*Иммуногистохимиялық
#48
*!53 жасар ер адам өңештің варикозды ұлғайған көк тамырларынан қан кетумен түсті. Бір апта бұрын оң қабырға астында ауыру сезімі, сарғаю пайда болды. Ішімдікпен әуестенген. Қарағанда: тері және көздің ақ қабығы сарғыш, телеангиэктазиялар. Іші кепкен. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығып тұр, тығыз, ауыру сезіміді. Спленомегалия. Қанда: анемия, тромбоцитопения, ЭТЖ-36 мм/с. Жалпы билирубин 56 мкмоль/л, тура фракциясы салдарынан.
Қандай диагноздың болуы БАРЫНША мүмкін:
*Криптогенды бауыр циррозы *Созылмалы алкогольді гепатит *Созылмалы криптогенді гепатит *Созылмалы дәрілік гепатит *+Алкогольдық этиологиялы бауыр циррозы |
#49
*!Бауыр циррозы бар ер адамда ісіну – асциттік синдром пайда болды. 3 күндік төсектік режим, тұссыз диета және суды тәулігіне 1000мл дейін төмендету, ісінуді азайтпады.
Науқасты жүргізу тәсілінде БАРЫНША тиімді дәрі:
*Фуросемид
*Терлисемид
*Индапамид
*Гипотиазид
*+Верошпирон
#50
*!38 жастағы ер адам жатқанда, кеудені алдыға қарай еңкейткенде және тамақтан кейін күшейетін төс артындағы күйдіріп, ауыру сезіміне шағымданады.
Қандай зерттеу әдісі диагнозды нақтылауға БАРЫНША тиімді?
*+Эзофагоскопия
*Эзофагоманометрия
*Кеуде қуысының рентгенографиясы
*Күштеме сынамалаымен электрокардиография
*Құрсақ қуысының УДЗ
#51
*!27 жастағы ер адам тағам қабылдағаннан 1,5-2сағаттан кейін пайда болатын эпигастридегі және түнгі ауыру сезіміне, ащымен кекіруге, лоқсуға шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмен, тілі ылғалды, түбі ақ жабындымен қапталған, пальпация кезінде – эпигастриде ауыру сезімі. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*+Гастроскопия
*Ирригоскопия
*Эзофагоманометрия
*Асқазаннің рентгенографиясы
*Құрсақ қуысы ағзаларының УДЗ
#52
*!Ер адам 47 жаста эпигастридегі тұрақты сыздап ауыратын ауыру сезімі, ауырлық және кернеу сезіміне шағымданады, соңғы жарты жылда салмағының 15 кг төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, тері жабындылары боз, аяқтарында ісінулер; пальпацияда эпигастриде ауыру сезім. Қан анализінде – эритроциттер 3,2 млн., Нв 112 г/л, ЭТЖ 10мм/с; жалпы белок 49 г/л. ЭФГДС – асқазан шырышты қабатының қатпарлары «ми иілімдер» тәрізді айқын қалындаған, майда нүктелі эрозиялар анықталады.
Көрсетілгендердің қайсысын тағайындау БАРЫНША тиімді?
*Санаторлы – курорттық ем
*Симптоматикалық ем
*Орын басушы терапия
*+Хирургиялық ем
*Диетотерапия
#53
*!52 жастағы әйел тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауырлық және дискомфорт сезіміне, ауыздағы ащы дәмге, мезгіл–мезгіл құсуға шағымданады. Объективті – толық, тері жабындылары қалыпты түсте, пальпация кезінде өт қабы тұсындағы нүктесінде сезімталдық анықталады.
Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША тиімді?
*Гастроскопия
*Ирригоскопия
*Дуоденальді зондтау
*Бауырдың пункциянальді биопсиясы
*+Құрсақ қусының УДЗ
#54
*!Ер адам, 50 жаста, көп темекі шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсынуға, қышқыл дәммен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының дәрілерін қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Төменде көрсетілгендердің қайсысы диагностикадағы келесі қадам болады?
