Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бойынша емтихандық тесттік тапсырмалар 10 страница




#359

*!Некроз ошағының қандай көлемінде кардиогенді шок БАРЫНША мүмкін дамиды?

 

*10%

*15%

*20%

*30%

*+40%

 

#360

*!Миокард инфарктың кеш асқынуларына БАРЫНША мүмкін жатады:

 

*Өкпе ісінуі

*Тромбоэмболия

*Миокардтың жарылуы

*Кардиогенді шок

*+Ерте инфарктан кейінгі стенокардия

 

#361

*!Қант диабетімен, диабеттік нефропатиямен ауыратын әйелге антигипертензивті терапия жүргізілуде. Осы науқаста АҚ қай деңгейге дейін төмендету БАРЫНША тиімді?

 

*< 120/80 мм сб.б.

*+< 130/80 мм сб.б.

*< 140/85 мм сб.б.

*< 140/90 мм сб.б.

*< 150/95 мм сб.б.

 

#362

*!53 жастағы әйелге артериальді гипертензия II дәрежесі, қауіп III диагнозы қойылды және екі антигипертензивті дәрілермен қосарланған терапия тағайындалды.

АҚ мақсаттық деңгейге жетуде БАРЫНША ескере отырып қысымның төмен шекарасын көрсетіңіз?

 

*100/60 мм сб.б.

*105/65 мм сб.б.

*+110/70 мм сб.б.

*120/80 мм сб.б.

*125/85 мм сб.б.

 

#363

*!82 жастағы ер адам қарқынды бас ауыруына, жүрек айнуға, көз алдындағы шыбын-шіркейдің және көздің бұлдырауына шағымданады. Көп жылдар бойы АҚ көтеріледі, бірақ антигипертензивті дәрілерді тек АҚ көтерілгенде қабылдайды. Қарап тексергенде: бойы – 174 см, салмағы – 116 кг. Бет терісі және көзінің склералары гиперемирленген, жүректің сол жақ шекарасы кеңейген, аорта үстінде екінші үн акценті. АҚ–200/90 мм сб.б. Науқасқа салмағын төмендету және ас тұзын азайту ұсынылды, индап, престариум, физиотенз тағайындалды.

Қарт жастағы науқасқа арналған систолалық АҚ мақсаттық деңгейін көрсетіңіз:

 

*<110 мм сб.б.

*<120 мм сб.б.

*<130 мм сб.б.

*+<140 мм сб.б.

*< 150 мм сб.б.

 

#364

*!Антигипертензивті препараттардың қандай комбинациясы барынша тұрақты және эффективті болады:

 

*+Диуретик, ААФ ингибиторларын

*β-бөгемелерді, ААФ ингибиторларын

*Кальций антагонистерін, диуретик

*β-бөгемелерді, Кальций антагонистерін

*Кальций антагонистерін, альфа-адренобөгемелерді

 

#365

*!Қандай ауру оң қарыншалық жетіспеушіліктің дамуымен жиі асқынады:

 

*Артериальді гипертензия

*Ревматикалық емес миокардит

*Жүректің ишемиялық ауруы

*Жедел ревматикалық қызба

*+Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

 

#366

*!Сол қарыншалық жетіспеушілікке анағұрлым тән белгіні көрсетіңіз:

 

*+Ортопноэ

*Гепатомегалия

*Аяқтардағы ісіну

*Мойын көк тамырларының ісінуі (набухание)

*Плеш симптомының оң болуы

 

#367

*!50 жастағы ер адам 200 метрден аз арақашықтықка жүргенде пайда болатын балтыр бұлшық етіндегі ауру сезіміне, аяқтарындағы ұю мен салқындау сезіміне шағымданады. Аяқтарының тамырларының пальпациясында сан артериясында пульсацияның бәсеңдеуі анықталынды.

