*реактивті артрит
*туберкулезді артрит
*+жүйелі склеродермия
*остеоартроз
*псориаздық артрит
#550
*!27 жасар ер адам жүрген кезінде табандарындағы ауру сезімі мен оң тізесінің ісініп ауруына шағымданады. Анамнезінде 3 апта бұрын кафеде ас қабылдағаннан кейін іші өткен. Анализдерінде: Лейк-12,0*109/л, ЭТЖ 25мм/сағ, АСЛО 200Ед/мл? нәжіс анализі патологиясыз. Пальпация кезінде ахилл сіңірі ауру сезімі бар. Артриттің ЕҢ ықтимал себеп қайсысы?
*+реактивті артрит
*туберкулезді артрит
*жүйелі склеродермия
*остеоартроз
*псориаздық артрит
#551
*!25 жасар науқас физикалық жүктеме кезінде азаятын беліндегі құрысулық ауруға, өкше маңындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: омыртқада қоғалыс шектелмеген, анализдерінде патологиялық өзгерістер жоқ. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*буын рентгенографиясы
*буынның ультродыбыстық зерттеуі
*+буынның магнитті резонансты томаграфиясы
*буынның компютерлік томаграфиясы
#552
*!Терапевтке 72 жасар әйел механикалық сипаттағы тізе буындарындағы ауыру сезіміне, ондағы крепитацияға, 15 минутқа дейін болатын таңертеңгілік құрысуға шағымданып келді. Берілген шағымдар 7 жылдан астам мазалайды. Объективті: тізе буынның варусты деформациясы, қимылдағанда ондағы крепитация, гиперемия және ісіну жоқ. Қан және зәр анализінде патология жоқ. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*+буын рентгенографиясы
*буынның ультродыбыстық зерттеуі
*буынның магнитті резонансты томаграфиясы
*буынның компютерлік томаграфиясы
#553
*!17 жасар жасөспірім суықтап қалған соң, шынтақ және тізе буындарындағы ауыру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 39,0 С көтерілуіне, әлсіздікке шағымдана бастады. Қарағанда: науқас оң қолымен еріксіз қимылдар жасайды, ашуланшақ. Оң тізе буыны ісінген, ұстағанда ыстық, ондағы қимылы ауыру сезімді. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*қалқанша без гормондары
*+антистрептолизин-О
*циклдік цитруллинирленген пептидке антиденелер
*артроскопия
*уретрадан мазок
#554
*!14 жасар бала футболдағы ойыннан кейін сол балтырдың төменгі үштен бір бөлігінің ісінуін және жансыздану сезімін, ауыру сезімін, сол аяқтағы тізе асты аймағының дискомфортын байқай бастады. Объективті ауыру сезіміне байланысты оң тізе және сирақ аяқ басы буындарындағы қимыл шектелген. Анализде патологиялық өзгеріссіз. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*+буын рентгенографиясы
*буынның ультродыбыстық зерттеуі
*буынның магнитті резонансты томаграфиясы
*буынның компютерлік томаграфиясы
#555
*!30 жасар әйел кеудедегі терең тыныс алғандағы және құрыспалы айқын ауру сезіміміне шағымданады. Қарағанда омыртқаның кеуде бөлімінің паравертебральды нүктелерінде ауыру сезімі бар. Кеуде торының рентгенографиясында спондилит анықталды. Қан және зәр анализі патологиясыз. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*аяқ қол қантамырлар ультрадыбыстық зерттеуі
*+HLA B27
*эхокардиография
*уретрадан мазок алу
*буын рентгенографиясы
#556
*!29 жасар ер адам оң аяқ басы буынында қимылдың шектелуі және ісінуіне, ауыру сезіміне, жиі ауыру сезімді зәр шығуына шағымданады. Қарағанда оң аяқ басы буынында қимыл шектелуі және ісіну, гипертермия байқалады. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*аяқ қол қантамырлар ультрадыбыстық зерттеуі
*HLA B27
*эхокардиография
*+уретрадан мазок алу
*буын рентгенографиясы
#557
*!13 жасар қыз жүрек маңында иррадияциясыз шаншыған ауыру сезімі, ентігуге, оң тізе буынының артриті жазылғаннан кейін пайда болған оң шынтақ буынының ісінуіне және айқын ауыру сезіміне, дене қызуының 40 С көтерілуіне, әлсіздікке шағымданады. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*аяқ қол қантамырлар ультрадыбыстық зерттеуі