*ЭхоКС
*+ЭФГДС
*Асқазан рентгенографиясы
*Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы
*Спирография
#55
*!Әйел адам, 65 жаста, остеоартрозбен ауырады, ұзақ уақыт селективсіз стероидты емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП) қолданады. Төмендегі көрсетілгендердің қайсысы СЕҚҚП кері әсерін алдын-алуға және тежеуге мүмкіндік береді?
*+Протонды помпа ингибиторлары
*Н2 -блокаторлар
*Антибиотиктер
*Антацидтер
*М-холинолитиктер
#56
*!Ер адам, 45 жаста, ойық жара ауруымен ауырады, қабылдау бөліміне арқаға иррадиация беретін, тамақтанумен байланыссыз, антацидтер және спазмолитиктер қабылдағанда басылмайтын, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, лоқсу, құсу, іш өту, дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы шағымдарымен қаралды. Рентгенологиялық зертеуде терең «ниша», ойық жаралы аймақтың аз қозғалысы анықталды; ФГДС-да терең ойық жара анықталады, кратер жиектері биік, вал тәрізді. Жоғарыда айтылған жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?
*Ойық жара перфорациясы
*Перидуоденит
*Ойық жараның кіші шажырқайға (сальник) пенетрациясы
*+Ойық жараның ұйқы безіне пенетрациясы
*Ойық жарадан қан кету
#57
*!Әйел адам, 25 жаста, әдеттегі мөлшерде тамақ қабылдағаннан кейін эпигастрий аймағында толу сезімі, аптасына бірнеше рет пайда болатын тез тою сезімі, кекіру, іштің кебуі, лоқсу, ұйқысыздық, әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданады. Осы шағымдар жарты жыл бойы байқалады. Рентгенологиялық зерттеу нәтижелері бойынша асқазанның моторлы – тасымалдаулы (эвакуаторлы) дискинезиясы анықталды, ФЭГДС – қалыпты. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*Ойық жаралы ауру
*Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
*Созылмалы гастрит
*Созылмалы панкреатит
*+Функционалды ойық жаралы емес диспепсия
#58
*!Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды. Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?
*Темірмен жүктеме (перегрузка) синдромы
*Ішектің тітіркену синдромы
*+Мальабсорбция синдромы
*Демпинг-синдром
*Мальдигестия синдромы
#59
*!Әйел адам, 32 жаста, ақшылқоңыр түсті, көпіршікті, май тәрізді, жағымсыз иісті нәжіс, метеоризм, дене салмағының төмендеуі шағымдарымен қаралды. Шырышты қабаттың биопсиясында бокал тәрізді жасушалар санының көбеюі, эпителий аралық лимфоциттер санының жоғарылауы, бүрлердің атрофиясы, беткей және ойықтық (ямочный) эпителийдің лимфоциттермен инфильтрациясы анықталды. Анамнезінде арпа, сұлыдан жасалған тағамдарды қабылдай алмау (непереносимость). Осы науқасқа қандай ұсыныстар жасау қажет?
*Антибиотиктермен курстық терапия
*+Ұн тағамдарын шектей отырып ем-дәмді ұстану
*Адсорбенттерді үнемі қабылдау
*5-аминосалицил қышқылы препараттарын үнемі қолдану
*Холеретиктерді үнемі қолдану
#60
*!Әйел адам, 35 жаста, оң жақ қабырға астында үнемі сыздап ауырсыну, кекіру, лоқсу, кейде құсу, тәбеттің төмендеуі, іш қатуға шағымданады. Қарағанда: оң жақ қабырға астында ауырсыну, Мерфи, Керр, Ортнер симптомдары оң. Жалпы қан анализінде қабынулық өзгерістер жоқ. Дуоденалды сүңгілеуде (зондирование) В фазасының ұзаруы мен өт қабы өтінің көлемінің ұлғаюы анықталды. Өт қабын УДЗ конкременттер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*Ойық жаралы ауру
*Созылмалы колит
*Созылмалы гепатит
*Созылмалы холецистит
*+Өт шығару жолдарының дискинезиясы
#61
*!Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?
