*2*182*4*
#433
*!Ер адам 60 жаста, ауруханаға ұзақтығы 20 минуттан артық нитроглицеринмен басылмайтын кеуде артындағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Тексергенде жүрек тоны тұйық, ырғағы дұрыс, АҚ –100/70 мм с.б. Тропонин Т – 4,0 нг/мл. ЭКГ- да комплекс QS I, aVL, V1-3 әкетулерінде. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*+инфаркт миокарды
*тұрақсыз стенокардия
*инфекционды эндокардит
*қатпарланған аорта аневризмасы
#434
*!Ер адам 60 жаста, ұзақтығы 10 минутқа жетпейтін, нитроглицеринмен басылатын, сол қолға берілетін кеуде артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі 400 метр қашыштыққы жүргенде пайда болады. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*ГЭРБ
*перикардит
*+тұрақты стенокардия
*вазоспастикалық стенокардия
*дилатационды кардиомиопатия
#435
*!Әйел адам 70 жаста кеуде артындағы қатты ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі наркотикалық анальгетиктерге басылмайды. Анамнезінде ұзақ уақыт артериальды гипертензиямен ауырады. Соңғы аптада гипотензивті препараттарды ретті қабылдағанына қарамастан артериалық қысымның жоғарылау эпизодтары жиіледі. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, аортада систоликалық шу естіледі. ЖСЖ-110 рет минутына. АҚ 100/60 мм рт.с.б.б.
ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*инфаркт миокарды
*тұрақсыз стенокардия
*инфекционды эндокардит
*+қатпарланған аорта аневризмасы
#436
*!Ер адам 60 жаста, таңғы уақытта пайда болатын кеуде артындағы үдемелі ауру сезімі мазалайды. Күндіз физикалық жүктемені жақсы көтереді. Коронароангиографияда - коронарлық қан тамырлардың барлық бойында өтімді. ВЭМ – теріс. Эргометринді сынама оң. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*ГЭРБ
*перикардит
*тұрақты стенокардия
*+вазоспастикалық стенокардия
*дилатационды кардиомиопатия
#437
*!Әйел адам 44 жаста, кеуде артындағы күйдіру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Күйдіру сезімі тамақтанғаннан кейін, физикалық жүктемеден кейін, денені алдыға игенде пайда болады. ЭКГ: синусты ырғақ ЖСЖ 80 рет мин. ЖЭО қалыпты. V1-V3 әкетулерінде Т теріс. Тәуліктік өңеш ішілік рН – метрияда өңештің рН 3,3. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*+ГЭРБ
*перикардит
*тұрақты стенокардия
*вазоспастикалық стенокардия
*дилатационды кардиомиопатия
#438
*!Ер адам 60 жаста, жүрек аймағындағы сыздап ауру сезіміне, түнгі уақыттағы тұншығуға, аяқтарының ісінуіне, оң жақ қабырға астының ауруына шағымданады. Объективті: өкпенің төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары солға кеңейген, жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс емес. ЖСЖ 96 рет мин. ЭКГ: жүрекше фибрилляциясы ЖСЖ 90-100 рет мин. ЭхоКГ: барлық қуыстарының дилатациясы. Диффузды гипокинез. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*ГЭРБ
*перикардит
*тұрақты стенокардия
*вазоспастикалық стенокардия
*+дилатационды кардиомиопатия
#439
*!Ер адам 44 жаста, ЖРВИ кейін кеуде артындағы тыныс алу кезінде күшейетін және арқасына берілетін жедел өткір ауру сезіміне шағымданады. Аускультацияда жүрек аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. ЭКГ-да: стандартты және кеуде әкетулерінде ST сегменті жоғарылаған. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*ГЭРБ
*+перикардит
*тұрақты стенокардия
*вазоспастикалық стенокардия
*дилатационды кардиомиопатия
#440
*!Ер адам 29 жаста, наркоман, қалтырауға, жөтелге, денесіндегі бөртпелерге шағымданады. Объективті: дене температурасы 380С. Алақан, саусақ, табан терісінде ауырсынатын қызғылт түйіндер бар. Сол өкпесінің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек ұшынан – систоликалық шу естіледі. Қанда: эритроциттер- 2,3•1012/л, Нв - 82 г/л, лейкоциттер – 13,1•109/л, ЭТЖ- 60 мм/сағ. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*инфаркт миокарды
