Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Көпжарақаттармен зардап шеккендердің ауырлық дәрежесін анықтау және тасымалдау




Зардап шеккеннің ауырлық дәрежесі көбінесі ішкі және сыртқы қан кетудің интенсивтілігіне,тыныс жолдарының өткізгіштігінің және тыныс механизмінің бұзылыстарына,тыныс пен қан айналым бұзылыстарына қарап анықтайды. Ауырлық дәрежесі өмірлік функциялардың бұзылысының тереңдігі бойынша - тынысы,қан айналымы,бас миының қызметін ескеріле отырып анықталады. Госпитализациялауға дейінгі кезең жағдайларында ауыр лабораторлы көрсеткіштерді бағалауға уақыт және мүмкіндік жоқ. Бірақ қарапайым белгілер бойынша көптравманың болжамын анықтауға және негізгі назарды ауыр науқастарға аударуға болады.Ол көптеген апаттық жағдайларда өте маңызды.

Аралас және көптеген жарақаттардағы жедел көмек алгоритмі

· Жоғары тыныс жолдарының өткізгіштігі бұзылысы кезінде бөгде заттардан,тіс протездерінен, құсық массаларынан, қаннан, шырыштан ауыз қуысын тазалау.

· Апноэ, брадипноэ маска көмегімен, интубациямен аппарат көмегімен ЖӨЖ-ді жүргізуге көрсеткіш болады.

· Аспирация кезінде интубация қажет трахеядан қан мен құсықты сорып алу және ЖӨЖ-ді қосу керек.

· Жедел қан жоғалтуда 1-ші,2-ші дәрежелі шокта венепункция жасап 400мл дозада полиглюкин құяды, қан қысымының түсуі жалғаса берсе шокқа қарсы костюманы салу керек.

· Жедел қан жоғалту 3-4-дәрежелі шокта шокқа қарсы костюма салып, венепункция жасап, қан алмастырғыш және кристаллойдты ерітінділерді құяды.

· Цианозбен және қосымша бұлшықеттердің тынысқа қатысуымен жүретін тахипноэ: қысымды пневмотораксты клапанды дренажбен плевра қуысын дренаждау, интубация, трахея құрамын сорып алу аппарат көмегімен ЖӨЖ, жансыздандыру.

· Ашық пневмоторакста окклюзионды таңу,клапанды дренаж қажет, ал айқын тыныс жеткіліксіздігінде ЖӨЖ және интубация қолданылады.

· Үлкен гематоракста қан алмастырғыш және кристаллойдты ерітінділерді құйып оксигенотерапия жасайды. Қан қысымы түсіп кетсе шокқа қарсы костюмның аяқтық секцияларын салады.

· Іш қуысы мүшелерінің жарақаты ішке қан кетумен шокқа қарсы костюмді салуға, қан алмастырғыш және шокқа қарсы терапия жүргізуге, наркотикалық аналгетиктермен жансыздандыруға көрсеткіш болып табылады.

· Іштің қуысты мүшелерінің жарақатында шокқа қарсы терапия мен наркотикалық емес аналгетиктермен жансыздандыру жүргізіледі.

· Қол-аяқтың жұлынуы мен жарақаттық ампутацияда максималды қысымы 250 мм с.б. қолға және 500 мм с.б. аяққа пневматикалық жгут салады,хлоргексидинмен таңу салып,вена ішілік жансыздандыру және қан алмастырғыштармен қан құю.

· Жамбас сынуында вакуумды немесе шокқа қарсы костюм салып вена ішілік жансыздандыру жасайды.

· Омыртқаның мойын бөлімінің сынуында мойын бандажын салып жансыздандырады.

· Кеуде және бел бөлімінің сынықтарында науқасты шалқасынан жатқызып, вакуумды жансыздандырады.

· Қол - аяқ сынығында тамыр ішілік жансыздандыру жасап, иммобилизациялайды.

· Қан кетумен келетін ішкі жарақаттарда қанды уақытша тоқтатып, таңу салып, қан алмастырғыштарды құйып, шокқа қарсы терапия жүргізеді.

Госпитализация.