*+Вирусты инфекцияның серологиялық маркерлерін анықтау
*Қанның биохимиялық анализі
*Бауыр биопсиясы
*Бауырды УДЗ
*Радионуклидті сканирлеу
#62
*!Әйел, 22 жаста, тәулігіне 20 рет қан, шырыш аралас, жағымсыз иісті диареяға, тамақтанудан кейін, дефекация алдында үдейтін, нәжістен кейін басылатын іште толғақ тәрізді ауырсынуға, салмақ жоғалтуға, сирақ-табандық, тізе буындарында артралгияға, дене температурасының жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Зерттеу барысында тоқ ішектің тотальды зақымдануы анықталды. Эндоскопияда тоқ ішек крипталарының микроабсцесі, айқын іріңді экссудация, спонтанды қан кету. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*Ішектің қатерлі ісігі
*Гранулематозды колит
*Ишемиялық колит
*Амебиаз
*+Бейспецификалық жаралы колит
#63
*!Ер адам, 28 жаста, бронхоэктаз ауруы өршуінің терапиясы жүргізілген. 2 аптадан кейін тұрақсыз, интенсивтілігі орташа тұрақты сипаты жоқ іштің ауырсынуы, метеоризм, тәулігіне 4-6 рет, құрамында қорытылмаған тамақ қалдықтары бар сұйық нәжіс пайда болды. Қандай диагностика әдісі осы симптомдардың себебін анықтауға мүмкіндік береді?
*Жалпы қан анализі
*+Нәжісті микробиологиялық зерттеу
*Ирригоскопия
*Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу
*ФГДС
#64
*!Пиелонефриттің өршуі салдарынан стационарлық ем қабылдап жатқан 78 жастағы әйел адамэпицентрі кіндік маңы аймағындағы іштің барлық бөлігінде айқын ауырсынудың, құсудың пайда болуына байланысты кезекші дәрігерді шақырды. Қарағанда: суық жабысқақ тер, дене t С, АҚ 80/60 мм.с.б., ЖЖЖ 100 рет мин., іштің кебуі, құрсақ қабырғасында ауырсыну, аускультацияда ішек перистальтикасы шуының болмауы. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭКГ: Гис шоғырының оң жақ аяқшасының блокадасы, құрсақ қуысының шолу рентгенограммасында ішек ілмектері пневматизациясының жоғарылауы. Клиникалық жағдайдың мүмкін болатын себебі қандай?
*Жедел миокард инфарктысының абдоминалды түрі
*Жедел ішек түйнелісі (непроходимость)
*+Жоғарғы мезентериалды артериялар тромбозы
*Созылмалы панкреатиттің өршуі
*Бос құрсақ қуысына ойық жараның перфорациясы
#65
*!Ер адам, 50 лет, темекіні көп шегеді, тұншығу ұстамасына, төс сүйегінің төменгі үштен бірінде күйдіріп ауырсыну, қышқылмен кекіруге шағымданады. Теофиллин тобының препараттарын қолданғанда жағдайы нашарлайды. ЭКГ: ишемиялық өзгерістер тіркелмеді. Пикфлоуметрияда тыныс шығарудың шыңдық жылдамдығы шамалы төмендеген. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*+Гастроэзофагеалды рефлюксті ауру
*Созылмалы гастрит
*ЖИА. Күш түсу стенокардиясы
*Бронх демікпесі
*Өкпенің созылмалы обструкциялы ауруы
#66
*!Ер адам, 30жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті: пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм. Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?
