Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Улы саңырауқұлақтар




Бозғылт поганка Термиялық өңдеу және кептіру кезінде улы токсиндері бұзылмайды. Саңырауқұлақты қолданғаннан кейін 6-24 сағаттан соң тоқтамайтын құсу, ішектік колика, тырысқақ тәріздес іш өту,кейде қан араласқан іш өту және бұлшықеттерінде ауырсыну пайда болады. Балаларда улану тырысудан, жақтарының айқасуынан, тыныс алу бұзылыстарынан басталады. Су-электролиттік балансының бұзылуы мен жасушалық мембрана өткізгіштігінің жоғарлауы коллапсқа әкелуі мүмкін. 2-3 ші күндері сарғаю, бауырының ұлғаюы пайда болады.Кейін кома дамиды.

Емі. Міндетті түрде энтересорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Атропин 1 мг т/а, инфузионды терапия тағайындайды.Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде ЖӨЖ көрсетілген. Гемодинамиканы қалпына келтіру шараларын жүргізеді. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады.

Жіңішке қоңыр поганка Бұлардың құрамында псилоцибин бар. Саңырауқұлақты шайнау және жұту кезінде клиника бірнеше минутта дамиды. Эйфория, галлюцинациялар, мидриаз, тахикардия, гипертермия пайда болады.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Қозу кезінде 0,5 процентті ерітіндідегі 2-4 мл мөлшерде диазепам тағайындайды. Инфузионды терапия, симптоматикалық ем көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Қызыл мухомор Термиялық өңдеу кезінде токсиндері шамалы бұзылады.Тамаққа қолданғаннан кейін 30-40 минутта,сирек 2 сағатта жүрек айну, құсу, ішінің ауырсынуы, ентігу, көп мөлшерде сілекей мен тердің бөлінуі пайда болады. Пангерлі мухамормен уланғанда тері мен шырышты қабаттың құрғауы, қарашықтың кеңеюі, тахикардия дамиды. Ауыр уланса галлюцинациялар, қозу, тырысулар және кома дамиды. Қан айналысының бұзылысы жүрек аритмиясы түрінде,қан қысымының төмендеуімен көрінеді.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек. Брадикардия және гиперсаливация кезінде 1 мг мөлшерде атропин т/а немесе к/т көрсетілген. Инфузионды терапия жүргізеді. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде ЖӨЖ қолданады. Гемодинамиканы қалпына келтіру шаралары жүргізіледі.

Дифенгидрамин Дифегидрамин(димедрол) және тағыда басқа антигистаминді дәрілік заттармен уланғанда холинитикалық синдром дамып, мөлшеріне байланысты седативті және ұйықтататын әсер тудырады. Кома кезінде тырысу синдромы дамуы мүмкін. Холинитикалық синдром дамығанда жедел көмек атропинмен уланғандағы көмекке ұқсас. Тырысу синдромы дамығанда барбитураттар көрсетілген.Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде ЖӨЖ қолданады. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Изониазид Изониазидпен (тубазид) уланғанда бас айналу, бас ауыру, жүрек айну, құсу, жүрек аймағының ауырсынуы болады.Ауыр жағдайларда психоз, эпилепсия тәрізді тырысулар және тыныс алу қызметінің бұзылыстары байқалады.Қалтырап тырысу синдромы науқастың есі анық кезде де бола береді,сонымен қатар оның дамуы дәрілік затты терапевтік дозада қабылдағанда да байқалады.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу

керек. Кристаллоидты және коллоидты ерітінділенр к/т тағайында-лады. 3-4 процентті ерітіндідегі натрий гидрокарбонатының 200-300мл енгізіп қышқыл-негіз тепе-теңдігінің корекциясын жүргі-зеді.Тырысу синдромы кезінде 0,5 процентті ерітіндідегі диазепамның 2-4 мл мен 100 мг/кг мөлшерде натрий оксибутираты көрсетіл-ген.Тырысу статусы кезінде миорелаксанттар,трахея интубациясы, ЖӨЖ жасалады. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Йод Йод бу ретінде енсе, тыныс алу жолдары зақымдалады.Йодтың концентрирленген ерітіндісін ішке қабылдағанда АІТ ауыр зақымдалуын тудырады.

Емі.0,5 процентті тиосульфат натрий немесе крахмалды қолдана отырып асқазанды міндетті түрде жуу қажет.Тәулігіне 30 процентті е-гі 300 мл мөлшерде, тамшылы түрде к/т тиосульфат натрий тағайындайды.АІТ емдеу күшті қышқылдармен уланғандағы емге ұқсас. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Органикалық емес күшті қышқылдар (азотты, күкіртті, тұзды) Ауыз қуы-сында, өңештің бойында, асқазанда қатты ауырсынуы, профузды қан кетуге дейін апаратын тоқтаусыз құсуы, өңеш өткізгіштігінің бұзылуы тән болып келе-ді.Ауыр жағдайларда көмейдің ісінуі мен стенозы, экзотоксикалық шок дамиды.