*HLA B27
*+эхокардиография
*уретрадан мазок алу
*буын рентгенографиясы
#558
*!40 жасар әйелді қол саусақтары қимылының шектелуі және ауыру сезімі, 1 сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысу, аяқ қолдарының жансыздану сезімі және олардың айқын мұздауы мазалайды. Анамнезінде 5 жыл көлемінде ауырады. Қарағанда қолдары мұздай, қол басын жұдыраққа қысу симптомы оң. Қол басы рентгенографиясында дистальды фаланга остеолизі анықталады. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*+аяқ қол қантамырлар ультрадыбыстық зерттеуі
*HLA B27
*эхокардиография
*уретрадан мазок алу
*буын рентгенографиясы
#559
*!27 жасар ер адам бір жыл көлемінде сол тізе буынында айқын ауыру сезімі мазалайтынына шағымданады. Науқас сол аяққа ақсаңдайды, қарағанда берілген аяқ бұлшықеттерінің атрофиясы байқалады, Фабере тесті оң. Анамнезінде 20 жасында өкпе туберкулезін өткерген. Анализдерде Эр-4,5х 1012/л, Лейк-10,0*109/л, ЭТЖ 30 мм/с. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*аяқ қол қантамырлар ультрадыбыстық зерттеуі
*HLA B27
*эхокардиография
*уретрадан мазок алу
*+буын рентгенографиясы
#560
*!27 жасар ер адам оң тізе және тобық буынының айқын ауруына, ісінуіне, температурасының 37,5 жоғарылауына, ауырсынумен зәр шығаруына, уретрадан іріңді бөлініке шағымданады. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*илеосакралды байламның магнитті резонансты томаграфиясы
*антистрептолизин-О
*қан сары суындағы зәр қышқылының концентрациясын анықтау
*артроскопия
*+уретрадан мазок
#561
*!27 жасар ер адам сегізкөз мықын буыны аймағындағы ауру сезіміне, рецидивті ірі буындардың моноартритіне шағымданады. Қарағанда: паравертебралды нүктелерде ауырсыну, бел лордозының тегістелуі және кеуде кифозының күшеюі, арқа бұлшық еттерінің дефансы. Шобер, Кушелевский и Томайер симптомдары оң. Анализинде Эр- 5,4х 1012/л, Лейк-8,0*109/л, ЭТЖ 60 мм/саң, РФ – теріс. Райта және Хедельсон реакциясы – теріс. Бруцеллезге ИФАIgG – теріс, HLAB27 – оң. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*+илеосакралды байламның магнитті резонансты томаграфиясы
*антистрептолизин-О
*қан сары суындағы зәр қышқылының концентрациясын анықтау
*артроскопия
*уретрадан мазок
#562
*!Ер адам 66 жаста, 45 жыл шылым шегеді, тізе, тобық, жамбас сан буынының тұрақты ұзақ ауруына шағымданады. Буындары кейде ісінеді, қозғалысы шектеледі, бірақ ұзақ емес. 6 айда 15 кг жүдеді, миалгия, тәбеті төмендеген, әлсіздік, ұйқысы нашарлаған. Анализинде - анемия,ЭТЖ жоғарылаған. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*буын рентгенографиясы
*буынның ультродыбыстық зерттеуі
*буынның магнитті резонансты томаграфиясы
*+онкомаркер
#563
*!Әйел адам 60 жаста екі қолының дистальды фаланга аралық буындарының қозғалысының шектелуіне шағымданады, 10 жыл мөлшерінде пайда болып біртіндеп күшеюде. Қарағанда: дене бітімі - гиперстеникалық,толық. Сүйек-буын жүйесі: тізе буындарының «О»-тәрізді деформациясы, екі қолының дистальды фаланга аралық буындары аймағында түйінді қалыңдаған, саусақтары деформацияланған, қозғалысы шектелген. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*+бактериологиялық зерттеумен буын пункциясы
*буын рентгенографиясы
*буынның ультродыбыстық зерттеуі
*буынның магнитті резонансты томаграфиясы
*онкомаркер
#564
*!Науқас 50 жаста оң тобық буынының жедел ұстамалы артритімен келді. Ұстама кенеттен таңға жуық басталған, дене температурасы 38,0 С жоғарылаған. Буын аймағы ңсңнген, гиперемирленген, ауырсынады және қозғалысы шектелген. Науқастың айтуы бойынша осындай ұстама 1 ай бұрын оң башпай буынында болған, өздігінен кеткен. Зерттеу әдістерінің қайсысын тағайындаған БАРЫНША маңызды?