Науқаста созылмалы артериальді жетіспеушіліктің қандай сатысының дамуы барынша мүмкін:

 

*I

*II A

*+II Б

*III

*IV

 

*Кардиология*2*90*2*

 

#368

*!43 – жастағы ер адам, сол қолға, жауырын астына берілетін төс артындағы ауыру сезімімен ауруханаға түсті. Қарағанда: жүрек үндері бәсеңдеген, аздап тахикардия. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ- шықпаларында ST сегментінің элевациясы.

Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген барынша тиімді:

 

*ӨАЭС (ЧПЭС)

*+коронарографияны

*вентрикулографияны

*миокардтың сцинтиграфиясын

*позитронды-эмиссионды томографияны

 

#369

*!27 – жастағы ер адам, кардиология бөлімшесіне жүрек соғу ұстамасы, кеуде тұсындағы қысып ауыру сезімі және естен тануға шағымданып түсті. Объективті: дене бітімі астениялық типті. Жүрек үндері әлсіз тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ – 88 рет мин. АҚ – 90/60 мм с.б.б. Тропонин Т өзгермеген.

Қандай зерттеуді бірінші кезекте жүргізген БАРЫНША мәліметті:

 

*эхокардиографияны

*вентрикулографияны

*коронароангиографияны

*электроэнцефалографияны

*+ЭКГ тәуліктік мониторлауды

 

#370

*!30 жастағы созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын әйелде: ортопноэ, акроцианоз; төменгі бүйір аймақтағы дыбыссыз ылғалды сырылдар; жүрек ұшында қолтық астына берілетін - дөрекі пансистолалық шуыл, тахиаритмия, бауырдың ұлғаюы, аяқтың ісінуі анықталған.

Қандай топтың дәрілерін бірінші кезекте тағайындаған барынша тиімді?

 

*+диуретиктерді

*кортикостероидтарды

*β-адреноблокаторларды

*кальций антагонистерін

*антиаритмиялық препараттарды

 

#371

*!58 - жастағы әйел артериальды гипертензия, қантты диабет, семіздікпен ауырады.

Емдеу жоспарына қандай емді қосу БАРЫНША тиімді?

 

*нифедипин

*+фозиноприл

*верапамил

*гипотиазид

*фуросемид

 

#372

*!Жиі ішімдік ішетін 39 - жастағы ер адам, физикалық күштемеге байланыссыз жүрек аймағының басып ауыруына, ентігуге, жүрек ырғағының бұзылуына шағымданады. Тексергенде: тері жабындысы бозарған, Дюпиитреннің контрактурасы. Жүрек шекарасы бұғананың ортаңғы сызығына дейін ұлғайған. Жүрек үндері бәсеңдеген, жыбыр аритмиясы. АҚ 100/60 мм с.б.б. Бауыр 4 см ұлғайған, балтырлары ісінген. ЭКГ- жүрекшелер жыпылығы, қарыншалардың жиырылу жиілігі мин. 125-140 рет QT интервалы ұзарған. шықпаларында Т-тісшесі теріс.

Бұл науқастың емдеу жағдайының міндетті түріне барынша кіреді:

*витаминотерапия

*+толық абстиненция

*диурездік терапия

*метаболизмдік терапия

*антиаритмиялық терапия

 

#373

*!45 – жастағы ер адам қалтырау, фебрильді қызба, жөтел, қан түкіру, буындары мен бел аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінде шиқан жиі мазалайды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі «сүт қосқан кофе» тәрізді, аяғында – таңбалы бөртпелер, саусақтары «дабыл таяқшасы» және «сағат әйнегі» тәрізді. Тексерген кезде: эритроциттер - , Нв – 92 г/л, лейкоциттер – 22 мың, ЭТЖ – 46 мм/сағ, диспротеинемия, протеинурия. Рентгенограммада – оң жақ өкпесінде «сына тәрізді» көлеңке.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін тағайындау барынша тиімді?

 

*бронхоскопияны

*сцинтиграфияны

*+эхокардиографияны

*буындардың рентгенографиясын

*өкпенің компьютерлік томографиясын

 

#374

*!45 жастағы ер адамды бір ай ішінде 250-300 м жүргенде пайда болатын төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ауыру изокет – спреймен, кейде спонтанды түрде тыныштық жағдайда басылады.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысының болуы БАРЫНША мүмкін?

