Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәрілік заттарды қолданбай емдеу




Гемодинамикасы тұрақты және есі бар науқастарда пароксизмді басуда кезбе жүйкесін тітіркендіруге және АВ түйіні арқылы өткізгіштікті баяулатуға бағытталған шаралардан бастайды. Вагустық сынамаларды жедел коронарлық синдром кезінде, ӨАТЭ күдік туғанда жүктілерге жүргізбейді.

Вагусты сынамалар: тыныс алудың кідіруі, форсирленген жөтел, тер-ең тыныс алудан кейін бірден күшену (Вальсальва сынамасы), тіл тү-бін басу арқылы құсуды стимуляциялау, нан қыртысын жұту, суық суға бетін батыру («сүңгіген ит рефлексі»), Ашофф сынамасын қол-данбайды, себебі тор қабат зақымдалуы мүмкін, каротидті синус мас-сажын ми қанайналымы жеткіліксіздігі болмаған кезде ғана жасайды.

Медикаментозды емдеу

Суправентрикулярлы тахикардияны басуды үш препараттың біреуінен бастайды: аденозин, верапамил (тар QRS комплексі болса), прокаинамид. Басқа терапия мүмкін болмағанда, WРW синдромында, коронарлы немесе жүрек жеткіліксіздігі аясында амиодаронды қолдануға болады.

· Аденозин – 6мг к/т болюсты 1 – 3 сек ішінде енгзеді, одан кейін натрий хлорид 0,9 % - 20мл ертіндісін енгізеді және аяқты көтереді. Егер 2 минуттан соң нәтиже болмаса 12мг аденозин және 2 мин соң ырғақ қалпына келмесе қайтадан 12мг аденозинді енгізеді.

· Верапамил (тар QRS комплексі болса) к/т 2,5 – 5мг 2 – 4 мин ішінде енгізіледі (коллапс және айқын брадикардия болмау керек), егер гипотензия болмаса 15 – 30 минуттан соң 5 – 10 мг – ды қайталап енгізуге болады. ЖЖЖ, АҚ, ЭКГ бақылап отыру қажет.

· Прокаинамид (новокаинамид) 10 % - 10мл (1000мг) 0,9 % - натрий хлоридінің 20мл – на қосып ерітеді және 50мг/ минутына баяу к/т – ға – 20 минут ішінде енгізеді, ЖЖЖ, АҚ және ЭКГ – ны бақылап отыру қажет. Синусты ырғақ қалпына келсе препаратты енгізу тоқтатылады.

Госпитализацияға көрсеткіш:

· Электроимпульсты терапия қажет ететін асқынулар болғанда;

· Бірінші рет ырғақ бұзылысы болса;

· Медикаментозды терапиядан нәтиже болмаса;

· Ырғақ бұзылысы жиі қайталанса.

Жыбыр аритмиясы немесе жүрекше фибрилляциясы—жүрекшенің координерленген систоласының болмауына әкелетін, минутына жиілігі 350-600 болатын жүрекшелер кардиомиоциттері тобының ретсіз қозуы және жиырылуымен сипатталатын ырғақ бұзылысы. Ұзақтығына және басылу қабілетіне (өздігінен немесе дәрі көмегімен) байланысты жыбыр аритмияның келесі түрлерін бөледі:

· Пароксизмалды түрі. Аритмияның осы түрі өздігінен тоқтауға бейім. Науқастардың көпшілігінде ұзақтығы 7тәулікке дейін (жиі 24 сағат көлемінде). Тәжірибелік көзқарас бойынша ЖМК – да 48 сағатқа дейін және 48 сағаттан жоғары түрін ажыратады.

· Жыбыр аритмияның персистирлеуші түрі өздігінен басталмайтын, тек электрлі кардиоверсиядан немесе медикаментозды заттармен басылады. Пароксизмалды түрімен салыстырғанда ұзақ болады. Уақытша критериіне оның 7 тәуліктен көп болуы (1 жылға дейін).

