*+ИФА В және С гепатиттерінің маркерлерына
*Церулоплазмин деңгейі
*Миелограмма
*Коагулограмма
*Әйелдердің жыныстық гормондарының деңгейін анықтау
#115
*!Егер 25 жастағы науқаста шағымдары болмаса, тексергенде келесі белгілер анықталса:
Құрсақ қуысының УДЗде: бауырдың оң бөлігінің алдыңғы-артқы өлшемі 13,8 см, сол бөлігі – 7 см, паренхимасы біртекті, эхотығыздығы жоғарылаған. Қақпа венасы 1,2 см. Өт қапшығы S-пішінді 7,3 х 2,1 см, қабырғасының қалыңдығы – 0,5 см, түтігі гомогенді. Ұйқы безі біртекті, контуры тегіс: басы 22 мм, денесі 18 мм, құйрығы – 16 мм. Көкбауыр . РФ – 240 МЕ/мл. АНА – оң болса бірінші кезекте қандай патология туралы ойлауға болады?
*Созылмалы вирусты гепатит
*Жүйелі қызыл жегі
*Созылмалы холецистит
*Созылмалы панкреатит
*+Бауыр циррозы
#116
*!32 жастағы әйелдің шағымдары: шаршағыштық, әлсіздік, есте сақтаудың төмендеуі, буындардағы ауыру сезімі. Объективті: тәбеті төмендеген, терісі құрғақ, телеангиоэктазиялар, «пальмарлы эритема». Бауыр қабырға доғасынан шықпайды, тығыз, көкбауыр пальпацияланбайды. АЛТ- 22 МЕ/мл, АСТ – 18 МЕ/мл, билирубин 43 мкмоль/л, ПТИ – 85%, жалпы белок – 67 г/л, альбумин – 42 г/л. Бауыр эластографиясы – 14 кПа.
Мүмкін болатын диагноз?
*Бауырдың алкогольды ауруы
*Созылмалы вирусты гепатит
*+Бауыр циррозы
*Созылмалы токсикалық гепатит
*Бауырдың алкогольдік емес майлы ауруы
#117
*!38 жастағы ер адамда шағымдары әлсіздік, ұйқысының бұзылуы, есте сақтаудың төмендеуі, соңғы кездерде жазуы өзгерген, мұрыннан қан кету, көгерулер. Терісі құрғақ, гипо- және гиперпигментация ошақтары, тырнағы ағарған, бетінде және кеудесінде телеангиоэктазиялар. Бауыры қабырға доғасынан 1 см шығып тұр, тығыз. Көкбауыры – 15х8 см. Құрсақ қуысында бос сұйықтық байқалады. АЛТ- 28 МЕ/мл, АСТ – 24 МЕ/мл, билирубин 143 мкмоль/л, ПТИ – 45%, жалпы белок – 57 г/л, альбумин – 32 г/л. Бауыр эластографиясы – 20 кПа. Қандай диагноз болуы мүмкін?
*Аутоиммунды гепатит
*Біріншілік билиарлы цирроз
*Компенсирленген бауыр циррозы
*+Декомпенсирленген бауыр циррозы
*Субкомпенсирленген бауыр циррозы
#118
*!Науқас аралас этиологиялы субкомпенсирленген бауыр циррозымен (HBV және алкоголь) әлсіздікке, ұйқының бұзылуына (түнде жаман ұйықтайды, күндіз ұйқышыл), есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, тітіркенгіш, ашуланғыштығына шағымданады. Науқаста бауыр циррозының кандай асқынуы?
*Депрессия
*Ипохондрия
*+Бауырлық энцефалопатия
*Интоксикация
*Сомноленция
#119
*!Науқаста құрсақ құысының УЗИ: бауыр, оң бөлігі 14,5, сол бөлігі -9,6, эхотығыздығы жоғарлаған, портпльді вена – 1,6, көкбауыр венасы – 0,65, см, көкбауыр ауданы – . Құрсақ қуысында бос сұйықтық көрінеді. Эластография бауырдың – 31,7 кПа. Перифериялық ісіктер жоқ. Науқасқа тағайындалған верошпирон 200 мг/тәул, антидиуретикалық терапия, бірақ салмақтың 2 апта ішінде төмендеуі болмады. Науқас күніне 7 г тұз және 1500 мл сұйықтық қабылдайды. Ары қарай қандай емдік тактика қолдану дұрыс болып табылады?