Көптеген және аралас жарақаттармен науқастарды реанимация бөлімшесіне госпитализациялайды.Тасымалдау кезінде қан алмастырғыш заттарды құяды және жалғастыра береді.Тыныс бұзылысында-маска арқылы жасанды тыныс, ал бас сүйек негізінен қан кетіп, тыныс өткізгіштігінің бұзылысында-трахея интубациясы жасалады.

Жарақаттық шок.

Гемодинамика жүйесінің ұлпаларға оттегіні тасымалдауға мүмкіндігі жоқ. Жарақаттың, аурудың жедел кезеңі жедел қан жоғалтумен, интоксикациямен байланысты. Осы кезең фазалық ағымға ие:

1. Гипоперфузия фазасы. Жүйелік,мүшелік,микроваскулырлық гемодинамика мен метаболизм бұзылысымен сипатталады.

2. Қызметтердің қалпына келу фазасы. Висцералды мүшелерде қан айналымның қалпына келуі.

3. Қызметтердің компенсация фазасы. Жүйелік, мүшелік перфузияның, микро-циркуляцияның, гомеостаздың негізгі параметрлерін заңдылық қалпына келуі.

Жіктелуі

1 дәреже науқас терісі бозғылт,суық,ақ дақ симптомы оң,тынысы жиілеген. Тахикардия мин.100 рет. САҚ 90-100 мм с.б.

2 дәреже аз қозғалады,терісі бозғылт,суық,мәрмәр тәрізді, ЖЖЖ 110-120 рет мин. САҚ 80-75 мм с.б. диурез төмендеген.

3 дәреже науқас қоршаған ортаға әсері жоқ, терісі жер түстес, ЖЖЖ 130-140 мин. САҚ 60 мм с.б.; ДАҚ анықталмайды,анурия дамиды.

Шұғыл көмек

Шокты механикалық зақымдануда көмек көрсетудің ерекшелігі, шұғыл көмек көрсеткен маманға белгілеу керек:

· Емге және диагностикаға кететін уақыт жеткіліксіздігі.

· Гемодинамиканы және газ алмасуды қалпына келтіру әрекеттері жарақат орталығына баратын жолда жасалу керек.

Егер жарақаттық шокта пайда болған қан айналым бұзылысы жарақат алған кезеңнен 1 сағаттан кейін қалпына келтірілмесе, ағзаның өмірлік жүйесінің ауыр бұзылыстары қайтымсыз болуы мүмкін. Сондықтан «алтын сағат» ережесін ұстану керек:

· Сыртқы қан кетуді уақытша тоқтату.

· ҚАЦ жеткіліксіздігін жою.

· Газ алмасу бұзылысын қалпына келтіру.

· Зақымдану жерінен шокогенді импульсацияны жою.

· Тасымалдау иммобилизациялау.

· Дәрілік терапия.

1. Жедел пайда болған тыныс ырғағының бұзылысы.

2. Газ алмасудың бұзылысы еміне қарамастан жедел тыныс жеткіліксіздігі белгілерінің ұлғаюы.

3. Тасымалдау иммобилизациясы сүйек пен буындардың магистральды тамыр-лар мен жүйкелердің зақымдануында, жұмсақ ұлпалардың жайылмалы зақым-дануында көрсетілген. Оны жүзеге асыру үшін стандартты тасымалдау шина-ларын, вакуымды матрацтарды, белдіктер мен ағашты, шиттерді қолданады.

4. Зақымдану аймағында шокогенді импульсацияны тоқтату.

Жарақаттық шокта ауыр аралас жарақатқа қарсы жалапы жансыздандыру заттарын қолданады.

5. Қанайналым мен метаболизм бұзылыстарын қалпына келтіруге ба-ғытталған. Жарақаттық шокпен науқастарды емдеуге арналған зат глюкокортикоидтар. Олар тамырларды тарылтып, ҚАК (ОЦК) жоғар-латып, гемодинамиканың қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сол сияқты осы препараттар липидтердің тотығып қышқылдануын тежейді, арахидон қышқылы ыдырау заттарының пайда болуын төмендетеді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 723 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2395 - | 2152 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.