Емі. Міндетті түрде жансыздандыру керек:1 процентті ерітіндідегі 1-2 мл тримеперидин немесе 0,005 процентті ерітіндідегі 1-2 мл фентанил т/а немесе к/т1 мг атропин к/т, ішке 1 процентті бензокаин(анестезин) немесе 1-2 ас қасық 1 процентті ерітіндідегі прокаин.Тез арада асқазанды зонд арқылы жуып, хлоралгидрат + магний гидроксиді + 50-70 мл бензокаин. Инфузионды терапия тағайындайды. Тыныс алуы қиындағанда және асфиксия қауіпі төнгенде ауыз-жұтқыншақ санациясын және глюкокортикоидтармен ингаляция жүргізеді.Нәтиже болмаған жағдайда 10 процентті ерітіндідегі лидокаинмен жансыздандыру арқылы трахея интубациясы мен трахеостомия көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады. Асфиксиясыз ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабаты күйгенде ЛОР- дәрігеріне қаралуы тиіс.

Органикалық қышқылдар (сірке суы мен щавель) Ауыз қуысында, өңештің бойында, асқазанда қатты ауырсынуы, профузды қан кетуге дейін апаратын тоқтаусыз құсуы, өңеш өткізгіштігінің бұзылуы тән болып келеді. Сілекейді көп бөлу салдарынан жөтелу қиындайды. Ауыр жағдайларда көмейдің ісінуі мен стенозы, экзотоксикалық шок дамиды.Сірке суымен уланғанда зәр түсінің өзгергенін (қызылдан шие тәрізді түске дейін) байқайды. Щавель қышқылымен уланғанда зәрден оксалаттар анықтайды.Олигоанурия дамуы мүмкін. Бір тәуліктен кейін терісі сарғыш түске боялады. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады. Асфиксиясыз ауыз қуысы мен жұтқыншақтың шырышты қабаты күйгенде ЛОР- дәрігеріне қаралуы тиіс.

Клонидин Таблетка түрінде 0,075 және 0,15 мг, 0,01 процентті ерітіндідегі 1 мл ампула түрінде, тамшылатқыш құты түрінде 0,125; 0,25; 0,5 процентті ерітіндідегі 1,5 мл шығарылады.Тамшылатқыш құтымен улану жиі қылмысты болып келеді.

Әлсіздік, терісінің бозаруы, ұйқышылдық, басының айналуы, қарашықтарының тарылуы, шырышты қабаттарының құрғуы, қан қысымының төмендеуі, бради-кардия тән. ЭКГда синусты брадикардияны, өткізгіштің бұзылуын байқайды.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек. Кристаллоидты және коллоидты ерітінділенр к/т тағайындалады.Коллапс кезінде 125-250 мг гидрокортизон немесе 30-60 мг преднизолон к/т, атропин 1 мг т/а немесе к/т көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Морфин және морфин тәрізді қосындылар (опия, омнопон, героин, кодеин, және т.б.) Комаға дейін есін жоғалту,қарашығының тез арада тарылуы, бұлшықеттерінің гипертонусы, апноэға дейін тынысының тежелуі, брадикардия, коллапс тән.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Тынысын бақылап ӨЖЖ дейін күресу қажет. Өзіндік тыныс алу сақталып, гипоксия белгілері болмаса к/т 0,8 мг налоксан антоганистін тағайындайды және оған оң реакция болатын болса 0,8 мг б/е енгізеді. Брадикардия кезінде атропин 1 мг к/т көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Мышьяк және оның қосындылары (мышьяк тәрізді ангидрид, мышьяк тәрізді қышқыл және оның тұздары, мышьяк тәрізді сутегі).

У ағзаға түссімен ауыз темір татып тұрады. Тамағыныда күю, ішінде кенет ауырсыну, профузды іш өту болады.Құсық жасылдау болып келеді.Ауыр улануларда естімей қалу, тырысу, есінен тану, тыныс алу параличі, коллапс байқалады.Алғашқы сағаттарда да өліп кетуі мүмкін. Ингаляциялы жолмен улану гемолизге, гемоглобинурияға, бауыр-бүйректік жетіспеушілікке әкеледі.

Емі. Мышьяк тәрізді сутегімен уланғанда тоқтаусыз оттегімен ингаляция көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Көмір қышқыл газы Жалпы әлсіздік, бас айналуы, басының ауырсынуы, құлағындағы шу, жүрек айну, құсу, тері жамылғысының гиперемиясы, есінің бұзылыстары: қозу, галлюцинация тән. Ауыр зақымданғанда сопор,кома, тоникалық және клоникалық тырысулар, коллапс байқалады.Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жөтел пайда болады. Бронх, трахея, көмей шырышты қабаттарының термохимиялық зақымдалулары болуы мүмкін.

Емі. Оттегімен тоқтаусыз ингаляция, 10 процентті 400 мл декстрозада 5 процентті ерітіндідегі 20-30 мл аскорбин қышқылы, 0,25 процентті ерітіндідегі 8 мл итохром көрсетілген. Қозу кезінде 10мг к/т немесе б/е диазепам тағайындайды. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Парацетамол Алғашқы күндері анорексия, құсу, профузды терлеу пайда болады. Кейіннен токсикалық гепатопатия дамиды.