*Сұйықтықты шектеу 800 мл/тәул дейін
*+Тұзды шектеу 3 г/тәул дейін
*Верошпирон дозасын көбейту
*Фуросемид қосу
*Торесемид қосу
#120
*!Науқас бауыр циррозымен асциттің айқын көріністерімен түсті. Сонымен қатар науқаста, белгісіз локализациялы іштің ауруы. Асцит және бауырлық энцефалопатия көріністері соңғы 1 апта ішінде жоғарлаған. ЖҚА: Л – /л, СОЭ- 22 мм/с. Науқастың жағдайының ауырлауын қандай зерттеу әдісі нақты мәлімет береді?
*Электроэнцефалография
*Сарысуда және зәрде Na, K, Ca деңгеін анықтау
*Сарысуда және зәрде креатинин, мочевина көлемін анықтау
*Құрсақ құысының ағзаларын компьютерлі томографиясы
*+Асциттік сұйықтықты зерттеу (белок, рН, жасушалар, бак.себінді)
#121
*!Әйел 32 жаста, ұзақ уақыт антибиотикпен ем қабылдағаннан кейін ішінің кебуіне, шуылға, жайсыздыққа, кей жағдайда кіндік аймағындағы ауру сезіміне, үлкен деретін ұстай алмауына шағымданады. Қарап тексергенде: тәбеті төмендеген, тері қабаты құрғақ, тырнақтары сынғыш келген. Дұрыс ем тағайындау үшін қандай зерттеу жұмысын жүргізген дұрыс?
*Дем шығару кезіндегі сутегінің мөлшері
*Дуоденальды зондтау
*Дисбактериозға нәжіс анализі
*+Копрологиялық
*Колоноскопиялық
#122
*!Ер адам 24 жаста, 2 жылдан бері әлсіз оң жақ мықын ауруына шағымданады. Соңғы уақытта ауру сезімі күшейген, тәулігіне көп мөлшерлі сұйық көпіршікті 5-6 реттік нәжіске, бөртпеге, дене салмағының төмендеуіне, буындарының ауруына, бел аймағындағы ауру сезіміне бейім. Оң жақ мықын аймағы пальпацияланады инфильтратты ауру сезіммен. Зерттеу кезінде анемия бар екендігі анықталды. Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылайды?
*Құрсақ қуысының шұғыл рентгенограммасы
*Кұрсақ қуысының КТ
*+Биопсиясы мен колоноскопия
*Ректороманоскопия
*Ирригоскопия
#123
*!Ер адам 26 жаста, 2 жылдан бері қан аралас нәжіске, үлкен дәретке шақырылуы тәулігіне 3-4 реттік болуына шағымданады. Хирург оны геморрой ультрапроктпен (құрамында кортикостероид бар) емдеді бірақ нәтиже болмады. Диетаны бұзғаннан кейін іш өту жиілеп, тенезмдер, іштің төменгі жағындағы ауру сезімі және субфебрильді температура, тізе буындарындағы ауру сезімі пайда болған. Науқасқа диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
*Құрсақ қуысының шұғыл рентгенограммасы
*Құрсақ қуысының КТ
*+Биопсиямен колоноскопия
*Ректороманоскопия
*Ирригоскопия
#124
*!40 жасар ер адам әлсіздік, эпигастрий аймағының ауыру сезіміне, жүрек айну және құсуға, іш өтуіне шағымданады. Об-ті: арық, тремор, пальмарлы эритема, рубинді тамшылар, эпигастрий аймағында және Мейо-Робсон нүктесінде ауыру сезімді, Курлов бойынша бауыр өлшемі: 16-14-11 см. Анамнезінде: соңғы аптада ішімдікті қабылдау этанолға шағып санағанда 1 г/кг салмақ/тәул. Қанда: глюкоза – 4,8 ммоль/л, холестерин – 5,1 ммоль/л, АЛТ – 154 МЕ/мл, АСТ – 122 МЕ/мл, билирубин – 54 мкмоль/л, тікелей – 36 мкмоль/л, ГГТП -82 МЕ/л, СФ – 240 МЕ/л. HBsAg - теріс, a-HCV - теріс; Ары қарай салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, жетекші синдромды атаңыз.