 

*күштемелі стенокардия ФК I

*күштемелі стенокардия ФК II

*күштемелі стенокардия ФК III

*күштемелі стенокардия ФК IV

*+алғаш пайда болған стенокардия

 

#375

*!Трансмуральді алдыңғы-жайылмалы миокард инфарктісі бар 45 жастағы ер адамда төстің сол жағында IV қабырғааралықта патологиялық пульсация, тұйықталған жүрек үндері, 1 нүктедегі систолалық шуыл анықталады. ЖСЖ - 90 в мин.; АҚ 110/70 мм с.б.б. 18 тәуллікте ЭКГ-да

шықпаларда QS тісшесі және SТ интервалының жоғарылауы тіркелді.

Қандай зерттеу әдісі дамыған асқынудың диагностикасын нақтылауға көмектеседі?

 

*ЭКГ

*ӨІЭС

*+ЭхоКГ

*коронароангиография

*кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

 

#376

*!Миокард инфарктын басынан өткерген 64 жастағы ер адамды соңғы 2 айда аздаған физикалық күштемеден кейін пайда болатын жүрек ырғағының бұзылысы, төс артындағы ауыру сезімі мазалайды, ентігу күшейіп, кешке жақын аяқтарында ісік пайда болады. АҚ - 140/90 мм с.б.б., ЭКГ-да: I, aVL, , шықпаларында QS, ST – изолинияда, қарыншаүстілік экстрасистолалар.

Төмендегінің қайсысын емдеу жоспарына енгізу БАРЫНША тиімді:

 

*нитраттарды

*антиагреганттарды

*+бета-блокаторларды

*ААФ ингибиторларын

*кальций антагонистерін

 

#377

*!Өкпелік гипертензиясы бар 39 жасар ер адам, жөтелге, күштемеден кейінгі бас айналуға, кейде талуға шағымданады. Қарап тексергенде акроцианоз, кеуде қуысы «бөшке тәрізді», төртінші нүктеде пансистолалық шуыл, өкпе артериясын үстінде II үннің акценті.

Науқаста қандай патологиялық жағдай дамыды?:

 

*қосарланған митралдық ақау

*миокардит, дилатациялық синдроммен

*миокардиодистрофия

*+созылмалы өкпетекті жүрек

*дилатациялық кардиомиопатия

 

#378

*!19 жастағы ер бала, ентігу, қатты бас ауыруы, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, аяқтарының ұюы мен тез шаршағыштыққа шағымданады. Объективті: кәрі жілік артериясында пульс күшейген, ал сан артериясында әлсіз кернеуі төмен,. Қолында АҚҚ 170/90 мм с.б.б., аяқтарында 100/70 мм с.б.б. Боткин-Эрба нүктесінде және жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілтін әлсіз систолалық шуыл.

Диагнозды анықтауға берілген зерттеу әдістерінің қайсысы БАРЫНША ақпаратты?

 

*+кеуде қуысының рентгенографиясы

*бас сүйегінің рентгенографиясы

*электрокардиограмма

*магнитті резонанс

*фонокардиография

 

#379

*!62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарау кезінде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай терлеген. Жүрек үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: , – монофазалық қисық түрінде.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

 

*Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті

*Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.

*Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.

*+Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.

*Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.

 

#380

*!75 -жастағы әйел бір сағат бұрын пайда болған төс артындағы басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. ЭКГде – депрессиясы. Ауруханаға түскенде жедел коронарлық синдром қойылған.

Науқасқа БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ қандай зерттеу тағайындау көрсетілген?

 

*Сцинтиграфияны

*Велоэргометрияны

*Эхокардиографияны

*+Коронароангиографияны

*ЭКГ холтерлік мониторлауды

 

#381

*!57 жастағы ұста, жүрек тұсындағы басып ауыратын ауыру сезіміне, физикалық күштемедегі ентігу, басының шулауына, бас ауыруына шағымданады. Анамнезінен; асқазанның ойық жара ауруымен ауырады; шашының ерте ағарғанын байқаған, шылым тартады. Қарап тексергенде: толық, Франк, Габриэл симптомы анықталады. Қанда холестерин деңгейі 6,8 ммоль/л, ТТЛП холестерин деңгейі 3,6 ммоль/л.