Емі.Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек. Парацетамолмен уланғанда жалғыз антидот ол – ацетилцистеин. Алғашқы 10-16 сағатта ацетилцистеинді ішке 140 мг/кг салмаққа, сосын әрбір 4 сағат сайын 70 мг/кгнан береді. Ацетилцистеинді қабылдағанда құсу пайда болса, оны 150 мг/кг салмаққа к/т енгізу керек. Ацетилцистеинді ерте қолданған болса бауырдың зақымдалу айқындығы төмендейді. 3 процентті ерітіндідегі 400 мл натрий гидрокарбонатымен бірге кристаллоидты ерітінділермен инфузионды терапия, симптоматикалық терапия көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Калий перманганаты Ағзаға кристал түрінде енген ұнтақ ауыз қуысында, өңеш жолында, асқазанда қатты ауырсыну,құсу, диарея тудырады. Ауыз қуысының шырышты қабаты қоңыр түс болып келеді.Көмей зақымдалса асфиксия тән болады. Ауыр уланғанда қозу, коллапс байқалады. Цианоз бен ентігумен бірге метгемоглобинемия болуы мүмкін.

Емі. 1процентті ерітіндідегі тиосульфат натриймен ауыз қуысын шайып, асқазанды жуу керек.30 мин аралығында тиосульфат натрийді ішке 200-400 мл мөлшерде тағайындайды. В1, В6 дәрумендерін 5 мл б/е енгізеді, ал қатты ауырсыну кезінде анальгетиктер көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Синильді қышқыл және басқада цианидтер Аузында күйікті сезіну, бас айналу, бас ауыру, жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағу, психомоторлы қозулар, тырысулар, есінен тану және кома тән болып келеді.Тері және шырышты қабаты гиперемирленген болады.Тыныс алудың тоқтауын, коллапсты байқайды.

Емі.У теріге түскен кезде көп мөлшерде сумен жуу керек. Амилнитритпен (2-3 ампула), оттегімен ингаляция көрсетілген. Уды ішке қабылдағанда міндетті түрде асқазанды 0,1 процентті ерітіндідегі калий перманганатымен немесе 0,5 процентті ерітіндідегі натрий тиосульфатымен жуу керек. 5 процентті ерітіндідегі 10-20 мл аскорбин қышқылымен бірге 40 процентті ерітіндідегі 40-60 мл декстроза к/т баяу енгізу, 30 процентті ерітіндідегі 50 мл натрий тиосульфатын тамшылы түрде к/т тағайындалады. Симптоматикалық терапия көрсетілген. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Скипидар Тамағының, өңеш жолының, ішінің ауырсынуы, қан ара-ласқан құсу, диарея, психомоторлы қозу, тырысулар тән. Ауыр жағ-дайларда кома дамиды. Көмей зақымдалғанда стридорозды тыныс алу пайда болады.Соңыра токсикалық нефропатия белгілері қосылады.

Емі. Зонд арқылы 200 мл сұйық парафинмен асқазанды жуу керек. Қо-зу, тырысу кезінде диазепам (реланиум) 10-20 мг к/т, атропин 1 мг т/а тағайындайды. Ауыр жағдайларда экзотоксикалық шок кезіндегі емге ұқсас көмек көрсетеді Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Метил спирті Қозғалыс координациясының бұзылуы, көз алдында қарауытуы, жүрек айнуы, құсуы, іштің жоғарғы бөлігінің ауырсынуы, ентігуі, қарашықтың кеңеюі, көру бұзылыстары, тері жамылғысының гипертермиясы, шырышты қабат цианозы тән болып келеді. Ауыр жағдайларда команы, тырысуларды, брадикардияға ұласатын тахикардия, коллапсты байқауға болады.

Емі. 2 процентті ерітіндідегі натрий гидрокарбонатымен асқазанды жуып, 30 процентті ерітіндідегі 100 мл этил спиртін енгізу керек.3 процентті ерітіндідегі 400 мл натрий гидрокарбонатын, тәулігіне 1мл/кг салмаққа 5 процентті ерітін-дідегі этил спиртін к/т тағайын-дайды. Ауыр жағдайларда экзотоксикалық шок кезіндегі емге ұқсас көмек көрсетеді. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Этил спирті Әртүрлі дәрежедегі, яғни есінен танудан комаға дейінгі мастық жағдайлар кездеседі. Бет тері жамылғысы гиперемирленген, дене қызуы төмендеген болады. Құсу, еріксіз дәреттін бұзылуы байқалады. Қарашықтары аздап тарылған, ал гипоксия кезінде олар кеңейген болады.Тыныс алу бұзылысының аспирациялы-обтурациялық түрін анықтайды,кейде механикалық асфиксия болуы мүмкін. Пульс жиі, бірақ әлсіз болады.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Ауыз қуысының санациясын жүргізеді.3 проценті ерітіндідегі натрий гидрокарбонаты мен кристаллоидты ерітінділер тағайын-дайды.Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде ЖӨЖ көрсетілген. Ауыр жағдайларда экзотоксикалық шок кезіндегі емге ұқсас көмек көрсетеді. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Сульфаниламидтер Жүрек айну, құсу, әлсіздік тән. Ауыр улануларда айқын цианоз, қозу немесе есін жоғалту дамиды.Некротикалық баспа, олигоурия және басқада бүйрек жетіспеушілігі байқалады.

Емі. Міндетті түрде 30 г натрий сульфатымен зонд арқылы асқазанды жуу керек.3 процентті ерітіндідегі 300 мл натрий гидрокарбонатын, энтеросорбенттерді ішке тағайындайды.Экзотоксикалық шок кезіндегі емге ұқсас инфузионды терапия жүргізеді. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Алкоголді заттар Алкоголді заттарға гидролизді және сульфитті спирттерді, денатураттарды, одеколондар мен лосьондарды, политураларды, желімдерді жатқызады.Олардың құрамында этил спирті жәнеде т.б. токсикалық заттар: метил спирті,альдегидтер, эфир майы, ацетон, фенолформальдегидті шайыр, бутил және амил спиртері кіреді.