*Асқазан ішілік рН-метрия
*Жалпы қан анализі
*+Уреазды сынама
*Асқазан рентгенографиясы
*Дуоденалды сүңгілеу
#67
*!Ер адам, 55 жаста «Ұлтабар буылтығының ойық жара ауруы, НР ассоцирленген, рецидивті ағымды» диагнозымен. Құрамында протонды помпа ингибиторы (ППИ), кларитромицин және амоксициллин енген қосарланған терапия нәтижесінде толық ремиссия мен НР эрадикациясы болды. Науқасты әрі қарай жүргізу тактикасы қандай?
* –блокаторларымен үзілулік (прерывистое) курстық терапия
*Антибиотиктермен демеу (поддерживающая) терапиясы
*Хирургиялық емдеу
*Цитопротекторлармен курстық терапия
*+ПИИ демеу терапиясы
#68
*!Әйел адам, 20 жаста, тамақтанудан кейін бірден эпигастрий аймағында кебу сезімі, жүрек қағуы, жүректің шалыс соғуы (перебои), ауа жетпеу сезімдеріне, ентігуге, жиі кекіруге шағымданады. Объективті: сол жақ қабырға астын перкуссиялауда IV қабырға аралыққа дейін тимпаниялық дыбыс. Рентгенологиялық зерттеуде диафрагманың жоғары тұруы анықталды, асқазанның үлкен газдық қабы (большой газовый пузырь) көрінді. Жоғарыда аталған симптоматиканың ұзақ болуы қандай патологияның дамуына әкелуі мүмкін?
*Созылмалы гастриттің
*+Диафрагманың өңештік саңылауы жарығының
*Ойық жара ауруының
*Эмфиземаның
*Диафрагма жарылуының (разрыв)
#69
*!Ер адам, 50 жаста, ішімдікті көп қабылдайды. Тамақтанғаннан кейін үдейтін іштің жоғарғы бөлігінде аурысыну, лоқсу, іштің кебуі, диарея, салмақ жоғалтуға шағымданады. Қандай диагностикалық әдіс зақымдалған мүшенің сыртқы секреторлы қызметінің жағдайын бағалауға мүмкіндік береді?
*рН-метрия
*Уреазды сынама
*Дуоденалды сүңгілеу
*+Липаза деңгейін зерттеу
*Глюкозотолерантты сынама
#70
*!Әйел адам, 35 жаста, тәулігіне 3 ретке дейін сулы көпіршікті көп мөлшерде болатын нәжіске, іштің жоғарғы бөлігінде ауырсынуға, дене салмағының төмендеуіне шағымданады. Бірнеше күн бұрын Тунистен келген, ол жерде теңіз өнімдеріне жасалған экзотикалық тағамдар қабылдаған. Нәжіс бактериологиялық себіндісінде энтеротоксигенді Escherichia coli анықталды. Патологиялық өзгерістердің мүмкін болатын себептері қандай?
*Созылмалы панкреатиттің өршуі
*Бейспецификалық жаралы колит
*+«Саяхатшылар диареясы»
*Іш жүргізетін препараттарды қабылдау
*Псевдомембранозды колит
#71
*!Әйел адам, 52 жаста, майлы, ащы тағамдарды қабылдағаннан кейін сол жақ қабырға астында ауырсыну, лоқсу, құсуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы физиологиялық реңді, пальпацияда оң жақ қабырға астында ауырсынудың күшеюі, Мерфи симптомы оң. Зертханалық көрсеткіштерінде қабыну өзгерістері жоқ. Бауыр сынамалары өзгеріссіз. УДЗ: өт жолдары кеңеймеген, өтімді, өт қабы қуысында диаметрі 5-7 мм, көлемнің ¼ бөлігін толтыратын конкременттер анықталды. Шолу рентгенограммасында конкременттер көлеңкесі анықталмады. Консервативті терапия барысында қандай препарат нәтижелі?
