Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жедел тыныс алу жетіспеушілігі. Себептері. Диагностикасы. Шұғыл көмек көрсету. Ауруханаға жіберуге көрсеткіштер. Жеткізу шарттары




Жедел тыныс алу жеткіліксіздігі – бірнеше минуттан бірнеше күнге дейінгі кезеңде дамитын айналымдағы қанның гипоксемиясы және/немесе гиперкапниясымен қатар жүретін сыртқы ауа арасындағы газ алмасудың бұзылысы.

Тыныс алу жүйесінің қалыпты қызметі оның көптеген компоненттерінің жұмысына байланысты (тыныс алу орталығына, жүйке жүйелеріне, бұлшық еттерге, кеуде клеткасына, тыныс алу жолдары мен альвеолаларға). Осы аталғандардың біреуінің жұмысы бұзылса, жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің дамуына әкелуі мүмкін.

Патогенезі бойынша жедел тыныс алу жеткіліксіздігі жіктеледі:

· Гипоксиялық (оттегінің жеткіліксіздігі)-өкпедегі қанның шунтирленуінен және вентиляциялық-перфузиялық қатынастың бұзылысынан дамиды.

· Гиперкапниялық (көмірқышқылдың көп болуы) ағза өкпені қажетті вентиляциямен қамтамасыз ете алмауынан дамиды.

· Аралас-вентиляционды-перфузиялық қатынастың бұзылуы және өкпенің вентиляциялық қасиетінің бұзылуы.

Тыныс алудың қиындауымен немесе тыныс жеткіліксіздігінің субъективті белгілерімен жүретін тыныс алу бұлшық еттерінің жұмысының жоғарылауы, компенсаторлы ентігуді дамытады, яғни тыныс алу жиілігінің, ырғақтың, тереңдігінің өзгерісі.

Жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің себептері

· Травмалық және экзогенді

1. Тыныс алу жиілігінің баяулауы: бас жарақаты, седативті заттарды шамадан тыс қолдану.

2. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: жұлын ми жарақаты, дәрілік заттардың әсері, интоксикация.

3. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары: қабырғалардың сынуы, күйіктен кейінгі струп, торакопластика.

4. Тыныс алу жолдарының зақымданулары: бөгде затпен аспирация, асылу.

5. Өкпенің зақымданулары: жарақат, ингаляциялық зақымданулар, цитотоксикалық зақымданулар.

· Тамырлық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы: ми қан айналысының жедел бұзылысы. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: көлденең миелит. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары: плевралық сұйықтық. Тыныс алу жолдарының зақымданулары: қолқа аневризмасы. Өкпенің зақымданулары: ӨАТЭ; жедел жүрек жеткіліксіздігі; шок; васкулиттер.

· Онкологиялық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы:біріншілік немесе метастазды ісік. Нерв бұлшық еттік зақымданулар:паранеопластикалық синдром. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары:мезотелиома. Тыныс алу жолдарының зақымданулары: көмей ісігі, бронхтардың аденомасы. Өкпенің зақымданулары: ісік кезіндегі лимфангит, диффузды липома.

· Инфекциялық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы: менингит, ми абсцессі, энцефалит. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: полиомиелит; Гииен-Барре синдромы, сіреспе, ботулизм. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары: эмпиема. Тыныс алу жолдарының зақымданулары. Өкпенің зақымданулары.

· Идиопатиялық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы: ОЖЖ дегенеративті аурулары. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: диафрагманың параличі; бүйірлік амиотрофиялық склероз; шашыранды склероз. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары: спонтанды пневмоторакс. Тыныс алу жолдарының пневмониялар зақымданулары: ларингоспазм. Өкпенің зақымданулары: үлкендердің респираторлы дистресс-синдромы; өкпе фиброзы.

· Метаболикалық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы: кома, микседема, алколоз. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: гипофосфатемия. Өкпенің зақымданулары: карбоангидразаның ингибирленуі; бауыр циррозы кезіндегі гипоксемия.

· Иммунологиялық

Тыныс алу жиілігінің баяулауы: аллергиялық ринитте ұйқы кезіндегі апноэ. Нерв бұлшық еттік зақымданулар: миастения. Плевра мен кеуде клеткасының зақымданулары: склеродермия; анкилозирлеуші спондилоартрит. Тыныс алу жолдарының зақымданулары: көмейдің ангионевротикалық ісінуі; бронх демікпесінің аллергиялық түрі. Өкпенің зақымданулары: аллергиялық пневмонит; трансфузионды реакциялар.

Жедел тыныс алу жеткіліксіздігінің асқынулары:

Жедел гипоксемия өмірге қажетті мүшелердің функцияларының бұзылысына әкеледі (ең алдымен ОЖЖ және жүректің). Жедел гиперкапния комаға, естің бұзылысына, жүректің электрлік тұрақсыздығына, артериалді гипотензияны тудырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 6800 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2298 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.