Бұл жағдай көрсетілген аурулардың қайсысымен БАРЫНША мүмкін байланысты?

 

*+Жүрек қан тамырларының, бас миының атеросклерозы

*Омыртқаның кеуде бөлігінің остеохондрозы

*Созылмалы холециститтің өршуі

*Асқазанның ойық жара ауруы

*Қабырға аралық невралгия

 

#382

*!40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда ерте пайда болатын төс артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

 

*ЖИА. Күштемелік стенокардия II ФК

*ЖИА. Күштемелік стенокардия III ФК

*ЖИА. Күштемелік стенокардия IV ФК

*ЖИА. Үдемелі стенокардия

*+ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

 

#383

*!Туа пайда болған жүрек ақауы бар 26 жастағы ер адам инвазивті шарадан кейін 1 айдан соң пайда болған қызбаға, өте күшті қалтырауға құйылған терге шағымданады. Қарап тексергенде: конъюнктиваның өту қатпарында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар. Қанда анемия, солға ығысқан лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы.

Осы ауруды емдеуге қолданылатын негізгі дәрілер тобы болып табылады:

 

*Метаболиктер

*+Антибиотиктер

*Антиоксиданты

*Глюкокортикостероидтар

*Стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

 

#384

*!72 жасар ер адам нитраттар көмектеспейтін төс артындағы қатты басып ауыратын ауыру сезіміне шағымданады. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, гипотония. ЭКГ да солжақ қарыншаның артқы бүйір қабырғасы зақымданған.

Осы жағдайды нақтылауға көрсетілген зертханалық көрсеткіштердің қайсысы

БАРЫНША ақпаратты?

 

*Жүректік натрийуретикалық пептидті

*С-реактивті белокты

*Трансаминазаны

*Гомоцистеинді

*+Тропонин I ді

 

#385

*!57 жастағы ер адамда алдынғы жайылған миокард инфаркт белгілері, ЭКГда үш апта бойы сақталған ST сегментінің жоғарылауы және парадоксальді прекардиальді пульсация анықталды.

БАРЫНША мүмкін асқынуды атаңыз?

 

*Тромбоэндокардит

*Инфарктан кейінгі синдромы

*Миокард инфарктің рецидиві

*+Сол қарыншаның аневризмасы

*Қарынша аралық перденің жыртылуы

 

#386

*!16 жастағы жігіт мезгіл – мезгіл пайда болатын ұстамалы жүрек қағу мен синкопальды жағдайға шағымданады. Тыныштықта ЭКГ өзгеріс жоқ. Бас миының компьютерлік томографиясы патологиясыз. Эхокардиография қалыпты.

Синкопені нақтылауға көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысын жүргізген БАРЫНША ақпаратты?

*Вентрикулография

*Өңеш арқылы эхокардиография

*+ЭКГ Холтерлік мониторлау

*Жүректің өңеш арқылы электростимуляция

*Жүрек ішілік электрофизиологиялық зерттеу

 

#387

*!49 жастағы ер адам алдынғы-жайылған Q тісшесіз миокард инфарктысымен емделген. Үшінші аптада қызба, артралгия, перикард пен плевраның үйкеліс шуы пайда болды.

Көрсетілген диагноздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін?

 

*Инфекциялық эндокардит

*+Дресслер синдромы

*Перикардит

*Плеврит

*Сепсис

#388

*!25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Об-ті: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.

Көрсетілген жүрек ақауларының қайсысы БАРЫНША мүмкін?

 

*Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы

*Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі

*Митральді қақпақшаның жетімсіздігі

*Өкпе артериясы саңылауының тарылуы

*+Аорта саңылауның тарылуы

 

#389

*!Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі бар (ФКІ СЖЖ) науқасқа ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторын (ААФИ) тағайындау шешілді. ААФ ингибитоларын тағайындауға қандай қарсы көрсеткіштер бар?