Емі. Клиникасы этил спиртімен уланғанға ұқсайды, бірақ есінен тану тереңірек және ұзақ болып, жиі коллапс пен тыныс алу бұзылыстары дамиды. Этил спиртімен уланғандағыдай көмек көрсетіледі. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Тетурам (антабус) Интоксикация тетураммен емделу кезінде алкоголь қол-данғанда дамиды.Қорқыныш сезіміне, қалтырауға, тыныс алуының қиында-уына, жүрек қағуға шағымданады. Вегетоқантамырлы реакциялар беттің ги-перемиясы мен қызуы түрінде байқалады. Ауыр жағдайларда тез арада бозару, цианоз, жүрек ырғағының бұзылыстары, қан қысымының төмендеуі дамиды.

Ауыр жағдайларда науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Фосфорорганикалық қосындылар (хлорофос, карбофос, тиофос, метафос және т.б.) Фосфоорганикалық қосындылар тері мен тыныс алу жолы арқылы енгенде және асқазанға түскенде улану тудырады.

· І кезең-қозу, терлегіштік, миоз, сілекей бөлу;

· ІІ кезең- сана сезім бұзылыстарының тереңдеуі, бұлшықеттер фибрилляциясы, клонико-тоникалық тырысулар, тыныс алу бұзылыстары, тахикардия, жүрек ырғағының бұзылыстары;

· ІІІ кезең- тыныс алу бұлшықеттерінің салдануы, қан қысымының төмендеуі, жүрек аритмиясының фибрилляцияға ұласу қауіпі.

Емі. Энтересорбенттер енгізе отырып асқазанды жуып,уланудың жеңіл дәрежесінде 1 мг, орташа дәрежесінде 3 мг, ауыр дәрежесінде 5 мг к/т атропин тағайындайды. Әсер ету эффектісі 2-3 минуттан соң қарашықтың кеңеюімен, тері жамылғысының құрғай бастауымен және сілекей бөлу мен бронхореяның тежелуімен бағаланады. Нәтиже болмаған жағдайда атропинді қайта енгізу қажет. Тырысу кезінде диазепам 10-20 мг мөлшерінде тағайындайды. Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі кезінде ЖӨЖ көрсетілген. Экзотоксикалық шок кезіндегідей инфузионды терапия жүргізеді, міндетті түрде инфузионды терапия құрамына калий хлоридін қосады. Натрий гидрокарбонаты мен кальций препараттарын тағайындауға болмайды. Ауыр жағдайларда науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады

Сілтілер (нашатырь, поташ, ізбес) Концентрацияланған аммиакпен ингаляциялық жолмен уланғанда тілдің, көмейдің ісінуімен бірге жоғарғы тыныс алу жолдарының ауыр күйігі, ларингоспазм мен бронхоспазм, өкпенің токсикалық ісінуі дамиды.Сілті теріге немесе конъюктиваға түскенде некрозға дейін ауыр күю пайда болады.

Өкпенің токсикалық ісіну клиникасында 4 кезеңді ажыратады.

· Рефлекторлы кезең,уланған аймаққа енгеннен бастап ол жерден шыққаннан кейін 15-20 минутқа созылады.

· Жасырын кезең 1-2 сағаттан 24 сағатқа дейін созылады.Удың жоғары концентрациясы кезінде жасырын кезеңнің болмауы да мүмкін.

· Өкпе токсикалық ісінунің клиникалық көрінісі кезеңі қозудан, енті-гуден, төстіктің артындағы ауырсынудан, көпіршікті қақырықпен жө-телуден, артериалді гипотензиядан,гипертермиядан, цианоздан басталады.

· Өкпе токсикалық ісінуінің кері даму кезеңі 2-3 тәулікте бастала-ды.Аммиакпен уланғанда экзотоксикалық шок дамуы мүмкін. Күшті сілтілерді ішке қабылдағанда ауыз қуысының шырышты қабатында гиперемия мен ісіну пайда болады.Ауыз қуысында қоңырқай немесе ақ жабынмен жабылған көпіршіктер түзіледі.Ауыз қуысында, өңештің жолында, асқазанда ауырсыну, қан араласқан құсу байқалады.Көмей күйгенде стидорозды тыныс алу болады.Ауыр жағдайларда экзотоксикалық шок дамиды.Бастапқы күндері қан кетуі мүмкін.

Емі. Көп көлемді сумен ауыз қуысын жуу керек.Сілтіні бейтараптау үшін әлсін қышқылдарды қабылдауға болмайды. Міндетті түрде жансыздандыру керек: 1 процентті ерітіндідегі 1-2 мл тримеперидин немесе 0,005 процентті ерітіндідегі 1-2 мл фентанил т/а немесе к/т1 мг атропин к/т, ішке 1 процентті бензокаин (анестезин) немесе 1-2 ас қасық 1 процентті ерітіндідегі прокаин.Тез арада асқазанды май мен зонд арқылы жуып, алгедрат + магний гидроксиді + 50-70 мл бензокаин немесе 150-200 мл қайнаған сүт енгізеді.Инфузионды терапия тағайындайды.Тыныс алуы қиындағанда және асфиксия қауіпі төнгенде ауыз-жұтқыншақ санациясын және глюкокортикоидтармен ингаляция жүргізеді. Нәтиже болмаған жағдайда 10 процентті ерітіндідегі лидокаинмен жансыздандыру арқылы трахея интубациясы мен трахеостомия көрсетілген.Ингаляциялы жолмен уланғанда өкпенің токсикалық ісінуіндегідей көмек көрсетіледі.Тері мен көз зақымдалғанда ағын сумен жуу керек, егер ауырсынатын болса 0,5 процентті ерітіндідегі тетракаин тамызады. Ауыр жағдайларда науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады, көзі ғана зақымдалған болса – офтальмологиялық стационарға.