*тұрақсыз стенокардия
*+инфекционды эндокардит
*қатпарланған аорта аневризмасы
#441
*!Ер адам 48 жаста, ірі ошақты инфаркт миокардының 2-інші тәулігінде кеуде артындағы қатты ауру сезімін сезінді, ентігу, аз мөлшерлі қақырықты жөтел, қан түкіру жағдайының нашарлауына әкелді. ЭКГ-да: алдыңғы инфарк миокардының жедел кезеңі Рентгенограммада: оң өкпенің ортаңғы бөлігінде үшбұрышты күңгірттену көрінеді. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*+өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*инфаркт миокарды
*тұрақсыз стенокардия
*инфекционды эндокардит
*қатпарланған аорта аневризмасы
#442
*!Әйел адам 62 жаста, 4 жылдан бері ЖИА-мен ауырады, кезеңді нитраттар, үнемі дезагреганттар және β-блокаторлар қабылдайды, қалыпты күштемеде стенокардия ұстамаларының жиілегеніне және уақытының ұзаруына, тыныштықта ұстамалардың пайда болуына шағымданады. ЭКГ V1-V3 әкетулерінде ST депрессиясы. ЕҢ тән диагнозды таңдаңыз?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*инфаркт миокарды
*+тұрақсыз стенокардия
*инфекционды эндокардит
*қатпарланған аорта аневризмасы
#443
*!Ер адам 48 жаста кеуде артындағы ауру сезіміне, сол қолға және жауырынға берілетініне шағымданып түсті. Қарап тексергенде: жүрек тондары тұйықталған, аз мөлшерлі тахикардия. АҚ – 110/70 мм с.б.б. ЭКГ-да: V2-V4 әкетулерінде ST сегментінің элевациясы. Төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысы ЕҢ маңызды?
*өңеш ішілік электростимуляция
*+коронарография
*вентрикулография
*миокард сцинтиграфиясы
*позитронды-эмиссионды томография
#444
*!47 жасар ер адам, алкоголик, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрек маңында қысқан тәрізді ауыру сезімге, жүректің шалыс соғуына, ентігуге шағымданады. Об-ті: жүрек шекаралары ортаңғы- бұғана сызығына дейін ұлғайған, тондары айқын бәсеңдеген, жыпылықтауышы аритмия. АҚ 100/60 мм сб.б. Бауыры 5 см ұлғайған, сирағында ісінулер. ЭКГ: жүрекше жыпылықтауы, қарынша жиырылу жиілігі 130 - 150 рет мин.Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Теміртапшылықты анемия
*пневмоцисті пневмония
*+Алкогольді кардиомиопатия
*12 елі ішек жарасынан қан кету
*Аорта саңылауының стенозы
#445
*!26 жасар әйел адам әлсіздік, ентігу, жүрек қағу, бір жыл ішінде меноррагияларға шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қан анализінде: эритроциттер-2,5 млн., Нв-67г/л, ТК-0,77, лейкоциттер-4,5мың., тромбоциттер-230 мың.,ЭТЖ-15 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз. Сарысулық темір-6,8 мкмоль/л. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*+Теміртапшылықты анемия
*пневмоцисті пневмония
*Алкогольді кардиомиопатия
*12 елі ішек жарасынан қан кету
*Аорта саңылауының стенозы
#446
*!36 жасар ер адам, оң қабырға астының ауыру сезіміне, аяғының ісінуіне, мойын веналарының пульсациясы және ісінуіне, іш көлемінің ұлғаюына, гепатомегалия шағымдарымен кардиоорталыққа келіп түсті; Анамнезінде митральды стеноз ақауы. Аускультацияда: тыныс алу кезінде күшейетін, сол төс жиегі бойымен систолалық шу естіледі (Риверо-Карвалло симптомы). Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Дилатационды кардиомиопатия
*СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ
*Күштемелі стенокардия ФК II
*Біріншілік өкпелік гипертензия
*+Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#447