· Жыбыр аритмияның тұрақты түрі. Жыбыр аритмияның бұл түріне дәрі -дәрмектер немесе электрлі кардиоверсия көмектеспейтін түрі жатады. Аритмия ұзақтығына тәуелсіз болады. Жыбыр аритмияның қарыншалық жиырылу жиілігі бойынша келесі түрлерін ажыратады:

· Тахисистолиялық (минутына 90 жоғары);

· Нормосистолиялық (минутына 60 – 90);

· Брадисистолиялық (минутына 60 аз).

Емі Ауруханаға дейінгі кезеңде синусты ырғақты қалпына келтіру бірінші кезекте төмендегі 2 фактордың қосарлануына байланысты.

· Жыбыр аритмиясының түрін.

· Гемодинамика бұзылысының болуына және оның ауырлығын: сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік (артериалды гипотония, өкпе ісінуі),коронарлық жеткілксіздік (тамырлық ұстама, ЭКГ – дағы миокард ишимиясының белгілері), есінің тұмандануы.

· Дигоксин (жүрек жеткіліксіздігі белгілері болғанда). Қарсы көрсеткіштері: WРW синдромы, жедел миокард инфарктісі, тұрақсыз стенокардия.

· Верапамил (жүрек жеткіліксіздік белгілері жоқ науқастарға) – 5 мг 2– 4 мин сайын тамыр ішіне (коллапс немесе брадикардия дамымау үшін), ал та-хикардия сақталып, гипотензия болмаған жағдайда 5 – 10 мг 15 – 30 мин. са-йын енгізу. Қарсы көрсеткіштері: WРW синдромында, артериялды гипо-тензия (САҚ 90мм с.б. төмен болмағанда) кардиогенді шок кезінде, жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде сонымен бірге АВ блокада немесе асистолия даму қаупі бар β адреноблокаторлар қолданып жүрген науқастар.

· Пропранолол (селективті емес β адреноблокатор) – бастапқыда 1мг (0,1 % - 1мл) мөлшерінде тамыр ішіне бірден, жайлап жібереді, әсер болмаған жағ-дайда осы мөлшерде әрбір 2 – 3 мин сайын жібереді, максималды доза 10мг дейін. Қарсы көрсеткіштері: артериялды гипотензия, жедел жүрек жеткілік-сіздігі, артерияның облитерациялық аурулары, бронх демікпесі, жүктілік кезінде қолданылмайды.

Госпитализацияға көрсеткіштер:

· Жүрекше фибрилляциясы алғаш байқалғандарға.

· Жүрекше фибрилляциясының медикаменттерге басылмайтын пароксизмалды түрі.

· Медикаменттермен немесе кардиоверсиямен басылған гемодинамика бұзылыстары немесе миокард ишемиясы бар болғандағы жүрекше фибрилляциясы (пароксизмалды немесе тұрақты) түрлерінде.

· Антиаритмиялық терапиядан асқынулар дамығанда.

Жүрекше дірілі – жүрекшенің дұрыс ырғағы сақталуымен жүретін, жүрекше жиырылуының минутына 250 – 450 дейін жететін ырғақ бұзылысы (жиі 280 – 320). Қарыншалардың жиырылу жиілігі АВ түйінінің өткізгіштгіне байланысты және көп жағдайда әрбір 2 (2:1) немесе 3–ші эктопиялық импульс (3:1) қарыншаларға өтеді.

Емі Жүрекше дірілінің ауруханаға дейінгі кезеңіндегі іс - әрекет жүрекше фибрилляциясымен сәйкес келеді және оның түрлеріне, жүрек ауруының сипатына, гемодинамика бұзылыстарының: короналық қан айналымдарының бұзылыстарының ауырлығына байланысты жүргізіледі. Гемодинамика тұрақсыздығы кезінде жоғары қарыншалық жиырылуымен жүретін жүрекше дірілі аясындағы асқыныстар дамығанда шұғыл R тісшесімен синхронизирленген электроимпульсты терапия жүргізіледі (бастапқы заряд 100 Дж). Нәтижесі болмаса 200 Дж жоғарлатады. Госпитализациялауға көрсеткіштер жыбыр аритмиясы кезіндегідей.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-21; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 682 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.