Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Гинекологиядағы жедел іш жағдайы




 

@ Ұрықтану болады: (жабық, дәріс, 1 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. іш қуысында

B. цервикальды өзекте

C. жатыр түтігінің ампулярлық бөлігінде

D. жатыр түтігінің интерстициальдық бөлігінде

E. жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде

 

@ Жатырға және жатыр түтігіне енгеннен соң сперматозоидтар қанша уақытқа дейін ұрықтануға қабілетін сақтайды: (жабық, дәріс, 1 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. 6-12 сағат

B. 72 сағатқа дейін

C. 3-5 тәулік

D. 10 тәулік

E. 6 сағатқа дейін

 

@ Барлық қолданылып жүрген жүктілікті анықтайтын тесттердің қайсысы ең нәтижелі: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. Ашгейм-Цондек реациясы

B. гемагглютинацияны тежеу реациясы

C. Галли-Майнини реациясы

D. прегностигон тест

E. β-ХГ анықтау

 

@ Жатырдан тыс жүктіліктің келесі клиникалық түрлерін ажыратады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтікті

B. іш қуыстық

C. аналық безді

D. дамымай жатқан

E. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

 

@ Жатырдан тыс жүктіліктің түтіктік аборт түрінде үзілуі келесі орналасуға тән: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жатыр түтігінің ампулярлы бөлігі

B. жатыр түтігінің истимикалық бөлігі

C. жатырдың рудиментарлы мүйізінде

D. жатыр түтігінің интерстициальды бөлігі

E. дұрыс жауабы жоқ

 

@ Қанның реинфузиясына көрсеткіш болып саналады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. ауырсыну ұстамасынан соң 6 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы

B. қанда майлы қосылыстардың болуы

C. науқастың дене қызуының көтерілуі

D. гемолиздің болуы

E. ауырсыну ұстамасынан соң 16 сағаттан артық уақыт өтпесе, инфекция белгілерінің және қанда макроскопиялық өзгерістердің болмауы

 

@ Жатырдан тыс жүктілікке байланысты операциядан соң науқастарды реабилитациялау кешеніне кіреді, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. физиотерапия жүргізу (дәрілік заттармен электрофорез, ультрадыбыстық терапия)

B. жүйелі энзимотерапия препараттарын тағайындау

C. контрацепция

D. аутогемотрансфузияның қайталап курсын жүргізу

E. балшықпен емдеу

 

@ Үзілген түтіктік жүктілік кезінде науқастың ауыр жағдайында жасалады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жедел қан құю

B. жедел операция (жүкті түтікті алып тастау), гемостаз, аутоқан реинфузиясы

C. гемостаз

D. консервативті ем

E. анемияға қарсы ем

 

@ Түтіктік аборт түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде болады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жыныс жолдарынан аздаған қанды бөлініс

B. іштің төменгі бөлігінде және мықын шап аймағында ауырсыну

C. қынап арқылы зерттегенде қосалқыларының ұлғаюы және ауырсынуы

D. етеккірдің кідіруі

E. пальпация кезінде алдыңғы іш қабырғасының кернеуі

 

@ Жатыр түтігі жарылу түрімен үзілген жатырдан тыс жүктілік кезінде барлық белгілер болады, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. мықын аймағының бірінде кенеттен ұстамалы ауырсыну

B. ауырсынудың тік ішекке, иыққа таралуы

C. ашық кезеңдермен ұстама тәрізді ауырсыну

D. коллапс

E. жүрек айну (құсу)

 

@ Жатырдан тыс жүктілік үзілген кезде дұрыс шаралар реті: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. гемотрансфузия, операция

B. терапевт, анестезиолог кеңесі, операция

C. ультрадыбысты зерттеу, гемотрансфузия, операция

D. операция, гемотрансфузия

E. 2-3 сағат консервативті емдеу, гемотрансфузия, сосың операция

 

@ Аналық без апоплексиясы бұл: жабық, дәріс, 1 ұрай, А, гинекология, аналық без апоплексиясы)

A. аналық безден жедел қан кету, аналық без жарылуы

B. аналық без тканінің іріңді балқуы (пиовар)

C. аналық бездің қанмен қамтамасыз етуінің жедел бұзылысы

D. аналық без тканінің некрозы

E. аналық без поликистозы

 

