Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Машиналарды техникалық күту мен жөндеу бойынша жоспарлау және материалды-техникалық қамтамасыз ету




Машина баланста тұрған мекеме өндірістік жыл басталмай тұрып машиналарды техникалық күту мен жөндеу жоспарын (2.1-кесте) жасауы тиіс, бұл оған жұмыс күшіне, технологиялық жабдыққа, қосалқы бөлшектер мен материалдарға деген қажеттілікті анықтау үшін негіз болып табылады. Жылдық жоспарды жасауға бастапқы деректер есебінде машинаның нақты жұмыс істеуі (жыл басына дейін, пайдалана бастағаннан бергі немесе ТК және Ж-ң сәйкес түрлерін өткізген уақыттан бастап), бір жылға жоспарланған жұмыс уақыты, ТК-ң түрлері, периодтылығы, еңбексыйымдылығы және ұзақтығы алынады.

Жоспарланған жылы әр машина үшін орындалатын ТК және Ж санының әр түрі Кр мына формуламен анықталады:

; (2.2)

мұндағы, пайдалана бастағаннан бергі немесе ТК мен Ж-ң сәйкес түрінің өткізілген уақытынан жоспарланатын жыл басына дейінгі машинаның нақты жұмыс уақыты, сағ; жоспарланатын жылдағы жұмыс уақыты, сағ; жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң сәйкес түрлерінің орындалу периодтылығы, сағ; жүргізіліп отырған есеп бойынша ТК мен Ж-ң түрінің периодтылығынан үлкен периодтылықтағы олардың түрлерінің барлық саны (күрделі жөндеу үшін деп есептеледі).

2.1-кесте

Ағымдағы жылғы арналған машиналарды ТК мен Ж жоспарының үлгісі

_______________________________________________________________

(мекеме атауы)

Машинаның атауы және маркасы     Машина ның заводтық (инвентарлы) номері   Нақты жұмыс істеуі, сағ   Жоспардағы жылғы жұмыс істеуі, сағ. Жоспардағы жылғы ТК және Ж саны
Пайдалану дан бастап     Өткізу уақытынан бастап
Күрделі жөндеуді Ағымдағы жөндеуді және ТК-3 Күрделі жөндеу Аығмдағы жөндеу ТК-3 ТК-2 ТК-1
Жөндеу саны Өткізу айы
                     

Басинженер (бас механик) ____________________________________

 

Есептеулер мынадай ретпен жүргізілуі тиіс: күрделі жөндеу, ағымдағы жөндеу, ТК-3, ТК-2, ТК-1.

Сәйкес ТК немесе Ж-ден соңғы нақты жұмыс істеу уақыты машинаның жоспарланатын жыл басындағы жалпы жұмыс уақыты мен жоспарланатын жыл алдындағы жылдағы ТК немесе Ж-ді өткізген күнге дейінгі жұмыс уақыты арасындағы айырма есебінде анықталады. Есептеулер нәтежелерін азаю жағына қарай бүтін санға дейін дөңгелектейді.

ТК кезіндегі әрбір машинаның тоқтау уақыты және оның тұрып қалу ұзақтығы айлық жоспар-графикпен бекітіледі. Машиналарды техникалық күту ауысымнан тыс уақытта немесе машина қарамағына кіретін нысанның жұмыс істемейтін күндері жүргізіледі.

Көлік техникасын техникалық күту оны тасымалдау, қолдану және сақтау кездерінде жүргізілуі тиіс (2.3-сурет).

 

Техникалық күту
Сақтау кезінде
Пайдалану кезінде
Тасымалдау кезінде
ТК-1
ТК-2
ТК-3

 

2.3-сурет. Машиналарды техникалық күтудің жіктелуі

 

МЕСТ 20793-81-ге сәйкес машиналарды пайдаланған кезде ТК-ң төмендегі түрлері жүргізіледі:

- жаңа немесе күрделі жөндеуден өткен машинаны пайдалану жаттықтыруына дайындау кезінде:

- пайдалану жаттықтыруы кезінде;

- ауысымдық (АК);

- бірінші ТК-1

- екінші ТК-2

- үшінші ТК-3

- пайдаланудың көктемгі-қысқы периодына өтер кездегі маусымдық (МК-КЖ);

- пайдаланудың ерекше жағдайларында.