*!Анамнезінде АИВ бар 45 жасар ер адам үдемелі ентігу, ақ қақырығы бар продуктивті жөтел, дене қызуы 38,3 °С шағымдарымен жедел жәрдем ауруханасына келіп түсті. ТЖ 30 рет/мин. Өкпе аускультациясында - сырыл және дөрекі сықыр. Кеуде торының рентгені - диффузды, екі жақты интерстициальды үлкейген көлеңкелер. Кеуде торының КТ ангиографиясы лимфаденопатиясыз немесе өкпе эмболиясыз бұлыңғыр әйнек типтес диффузды күңгірттену анықталады. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Теміртапшылықты анемия
*+пневмоцисті пневмония
*Алкогольді кардиомиопатия
*12 елі ішек жарасынан қан кету
*Аорта саңылауының стенозы
#448
*!8 апталық мерзімі бар жүкті әйелде айқын ентігу, аяғында ісінулер және жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Науқас ЭХОКГ жіберілді, онда жүрек қуыстарының айқын кеңеюі және ЛФ 38% төмендеуі анықталды. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*+Дилатационды кардиомиопатия
*СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ
*Күштемелі стенокардия ФК II
*Біріншілік өкпелік гипертензия
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#449
*!72 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағумен келіп түсті. Бір күн бұрын үлкен дәреті қара болған. Ұзақ уақыт аспирин қабылдайды. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қанда: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер – 3,3 х 109/л, түсті көрсеткіш – 0,65, тромбоциттер – 110 х 109/л.Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Теміртапшылықты анемия
*пневмоцисті пневмония
*Алкогольді кардиомиопатия
*+12 елі ішек жарасынан қан кету
*Аорта саңылауының стенозы
#450
*!36 жасар ер адам орталық аудандық ауруханаға ентігу, құрғақ жөтел, төс артында жағымсыз сезімдер, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті; Анамнезінен: балалық шақта «воронка тәріздес кеуде» бойынша ота жасалған. 18 жасынан күніне 1 қорап темекі шегеді. Аускультация кезінде: тынысы қатаң, барлық өкпе алаңы бойынша құрғақ ысқырықты сырылдар. Спирография: ФВД - рестрикция II дәрежесі, обструкция III дәр бұзылу анықталады. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Дилатационды кардиомиопатия
*+СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ
*Күштемелі стенокардия ФК II
*Біріншілік өкпелік гипертензия
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#451
*!52 жасар ер адам изокет-спреймен басылатын кеудеде қысқан тәрізді ауыру сезімге, баспалдақпен 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын ентігуге шағымданады. Жүрек тондары тұйықталған. ЭКГ сол қарыншаның гипертрофия белгілері. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*Дилатационды кардиомиопатия
*СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ
*+Күштемелі стенокардия ФК II
*Біріншілік өкпелік гипертензия
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#452
*!19 жасар қыз бала жөтел, ентігу, жүктеме кезінде бас айналуға шағымданады. Қарағанда: акроцианоз, кеуде торы «бөшке тәрізді», яремная венасының ісінуі және пульсациясы анықталады. Аускультативті: тыныс алудың биіктігінде, жүректің ұшына берілетін семсер тәрізді өсінді тұсында систолалық шу естіледі; I тон әлсізденуі. ЭКГ жүректің электрлік осі оңға ығысқан, жүректің оң бөлімдерінің дилатациясы және гипертрофиясы. Ентігуі бар әр науқасқа БАРЫНША ықтимал диагнозды таңдаңыз.
*+Дилатационды кардиомиопатия
*СӨОА(ХОБЛ), аралас тип, өршу, ТЖ
*Күштемелі стенокардия ФК II
*+Біріншілік өкпелік гипертензия
*Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
#453
*!53 жасар әйел адам жүрек маңында ауыру сезімге, физикалық жүктеме және иілген кезінде ентігуге шағымданады; біраз уақыттан бері әлсіздік, бас айналу, тахикардия қосылды. ТТГ, Т₃, Т₄ - патологиясыз. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз.