*илеосакралды байламның магнитті резонансты томаграфиясы
*антистрептолизин-О
*+қан сары суындағы зәр қышқылының концентрациясын анықтау
*артроскопия
*уретрадан мазокалу
#565
*! 12 жастағы қыз дене қызуының кешкі мезгілде 37,5ºС көтерілуіне, жүрек соғуына, тершеңдікке, жүрек тұсындағы жағымсыз сезімге, тізе буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 аптадан соң баспамен ауырғаннан кейін пайда болды. Қарағанда: бозарған, тізе буындары аздап ісінген, қозғалысы ауыру сезімімен. Өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ.ТЖ 20 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ 92 рет/ мин. АҚҚ 95/70 мм с.б. АСЛ-О 1250 ХБ/мл. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*+жедел ревматикалық қызба
*В12 тапшылықты анемия
*Ток ішектің ісігі
*Токсикалық дифтерия
*ЖИТС
#566
*!33 жастағы әйелде бір апта бойы дене қызуының 37,0-38,0ºС көтерілуіне, бел аймағындағы сыздап ауыру сезіміне, зәр шығуының жиілеуіне шағымданады.Қарағанда: тынысы везикулярлы, ТЖ 19 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 90 рет мин., АҚҚ 115/75 мм с.б.ЖҚА: эритроциттер- 4,5 х 10^12 л, лейкоциттер - 9,2х10^9 л, ЭТЖ – 20 мм/сағ. ЖЗА: аздап бұлыңғыр, түсі:ашық- сары, тығыздығы-1007, лейкоциттер: 20-30 к/а, ақуыз: 0,055 г/л, шырыш: ++, бактериялар: +++, жалпақ эпителий: 5-4-2 к/а, эритроциттер өзгермеген 1-2-0 к/а, қышқылдығы нейтральді. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*инфекционды эндокардит
*+созылмалы пиелонефрит
*өкпе туберкулезі
*ДТЖ. Тиреотоксикоз
*Бруцеллез
#567
*!37 жастағы әйелде 1,5-2 ай бойы дене қызуының 37-37,50С дейін көтерілуіне, жүрек қағуы, салмағының азаюы, ашушаңдық, ұйқысының бұзылуы, жиі бас ауруына, үлкен дәретінің тұрақсыздығына шағымданады. Осыған байланысты жұмысында конфликттер пайда болды. Қарағанда: арық, эмоциональді тұрақсыз, жылауық. Көз жылтырының күшеюі, сирек жыпылықтауы байқалады. АҚҚ 150/95 мм.с.б. ЖСЖ 110 рет мин. «Телеграф бағана» симптомы оң, жабық қабақтар және созылған қолдың треморі, «жуан мойын» симптомы. Қандағы холестерин мөлшері 2,5 ммоль/л. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*инфекционды эндокардит
*созылмалы пиелонефрит
*өкпе туберкулезі
*+ДТЖ. Тиреотоксикоз
*Бруцеллез
#568
*!65 жастағыерадамдаұзақуақытқасозылғансубфебрилитет, себепсізарықтау, үлкендәретініңтұрақсыздығыбайқалады. Жалпыжағдайықанағаттарлықболғандықтандәрігергеқаралмаған. Соңғыуақыттаәлсіздік, нәжісіндеқандыбөлінді, аяғындағыісіктерқосылды. Об-ті: теріжабындысыбозарған, сирақтарындажұмсақісіктер. Өкпедетынысывезикулярлы, ТАЖ 19 рет/мин. ЖСЖ 88 рет/ мин. АҚҚ 110/70 ммс.б. Ішіжұмсақ, солмықынаймағындааздапаурусезімді. ЖҚА: эритроциттер 3,0 х 10^12 л, лейкоциттер - 14,2х10^9 л, ЭТЖ – 42 мм/сағ. БҚА: жалпы белок 50 г/л, альбуминдер 25 г/л. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*жедел ревматикалық қызба
*В12 тапшылықты анемия
*+Ток ішектің ісігі
*Токсикалық дифтерия
*ЖИТС
#569
