына айналдыра алмаған етін. Сондықтан тілімен дәстурін

Араб жарты түбегінің солтүстік шығысында Хирелилер, солтүстік батысында Ғассанилер, оңтүстік Йеменде Сәбәлилер және Химярилер патшалықтар құрған.
жоғалтып алмай бейбіт өмір кешіріп келген. Сырт жаулардың әскерінің аяқ басалмауына аптап ыстықты құмды шөлдері, тар жолдары мен таулы тастары кедергі болған.

Осылайша Хижаз халқы ғасырлар бойы тәуелсіз ғұмыр кешіріп, дәстүрі мен тілін, тұтастығымен нәсілін сыртқы әсерлерден қаймақтай сақтап кейінгі ұрпаққа жалғастырып келген. Йеменнен шығып Ақаба шығанағына жалғасқан сауда жолы, Меккемен Мәдинаның үстінен өтіп Ақтеңізге баратын еді. Мекке айналасында жылдың белгілі бір уақыттарында жәрменке жасалатын еді. Ел келіп сауда саттығын жасап Кағбаны да тауаф жасайтын тұғын. Меккенің бір құлшылық ордасы болуы, Хижаздың Йемен-Сирия сауда керуенінің ортасында орын алуы, жәрменкелердің жайылып елдің шоғырлануы Меккенің беделімен маңызын одан әрі арттыра түсетін. Араб түбегінде Йемен өзінің табиғатының жайлылығы, егін мен малға қолайлығы, сауда саттығының тұрақтылығымен ерекшеленіп тұратын. Сол себептен Йеменді «жасыл топрақ»-«әл-ард әл-Хадра» деп атаған. Йеменилер ежелден Индия және оңтүстік Африкамен шығыс елдерімен сауда саттықты жолға қойған болатын. Кейіннен Хижаз арабтары саудада Йемендіктерді артта қалдырды.

Араб түбегінде Исламнан бұрын түрлі діндерді көруге болатын. Мысалы: Мәдина, Хайбар, Фәдак[2] және Йеменде азда болса яһудилер бар еді. Олар милади жыл санақтан бұрын алтыншы ғасырда Бәбіл патшасы Бухтаннаср Қудысты басып алып яһудилерді Бәбілге көшірер кезде, бір тобының Хижаз аймағына (Мәдина, Хайбар, Фәдак, Йемен) орналасқан яһудилер. Түбектің солтүстік аймағындағы Ғассани және Хиреләлердің арасында хрестиандық дамыған еді. Солтүстіктегі хрестияндардың басым көпшілігі Нажранға шоғырланған болатын. Ал Хижазда да хрестиандық аздап кездескенмен әсері әлсіз еді. Араб түбегінде түбі Ираннан шыққан мәжусилерде кездесетін. Олар қазіргі таңдағы Бахрейн, Оман, Йемен аймақтарында өмір сүрген. Арабтардыңішінде күнге, айға, жұлдыздарға табынатындарда кездесетін. Олар күн шығыс түс ауа, батар кезде дұға жасайтын болатын.

Араб жарты түбегінде пұтқа табыну қатты жайылғаны соншалықты, әр отбасының төрінде табынатын мүсіндері тұратын еді.

Түрлі заттардан жасалған пұттарына біліп білмей табыну әдетке айналғантұғын.

Ислам келмей тұрып араб түбегінде пұтқа табыну, жаһилиет салт дәстүрлері едәуір белең алған болатын.

Әлемнің басқа елдері секілді араб қоғамында да құлдар, күңдер, азаттармен тұтқындардан тұратын таптар кездесетін. Әсіресе әйел кісілер бейнебір зат ретінде қолданылып құқықтары тапталып жататын. Европада да жағдай мәз емес, әйел кісілерге еркектер қалаған кезде үйленіп, қалаған уақтында тастап кетеберетін болған, немесе қызметші ретінде ұстап тұратын. Зардүштердің кезінде еркек бауырына үйлентірілетін. Әйедерге тұтқын ретінде қарым-қатынас жасайтын болған. Ал Индияда әйел кісілер бейшара жаратылыс ретінде қабылданып, діни шара,жиын тойларға араластырылмайтын болған. Оның діні иесіне қызмет жасаудан тұратын. Ең жақсы әйел күйеуінің мәйітінің үстінде өзін өртеген әйел есептелетін. Гректердеде жағдай осы шамалас болып, әйел кісілер халық арасында еркін жүру құқұғына ие болмайтын. Францияда, Римдеде әйел кісідердің қоғамда ешбір орны болмаған. Византияда әйел кісі еркектің заты секілді қалағанша оған мәміле жасайтын. Әйел кісі баста әкесінің,ерінің,ері өлгесін баласының тұтқыны болып өмір сүретін болған.

Европа, Африка, Азияда саясы қақтығыстар орын алып, Испания мен солтүстік Францияда тақ үшін күрестер өршіп, Францияның өзінде визиготтармен франктар арасында бақталастық белең алған еді.Англосаксондар ағылшын аралдарын жаулап алып еді. Мысырда Римдіктермен Гректер отарлауға жарыса кірісіп кеткен болатын. Осы айтқан елдердің айтарлық түгелінде Исламнан бұрын дини, қоғамдық, саяси тұрақсыздық етек алған болатын.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 626 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2193 - | 2115 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.