*Қандағы Д-димер
*+ Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*Сарысулық темір
*Липидті спектр
*Эхокардиография
#454
*!72 жасар ер адам қабылдау бөліміне айқын жалпы әлсіздік, ентігу, жүрек қағумен келіп түсті. Бір күн бұрын үлкен дәреті қара болған. Ұзақ уақыт аспирин қабылдайды. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қанда: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер – 3,3 х 109/л, түсті көрсеткіш – 0,65, тромбоциттер – 110 х 109/л. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Спирография
*+Эзофагогастродуаденоскопия
*Кеуде торының рентгенографиясы
*Коронарография
*Бүйрекбиопсиясы
#455
*!28 жасар әйел адам әлсіздікке, ентігу, бас ауруға, бел аймағындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Анамнезінде жиі баспалар, соңғы 4 жыл ішінде АҚ жоғарылауы байқалады. Об-ті: терісі бозғылт, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ-80/мин. АҚ-170/110 мм сб.б. Беті домбыққан, аяғында ісіну. Қанда: эр - 3,8 млн., лейк - 5,6 мың., ЭТЖ - 13 мм/сағ. Зәр анализінде: белок-0,98 г/л, эр - 22-35 к/а., түйіршікті цилиндрлер 2-4 к/а. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Спирография
*Эзофагогастродуаденоскопия
*Кеуде торының рентгенографиясы
*Коронарография
*+Бүйрекбиопсиясы
#456
*!Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы бар 19 жасар қыз, жүктемеден кейін пайда болатын ентігу, жүрек тұсындағы шаншыған тәрізді ауыру сезімге шағымданады. Об-ті: жүрек шекаралары солға және төменге ығысқан. Жүрек ұшында қолтық астына берілетін систолалық шу естіледі. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Қандағы Д-димер
*Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*Сарысулық темір
*Липидті спектр
*+Эхокардиография
#457
*!36 жасар ер адам орталық аудандық ауруханаға ентігу, құрғақ жөтел, төс артында жағымсыз сезімдер, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті; Анамнезінен: балалық шақта «воронка тәріздес кеуде» бойынша ота жасалған. 18 жасынан күніне 1 қорап темекі шегеді. Аускультация кезінде: тынысы қатаң, барлық өкпе алаңы бойынша құрғақ ысқырықты сырылдар. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*+Спирография
*Эзофагогастродуаденоскопия
*Кеуде торының рентгенографиясы
*Коронарография
*Бүйрекбиопсиясы
#458
*!Бір жыл көлемінде оральды контрацептивтерді қабылдайтын 35 жасар әйел адам, темекі шегеді, дене массасының индексі 32, бірден пайда болған ентігуге, дене қызуының 37,5°С көтерілуіне, қан аралас қақырығы бар жөтелге, әлсіздік, кеуде торының сол жақ аймағының ауыру сезіміне шағымданады. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*+Қандағы Д-димер
*Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*Сарысулық темір
*Липидті спектр
*Эхокардиография
#459
*!45 жасар науқас қарқынды терапия бөліміне жедел алдыңғы инфаркт миокардымен келіп түсті. АҚ 150/100 мм.сб.б., ЖСЖ 100 рет мин. 2 күннен соң қысқа уақытқа созылған ентігуге шағымданды, АҚ 100/70мм.сб.б, ЖСЖ 120 рет мин., ТЖ 32 рет мин. Өкпенің төменгі бөлімдерінде ылғалды сырылдар пайда болды. Төстің төменгі бөлімдерінде галоп ырғағымен қосарланған голосистолалық шу естіледі. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Қандағы Д-димер
*Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*Сарысулық темір
*Липидті спектр
*+Эхокардиография
#460
*!26 жасар әйел адам әлсіздік, ентігу, жүрек қағу, бір жыл көлемінде меноррагияларға шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Қанда: эритроциттер-2,5 млн., Нв-67г/л, ТК-0,77, лейкоциттер-4,5мың., тромбоциттер-230 мың.,ЭТЖ-15 мм/сағ, анизо-пойкилоцитоз. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Қандағы Д-димер
*Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*+Сарысулық темір
*Липидті спектр
*Эхокардиография
#461
*!17 жасар науқаста балалық шақтан төстің сол жағында эпиорталығы III қабырғааралықта айқын емес систолалық шу естіледі. Анамнезінде: жиі тұмауратып ауырады. ЭКГ: оң Гис бұдасы аяқшасының толық емес бөгемесі. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Қандағы Д-димер
*Жүктеме сынамалар: тредмил -сынама, ВЭМ
*Сарысулық темір
*Липидті спектр
*+Эхокардиография
#462
*!Анамнезінде АИВ бар 45 жасар ер адам үдемелі ентігу, ақ қақырығы бар продуктивті жөтел, дене қызуы 38,3 °С шағымдарымен жедел жәрдем ауруханасына келіп түсті. ТЖ 30 рет/мин. Өкпе аускультациясында - сырыл және дөрекі сықыр. БАРЫНША информативті зерттеу әдісін таңдаңыз
*Спирография
*Эзофагогастродуаденоскопия
*+Кеуде торының рентгенографиясы
*Коронарография
*Бүйрекбиопсиясы
#463
*!56 жасар науқас көбіне кешке айқын болатын аяғындағы ісінулерге, айқын ентігуге, аз көлемдегі қақырығы бар жөтелге, жүрек маңындағы ауыру сезімі шағымдарымен келді. Анамнезінде өкпенің созылмалы обструктивті ауруы. Объективті: мойын веналардың ісінуі, аяғында ісік, жүрек шекараларының кеңеюі, бауыр өлшемдерінің ұлғаюы. Аускультация кезінде шашыраңқы құрғақ сырылдар, өкпе артериясында екінші тон акценті. Жоғарыда айтылған симптомдардың БАРЫНША себебі қандай?
*Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
*Инфаркт миокарда
*+Созылмалы өкпелік жүрек
*Миокардит
*Перикардит
#464
*!46 жасар ер адам шырышты-іріңді қақырығы бар жөтелге, әлсіз ентігуге, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Соңғы кездері сирақтың ісінуі және оң қабырға астының ауырлығы қосылды. Об-ті: терісі боз, мұрын ерін үшбұрышының цианозы, саусақтары «барабан таяқшасы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнектері» түрінде өзгерген, кеуде торы тыныс алғанда аз қозғалады, перифериялық ісінулер. Аускультативті – әлсізденген везикулярлы тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, шашыраңқы құрғақ сырылдар.
Негізгі аурудың қандай асқынуы болуы БАРЫНША ықтимал?
*кардиальды бауыр циррозы
*зәр шығару жолдары инфекциясының қосылуы
*+декомпенсирленген созылмалы өкпелік жүрек
*амилоидоз дамуы
*онкопатологияның түзілуі
#465
*!39 жасар ер адам, соңғы апталарда пайда болған, көбіне кешке қарай күшейетін аяғының ісінуіне, физикалық жүктемеге байланыссыз жүрек тұсының қысып ауыру сезіміне, ентігу, жүрек қағуға шағымданады. Об-ті: терісі бозғылт, акроцианоз, жүрек шекаралары ортаңғы-бұғана сызығына дейін ұлғайған, жүрек тондары айқын тұйықталған, жыпылықтаушы аритмия. АҚ - 100/60 мм с. б. Бауыры 4 см дейін ұлғайған, аяғында ісінулер. ЭКГ: қарыншалар жиырылу жиілігі 125 - 140 рет мин жүрекшелер жыпылақтауы. QT интервалы ұзарған. ТV2-V6 теріс. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?
*ЖИА, кардиосклероз
*+Дилятациялық кардиомиопатия
*Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
*Біріккен митральды ақау
*Ауыр ағымды миокардит
#466
*!Инфаркт миокардын өткерген 64 жасар ер адамды соңғы 2 айда кешке қарай пайда болатын аяғындағы ісінулер, аз физикалық жүктемеден кейін пайда болатын жүрек қағулар және кеуде артындағы ауыру сезімі мазалайды, ентігуі күшейді. АҚ 140/90 мм с.б. ЭКГ: QSI, aVL, V1-V4, ST –изолинияда, қарынша үстілік экстрасистолдар.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?
