Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ішкі аурулар клиникасындағы негізгі синдромдар 2 страница




 

*Ісіну синдромының айқындылығы

*Гипотония дәрежесі

*Брадикардия айқындылығы

*+Аз ғана гидроперикардтың болуы

*Бос Т4 төмендеу дәрежесі

 

#472

*!27 жасар әйел 2 жыл бұрын тұмаумен ауырғаннан кейін ұзақ уақыт қалтырау, әлсіздік, дімкәстік мазалап жүрді. Суыққа шыққанда саусақ ұштарының көгеруі және жансыздануы, бетінде "көбелек қанаты" тәрізді қызару пайда болды. Кейінірек 1-1,5 сағатқа созылатын таңертеңгілік құрысу, артралгия және артрит, миалгия, бас ауру, кенет көңілінің ауытқуы, депрессия қосылды. Соңғы кездері аяғында бетінде таңертеңгілік ісінулер пайда болды. Анализінде: протеинурия – 1,89 г/л., айқын оң антинуклеарлы антиденелер, ревматоидты фактор – 1:360. Рентгенологиялық: буын маңы остеопорозы, бірен-сараң эрозиялар. Аурудың болжамы қандай патологиямен БАРЫНША анықталады?

 

*+бүйрек патологиясымен

*анемия пайда болу қаупімен

*ОЖЖ патологиясы үдеуімен

*буындық синдром үдеуімен

*өкпе гипертензиясы үдеуімен

 

#473

*!16 жасар қыз бала дене қызуының 40°С көтерілуіне, ентігу, жөтел, ісінулерге шағымданады. Об-ті: арық, лимфаденопатия, бетінің және мұрын арқасының эритемасы; плеврит, перикардит, нефрит белгілері. Қанда: эритроциттер-2,4 млн. Нв-70 г/л, лейкоциттер-2,2 мың. ЭТЖ-70 мм/сағ. Зәрде: белок-5,2 г/л, эритроциттер-20-30 в к/аймағында.Төменде аталған диагноздардың қайсысы болуы БАРЫНША ықтимал?

 

*Сепсис

*Вегенер гранулематозы

*Чарга-Строусса синдромы

*Түйінді периартериит

*+Жүйелі қызыл жегі

 

#474

*!Бауыр циррозымен зардап шегетін 53 жасар ер адамның асциті диуретиктер еміне көнбейді (рефрактерлі асцит), қабырға астындағы ауыру сезімі күшейді, сарғаю өсуде, аяғында айқын ісіну, әлсіз қызба пайда болды. Соңғы 4 айда 12 кг салмақ тастады. Бауыры пальпация кезінде ірі төмпешікті, тығыздығы тас тәрізді. Қанда: эритр.-2,6 млн., Нв-72г/л, тромбоциттер -156 мың., жалпы белок- 45 г/л, γ-глютамилтранспептидаза - 237 ед/л, α-фетопротеин-90 мкг/л. КТ – бауырдың шаршы бөлімі аймағында көлемді түзілім.

Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

 

*Ішкі мүшелердің ісіктерінен метастаз

*+Гепато-целлюлярлы карцинома

*Гемохроматоз

*Эхинококкоз

*Гемангиома

 

#475

*!45 жасар ер адам, хирург, ішінің ұлғаюы, аяғының ісінуі, тәбетінің төмендеуі шағымдарымен келіп түсті. Об-ті: ішінің көлемі ұлғайған, алдыңғы құрсақ қабырғасында веналар кеңейген, пальмарлы эритема, жүрек тондары тұйықталған, бауыры +1 см, тығыз, көкбауыры ұлғайған. Анализдерінде: АЛТ, АСТ қалыпты, альбумин – 32 г/л. ЖЗӘ: сал тығ-1012, белок-0,66 г/л, лейк-4-5 к/а, эрит-5-6 к/а. Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

 

*+Вирусты гепатит әсерінен бауыр циррозы

*Алкогольды бауыр циррозы

*Гепато-ренальды синдром

*Кардиальды бауыр циррозы

*Нефротикалық синдром

 