Этиленгликоль Көбінесе жүрек айну, ұйқышылдықпен басталады, сосын ешқандай уланудың көрінісі болмайды.Бұл кезең орташа алғанда 4-8 сағатқа созылады. Келесі кезең жедел гастрит көріністерімен,абдоминалді ауырсыну синдромымен, токсикалық энцефалопатиямен және метаболикалық ацидозбен көрінеді.Бірінші күннен-ақ токсикалық нефропатия дамиды. 4 тәулікте жедел бүйрек жетіспеушілігі дамып, ол өкпе ісінуіне алып келеді. Ауыр жағдайларда психомоторлы қозудан кейін есінен тану, клонико-тоникалы тырысулар,экзотоксикалық шок дамиды.

Емі. Міндетті түрде энтеросорбент енгізіп,зонд арқылы асқазанды жуу керек.Қозу кезінде 10-20 мг б/е диазепам, 3 процентті ерітіндідегі ерітіндідегі 400 мл натрий гидрокарбонаты,терапевтік мөлшерде магний сульфаты және 10 процентті 10-20 мл кальций глюконаты мен кальций хлориді тағайындалады.Асқазанды жуған соң 30 процентті ерітіндідегі 50-100 мл этил спиртін ішке береді. Ауыр уланғанда экзотоксикалық шокқа ұқсас ем жүргізеді. Науқасты улануды емдеу орталығына жатқызады.


Жылан және басқа да жәндіктер шағуы, жануарлар тістеген кездегі шұғыл көмек. Жауаптық реакцияны диагностикалау (есекжем, Квинк ісігі, анафилактикалық шок). Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау

Жылан шағу

Жыланның уында мынадай биологиялық активті заттар бар: фосфолипаза, гиалуронидаза, лецитиназа және т.б. У қанға енгенде фосфолипаза лецитинді белсендіреді, ал ол өз кезегінде лецитин гемолитикалық, цитолитикалық әрекетімен қанды және тіндерді зақымдап кардиотоксикалық, антикоагуляциялық, цитолиткалық әсерін көрсетеді. Жыланның уы қантамыр қабырғасының өткізгіштігін жоғарлатады, соның салдарынан тіндердің ісінуі, зақымдалған аймақтың некрозы болады.

Клиникасы: шаққан жердің қатты ауырсынуы, ісінуі және оның зақымдалған қол-аяққа таралуы. Психикалық бұзылыстар: қорқыныш, қозу, үрей. Кейіннен жедел іштің ауырсынуы, құсу, іш өту және ангионевротикалық беттің ісінуі болады. Алғашқы минуттарда негізгі симптомы болып гипотензия және естен тану табылады.

Оқиға болған жерде жедел жәрдем беру:

· жарақатты жуады,

· арнайы моно- немесе поливалентті жылан уына қарсы сарысуды Безредка бойынша 500-1000 бірлікте б/і енгізеді, ауыр жағдайда қайта көк тамырға салады;

· алдын-алу мақсатымен сіреспеге қарсы сарысу енгізеді;

· циркулярлы новокаинді блокада жасайды;

· жасуша мембранасының тұрақтандырушы (преднизолон);

· гепарин 5000 бірлікте кіндік маңына немесе коагулограмма бақылауымен; аяқ-қолдың иммобилизациясы, жергілікті суық басу(мүмкіндік болса);

· ЖБЖ алдын-алу;

· симптоматиклық терапия (жгут салу тыйым салынған).

Улы жәндіктердің шағуы. Бір жәндік бір рет шаққанда 0,05- 0,3мг у енеді.

Бал араның, сонаның уында мынадай заттар болады:

· Биогенді аминдер: гистамин, допамин, норадреналин, ацетилхолин.

· Протеиндер және полипептидтер: меллитин, пептид, сонаның кининдері

· Ферменттер: фосфолипаза А, фосфолипаза Б, гиалуронидаза.

У жергілікті қабыну беріп, сонымен бірге нейротоксикалық, гепатотоксикалық әсер етеді. Жергілікті реакция ретінде жанып ауырсынады. Шаққан жерде бозғылт папула түзіледі, оның жан-жағының барлығы гиперемияланып, ісініп тұрады. Көбінесе бетті талаған кезде ісіну айқын болады және лимфаденит дамиды. Жалпы симптомдар: қалтырау, дене температурасының жоғарлауы, ентігу, бас айналу, тахикардия, жүрек айниды, құсады, АҚ төмендеуі, тыныс жеткіліксіздігі. Ауыр асқынысы болып эритроциттердің гемолизі және гемоглобинурия саналады. Шұғыл көмек: араның инесін алып тастау; шаққан жерге суық басу;новокаинді блокада жасау; десенсибилизациялық терапия; жасуша мембранасының стабилизаторы; бүйректің қызметін жақсарту; симптоматикалық терапия; форсирленген диурез.