*Метронидазол
*Силимарин
*Дротаверин
*+Урсодезоксихолий қышқыл
*Холецистокинин
#72
*!Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, дене салмағының иөмендеуіне, лоқсуға, ауызда ащы дәмнің болуына, оң жақ қабырға астында ауырлық сезіміне, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауына, терінің қышуына, қызыл иектің қанағыштығына, зәрдің қара түсті болуына, нәжістің ағаруына шағымданады. Объективті: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*+Созылмалы вирусты гепатит
*Созылмалы холецистит
*Созылмалы панкреатит
*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
*Гемолитикалық анемия
#73
*!Әйел адам, 25 жаста, тәулігіне 5 ретке дейін жиі ботқа тәрізді нәжіс, дефекациядан кейін басылатын әш кебуі мен іште ауырсынуға, ішкі дірілдеу мен толық емес тыныс алу сезіміне шағымданады. Ректороманоскопияда, колоноскопияда, нәжістің бактериологиялық зерттелуінде патологиялық өзгерістер жоқ. Мүмкін болатын диагноз қандай?
*Тиреотоксикоз
*Іш жүргізетін препараттарды қабылдауға реакция
*Гранулематозды колит
*Бейспецификалық жаралы колит
*+Ішектің тітіркену синдромы
#74
*!Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялауда алдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі. Жоғарыда айтылған көрініс қандай патологияға тән?
*Антральды атрофиялық емес гастрит
*Ойық жара ауруы
*+Созылмалы атрофиялық гастрит
*Бейспецификалық жаралы колит
*Асқазанның қатерлі ісігі
#75
*!54 жастағы созылмалы тасты хоециститпен және қант диабетімен зардап шегетін әйел адамда 2 сағат бұрын кенеттен оң жақ қабырға асты мен төс артында ауру сезмі, жүрек айну, бір реттік құсу, ішінің кебуі мен ентігу пайда болды. Қарап тексергенде: дене қызуы – С. Тері жабындылары бозғылт, ылғалды, АҚҚ 100/70 мм сын.бағ. Қан анализінде лейкоциттер-12 мың, глюкоза – 10 ммоль/л. УДЗ: өт қабы қабырғасы қалыңдаған және тығыздалған, майда конкременттер анықталды. ЭКГ: тахикардия, ST сегменті ІІ, ІІІ, avF, V4-V6 шықпаларында изолиниядан жоғарлаған.
Төменде көрсетілген препараттардың қайсысы БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ тағайындалады?
*қабынуға қарсы препараттар
*қант төмендететін препараттар
*Миоспазмолитиктер
*Антибиотиктер
*+Антиареганттар
#76
*!Бауыр циррозымен зардап шегетін 52 жасар ер адам терісінің қышынуы мен әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған,тырнақ іздері бар. Қан анализінде- билирубин 60 мкмоль/л, тура фракциясы – 52 мкмоль/л, АСТ- 30 Бірл, АЛТ-25 Бірл, сілтілі фосфатаза-200 МЕ/л, холестерин-8 ммоль/л.
Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?
*+Холестаздық
*Астеновегетативті
*Бауырлық энцефалопатия
*Бауырдың мезенхимальды қабынуы
*Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
#77
*!44 жасар әйел адам әрдайым жүрек айнуына, ауызына ащы дәм келуіне, жиі мұрнының қанауына, арықтауға және етеккірінің болмауына шағымданады. Қарап тексергенде: тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғайған, мойын аймағында телеангиоэктазиялар; пальмарлы эритема, гепатоспленомегалия. Білегі мен балтырында петехиялар. Бауыр УДЗ кезінде фиброз белгілері анықталады. Қан анализінде: жалпы белок- 50 г/л., билирубин- 86 мкмоль/л, фибриноген - 2 г/л, протромбин - 1,1 мкмоль/л, протромбиндік уақыт -50%.
Клиникалық көріністе төменде көрсетілген синдромдардың қайсысы басымырақ?