*!Студент қыз 22 жаста, 1,5-2 ай бойы дене температурасының 37,5 0С көтерілуіне, түнгі тершеңдікке, қалтырауға, арықтауға, жөтелге, етеккірінің бұзылуына, әлсіздіктің күшеюіне шағымданады.Жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық, арық, боз, беттері ал қызыл. Дене қызуы 38 0 С. Терісі ылғалды, сол жақ қолтық астындағы лимфа түйіндері ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімінсіз. Өкпеде тыныс везикулярлы, сол жақ бұғанаасты және қолтық астында тынысы әлсіреген, майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.ТЖ 20 рет мин. Гемограмма: эр. - 3,2 х1012л, Нв - 100 г/л, лейкоц. - 10,2 х 109л, т/я – 2%, с/я – 78%, л – 16%, м – 4%, ЭТЖ- 30 мм/сағ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*инфекционды эндокардит
*созылмалы пиелонефрит
*+өкпе туберкулезі
*ДТЖ. Тиреотоксикоз
*Бруцеллез
#570
*!26 жастағы әйел жедел ауырған: жалпы айқын әлсіздік, бас ауруы, жұтыну кезіндегі тамағының ауру сезімі, дене қызуының 38°С дейін көтерілуі пайда болды. Об-ті: мұрын астымен сөйлейді, тыныс алудың қиындауы, тамағының ісінуі мен қызаруы. Бадамшалары, таңдай, тілшік қиын алынатын ақ жабындымен қапталған, оны қырып алғанда орны қанайды. Региональді лимфа бездері екі жағынан да аздап ұлғайған. Мойыннан бұғанаға дейінгі тері астының ісінуі байқалады.
Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*жедел ревматикалық қызба
*В12 тапшылықты анемия
*Ток ішектің ісігі
*+Токсикалық дифтерия
*ЖИТС
#571
*!Сүт фермасының жұмысшысы көбіне түнгі уақытта болатын қалтыраумен өтетін қызбаға, жоғары тершеңдікке, бас және бұлшықетінің ауру сезіміне, буындардағы ауру сезіміне шағымданып келді. Дене қызуы толқын тәрізді сипатта, 38-39°С дейін көтеріліп, 2-3 күн ішінде біртіндеп 37°С дейін түседі. Об-ті: терісі ылғалды, алақан гипергидрозы. Сипағанда аздап ұлғайған, ауру сезімсіз лимфа түйіндері сезіледі. Буындары деформациясыз, қозғалыста ауру сезімді, сықыр жоқ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*инфекционды эндокардит
*созылмалы пиелонефрит
*өкпе туберкулезі
*ДТЖ. Тиреотоксикоз
*+Бруцеллез
#572
*!26 жастағы әйел 2-ай бойы қызудың көтерілуіне, қалтырауға, түнгі уақыттағы қатты тершеңдікке, әлсіздікке, салмағының төмендеуіне шағымданады.Анамнезінде 2 ай бұрын жасанды түсік жасатқан. Қарағанда: терісі бозарған. Коньюктивасында және тырнақ ұштарында майда қан құйылулар. «Шымшу» және «қыспа» («жгут») симптомдары оң. Лимфа түйіндері ұлғайған, ауру сезімсіз, қозғалмалы. ТЖ 22 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, аорта үстінде диастолалық шу пайда болды. АҚҚ 90/55 мм с. б. Бауыр қабырға доғасынан 2-3см шығынқы, ауру сезімді. ЖҚА: эр. - 3,0 х1012 л, л - 17,2 х 109л, Нв - 95 г/л, т/я – 8%, с/я – 82%, л –6%, м – 4%, миелоциттер +, метамиелоциттер+. ЭТЖ - 70 мм/сағ. ЭхоКГ: аорта қақпақшасында вегетациялар. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз
*+инфекционды эндокардит
*созылмалы пиелонефрит
*өкпе туберкулезі
*ДТЖ. Тиреотоксикоз
*Бруцеллез
#573