Есек жем. Клиникасында терідегі бөртпелер, ашылып жатқан көпіршіктермен көрініс береді (терінің емізікшелі қабатының ісінуі). Есек жемнің көбінесе себебі болып дәрі-дәрмектер, тағамдық және тұрмыстық аллергендер жатады. Механикалық факторлармен, ыстық, суықтың теріге әсер етуінен псевдоаллергиялық есек жем пайда болады. Ауру қатты терілік қышынудан басталады, кейіннен ол жерде бөртпе пайда болып, олар көппіршіктеніп жарылады. Ауыр жағдайда осы көрініс бірігеді. Кейде дене температурасы 38-39ºС жоғарлайды, айқын интоксикациямен жүреді.

Шұғыл көмек көрсету: антигистаминді және мембрана тұрақтандырушы препараттарды қолданады (мысалы: супрастин 0,025г тәулігіне 2-3 рет, кетотифен 1мг тәулігіне 2-3 рет); аллергендердің эллиминациясы (энтеросорбция, гемосорбция, плазмоферез); ауыр жағдайда көк тамырға глюкокортикоид енгізеді.

Квинке ісінуі - жылдам дамитын дерма мен тері асты жасушасының аймақтық ісінуі. Аймақтық ісіну ерінде, қабағында, ауыздың кілегей қабатында (тілде, жұмсақ таңдайда, бадамша безінде), тыныс алу жолында, асқазан-ішек трактісінде, несеп-жыныс аймағында болады. Қауіп төндіретін жағдай болып көмейдің ісінуі болып табылады, ол жедел тыныс алу жеткіліксіздігімен дамиды. Тамағының қарлығуы, үрген сияқты жөтел, тыныс алуының қиындауының дамуы осы жағдайды көрсетеді. АІТ кілегейлі қабатының ісінуі жедел абдоминалді патологияны өршітеді. Диспепсиялық бұзылыстармен, жедел іштің ауырсынуымен, перистальтиканың күшеюімен, кейде перитониалді симптомдармен көрінеді. Несеп-жыныс жолының зақымдалуының клиникасы жедел циститпен және зәрдің тоқтауымен жүруі мүмкін. Ісінудің бетте орналасуы қауіпті, өйткені ми қабықшасын зақымдауы мүмкін. Бұл кезде менингиалді симптомдармен немесе лабиринтті жүйенің зақымдалуымен, оны дәлелдейтін Меньера симптомымен көрінеді(бас айналу, құсқысы келу, құсу).

Шұғыл көмек: гормонотерапия (преднизолон, дексазон); десенсибилизациялық терапия (супрастин); зәр айдағыш (лазикс); протеаза ингибиторлары (контрикал); дезинтоксикациялық терапия (гемосорбция, энтеросорбция); аурухананың аллергологиялық бөлімшесіне жатқызу.

Анафилактикалық шок (АШ) АШ- жедел дамитын, өмірге қауіп төндіретін, қан айналымның, тыныс алудың, ОЖЖ бұзылысымен сипатталатын, аллергиялық реакцияның жедел типіне жататын түрі.

Классификациясы. Клиникалық ағымына байланысты.

1. Өте жедел түрі- тез басталып, АҚ төмендеуімен, тыныс алу жеткілік-сіздігімен дамитын, науқас есінен танады. Бұл түрінің ерекшелігі интенсивті шокқа қарсы емге бағынбауы, дамып комалық жағдайға әкеледі. Өмірге аса қажетті мүшелердің зақымдалуынан науқас алғашқы минуттарда немесе алғашқы сағаттарда өледі. АШ өте жедел түрінің клиникалық синдромына байланысты 2 ағымы бар: жедел тыныс алу жеткіліксіздігі (ЖТЖ), жедел жүрек-тамыр жеткіліксіздігі (ЖЖТЖ). АШ ЖТЖ синдромымен жүретінінде бірден әлсіздік пайда болып, кеудесі қысылады, ауа жетпегендей болады, қиналып жөтеледі, экспираторлы ентігу, бас ауыру, жүрек тұсының ауырсынуы, қорқы-ныш болады. Терісінің бозаруы, цианозы байқалады, аузынан көпіршік ағады, тыныс шығарғанда ысқырықты сырылдар естіледі. Беттің және дененің басқада жерлерінде ангионевротикалық ісінуі дамуы мүмкін. ЖТЖ әрі қарай дамыса және оған жедел бүйрек үстілік жеткіліксіздігі қосылса өлімге әкеледі.

АШ ЖЖТЖ синдромымен дамыса бірден әлсіздік пайда болып, құлағында шу, көп тер төгеді, терісінің бозаруы, акроцианоз, АҚ төмендеуімен дамиды, жіп тәрізді тамыр соғысы, жүрек тондары әлсіреген болып келеді. Бірнеше минуттан кейін есінен танып, қалтырайды. ЖЖТЖ әрі қарай дами берсе өлімге әкеледі.

2. Рецидивті ағымды түрі- клиникалық жағдайы жақсарған соң бірнеше сағаттан кейін шоктық жағдайдың қайталануы. Кейде шоктың қайталануы ауыр болады, бастапқыға қарағанда. Өйткені оның емге көнуі қиын.

3. Абортивті ағымды түрі-шоктың асфиксиялық түрі, бұл кезде клиникалық симптомдар оңай емге көнеді.