*Дресслер синдромының пайда болуы
*Қайталмалы инфаркт миокарды
*Инфаркттан кейінгі кардиосклероз
*+Жүрек аневризмасы
*Қарыншаүстілік экстрасистолдар
#467
*!58 жасар ер адамда таралған инфаркт миокардын өткергеннен кейін бір жылдан соң ортопноэ, түнгі жөтел, тахикардия 120 рет мин пайда болды. Қарағанда мойын веналардың ісінуі, гепатомегалия, аяғында ісінулер. ЭХОКГ: кардиомегалия. Терапияға рефрактерлік байқалады. Науқаста созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің БАРЫНША қандай сатысы дамығанын көрсетіңіз:
*0
*I
*IIА
*IIБ
*+III
#468
*!35 жасар әйелде 2 ай ішінде оң қабырға астының ауырлық сезімі, аяғының ісінуі пайда болды және үдеюде. Объективті: тыныс алумен байланысты мойын веналардың ісінуі, «иінағаш» синдромы оң, семсер тәрізді өсінді негізінде үрленгіш систолалық шу естіледі. Симптомдардың күшеюі өткерген ЖРВИ байланыстырады. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің БАРЫНША пайда болу себебі қандай?
*ЖИА, кардиосклероз
*Дилятациялық кардиомиопатия
*+Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
*Біріккен митральды ақау
*Ауыр ағымды миокардит
*Миокардит тяжелого течения
#469
*!42 жасар әйелде 2 ай ішінде жүрек тұсында ауыру сезімі, жүректің шалыс соғуы, ентігу, аяғының ісінуі, оң қабырға астының ауырлық сезімі, физикалық жүктемеге толерантылықтың төмендеуі, әлсіздік пайда болып, күшейе түсуде. Объективті: жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек ұшында қолтық астына таралмайтын систолалық шу естіледі. Симптомдар ауыр өткерген ЖРВИ кейін пайда болды.
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің барынша пайда болу себебі қандай?
*ЖИА, кардиосклероз
*Дилятациялық кардиомиопатия
*Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
*Біріккен митральды ақау
*+Ауыр ағымды миокардит
#470
*!49 жасар ер адам ұйқышылдыққа, ентігу, айқын тығыз ісінулерге шағымданады. Объективті: тері жабындылары боз, сарғыштық реңі бар, ұстағанда салқын. Бетінің домбығуы, аяғының ісінуі бар. Өкпеде – везикулярлы тыныстың әлсізденуі. Жүрек тондары тұйық. АҚ–80/50 мм с.б. ЖСЖ–50 рет/ мин. Анализде: гипофиздің тиреотропты гормон деңгейі – 52 мкМЕ/мл, қалыптыда 0,4 – 4,0 мкМЕ/мл.
Қандай диагноз БАРЫНША болуы мүмкін?
*Ридельтиреоидиті
*Эндемиялық зоб
*жеделдеу тиреоидит
*+Біріншілік гипотиреоз
*Диффузды токсикалық зоб
#471
*!Эндокринологқа 42 жасар науқас келді. Айқын әлсіздікке, дене салмағының және көлемінің ұлғаюына алып келген тығыз айқын ісінулерге шағымданады. Аз ғана физикалық жүктемеден кейін айқын ентігу мазалайды. Анамнезінде көп түйінді эутиреодты зоб бойынша струмэктомия болған. Кардиомегалия және айқын жүрек тондарының тұйықталуында АҚ 70/40мм.с.б., ЖСЖ-56 рет мин. ЭХОКГ перикардта айқын емес сұйықтық анықталады. Т4 0,4 (қалыптыда- 0,9- 1,3 нмг/л). Төменде аталғандардың қайсысы БАРЫНША гипотиреоздың ауырлығын көрсетеді?