ТК түрлері, оларды орындау периодтылығы, бір циклдағы ТК және Ж саны машинаны пайдалану бойынша нұсқауларда беріледі.

Пайдалану жаттықтыруына дайындау кезіндегі, пайдалану жаттықтыруы кезіндегі және ол біткен соңғы машиналарды техникалық күту пайдалану бойынша нұсқаулық және техникалық сипаттамаға сәйкестендіріп жүргізіледі.

Ауысымдық ТК-ді жұмыс ауысымының басында және соңында өткізу қажет. Машиналарды ТК-дің әр түрінде оның барлық құрамдас бөлігіне арналған жуу, тазалау, бақылау, диагностикалық, реттеу, майлау, май құю, бекіту және монтаждау жұмыстары жүргізілуі тиіс. Машиналарды ТК-3 ереже бойынша ағымдық жөндеумен біріктіріледі. Маусымдық ТК жылына 2 рет өткізілуі қажет (күздік-қысқы күтуді өткізерде ауа температурасы плюс бес градустан төмен болмауы керек). Маусымдық күтуді кезектегі ТК-1, ТК-2 немесе ТК-3-пен біріктіріп өткізуге болады. Мұның барлығы да нұсқаулықтар мен нормативті-техникалық құжаттарға сай жүргізілуі тиіс.

Машиналардың кейбір түрлерінің периодтылық, еңбексыйымдылық және ТК-ң ұзақтылық көрсеткіштері 2.2-кестеде берілген. Бұл деректерді ТК жұмыстарын жоспарлау мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету мақсаттарында қолдануға болады.

Ағымдағы жөндеу жекелеген жинақ бірліктер мен детальдарды ауыстыру және қалпына келтіруді есепке ала отырып, машинаның келесі жөндеуге дейінгі жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Машинаның ағымдық жөндеу жұмыстарына жататындар: тазалау, жуу, бөлшектеу, ақаулар тізімін жасау, тозған детальдар мен агрегаттарды жаңа немесе жөнделгендерімен ауыстыру, машина тораптары мен агрегаттарын жинау, жөнделген бөлшектерді стендтік және жүрістік сынақтардан өткізу. Машиналарды бояу технологиялық талаптарға сай жүргізілуі тиіс. Жөндеу жұмыстарына сонымен бірге детальдарды өңдеудің әр түрлері кіреді: пісіру, темірұсталық және станоктік, балқыту, металдау, электролиттік жабулар және т.б.

2.2-кесте

Кейбір машиналардың периодтылығының, еңбексыйымдылығының және ТК мен Ж-ң ұзақтылығының типтік нормалары

 

Машина түрлері ТК және Ж түрлері ТК және Ж орындау периодтылығы, сағ ТК және Ж біреуінің орындалу еңбексыйымдылығы, адам. сағат Орындау ұзақтығы, сағ
Пневмодөңгелекті трактор базасындағы біршөмішті гидравликалық экскаваторлар, шөміш сыйымдылығы 0,25...0,4 м3, 2-ші размерлік топ ТК-1     0,5 2,5 - 1,5
ТК-2     1,5 4,5 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу            
ТК-3 -       - -
Күрделі жөндеу     -      
Жүккөтерімділігі 25 т. пневмодөңгелекті крандар ТК-1     0,8 6,2 -  
ТК-2     1,8 25,2 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу     4,5 620,5    
ТК-3 -   4,5 31,5 - -
Күрделі жөндеу     -      
Жүккөтерімділігі 16 т. жебелі автомобильдік крандар     ТК-1     1,0   -  
ТК-2     2,2 24,8 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу     5,2 474,8    
Күрделі жөндеу     -      
Тарту класы 15т шынжыр табанды трактор базасындағы бульдозерлер ТК-1     0,6 5,4 -  
ТК-2     2,3 14,7 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу     5,3 449,7    
ТК-3 -   5,3 27,7 -  
Күрделі жөндеу     -     -
Шөміш сыйымдылығы 25 м3 өздігінен жүретін скрепер ТК-1     0,6 7,4 -  
ТК-2     2,5 31,5 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу       394,5    
Күрделі жөндеу     -      
250 кластағы автогрейдер ТК-1     0,7 9,3 -  
ТК-2     2,4 22,6 -  
АК Жылына 2 рет   -   -  
Ағымдық жөндеу     5,4   114,6  
ТК-3 -   5,4 34,6 - -
Күрделі жөндеу     -      