Анафилактикалық шоктың ағымына байланысты 5 түрі бар: кәдімгі, гемодинамикалық, асфиксиялық, церебралді, абдоминалді.

Қауіп факторлары: анамнезінде дәріге аллергиясы бар; дәрілерді ұзақ мерзім қолдану, әсіресе қайталау курстарымен; депо препараттарын қолдану; дәрілік препараттың сенсибилизациялық белсенділігі жоғары; дәрілік затпен ұзақ мерзім кәсіби қатынаста болу; анамнезінде аллергиялық ауруы бар; пенициллинге сенсибилизация болатын дерматомикоздың анықталуы; полипрагмазия.

Диагностикалық критерилері:

Шоктың жедел, қауіпті ағымында науқас шағымданбайды, бірден есінен танады, жүрегі тоқтап клиникалық өлімге әкеледі.

Шокқа тән симптомдар (кәдімгі түрі): тері түсінің өзгеруі; әр түрлі эк-зантемалар, беттің, қабақтың, мұрынның кілегей қабатының ісінуі; суық, жабысқақ тер; түшкіру; жөтел; қышыну; жас ағу; құсу; клони-калық қалтырау; «өлімнен қорқу»; зәрі мен нәжісін еріксіз жіберуі.

Клиникалық объективті зерттегенде көрінеді: жіп тәрізді тамыр соғысы (шеткері тамырда); тахикардия (сирек брадикардия, аритмия); жүрек тондары естілмейді; АҚ тез төмендейді (ауыр жағдайда төменгі қысым анықталмайды); тыныс алуының бұзылысы; көз қарашығы кеңейген жарыққа әсері жоқ.

АШ гемодинамикалық түрінде жүрек-тамыр жүйесінің бұзылысының симптомдарымен көрінеді: жүрек тұсының қатты ауырсынуы; ырғағының бұзылыстары; әлсіз тамыр соғысы; АҚ төмендеуі; жүрек тондарының естілмеуі; перифериялық тамырлардың тарылуы (тері бозаруы) немесе кеңеюі (гиперемия, ісіну).

АШ асфиксиялық түріндеЖТЖ жүреді, ол көмейдің ісінуіне, бронхтардың спазмына, оның кілегей қабатының ісінуіне немесе өкпенің ісінуіне байланысты. Шоктың ауырлық дәрежесі тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты.

АШ церебралді түрісирек кездеседі, зақымдалу ОЖЖ жағынан: қозу, естен тану, мидың ісінуі, эпилепсиялық статус тынысының жүрегінің тоқтауымен жүреді.

АШ абдоминалді түріндеалғашқы симптом болып «жедел іштік» жатады: бүйен аймағының ауырсынуы немесе бүкіл ішінің ауырсынуы, құсу, үлкен дәретке шыққысы келеді, көбінесе осы диагностикалық қателікпен операцияға алынады.

Шоктың эректилді фазасы 20-30 минутқа созылады, церебралді және кардиоваскулярлы синдромдармен көрініс береді.

Церебралді синдром - қозу, эйфориямен, рефлекстердің жоғарлауымен, жоғары сезімталдықпен, қарашықтардың кеңеюімен байқалады. Зардап шеккен науқас есінде, қозғыш, тынышсыз, «өлім қорқынышы» болады.

Кардиоваскулярлы синдром - қалыпты немесе жоғары АҚ, тахикардия немесе әлсіз тамыр соғысымен, бозарумен, сирегірек терінің, беттің гиперемиясымен сипатталады.

Торпидті фаза(шынайы шок).Шоктың барлық патогенетикалық механизімдерінің қосылуы. Бірнеше сағатқа созылады, көмек бермесе өліммен аяқталады. Шоктың торпидті фазасының 3 дәрежесі бар:

· Шоктың I дәрежесікомпенсацияланған, жалпы жағдайы ауыр, бозарған, ерін мен саусақтардың цианозы, тынысы беткей, гипотермия көрінісімен болады. ОЖЖ симптомдары: әлсіздік, жауап реакциясы кеш, қарашықтары тарылған. Кардиоваскулярлы көрінісі: АҚ қалыпты немесе төмендеген, тамыр соғысы баяу.

· Шоктың II дәрежесісубкомпенсацияланған, жалпы жағдайы өте ауыр, цианоз дамиды, тынысы жиілейді, гипотермия, қатты шөлдейді, олигоанурия дамиды. Церебралді синдром: баяу жауап қайтарады, есі аздап бұлыңғыр, қарашықтары кеңейген жарыққа реакциясы аз. Кардиоваскулярлы синдром көрінісі: жүрек тондары естілмейді, гипотония, тахикардия, экстрасистолия, тамыр соғысы анықталмайды. Қанда метаболикалық ацидоз, гипокалиемия, гипоксия.

· Шоктың III дәрежесі декомпенсацияланған, жалпы жағдайы өте ауыр, тоталді цианоз дамиды, гипотермия, тынысы беткей Чейна-Стокс тынысы, анурия. Церебралді синдром: есінен танған, адинамия, қарашықтар кеңейген жарыққа реакциясы жоқ, сезімталдылығы жоғалған. Кардиоваскулярлы синдром көрінісі: тамыр соғысы жіп тәрізді немесе анықталмайды, САҚ 50 мм.с.б.. төмен, жүрек тондары естілмейді, аритмия. Қанда айқын метаболикалық ацидоз, ауыр гипоксия, мүшелер мен тіндердің қайтымсыз өзгерісі. Шоктың стадияларын ажырату үшін Альговердің критерийлерін қолданады. Ол пульс жиілігі мен САҚ қатынасына негізделген. Қалыпты жағдайда Алговердің критериі - 0,5; шоктың I дәрежесінде- 1,0 дейін, II дәрежесінде -1,0 -1,5 дейін, III дәрежесінде - 1,5 жоғары.