#476

*!38 жасар әйел ішінің ұлғаюы, айқын әлсіздік, 7 кг салмақ тастауы, аменорея шағымдарымен келіп түсті. Об-ті: іші ұлғайған, бауыры қабырға доғасы жиегімен, көкбауыры 10х4 см. УДЗ құрсақ қуысында 8 л бос сұйықтық, d v.portae – 0,9 см. Асцит терапиясы басталды – тұзды шектеу, спиронолактон, фуросемид – әсері жоқ. Лапароцентез жасалынды– 2 л сұйықтықты алғаннан кейін асцит қайтадан 2 тәулік ішінде ұлғайды. Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

 

*Ішкі мүшелердің ісіктерінен метастаз

*+Гепато-целлюлярлы карцинома

*Аналық без аденокарциномасы

*Миеломды ауру

*Амилоидоз

 

#477

*!43 жасар ер адам бронхитті өткергеннен соң жүрек маңында ауыру сезімге, қақырықпен жөтелге, ентігу, бетінің ісінуіне шағымданады. Объективті: ер адам боз, АҚ 150/90 мм с. б., ұрғылау симптомы айқын оң. Қанда: Нв - 94 г/л, эр – 2,6 млн., лейк – 5,0 мың., тромб – 130 мың., ЭТЖ – 29 мм/с, СРБ++, гамма-глобулиндер – 30 %. Зәр анализі: салыстырмалы тығ- 1003, белок – 1,4 г/л, лейк - 8 к/а, эр – 23-25 к/а, гиалинді цилиндрлер - 9 к/а. Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

*Амилоидоз

*Нефролитиаз

*+Созылмалы гломерулонефрит

*Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

 

#478

*!17 жасар жасөспірімде бетінің, бел аймағының ісінуі, бүйрек маңында сыздаған ауыру сезіміне, жалпы әлсіздік, АҚ 150/100 мм с.б. дейін көтерілуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары боз, ұрғылау симптомы екі жақтан оң. Қанда: Нв - 110 г/л, эр – 3,0 млн., лейк – 4,1 мың., тромб – 135 мың., ЭТЖ – 25 мм/с, СРБ+++. Зәр анализі: сал тығ - 1006, белок – 3,5 г/л, лейк – 21 - 23 к/а, эр – 20-22 к/а, гиалинді цилиндрлер - 5 к/а.

Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

 

*Амилоидоз

*Нефролитиаз

*Гидронефроз

*+Нефритикалық синдром

*Нефротикалық синдром

 

#479

*!25 жасар ер адам жүрек маңында ауыру сезімге, ентігу, бас ауру, жүрек айну, бетінің ісінуіне шағымданады. Анамнезінен: бұл жағдайын аяқ терісінің рожалы қабынуын өткерумен байланыстырады. Объективті: ер адам апатиялы, боз, сұрақтарға немқұрайлы жауап береді. АҚ 150/90 мм с.б., ұрғылау симтомы оң жағынан оң. Қанда: Нв - 102 г/л, эр – 2,2 млн., лейк – 4,0 мың., тромб – 130 мың., ЭТЖ – 46 мм/с, СРБ ++, гамма-глобулиндер– 30 %. Зәр анализі: сал тығ- 1001, белок – 2,1 г/л, лейк -15 к\а, эр – 21- 24 к\а, гиалинді цилиндрлер - 6 к\а. Науқаста төменде аталған патологиялардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

 

*Нефролитиаз

*Люпоидты нефроз

*+Жедел гломерулонефрит

*Созылмалы пиелонефрит

*Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі

 

#480

*!57 жасар ер адам, 12 жыл көлемінде көбіне аяқ басы буындарының патологиясымен зардап шегеді, соңғы айда аяғының ісінуі, әлсіздік, тез шаршағыштық, бас ауру мазалай бастады. Об-ті: салмағы жоғары, терісі сарғыш түстес бозарған, құлақ қалқанында тофустар. Беті домбыққан; аяқ басы және сирағының ісінуі. Қанда: лейкоциттер -7,5х109/л, ЭТЖ-25 мм/сағ, зәр қышқылы - 0,670 ммоль/л (қалыпты 0,18-0,53 ммоль/л), креатинин - 250 мкмоль/л (қалыпты 60-130 мкмоль/л), мочевина-20 ммоль/л (қалыпты 3,5-9 ммоль/л). Зәр анализі: сал.тығ-1009, белок-0,55 г/л, гиалинді цилиндрлер-5-7 к\а. Төменде аталған диагноздардың қайсысы СБЖ (ХПН) себебі болып табылады?