*+Цитолитикалық
*Холестатикалық
*Асқазан диспепсиясы
*Ішек диспепсиясы
*Ауру синдромы
#125
*!Ер кісі 42 жаста, әлсіздікке, эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, оң жақ қабырға асытындағы ауырлыққа, терісінің қышуына шағымданады. Об-ті: тамақтануы төмен, тері және шырышты қабаттарының сарғыштануы, тремор, пальмарлы эритема, рубинді тамшылар, Курлов бойынша бауыр өлшемдері: 16-14-11 см. Анамнезінен: соңғы аптада алкоголь қабылдаған 1,2 г/кг салмақ/тәу. Этанолға айналдырып санағанда. Қанда: глюкоза – 3,8 ммоль/л, холестерин – 4,1 ммоль/л, АЛТ – 54 МЕ/мл, АСТ – 44 МЕ/мл, билирубин – 78 мкмоль/л, тікелей – 61 мкмоль/л, ГГТП-112 МЕ/л, СФ – 440 МЕ/л. Ары қарай салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, жетекші синдромды атаңыз.
*Цитолитикалық
*+Холестатикалық
*Асқазан диспепсиясы
*Кахексиялық
*Ауру синдромы
#126
*!Әйел 34жаста, ДСИ -42, арықтау мақсатында төмен калориялы диетаға отырған және физикалық белсенділігі төмен. Диета белоктық тағамнан және көкөністен тұрады, тамақты күніне екі рет қабылдайды. 3 айдан кейін дене салмағы 8кг төмендеген, бірақ науқаста ауру сезімі оң қабырға доғасында пайда болды. УДЗ-де конкремент анықталды. Өт қапшығында тас пайда болуының ең ықтимал себебі?
*Дене салмағының күрт төмендеуі әсерінен эстрогеннің жоғарылауы.
*+Тағамның калориялық құндылығының айқын төмендеуі.
*Төмен физикалық белсенділік
*Бөлшектеп тамақтану орнына күніне екі рет тамақтану
*Холестерин синтезінің бұзылысы
#127
*!Әйел адам 36 жаста, ДСИ – 44 дене салмағын төмендеткісі келеді.Осы мақсатта төмен калорияы диета және физикалық белсенділік тағайындалды. Өт қабында тастың түзілуінің алдын алу үшін ең тиімдісі?
*Холестирамин
*Силимарин
*Фумарин
*+Урсодезоксихол қышқылы
*Хенодезоксихол қышқылы
#128
*!Науқаста 10 жыл бұрын тоқ ішектің тотальды бұзылысы мен спецификалық емес жаралы колит диагностикаланған. Месалазинмен, ферменттер, жақсы эффектпен пробиотиктермен ем алады. 1-2 жылда 1 рет стресстік жағдайларда өршиді. Колоректалды ракты ерте анықтау мақсатында, колоноскопияны 3 жерінен тікелей биопсиямен қаншалықты жиі жасау керек?
*+Жылына 1 рет
*2-3 жылда 1 рет
*5 жылда 1 рет
*Өршіген кезде ғана
*Колоноскопияға көрсеткіш жоқ
*Гастроэнтерология*3*54*2*
#129
*!25 жастағы әйел, газ шыққаннан және дефекациядан соң басылатын құрсақтың бүйір және төменгі бөліміндегі сыздап ауырсыну, ертеңгілік уақытта немесе тамақтанғаннан кейін іштің өтуіне шағымданып түсті. Колоноскопияда – гиперемия, шырышты қабат ісінген және қансыраған, бактериологиялық зерттеуде; эшерихийдің патологиялық штаммасы, бифидобактериялар азайған.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
*кларитромицин
*флуконазон
*+пефлоксацин
*левомицетин
*амоксициллин
#130
*!32 жастағы әйел, тамақтан соң бір жарым сағаттан кейін пайда болатын эпигастрийдегі ауыру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. ЭФГДС-те асқазанның антральды бөлігінің шырышты қабаты күрт қызарған, бірен-саран эрозиялар.
Төмендегі емдеу шараларының жоспарының қйсысы БАРЫНША тиімді?