Ажыратпалы диагностикасы:

· АШ-ты жүйелік аллергиялық реакциялармен жүргізбейді. Өйткені бұл екі жағдайда да бір емдік іс-шаралар жасалады.

· АШ ерекшелігі алғашында терінің бөртуімен, эритемасымен, ісіну немесе бронхоспазммен басталады немесе гемодинамикалық өзгерістермен бірге. Басқа симптомдар АШ тән емес, олар басқада шоктың түрлерінде болады.

Диагностикадағы негізгі және қосымша іс- шаралардың тізімі:

1. есін бағалау;

2. терісін (бозарған, цианозды), көрінетін кілегей қабаттарын эритема, бөртпе, ісіну, ринит симптомдары, конъюктивит бар жоқтығын қарау;

3. жұтынғанда, тыныс алғанда қиналатындығын бақылау;

4. пульсті, ЖСЖ, АҚ бақылау;

5. құсық, еріксіз дефекация немесе сиіп қою, қынаптан қанды бөліністері болдыма, соны бақылау.

Медициналық көмек көрсету әдістемелері:

Науқасты Тренделенбург қалпында жатқызады: аяғын жоғары көтеріп, басын жанына бұрып, төменгі жағын түсіреді: тілін жұтпас үшін, асфиксия және құсықтар тұрып қалмас үшін. Оксигенотерапия жүргізіледі.

1. аллергендердің түсуін тоқтату керек:

· парентералді аллергендердің енуінде:

· жгут салу (аймаққа салынатын болса) аллерген енген жерден проксималды 30 мин., артерияны қыспау керек(10 мин. сайын 1-2 мин. босату керек);

· инъекцияланған жерді крест тәрізді тесу керек 0,18% 0,5мл эпинефрин ерітіндісімен 5,0мл NaCl ерітіндісінде және оған мұз қою керек(бірінші тағайындалатын ем);

· мұрын жолына аллергенді медикаменттерді тамшылатқанда, конъюктивалді қапшықпен бірге ағынды суда жуу керек;

· аллерген пероралді түскенде асқазанды жуу керек, егер науқастың жағдайы көтере алса;

2. шокқа қарсы іс- әрекеттер:

· тезірек б/і 0,18% 0,3-0,5мл эпинефрин (1,0мл аспауы қажет) 5-20мин. сайын эпинефринді қайта салу керек. АҚ қадағалаумен;

· антигистаминді препараттар: 1% дифенгидрамин ерітіндісінің 1,0 мл (ары қарай дамуын тежейді).Пипольфенді қолдануға болмайды, өйткені оның гипотензивті әсері айқын;

· 0,9 % NaCl ерітіндісімен инфузионды терапия жүргізу. 1л кем емес;

· егер гемодинамика тұрақсыз болса алғашқы 10минутта қайта коллоидты ерітінділер құю керек. пентакрахмал 1-4мл/кг/мин инфузионды терапияның көлемі мен жылдамдығы АҚ мен ОВҚ(ЦВД) және науқас жағдайына байланысты;

3. аллергияға қарсы терапия: преднизолон 90-150 мг в/і;

4. симптоматикалық ем:

· тұрақты артериалді гипотензияда, циркуляциядағы қан көлемін толтырған соң, систолалық қысым >90 мм.с.б. жеткенше вазопрессорлы аминдерді вена ішіне титрлі енгізіледі. Допамин венаға тамшылатып 4-10мкг/кг/мин, 15-20мкг/кг/мин артық емес (200мг допаминді 400 мл 0,9% NaCl ерітіндісімен немесе 5% декстроза ерітіндісі). Инфузияны 2-11 тамшы минутына жылдамдықпен енгізеді;

· брадикардия дамыса 0,1% 0,5мл атропин тері астына енгізеді, қажет болса 5-10мин. кейін қайта салады;

· бронхоспазм жағдайында венаға 2,4% 1мл аминофиллин ерітіндісін салады(10,0мл көп емес) 20мл NaCl ерітіндісінде немесе ингаляциялық түрде β2 адреномиметик сальбутамол 2,5-5,0 мг небулайзер арқылы енгізеді;

· цианоз дамыса, диспноэ жағдайында немесе аускультацияда құрғақ сырылдар естілсе оксигенотерапияға көрсеткіш болып табылады. Егер тыныс алу тоқтаса өкпенің жасанды вентиляциясын жасайды. Көмейдің ісінуінде- трахеостомия;

· тыныс алу функциясымен жүрек – тамыр жүйесінің қызметін бақылау керек.

Ауруханаға жатқызуға көрсеткіш: АШ – абсолютті көрсеткіш болып табылады, жағдайы тұрақтанғанша реанимация бөлімшесінде интенсивті терапия жүргізіледі.

Көпжарақаттар, жарақаттық шок кезіндегі шұғыл көмек. Бөгде затты диагностикалау (көз, мұрын, құлақ). Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш. Тасымалдау.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 877 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2312 - | 2039 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.