 

*+Айқын қолқалық стеноз

*Артериялық гипертензиясы бар науқастарда айқын гиперлипидемия

*Артериялық гипертензияның бронхообстукциямен қосарлануы

*Диабеттік нефропатия кезіндегі артериялық гипертензия

*Артериялық гипертензияның шеткері артериялардың облитерлеуші ауруларымен қосарлануы

 

#390

*!58 жастағы ер адам бір жыл бұрын миокард инфарктысын басынан кешті. Соңғы айда ентігу бұрынғыдан аз физикалық күш түскенде пайда бола бастады, стенокардия ұстамалары жоқ. Шеткері ісіктер жоқ. Тыныштықтағы ТАЖ минутына 18 рет, өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары әлсіреген, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 79, бауыры ұлғаймаған. 6 минуттық жүру тесті және ЭХОКС жүргізілді. NYHA бойынша ФК ІІ СЖЖ анықталды. Диуретиктермен емдеу тактикасы жайлы қандай тұжырым дұрыс?

 

*+Диуретиктер көрсетілмеген

*Ілмектік диуретиктер

*Тиазидті диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені

*Ілмектік диуретиктер және альдостерон антагонисттері кешені

*Ілмектік, тиазидтік диуретиктер жєне альдостерон антагонисттері кешені

 

#391

*!Әйел адам 60 жаста, диагнозы ЖИА, мезгілі белгісіз басынан кешкен миокард инфарктысы. СЖЖ III. ЭКГ: Р тісшесі жоќ, f толқындар, R-R арақашықтығы әр түрлі. ЭхоКГ–да шығарыс фракциясы 35%. Қандағы креатинин деңгейі қалыпты. Осы науқаста жүрек гликозидтерімен (дигоксин) емдеу тактикасы жайлы тұжырымдардың қайсысы дұрыс?

 

*СЖЖ және синусты ырғақпен науқастарда емдеу жетістіктің предикторына шығарыс фракциясының < 60% болуы жатады

*Дигоксинді тәулігіне 0,325 мг астам дозасында қолданған дұрыс

*Бүйрек жеткіліксіздігі кезінде дигоксин дозасын реттеп қажеті жоқ

*Әйелдерде дигиталисті интоксикация сирек дамиды

*+Жыбырлы аритмия кезінде дигоксин тыныштықтағы ЖСЖ-н азайтады

 

#392

*!Қыз 19 жаста. Бұрын кезеңді түрде басының ауыратынын байқаған. Сирек ЖРВИ болған. Қарағанда: гипостениялық дене қалпы, ісіктер жоқ. Жүрек тондары қалыпты, ырғағы дұрыс, ЖСЖ минутына 80 рет, АҚ 170/120 мм с. б. Басқа мүшелері жағынан патологиялық өзгерістер анықталынған жоқ. Жалпы қан және зәр анализдері, биохимиялық көрсеткіштері қалыпты деңгейде. ЭКГ-да, ЭХОКГ-те сол қарыншаның гипертрофиясы белгілері. Изотопты рентгенографияда оң бүйректің васкулярлы сегменті өзгерген. Гипотензиялы препараттармен үш кешенді терапия нәтижесіз. Артериялық гипертензияның ең мүмкін болатын себебі қандай?

 

*Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы интерстициалды нефрит

*+Бүйрек артериясының тарылуы

*Бүйрек туберкулезі

*Біріншілік альдостеронизм

 

#393

*!Әйел 62 жаста. Дәрігерге басының ауыруына, бас айналуға шағымданып келді. Анамнезінде – стенокардия ұстамалары, кезеңді түрде нитраттар, аспирин қабылдайды. 8 жылдан бері бронхты демікпемен ауырады, тұншығу ұстамаларын симпатомиметиктер ингаляциясымен басады. Қарағанды: тері жамылғысы бозғылт, мойын тамырларының пульсациясы. Сол жақ жүрек шекарасы ұлғайған, жүрек резистентті, солға және төменге ығысқан. Аускультацияда: ІІ қабырға аралықта оң жақта жұмсақ протодиастолалық шу, ЖСЖ минутына 82, АҚ 185/60 мм с. б. Артериялық гипертензияның мүмкін болатын себебі қандай?