@ Қынап арқылы зерттегенде науқаста анықталды: сыртқы ернеуі жабық, жатыр сәл ұлғайған, жұмсарған. Оң жақ қосалқыларында жұмсақ, ауырсынатын түзіліс анықталады, жатыр мойнын қозғаған кезде ауырсынады. Мүмкін диагноз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. үдемелі жатырдан тыс жүктілік

B. оң жақ аналық без апоплексиясы

C. оң жақ жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну процесінің өршуі

D. оң жақ аналық без кистомасы

E. оң жақты тубоовариальды түзіліс

 

@ Жатырдан тыс жүктілікке күмән болған науқаста қынап арқылы тексергенде анықталды: сыртқы ернеуі ашық, цервикальды өзектен ал қызыл түсті қанды бөліністер, жатыр 8 апталық жүктілікке сай ұлғайған. Қосалқылары анықталмайды. Қынап күмбездері терең, бос. Диагноз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 3 ұпай, В, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтікті аборт

B. үзілген жатырлық жүктілік

C. аналық без апоплексиясы

D. жатыр қосалқыларының қабыну процесінің өршуі

E. біреуі де емес

 

@ Аналық без апоплексиясына тән, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, аналық без апоплексиясы)

A. іштің төменгі бөлігінде ауырсыну

B. ішке қан кету

C. жүктілікке биологиялық сынамалардың теріс болуы

D. айқын лейкоцитоз

E. іш пердесінің тітіркену симптомы

 

@ Аналық без апоплексиясында жиі қандай операция жасалады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, В, гинекология, аналық без апоплексиясы)

A. лапаротомия, қынап үстілік жатыр ампутациясы

B. лапароскопия, аналық без резекциясы немесе қансыраған жерді коагуляциялау

C. лапаротомия, аналық безді түтікпен алып тастау

D. лапаротомия, қосалқыларымен қынап үстілік жатыр ампутациясы

E. аналық безді алып тастау

 

@ Түтіктік аборттың негізгі клиникалық белгілерін таңдаңыз: (жабық, тәжірибелік сабақ, 2 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. іштің төменгі бөлігінде тұрақты ауырсыну, естен тану, артериялық қан қысымының төмендеуі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс

B. жыныс жолдарынан қанды бөлініс, тік ішекке таралатын іштің төменгі бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, естен тану, дене қызуының жоғарлауы

C. естен танумен кенеттен іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, тік ішекке қысым сезімі, жыныс жолдарынан қанды бөлініс

D. тік ішекке, санға, сегізкөзге берілетін іштің төменгі бөлігінде тұйық, сыздап ауырсыну, жыныс жолдарынан қанды бөлініс, жалпы жағдайында өзгеріс жоқ

E. іштің төменгі бөлігінде ұстама тәрізді ауырсыну, ұстама арасында аралықпен, жүрек айну, жыныс жолдарынан қанды бөлініс, жалпы жағдайында өзгеріс жоқ

 

@ Үдемелі жатырдан тыс жүктілік кезінде негізгі мәлімет беретін әдіс: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, D, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. жүктілікке иммунологиялық сынама

B. УДЗ

C. артқы күмбез пункциясы

D. лапароскопия

E. жатыр қуысын диагностикалық фракционды қыру

 

@ Жатырдан тыс жүктілік кезінде жатыр қуысынан алынған қырындыда гистологиялық анықталады: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, С, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. секреция фазасындағы эндометрий

B. пролиферации фазасындағы эндометрий

C. хорион бүрлерінсіз децидуальды ткань

D. хорион бүрлері

Е. ұрық жұмыртқасы бөліктері

 

@ Ұрық жұмыртқасы жатыр түтігінің истмикалық бөлігінде орналасса, жүктілік үзіледі: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, А, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. тек түтіктің жарылу түрімен

B. жиі жарылу түрімен

C. аборт пен жарылу жиілігі бірдей

D. жиі аборт түрімен

Е. жүктілік жиі ұзарады

 

@ Түтіктік жүктілік кезінде консервативті операцияларды барлық жағдайларда жасауға болмайды, біреуінен басқасы: (жабық, тәжірибелік сабақ, 1 ұпай, Е, гинекология, жатырдан тыс жүктілік)

A. түтіктің үлкен жарылуында

B. массивті қан кету

C. түтіктік жүктіліктің үзілгеннен көп уақыт өтсе

D. 35 жастан жоғары әйел

Е. репродуктивті қызметін атқармаған жас әйел

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1306 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2489 - | 2331 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.02 с.