*Диспепсиялық
*Холестаздық
*Бауырлық энцефалопатия
*Бауырдың мезенхимальды қабынуы
*+Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
#78
*!48 жасар әйел адам ауыр жағдайда жалпы әлсіздікке, қан ұйындыларымен құсуға, бас айналуға шағымданып түсті. Қарап тексергенде: арық, тері жабындылары мен шырышты қабықтары сарғыш, мойын және кеуде аймағында тамырлық жұлдызшалар, алақанында пальмарлы эритема, тіл емізікшелері тегістелген. Іш көлемі ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасының тамырлары ұлғайған, бауыр қабырға доғасынан 5см шығып тұр, беті кедір-бұдыр;көкбауырдың төменгі қыры пальпацияланады.
Науқаста төменде көрсетілген қай синдромдардың асқынуы басым дамыған?
*Бауыр-жасушалық жетіспеушілік
*Мезенхимальды қабыну
*+Портальды гипертензия
*Холестаздық
*Энцефалопатия
#79
*!62 жасар ер адам оң қабырға доғасында ауырлық сезімге, іш кебуге, терсінің сарғаюы мен қышуына, ішінің ұлғаюына, енжарлық пен ашушаңдыққа шағымданады. Жағдайы бірнеше айдын ішінде нашарлаған. Қан анализінде тура билирубин есебінен гипербилирубинемия, трансаминаза, γ-глютамилтранспептидаза, сілтілі фосфатазаның маңызды өсуі байқалады.
Келтірілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін?
*Ұйқы безі басының рагы
*Өт – тас ауруы
*Фатеров емізікшесінң рагы
*Созылмалы гепатит
*+Бауыр циррозы
#80
*!20 жaсар әйел адам оң жақ қабырға доғасында тұрақты ауру сезіміне, жүрек айну, кекіру, аузында ащы дәмге, мезгіл-мезгіл терісінің қышуына, сарғаюының күшеюіне шағымданады Қарап тексергенде: оң қабырға доғасының томпаюынан іші ассиметриялық, беткей көктамырлар кеңейген, бауыр проекциясында күмбез тәрізді тығыз консистенциялы құрылым пальпацияланады. Қан анализінде: эозинофил-9%, билирубин – 90 мкмоль/л, АЛТ-72 ед/л, АСТ – 74 ед/л,сілтілі фосфатаза – 290 ед/л. УДЗ:бауыр қақпасы аймағында анық шекарасы және ішінде сұйықтығы бар дөңгелек құрылым анықталады.
Науқаста қандай патология дамуы ықтимал?
*Бауыр-жасушалық аденокарцинома
*Ірі түйінді бауыр циррозы
*+Бауырдың эхинококты кистасы
*Өт қапшығының шемені
*Бауыр гемангиомасы
#81
*!68 жасар ер адам бас айналуға, «кофе қайнатпасы» түстес құсуға, қара түсті сұйық нәжіске, әлсіздік, ентігуге шағымданып түсті. Көптеген жылдар бойы донор болған. Соңғы 3 жылда екі қабырға доғасында да ауырлық сезім, тәбетінің жоғалуы, дисфагия, арықтау, ішінің ұлғаюы, ұйқысының бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тері жабындылары боз, склерасы сарғыш, аяқ-қолдары арық, іші «бақа» тәріздес.
Дамыған жағдай төменде келтірілген аурулардың қайсысының басым асқынуы болып табылады?
*Асқазан жарасы
*Өңеш ісігі
*+Бауыр циррозы
*Маллори-Вейс синдромы
*Гепатоцеллюлярлы карцинома
#82
*!Бауыр циррозымен зардап шегетін 53 жасар ер адамда қабырға доғасында ауру сезім ұлғайды, сарғаюы күшейіп жатыр, аяқтарында айқын ісіну пайда болды. Соңғы 4 айда 12 кг арықтап кеткен. Бауыр пальпациялағанда: ірі кедір-бұдырлы, тас тәрізді тығыздалған. Қан анализінде: эритр.-2,6 млн., Нв-72г/л, тромбоцит -156 мың., жалпы белок- 45 г/л, -глютамилтранспептидаза – 237 ед/л, -фетопротеин-90 мкг/л.УДЗ кезінде бауырдың квадратты бөлігінің проекциясында көлемді құрылым анықталды.