*домперидон, алмагель, висмут субцитраты
*маалокс, фамотидин, домперидон
*омепразол, амоксициллин, метронидазол
*+метронидазол, кларитромицин, рабепразол
*амоксиклав, метронидазол, висмут субцитраты
#131
*!45 жастағы диклофенакты ұзақ қабылдаған әйелді соңғы 2 айда тамақтан кейін эпигастрийдегі кесіп ауыру сезімі, күйдіру, қышқыл ауамен кекіру мазалайды.
Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
*маалоксты
*алмагельді
*домперидонды
*папаверин
*+омепразол
#132
*!56 жастағы әйел эпигастрий және пилородуоденальды аймағындағы ауыру сезімі, өт аралас құсық, таңертеңгі уақыттағы аузындағы ащы дәмге шағымданады. Гастроскопия жүргізгенде - эрозивті гастриттің көрінісі.
Төмендегі емдеу шаралары жоспарларының қайсысы БАРЫНША тиімді?
*алмагель, урсодезоксихолий қышқыл, лактулоза
*+итоприд, урсодезоксихолий қышқыл, сукральфат
*мизопростол, алмагель, омепразол
*висмут субцитрат, домпериодон, фамотидин
*амоксицилин, кларитромицин, рабепразол
#133
*!82 жастағы әйелді эпигастрийдегі тұйық керілген ауыру сезімі, тамақтан соң эпигастрийде толу сезімі, шіріген иіспен кекіру, метеоризм, іш өтумен кезектесетін іш қату мазалайды. Қарағанда: науқастың дене бітімі арықтау, тері жабындылары бозғылт, ауыздың екі жақ шеті жарылған, терісі құрғақ, тырнақтары сынғыш.
Емдеу шараларының қайсы жоспары БАРЫНША тиімді:
*сорбифер, алмагель, гепабене
*фамотидин, панзинорм, но-шпа
*цизаприд, алмагель, мезим-форте
*домперидон, креон, бифидумбактерин
*+табиғи асқазан сөлі, панзинорм, мильгамма
#134
*!16 жастағы ер бала, кезеңді ішінің кебуі, тамақтан кейін асқазан астындағы толу және дискомфорт сезіміне шағымданады.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
*маалокс
*алмагель
*+итоприд
*омепразол
*рабепразол
#135
*!29 жастағы әйел, толғақ тәрізді ауыру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде – жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады.
Емдеу шараларының жоспарына қосқан БАРЫНША тиімді:
*креон, висмут сульфата
*дицетел, лактулоза
*лактулоза, смектит
*+бифидобактерин, смектит
*метронидазол, хилак-форте
#136
*!40 жастағы ер адам, емдәмді бұзуына байланысты эпигастрийдегі тұйық ауыру сезімі, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі мен әлсіздікке шағымданады. Объективті: іші жұмсақ, іш терісінде «рубин тамшылары». Мейо-Робсон, Грей-Тернер, Грот симптомдары оң. Қанда: лейкоциттер - 8,2 мың, ЭТЖ - 27 мм/сағ.
Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:
*+креон, силимарин, дротаверин
*фамотидин, креон, урсосан
*сандостатин, морфин, липаза
*промедол, мезим-форте, ципрофлоксацин
*ацидин-пепсин, панзинорм, витаминдер
#137
*!47 жастағы әйел, іштің сол жақ бөлігіндегі айқын ауыру сезімі, лоқсу, бірнеше рет құсуға байланысты қабылдау бөлімшесіне жеткізілді. Ауыру сезімі тамақты шектен тыс көп ішкеннен пайда болған. Он жылдан бері өт-тас ауруымен ауырады. Объективті: тілі ақ жабындымен жабылған. Сипағанда Дежарден, Шоффар нүктелері мен сол жақ қабырға- омыртқалық бұрышында ауыру сезімі.
Емдеу шаралары жоспарының қайсысы БАРЫНША тиімді:
*но-шпа, ренни, креон
*маалокс, домперидон, одестон
*+сандостатин, креон, платифиллин
*норфлоксацин, фурамаг, курантил
*квамател, амоксициллин, кларитромицин
#138
*!58 жастағы ер адам, эпигастрийдің оң жақ бөлігіндегі ауыру сезімі, іштің ұлғаюы, ентігу, іш қату, жалпы әлсіздікке шағымданып түсті. Жағдайының нашарлағанына 2-3 ай болған: біртіндіеп іші ұлғайып, ауыру сезім пайда болып, өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кету эпизодтары байқалған. Қарағанда: склералары сарғайған. Іші ұлғайған, асцит. Бауыры қабырға доғасынан 4 см төмен, тығыз, сезімтал. Айқын спленомегалия.