*!30 жастағы ер адам бір ай бойы температурасының жоғарылауына, арықтауға, ішінің өтуіне, ауыз қуысының шырышты қабатында көпіршікті бөртпеге, әлсіздіктің және ентігудің күшеюіне, жөтелге шағымданады. Об-ті: терісі бозғылт, хейлит. Лимфа түйіндерінің барлық топтары ұлғайған, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Дене температурасы 37,80С.Өкпе тынысы әлсіреген, аздаған құрғақ сырылдар естіледі, ТЖ 26 рет мин. Анамнезінде: 2 жыл бұрын жол апатынан кейін гемотрансфузия жасалған. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*жедел ревматикалық қызба
*В12 тапшылықты анемия
*Ток ішектің ісігі
*Токсикалық дифтерия
*+ЖИТС
#574
*!56 жастағы ер адамда субфебрилитет, әлсіздік, бас айналу,физикалық жүктемеден кейінгі жүрек қағуы, ентігу, денесінде құмырсқа жүргендей сезім, саусақ ұштарының ұюы, тіл ұшының күю сезімі, жиі іш өтуіне шағымданады. Об-ті: тері жабындысы және шырышты қабаттары бозғылт, сарғыш түстес, дене температурасы 37,20С. Жүрек аймағында әлсіз систолалық шу естіледі. ЖСЖ 94 рет/мин. АҚҚ 100/60 мм с.б.Тілдің ұшы ашық қызыл, емізікшелері тегістелген, іші сипағанда жұмсақ. Бауыры қабырға доғасында, көк бауырдың перкуторлы өлшемі 8 х10 см. ЖҚА: эр.-2,7х1012л, Нв-100г/л, ЦП-1,5, лейкоц.-4,8х109л, тромбоц.-128х109л. Билирубин жалпы-30 ммоль/л, тікелей билирубин-8,5 ммоль/л. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*жедел ревматикалық қызба
*+В12 тапшылықты анемия
*Ток ішектің ісігі
*+Токсикалық дифтерия
*ЖИТС
#575
*! 35 жастағы ер адамды қалтырау, дене қызудың 38- 39 ºС жоғарылауы, тершеңдік, суйектерінің, буындарының, бұлшық еттерінің ауруы, бас ауруы, ұйқысының бұзылуы мазалайды. 2 апта бұрын жедел ауырды, ауруын сиырды сою кезіндегі суықтаумен байланыстырады. Об-ті: мойын және бет терісінің аздаған гиперемиясы, ылғалды, алақандар мен табандарының гипергидрозы. Буындары өзгермеген, белсенді қозғалыста ауру сезімді. Барлық лимфа түйіндері пальпацияланады, аздап ауырады, қозғалмалы, тығыз консистенциялы. Бауыр шекарасы қабырға доғасынан 2-3 см төмен, аздап аурырады. ЖҚА: эр.-3,7х10/12/л, Нв-108г/л, лейкоц-3,0 х10/9/л, эоз.-1%, нейт.-29%, лимф.-60%, мон-10%, ЭТЖ – 10 мм/сағ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*бүйрек рагы
*пневмония
*+жедел бруцеллез
*лимфогрануломатоз
*ревматоидты артрит
#576
*! 18 жастағы студент аз мөлшердегі шырышты қақырығы бар жөтелге, қалтырауға, 37,5-380С қызбаға, ентігуге, бас пен буын ауруына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ауруы 1 апта бұрын тамағының ауруымен, дауысының қырылдауымен басталған, содан соң жоғарыдағы шағымдары қосылды. Об-ті: өкпеде қатаң тыныс, жергілікті крепитация және аздаған құрғақ сырылдар естіледі. ТЖ – 20 рет мин. ЖҚА: эр.- 4,0х10/12/л, лейкоц.- 11,2 х10/9/л, ЭТЖ 15 мм /сағ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*бүйрек рагы
*+пневмония
*жедел бруцеллез
*лимфогрануломатоз
*ревматоидты артрит
# 577
*!33 жастағы әйел ұзақ уақытқа созылған 35 тен 390С дейін көтеріліп түсетін қызбаға, қалтырауға, айқын өрістеуші әлсіздікке, арықтауға, қабырға астылық ауру сезімге шағымданады. 2 ай бұрын тісін жұлдырған. Қарағанда: жүдеген, бозарған. Лимфа түйіндерінің барлық топтары пальпацияланады, қозғалмалы, ауырсынусыз. Өкпесінде кей бір аймақтарында крепитация және майда көпіршікті сырылдар естіледі. ТЖ – 28 рет мин. Тахикардия, ЖСЖ – 104 мин. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см төмен, көкбауырдың төменгі полюсі пальпацияланады, ауыру сезімді. ЖҚА: эритроциттер-2,5млн, лейкоциттер-17,5 мың, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*+сепсис
