Физика-химиялық тазалау әдісі әр түрлі сұйықтық заттармен (органикалық және органикалық емес) пасталарды пайдалану негізінде жүргізіледі. Сұйық тазалайтын заттар сілтілі, қышқыл және нейтралды болуы мүмкін, ал құрамы жағынан бір және көп компонентті болады. Органикалық нейтраль сұйықтықтардан көбінесе су пайдаланылады. Бірақ су ластанудың көптеген түрлерін (мұнай өнімдері, күйік, бояу, тоттану, металдардың тотығуы және т.б.) ерітпейді, сондықтан да оны құрғақ немесе ылғал шаңдарды жуу үшін көліктің сыртын тазалайтын кезде пайдаланылады.
Органикалық нейтраль еріткіштер (жарық беретін керосин, бензин, бензол, уайт-спирит, үшхлорэтилен, төртхлорлы көмірсутегі және т.б.) лак және шайырлы қыртыстарды алып тастау үшін, сонымен бірге сілтімен жуылмайтын ласты немесе сілтіні пайдалануға болмайтын жерде қолданылады.
Сілтілі жуатын еріткіштер өзінің құрамында мынадай компонеттерді ұстайды: бұзатын (сілтілер, тұздар), қаспақ құрайтын және үстірт-активті заттар (ОП-7, ОП-10), сұйық шыны, стульфонал және т.б. эмульгаторлар (силикат, натрий, сабын) антиқышқылдар (натрий нитриті, хромпик). Көп пайдаланатын сілті түріндегі жуатын синтетикалық заттар 3.2-кестеде көрсетілген. Олар ұнтақ түрінде шығарылады.
Қышқыл жуатын ерітінді бөлшектердің үстіңгі бетінен күйік пен тоттануды алу үшін пайдаланады. Тұзды, күкіртті, азотты, ортофосфорлы қышқыл су ерітінділеріне ингибиторлар және т.б. тоттану үрдісін тоқтататын заттарды қосады.
3.2-кесте
Сілті түріндегі жуатын синтетикалық заттар тізімі
Компоненттер | Жуатын заттардың құрамы мен таңбасы, % | |||||
МЛ-51 | МЛ-52 | МС-6 | МС-8 | Лабомид-101 | Лабомид-203 | |
Кальцийленген сода Натрий трифолифосфаты Натрий метасиликаты Сұйық шыны ДБ сулағыш Сульфонал Синтанол ДС-10 Синтамид-5 | 34,5 - 1,5 - - - - | - 8,5 1,8 - - - | - - - - | - - - - | 16,5 - - 3,5 - - | - - - |
Физика-химиялық тазалаудың технологиялық үдерісі үш операциядан тұрады: бөлшектерді сұрыптау, тазалау, шаю және кептіру.
Тазалаудың алдында бөлшектерді сұрыптау төмендегі белгілері бойынша жүргізіледі: мөлшері мен формасы, ластанудың сипаттамасы, беттің кедір-бұдырлығы, бөлшек дайындалған материалдары, жамылғы материалдары (электрлік оқшаулану, бояу, полимер).
Көмірсутекті болаттардан және шойыннан жасалған бөлшектер қандай концентрацияда болсын сілтілі ерітінділерде бұзылмайды, сондықтан оларды бұзу үшін ингибриттелген қосындыларсыз қышқылдар оларды бұзу үшін өнделінеді. Сілтілі ерітінділерде хромдалған бөлшектер жақсы бұзылады. Алюминий және мырыш құймаларынан жасалған бөлшектерді сілтілі, қышқыл ерітінділерде тазартуға болмайды.
Су ерітінділерінде бөлшектерді тазарту процесі төмендегідей жүреді: 80-900-қа дейін ысытылған ерітіндінің әсерінен ластану қабаты суланады, жұмсарады. Май қабықшасы кеңею арқылы бұзылып, бөлшектердің үстіңгі бетінде ластанған бөлшектерімен майда май тамшылары пайда болады. Май мен металдың ілінісу күші бөлшектердің бетінде осы тамшыларды ұстап тұрады. Ілінісу күшін төмендету және ерітінді құрамына тамшының үзілуін жеделдету үшін эмульгатор енгізіледі. Эмульгаторлар май тамшысын майдың металмен ілінісу күшін төмендететін қабықшаның ластанған бөлшектерімен бүркеді. Ерітіндідегі эмульгаторлар, сонымен бірге хромпик немесе майланатын майлар бөлшектерді тоттанудан сақтайды.
Бөлшектерді сумен шаю бөлшектердің бетінен сілтінің немесе қышқылдың іздерін алып тастау үшін, сонымен бірге қол терісіне зиянды әсері болмау үшін өте қажет. Егер суық сумен шайылса, бұдан кейін бөлшекті кептіреді, ал ыстық сумен шайылған жағдайда кептіру үдерісі болмайды.
Ерітіндінің қайнауы немесе циркуляциясы - тазартылған бетте үлкен емес пропеллердің айналуымен, ерітіндіде бөлшектердің жылжуымен, себілуімен, бұйым арқылы ерітіндінің шайқалуымен, ультрадыбыспен немесе механикалық дірілдеткішпен ерітіндінің тез тербелісін болдырумен жүзеге асады.
Тазартылған бөлшектердің бетінде ерітіндінің жылжуы қандай әдіспен болатындығына байланысты физика-химиялық тазалау төмендегідей әдістерге бөлінеді: ағынды, батырылу, ерітіндінің еріксіз циркуляциясы, ультрадыбыстың және араластырғыштың буы.