Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жүйке жүйесінің инфекционды аурулары




Жұлын мен бас ми қабаттарының зақымдалуымен жүретін инфекционды ауру.

Этиология бойынша бөлінеді: бактериалды менингиттер (көбінесе жиі қоздырғыштар- Streptococcus pneumoniae, гарм теріс таяқшалар Neisseria meningitidis); вирусты менингиттер (қоздырғыштары- Коксаки, ЕСНО, паротит вирустары, поливирустары); саңырауқұлақ менингиттері.

Патогенетикалық механизмдер: ми қабатының ісінуі мен қабынуы, милық және қабықтық тамырларды қан айналым бұзылыстары; ликвордың гиперсекрециясымен резорбцияның тоқталуы; ликворлы кеңістігінің кеңеюі; бас ми қысымның жоғарлауы; ми қабатының қозуы; бас сүйектік, жұлындық жүйке түбірлерінің зақымдануы; жалпы интоксикация.

Жіктелуі

Қабыну үрдістің сипаты бойынша:

· іріңді менингиттер, бактериалды этиологиялы;

· серозды менингиттер, вирустар мен микобактериялармен шақырылады;

Ағымы бойынша:

· жедел менингиттер, этиологиясы бактериалды. Менингиттің ерекше, найзағай түрін бөледі. Бұл кезде кемінде 24 сағат ішінде клиникалық көрініс дамып және жиі өліммен аяқталады;

· жеделдеу менингиттер;

· созылмалы менингиттер – төрт аптадан артық симптомдар сақталса (негізгі себептер: туберкулез, сифилис, Лайма ауруы, кандидоз, аспергиллез, токсоплазмоз, дәнекер тіннің жүйелі аурулары).

Клиникалық көрінісі. Әртүрлі, өйткені анық симптомдар және белгілер ауру-дың әр түрлі кезеңінде пайда болады. Продромалды кезең 48 сағаттан кем, ауру өршімелі сипатта болады және науқастың жағдайының нашарлауымен жүреді.

Менингит кезіндегі ең жиі симптомдар: қызба, бас ауру (көлденең жазықтықта науқастың басын 2-3 рет бұрғанда ауырсынуы күшейеді); лоқсу және құсу; мойын бұлшықеттерінің тырысуы; петехиалды бөртпелер (теріде ұсақ қан құюлар қоңыр-қызыл түсті секпіл немесе дақ түрінде болады), денемен аяқтарда орналасады; тырыспа талмасы; жарықтан қорқу.

Өлім соңының немесе ауыр неврологиялық бұзылыстардың қауіп факторлары: артериалды гипотензия; тырыспа талмасы; сананың бұзылысы; бас ішілік артериалардың тарылуы; стационарда жатқандағы анемия (Нв 110 г/л төмен);қарт жастағылар.

Асқынулар:

· Инфекционды токсикалық шок – АҚ тез төмендейді, пульсі жіп тәрізді немесе анықталмайды, тері жамылғысының кенеттен бозаруы немесе цианозы, сананың бұзылысымен (сананың сөнуі, сопор, кома), ануриямен, жедел бүйрек жеткіліксіздігімен жүреді.

· Дислокационды синдром (бас миының сыңылауы кезінде пайда болады) – сана тежелу деңгейінің кенеттен жоғарлауы, бас ауру, лоқсу, құсу, ошақты симптоматиканың пайда болуы немесе айқындала түсуі, (анизокория, екі жақты патологиялы табан белгісі), тахикардиямен тез алмасатын брадикардия, АҚ жоғарлайды содан соң төмендейді, тыныс бұзылысы ентігу түрінде Чейн - Стокс типі).

Жалпы қарау мен физикалды зерттеу.

· Жалпы жағдайы мен өмірге қажетті қызметтерді бағалау:санасы, тыныс алуы, қан айналымы..

· Психикалық статусты бағалау:сандырақ, елестеу, психомоторлы қозу.

· Визуалды бағалау: тері жамылғысының гиперемиясы немесе бозаруы, петехиалды бөртпелердің болуы (менингококкты инфекцияға тән).

· Пульсін, ТАЖ, ЖЖЖ, АҚ зерттеу.

· Дене қызуын өлшеу.

Спецификалық симптомдарды анықтау

Ауырсынуға көңіл аудару– егер науқастың басын көлденең жазықтықта 2-3 рет бұрса, сол кезде бастың ауырсынуы күшейсе, онда симптом оң болып саңалады.

· мойын бұлшықеттерінің тырысуы;

· Керниг симптомы оң – егер науқас жамбас –сан буынында бүгілген аяқты тізе буының жазғанан кейін бас ауырсынуы күшейсе;

· өмірге қауіпті асқынуларын анықтау (инфекционды-токсикалық шок және мидың сыналауы).

Емі. Менингитке күмәндәну дәлелденетін болса, науқасты инфекционды стационарға жатқызады. Науқасты басын аздап жоғары көтеріп тасымалдайды.Науқаспен бірге тұратын адамдарда менингитке ұқсас симптомдар болса, тез арада дәрігерге қаралуы тиіс.

Дәрілердің мөлшері мен қолдану тәсілі: симптоматикалық терапия; айқын бас ауру кезінде парацетомол ауыз арқылы 500 мг үлкен көлемдегі сұйықтықпен (максималды бір реттік доза 1 г, максималды тәуліктік доза 4 г).

Тырыспа кезінде бензодиазепиндер тағайындалады: диазепам 10 мг тамыр ішіне 0,9% натрий хлор ерітіндісіне араластырып, 3 мл/мин (егер одан жылдам жіберсе тыныс алу тоқтауының қаупі бар).Ректалді енгізуге болады 0,2-0,5мг/кг үлкендер мен балаларға.

Найзағай тәрізді ағымында антибиотиктер тағайындайды, цефалоспориндердің ІІІ туындысынан: цефтриаксон 2 мг тамыр ішіне (кішкентай балаларда 100 мг/кг/тәу) 0,9% натрий хлор ерітіндісінде араластырылған. Жоғары сезімталдықта, сонымен қатар басқа цефалоспориндерге, карбапенемдерге қарсы көрсетілген.

Инфекционды - токсикалық шок кезінде:

· 0,9% 400 мл натрий хлор ерітіндісін тамыр ішіне тамшылап;

· 60 мг преднизолон 0,9% натрий хлор ерітіндісінде тамыр ішіне ақырындап, антибактериалды дәрі-дәрмектер енгізгенше 15 мин бұрын, өлім, асқынулардың пайда болуының қаупін және есту қызметін жоғалтуды тоқтату үшін;

· цефтриаксон 2 г 10 мл 0,9% натрий хлор ерітіндісінде;

· Интенсивті терапия бөлімшісіне дереу госпитализациялау.

Дислокационды синдром белгілері кезінде:

· 15% маннитол ерітіндісін 0,5-1,5 г/кг тамыр ішіне тамшылап

· Интенсивті терапия бөлімшесіне дереу госпитализациялау.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1221 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2442 - | 2196 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.