 

Машиналарды ағымды жөндеуге қою жоспар-кестеге сәйкес жүргізілуі тиіс. Машинаның ағымды жөндеуді жүргізген күндегі жұмыс уақыты, сипаты, ақауларды жою себептері мен қабылданған шаралар ТК және Ж журналына жазылады. Ағымдық жөндеуді машинаның жұмыс орнында да, жөндеу базаларында да орындауға болады. Бұл жұмыстың орындалу барысын бақылау бас механик қызметіне жүктелген.

Машина балансына бекітілген мекеме өткізілген ТК, ағымдағы жөндеудің және машина формулярында көрсетілген деректердің жүйелі есебін жүргізіп отыруы тиіс. Есептегіштермен қамтылған машиналардың жұмыс уақыты олардың көрсеткіштерімен анықталады.

ТК және Ж өткізілген соң машинаны қабылдау машинистке және пайдалану участогінің механигіне міндеттелген. Қабылдау кезінде оның сырт көрінісі мен оның бос жүрістегі және жүктеме әсеріндегі жұмыстары тексеріледі. Мұнан соң ақауларды есепке алу журналына сәйкес жазулар жазылып, жұмысты қабылдап алған жауапты адамның қолы қойылады.

ТК және Ж жұмыстарынан басқа машинаны жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңғыртуды ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістері негізінде жасайды.

Жаңғыртуды жүргізудің әдістері мен тиімділігі оның мазмұны мен арналуына байланысты болады. Осыған сәйкес жаңғыртудың екі түрі қолданылады:

– бөлшектеп, яғни машинаның әмбебаптығын жоғарылататын қосымша ауыспалы жабдықтарды қосуды немесе оның пайдалану көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету:

– толық, яғни базалық машинаның конструкциясын техникалық тұрғыдан жетілдіру және оның қолдану аясын кеңейту;

Машиналарды күрделі жөндеу мен жаңғырту пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

2.3. Жөндеу өндірісін қамтамасыз етудің негізгі бағыттары (стратегиялары)

Көлік техникасын күту мен жөндеу бірыңғай мақсатқа біріктірілген ұйымдастыру жүйесін құрайды. Оларға кіретіндер:

– әр түрлі деңгейдегі пайдалану ұйымдарының жөндеу органдары (участок, кәсіпорын, бірлестік және т.б.);

– оларды техникалық жарақтандыру (тұрақты және жылжымалы жөндеу құралдары, қосалқы бөлшектер және жөндеу материалдарымен қамтамасыз ету органдары, техниканы жөндеуге жеткізу және жөндеуден алып кету құралдары).

Тиімділіктің максимал мәнін алу үшін техниканың ТК және Ж жүйесі оның құрамдас бөліктерінің (t және tж) ТК және Ж-ді өткізу уақытының төмендеуіне белсенді түрде әсер ете алады.

ТК және Ж-ге кеткен уақыт шығыны едәуір және ол машинаның жұмыс уақытының жылдық қорының 22...31%-ын құрайды. Жоспарлы алдын алу шараларды орындауға машинаның жұмыс уақыты қорының орташа есеппен 13%-ы жұмсалады. Техниканың кенеттен тоқтап қалуын есепке алғанда алдын алу шаралардың нақты еңбексыйымдылығы жоспармен салыстырғанда 15...22%-ға өседі, ал жұмыс уақытының шығындары 2...4%-ға артып, 15...17%-ды құрайды.