 

*Эссенциалды артериялық гипертензия

*Дәрімен индуцирленген артериялық гипертензия

*Натрийдің біріншілік бүйректік ретенциясы

*+Атеросклерозды генезді қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

*«Ақ халат» гипертензиясы

 

#394

*!Ер адам 45 жаста. 10 жыл бойы алкоголді шамадан тыс көп қолданады. Дәрігерлерге қаралмаған. Кенеттен жағдайы нашарлаған. Тыныштықтағы ентігу пайда болған, «жедел жәрдем» машинасын шақырған. Дәрігер басталып келе жатқан өкпе ісінуін анықтады. ЭКГ түсірілді:

Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуына әкелген себеп қайсысы?

 

*Жедел миокард инфарктысы

*+Пароксизмалды жүрекшелер дірілі

*Жүрекшелер фибрилляциясының тұрақты түрі

*Жылдамдаған шықпалы ырғақ (выскальзывающий ритм)

*Пароксизмалды қарыншалық тахикардия

 

#395

*!18 жастағы жас жігіт. Колледжде медициналық қарау кезінде тыныс алғанда өзгермейтін төс сүйектің сол жағында ІІІ қабырға аралықта систолалық шу, өкпе артериясының үстінде ІІ тонның қосарлануы анықталды. Шағымы жоқ. Анамнезінде тек суық тию болған. Диагнозды қоюда қандай зерттеу әдісі ақпаратты болар еді?

 

*ЭКГ

*+ЭХОКГ

*ФКГ

*Кеуде қуысының мүшелерінің рентгенографиясы

*Аортография

 

#396

*!Жүкті әйел әйелдер кенесінде дәрігерге терапевтке жүрек тұсында шалыс соғу (перебои) сезіміне шағымданды. Бұрын ештеңемен ауырмаған. ЭКГ түсірілді:

 

Науқасты жүргізу тактикасы қандай?

 

*Науқасты динамикада бақылау

*Шұғыл түрде жүктілікті үзу

*Бұл патология әрі қарай бақылауды қажет етпейді

*+Холтерлік мониторлау және ЭХОКГ жасауды ұсыну

*Шұғыл түрде госпитализациялау және интенсивті антиаритмиялық терапия жүргізу

 

#397

*!ЭКГ-да тіркемелерінде R тісшесінің үлкеюі, ST сегментінің депрессиясы анықталды. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*Алдыңғы перде аймағының миокард инфарктысы

*Төменгі көк еттік миокард инфарктысы

*+Артқы базалды миокард инфарктысы

*Жүрек ұшылық миокард инфарктысы

*Оң қарыншаның миокард инфарктысы

 

#398

*!Ер адам 43 жаста, стенокардияға байланысты күн сайын изосорбид динитрат қабылдауға мәжбүр, бірақ препаратқа тұрақтылық дамыды. Анамнезінде обструкциялы бронхит. Пациентті оптимальды жүргізу тактикасы қандай?

 

*Нитраттарды емнен алып тастау

*+Изосорбид динитратты изосорбид – 5 – мононитратқа алмастыру

*Нитрат дозасын жоғарлату

*Қосымша β-блокаторлар тағайындау

*Нитраттарды қабылдауда 8 сағаттық үзілісті қамтамасыз ету

 

#399

*!Күш түсу стенокардиясы бар науқаста ЭКГ-да Гисс шоғырының сол жақ аяқшасының блокадасы анықталды. Коронарография жүргізгенде патологиялық үрдістің орналасқан жері анықталмады. Тәждік тамырлардың зақымдалу орнын көрсететін ақпаратты зерттеу әдісі қайсысы?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-31; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 766 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2139 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.