Емдік шаралардың қайсысы барынша тиімді?
*эубиотиктер, прокинетиктер, витаминдер
*витаминдер, интерферон индукторлары, ферменттер
*гепатопротекторлар, ілмектік диуретиктер, прокинетиктер
*вирусқа қарсы препараттар, витаминдер, прокинетиктер
*+альдостерон антагонисттері, урсодезоксихолдықышқыл, эубиотиктер
#139
*!76 жастағы ер адам дефекациядан соң жоғалатын іштің төменгі бөлігіндегі сыздаған тұйық ауыру сезімі мен бес күнге дейін созылатын іш қатпасына шағымданып түсті. Бұрында іш қату болған, бірақ соңғы жылдары қатпа мерзімі ұзарған. Қарап тексергенде: іші жұмсақ, тоқ ішектің бойымен ауыру байқалады, түйілген. Копрология: көптеген шырыштар, нәжіс құрғақ «қой құмалағындай», микроскопияда өзгеріссіз. Колоноскопияда – катаральды проктосигмоидит анықталды. Минеральды сулар мен кебек косылған емдәм тағайындалды.
Төмендегі емдік препараттардың қайсысын тағайындаған барынша тиімді:
*но-шпа, церукал
*форлакс, мотилиум
*фортранс, мотилиум
*сенна экстракты, маалокс
*+лактулозы, холестирамин
#140
*!32 жастағы әйел, тамақтан кейін ұйқы безі аймағындағы ауырлық сезімі, тез тою, ауамен кекіру, метеоризм, тітіркенгіштікке шағымданады. Өзінің жағдайын эмоциональді стресс пен тамақты көп қолданумен байланыстырады. Рентгеноскопияда: асқазаннан контрасты заттың баяу өтуі. ЭФГДС: қабаттары анық, аз мөлшердегі мөлдір аш қарындағы сұйықтық. Уреазды сынама теріс.
Төменде аталған қай препараттардың қайсысын тағайындаған БАРЫНША тиімді?
*алмагельді
*омепрозолды
*ранитидинді
*+домперидонды
*метронидазолды
#141
*!41 жастағы әйел, қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс, ішінің ауыруы, метеоризм мазалайды. Жағдайының нашарлауын ұзақ уақыт бойы созылмалы аднекситке байланысты антибиотиктерді қабылдауымен байланыстырады. Объективті: іші кебу, мықын ішегінің терминальді бөлігін сипағанда шұрылдау. Нәжісті микробиологиялық зерттеу кезінде ішек таяқшасы, бифидо- және лактобактериялардың жалпы саны азайған, энтерококктардың титрі жоғары.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*бисептолды
*микосисты
*фуразолидонды
*эритромицинді
*+ципрофлоксацинді
#142
*!24-25 апталық жүкті әйелді соңғы 1,5-2 айда ішінің өтуі; күріш және сұлы ботқасын қабылдағасын іштің кебуі мазалаған. Балал кезінде де осындай симптомдарды байқаған. Об-ті: айқын метеоризм, мықын ішектің терминальді бөлігінің шұрылы. Копрологиялық зерттеуде: полифекалия, стеаторея.
Төменде көрсетілген емдеу әдісінің қайсысын тағайынаған БАРЫНША тиімді?
*ферменттерді
*пробиотиктерді
*антибиотиктерді
*темір препараттарынны
*+аглютинді диета
#143
*!48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40—90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшееді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с. Көрсетілген антибактериальді дәрілердің қайсысы БАРЫНША тиімді?
*+Кларитромицина
*Пенициллин
*Фуразолидон
*Левомицетин
*Метронидазол
#144
*!29 жастағы ер адам қан және шырыш аралас, күніне 5-6 рет болатын жиі нәжіске, салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары бозғылт, пальпаторлы – төмендеуші ішектің сол жартысының проекциясында айқын ауыру сезім анықталады. Қанда лейкоциттер 9 мың., ЭТЖ 28 мм/с.