Жұмыс тиімділігіне сонымен бірге мынадай факторлар әсер етеді: техниканы ТК және Ж кезінде қолданылатын жөндеуді ұйымдастыру түрлері, мамандар біліктілігі, жөндеу материалдары және қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, техниканы жөндеуге жеткізуді ұйымдастыру, жөндеушілердің еңбек өнімділігін бағалау және т.б.

Өндіріс тиімділігін көтеруге төмендегілер әсер етеді:

– адам еңбегінің шығынын азайтуға мүмкіндік беретін техника мен механикаландыру құралдарының ТК және Ж-ді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы түрлерін енгізу;

– детальдарды қалпына келтірудің жоғары өнімділікті заманауи әдістерін енгізу;

– еңбек өнімділігін арттыру үшін адам факторын белсене пайдалану.

Жөндеу стратегиясын екі белгісі бойынша жіктейді: жөндеу сипаты бойынша және әсер етуді басқаруды ұйымдастыру бойынша (2.3-кесте) [17]. Жөндеу сипаты бойынша үш стратегияны бөліп қарауға болады (шартты түрде оларды А, Б, В деп белгілейік). А стратегиясы – техникалық карау нәтижесін ескере отырып, белгіленген жұмысты істеп болған соңғы толық-жинақты машинаның меншіктелмеген жөндеуі; Б стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда орындалатын толық-жинақты машинаның меншіктелген жөндеуі; В стратегиясы – жоғарыда айтылған жағдайда тораптар мен агрегаттарды ауыстыру жолымен орындалатын меншіктелген жөндеу.

2.3-кесте

Жөндеу стратегияларының байланысу мүмкіндіктері

 

Басқару бойынша стратегия Жөндеу сипаты бойынша стратегия
А Б В
I + - +
II - + -
III - + +

 

А стратегиясы кезінде жөндеуде тұрған машинадан алынған тораптар мен детальдар қалпына келтірілген соң сол машинаның өзіне жиналады.

Б стратегиясында берілген модельдегі кез келген машинадан алынған тораптар мен детальдар жөнделіп болған соң, сол модельдің таңдап алынған кез келген машинасына орналастыруға болады. Бұл стратегия детальдардың өзара ауыстырымдылық принципіне негізделген.

В стратегиясының мазмұны жөндеу процесінде берілген машинаны жинау сол модельдің басқа машинасынан шешіліп алынып, алдын ала жөнделген тораптар мен агрегаттардан жиналуға негізделген.

Жөндеуді басқаруды ұйымдастыруда да бірнеше стратегия қолданылады. Алғашқы кезекте шешілуге тиіс өзекті мәселе – жөндеуді орындау кімге бекітілуі керектігін анықтау.

Бірінші стратегия (I) – техниканы жөндеу машинаны пайдаланатын мекеменің өзінің жөндеу кәсіпорнының күшімен жүргізіледі.

Екінші стратегия (II) – техниканы жөндеуді осы машинаны шығаратын машина жасау саласы атқарады (фирмалық қызмет көрсету).

Үшінші стратегия (III) – жөндеуді бұл машиналарды не шығармайтын, не пайдаланбайтын арнайы мекемелер жүргізеді (мысалы, арнайы жөндеу басқармасы).

Жөндеу тиімділігіне екі фактордың да (жөндеу сипаты мен басқаруды ұйымдастыру) әсері мықты. Мысалы, кешенді стратегияның мүмкін болатын 9 нұсқасының бесеуін жүзеге асыруға болады (2.3-кесте) [17].

I А стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелмеген тәсілмен жүргізеді.

I В стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін машинаны пайдаланатын мекеме меншіктелген тәсілмен іске асырады.

II Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншіктелген тәсілмен машина жасау саласы атқарады.

III Б стратегиясы – толық жинақты машинаның жөндеуін меншіктелген тәсілмен арнайы мекеме (жөндеу заводы) орындайды.

III В стратегиясы – машинаны жөндеуді тозған тараптарды ауыстыру тәсілімен арнайы мекеме (жөндеу заводы, механикаландыру басқармасы) жүргізеді.

Стратегияның кез келген нұсқасының үйлесімділігін бағалау үшін критерийді, яғни осы нұсқаны таңдауға арналған шаманы бекіту қажет. Бекітілген шаманың сандық мәні бойынша қарастырылып отырған нұсқаларды салыстыруға мүмкіндік болуы тиіс.