*менингит
*сальмонеллез
*қызба
*гломерулонефрит
#578
*!20 жастағы студент 37,5-38,50С қызбаға, бас ауруына, айқын әлсіздік, жүрек айнуға, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауру сезімдеріне шағымданады. Ауруы екі күн бұрын шаурманы жегеннен кейін жедел басталды. Бүгін құсу, іш өту қосылды, ауыздағы құрғақтық және ащы сезім күшеюде. Қарағанда: бозарған, терісі ылғалды. Тахикардия, ЖСЖ – 98 рет мин. АҚҚ – 90/60 мм.с.б.б. Тілі құрғақ, қалың жабындымен қапталған, бүйірлерінде тіс іздері бар. Іштің пальпациясы ауру сезімін күшейтеді. Бауыры қабырға доғасынан 2 см төмен пальпацияланады. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*сепсис
*менингит
*+сальмонеллез
*қызба
*гломерулонефрит
#579
*!32 жастағы ер адамды бір ай шамасында мезгілді түрде субфебрильді қызба, бұлшықеттегі және табан ұсақ буындарының ауру сезімі, таңертеңгі уақыттағы құрысу мазалайды. Соңғы аптада білезік, шынтақ, иық, самай – төменгі жақ буындардың ауру сезімі қосылды. Ауру сезім көбінесе түнгі және таңертеңгі уақытта мазалайды, қозғалғанда күшейеді. Қарап тексергенде саусақ буындарының аздаған ісінуі және пальпацияда ауырсынуы байқалады. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз
*бүйрек рагы
*пневмония
*жедел бруцеллез
*лимфогрануломатоз
*+ревматоидты артрит
#580
*! 19 жастағы әскери қызметкер мұрын бітелуі, жөтел, қызбаның 37,3° - 37,8°С көтерілуіне шағымданған. Өздігінен тетрациклин қабылдаған. Аурудың 3-ші күнінде жағдайы кенет нашарлап, дене қызуы 40°С жоғарылаған. Қалтырау, басының қатты ауыруы мен қайталамалы құсу қосылған. Қарағанда жағдайы ауыр, санасы тежелген, адинамиялы, қоршаған ортаға реакциясы селқос. Тері қабаттары бозғылт, бетінде, денесінде және қол-аяқтарында “жұлдызша” тәрізді геморрагиялық бөртпелер. Жалпы гиперестезия, шүйде бұлшық етінің ригидтілігі анықталады. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз.
*сепсис
*+менингит
*сальмонеллез
*қызба
*гломерулонефрит
#581
*!67 жастағы ер адамды бір ай шамасында 37,5˚ С дейін қызба, жалпы әлсіздік, кей-кезде ауру сезімсіз макрогематурия мазалайды. Антибиотиктермен ем нәтижесіз. АҚҚ 150/80 мм.с.б. ЭТЖ 50 мм/сағ. Қызбаның БАРЫНША ықтимал себебін таңдаңыз
*+бүйрек рагы
*пневмония
*жедел бруцеллез
*лимфогрануломатоз
*ревматоидты артрит
#582
*!17 жастағы жасөспірімде дене қызуы 38 °С дейін жоғарылауы, тамағының ауыру сезімі, мұрыннан спонтанды қан кету, сүйектерінің сырқырап ауыруы, әлсіздік мазалайды. Қарағанда: терісінің бозаруы, жайылған лимфоаденопатия. Бауыр мен көкбауырдың төменгі бөліктері пальпацияланады. Жалпы қан анализінде анемия, өте жоғары лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы. Науқасты тексерудің бастапқы сатысында БАРЫНША ақпаратты зерттеу әдісін таңдаңыз?