Емдеу жоспарында тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Бифидумбактерин
*Карбонат кальций
*Солкосерил
*+Сульфосалазин
*Энтерол
#145
*!Ер адам, 45 жаста, ұзақ уақыт ішімдікті көп қолданады. Қанмен құсуға шағымданады. Объективті: мәңгірген, сөзі түсініксіз, асцит, құрсақтың алдыңғы қабырғасының көктамырлары кеңейген, спленомегалия, АҚ-80/60 мм.с.б., ЖЖЖ - 110 рет мин. Науқасты жүргізу тактикасының келесі қадамы қандай?
*Жаңа тоңазытылған плазма құю
*Антибиотикотерапия
*Вазопрессин енгізу
*Эпигастрий аймағына суық қою
*+Көк тамырды эндоскопиялық бунақжіптеу (лигирование)
#146
*!Әйел 25 жаста, күніне 5 рет болатын ботқа тәрізді нәжіске, іштің кебуіне, дефекациядан кейін басылатын іштің ауырсынуына, іште діріл сезімі, толық тыныс ала алмау сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер анықталмады. Нәтижелі жүргізу тактикасы қандай?
*Спазмолитиктер+пробиотиктер
*Антибиотиктер+пребиотиктер
*+Психотропты терапия+лоперамид
*Пребиотиктер+диоктаэдриялық смектит
*5-НТ3-рецепторының антагонистері+пробиотиктер
#147
*!Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Базисті терапия ретінде қандай топ препараттарын қолданған мүмкіндігінше тиімді?
*Антибиотиктер
*+5-аминосалицил қышқылының препараттары
*Адсорбциялаушы
*Пробиотиктер
*Пребиотиктер
#148
*!Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай топ препараттары осы жағдайдың дамуына себеп болды?
*β2-агонисттер
*Метилксантиндер
*Муколитиктер
*+Антибиотиктер
*Иммуномодуляторлар
#149
*!26 жастағы оң жақ қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезімі, диспепсия мен терінің қышуына шағымдары бар науқасқа дуоденалды зондтау жүргізгенде «В» порциясында келесі көлемді-уақыттық көрсеткіштер анықталды: фазаның ұзақтығы – 15 минут, бөлінген өттің көлемі – 20 мл, жасыл түсті, тұтқыр сипатты. Микроскопиялық зерттеуде бауырлық сорғыш анықталды.
Осы жағдайда төменде келтірілген қай препараттар тобының қайсысын қолдану БАРЫНША ҚАРСЫ көрсетілген:
*Паразиттерге қарсы препараттар
*+Холецистокинетиктер
*М-Холинолитиктер
*Спазмолитиктер
*Антибиотиктер
#150
*!Холециститпен зардап шегетін, алкоголь қолдануын жалғастырушы толық әйел адамда күндік үсті аймағында сол жақ қабырға астына берілетін толғақ тәрізді ауру сезімі; құсу; мазь тәрізді тұрақсыз нәжіс; ішінің кебуі пайда бола бастады. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен склерасы субиктериялы,оң жақ қабырға асты мен Шоффар аймағында ауру сезімді; бауыры ұлғаймаған. Қан анализінде: лейк-10 мың, ЭТЖ-25 мм/с., жалпы билирубин 80 мкмоль/л, α-амилаза -190 Хб/л.
Төменде келтірілген қай препараттар тобын тағайындау барынша ТИІМДІ?
*+Панкреатикалық ферменттердің ингибиторлары
*Гепатопротекторлар
*Холекинетиктер
*Пробиотиктер
*Холеретиктер
#151
*!47 жастағы ер адамды майлы және қуырылған тамақтан кейін оң жақ қабырға астында ауру сезімі, жүрек айну, аузында ащы дәм, тұрақсыз нәжіс, бас ауруы мазалаған. Ауру сезімі оң иық пен жауырынға беріледі. Қарап тексергенде: дене қызуы . Тілі ақ өңезбен жабылған, ішін пальпациялағанда оң жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды. Мюсси-Георгиевский, Ортнер, френикус-симптомдары оң. Қан анализінде: лейк.-11 мың, нейтрофилдер-86%, ЭТЖ-25 мм/с.