Қабылданған критерий машинаны пайдалану мен жөндеуге жұмсалған жалпы шығынды үйлестіруі тиіс. Экономикалық тиімділікті бағалау кезінде жалпылама көрсеткен ретінде келтірілген шығындарды алуға болады:

; (2.3)

мұндағы, Са – бір жыл ішіндегі ағымдағы (пайдалану) шығындары; ЕН – күрделі қаржы тиімділігінің нормативтік коэффииценті; К – күрделі қаржы.

Қарастырылып отырған мысалда «күрделі қаржы» терминіне машинаны күрделі жөндеуге жұмсалған шығындар кіреді. Машина күрделі жөндеуден өткен соң келесі жөндеуге дейін бірнеше жыл жұмыс істеуге тиіс болғандықтан, көбейтіндісінің сандық мәні бір жылға есептегендегі күрделі жөндеу шығындарының үлесіне кіреді (жылдық үлес) [17].

Сонымен, жөндеу статратегиясының тиімділік критериі есебінде минимал келтірілген шығындар қолданылуы мүмкін:

СаНК Wmin; (2.4)

Ал стратегия тиімділігіне әсер ететін сапалы көрсеткіштерге төмендегілер жатады:

– өндіріс сипаты (типі) – бірліктік, кішісериялы, сериялы, массалы (сериялық деңгей жоғары болған сайын өндірісті мамандандыру жағдайлары жақсара түседі);

– өндірісті мамандандыру деңгейі (жөндеу өндірісінің мамандандыруы жоғары болған сайын жөндеудің еңбексыйымдылығы мен өзіндік құны төмен болады). Мамандандыру жөндеу сапасын арттырады және жұмысты механикаландыруға жағдай жасайды. Өз кезегінде еңбексыйымдылықтың төмендеуі жөндеуге жұмсалатын уақытты азайтады.

– еңбек өнімділігі (оның өсуі механикаландыру деңгейімен тікелей байланысты);

– жөндеудің өзіндік құны;

– машинаны жөндеу уақытының азаюы;

– жөндеу сапасын жоғарылату (жұмысты мамандандыру мен механикаландырумен тығыз байланысты);

– арнайы жөндеу мекемесіне бөлінетін шығындар деңгейі;

– материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары;

– машинаны жөндеуге қоюға және жөндеуден алуға кететін тасымалдау қашықтығы (бұл көрсеткіш әсіресе құю өндірісінде маңызды рөл атқарады).

Тасымалдауға кететін уақыттың азаюы машинаның пайдалы жұмыс уақытын ұлғайтады.

Жөндеу стратегиясы көрсеткіштерінің сипаттамасы 2.4-кестеде келтірілген. Сондықтан жоғарыда айтылғандарды ескере, III Б және III В стратегияларына басымдық бере отырып, стратегияның соңғы нұсқасын нақты жағдайларға байланысты таңдау керек.

2.4-кесте

Жөндеу стратегияларының сипаттамасы

 

Көрсеткіштер Стратегия
  I А   I В   II В   III Б   III В  
Өндіріс сипаты кішісериялы сериялы
Мамандандыру деңгейі төмен өте жоғары жоғары
Механикаландыру деңгейі төмен қанағаттанарлық өте жоғары жоғары
Жөндеудің еңбексыйымдылығы өте жоғары жоғары өте төмен төмен
Жөндеудің өзіндік құны өте жоғары жоғары өте төмен төмен
Жөндеу сапасы біліктілікке байланысты қанағаттанарлық жаңа машина деңгейіне жақын жоғары
Машинаны жөндеуге және жөндеуден тасымалдау қашықтығы пайдалану ұйымының аймағында машинаның жұмыс аймағында сервис пункті анықтайды күту ауданы аймағында
Арнайы мекемеге жұмасалатын шығындар жоқ бар бар (сервис пунктері үшін) бар
Материалдық-техникалық жабдықтау жағдайлары қиындау қалыпты қалыпты қалыпты
               

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 716 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2477 - | 2320 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.