 

*Бүйрек амилоидозы

*Зәр тас ауруы

*+Подагралық нефропатия

*Созылмалы гломерулонефрит

*Созылмалы пиелонефрит өршуі

 

#481

*!2 типті қант диабетімен зардап шегетін 60 жасар ер адам, 17 күн бұрын ЖРА өткерді, айқын шөлдеуге, ентігу, қақырықпен жөтелге, ісіну, анурияға шағымданады. Объективті: бетінің ісінуі. Қанда: мочевина - 60 ммоль/л, креатинин – 1300 мкмоль/л. Реберг сынамасы: шумақтық фильтрация- 15 мл/мин. Каналшалы реабсорбция - 85 %. Науқаста төменде аталған асқынулардың қайсысы БАРЫНША дамыған?

*Нефротикалық криз

*ӨАТЭ

*Жедел жүрек жеткіліксіздігі

*Инфекционды-токсикалық шок

*+Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

#482

*!15 жасар пациентте АҚ 180/110 мм.б.б. Аяғының жансыздануына шағымданады. Объективті тексергенде кеуде торы жақсы жетілген, жамбасы тар, аяқтары арық. Кеуде торының рентгенографиясында қабырғаларында өрнектер бар. Артериальды гипертензияның ЕҢ негізгі себебін таңдаңыз.

 

*Конн синдромы

*Феохромоцитома

*+Аорта коарктациясы

*Иценко-Кушинг синдромы

*дәрілік гипертензия

 

#483

*!Әйел адам 24 жаста бас ауруына, бел аймағының сыздап ауруына, жиі ауырсынумен зәр шығаруғу шағмданады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 90 рет мин, АҚ 170/110 мм с.б.б. Тексергенде лейкоцитоз 10,2*109, СОЭ 25мм/с. Жоғарылаған. Зәр анализінде: лейкоцитурия жайылған к/а, бактерия +++. Артериялық гипертензияның БАРЫНША тән себебін таңдаңыз.

 

*+созылмалы пиелонефрит

*вазоренальды гипертензия

*созылмалы гломерулонефрит

*эссенциальды артериальды гипертензия

*оқшауланған систоликалық гипертензия

 

#484

*!43 жасар ер адам, ауыр артериялық гипертензияны емдеу үшін қаралды, қарап тексергенде АҚ-190/120 мм.с.б.б. және тахикардия. Бірнеше жылдан бері психиатрда мазасызданумен, ұстамалы қорқыныш сезімімен, тершеңдікпен, жүрек айну және бас аурумен қаралады. Бета-блокатормен ем тағайындалды. Бірнеше күннен кейін ол өкпе ісігімен, АҚ -220/130 мм.с.б.б. ауруханаға түсті. Артериальды гипертензияның ЕҢ негізгі себебін таңдаңыз.

 

*Конн синдромы

*+Феохромоцитома

*Аорта коарктациясы

*Иценко-Кушинг синдромы

*дәрілік гипертензия

 

#485

*!70 жасар ер адамда жоғары тұрақты систоликалық гипертензия, желке аймағындағы таңғы уақыттағы бас ауру, жиі жүрек соғу, көрудің нашарлауы мазалайды. Тексеруде оң жақ 2 қабырға аралығынан систоликалық шу және көз түбінде ангиоретинопатияның IV дәрежесі анықталды. Артериялық гипертензияның БАРЫНША тән себебін таңдаңыз.

 

*созылмалы пиелонефрит

*вазоренальды гипертензия

*созылмалы гломерулонефрит

*эссенциальды артериальды гипертензия

*+оқшауланған систоликалық гипертензия

 

#486

*!32 жасар ер адам гипертоникалық кризбен АҚ 220/120 мм.с.б.б. өтпелі ми қан айналым бұзылысымен түсті. Объективті: толық, ішінде және санында тері асты май қабаты жақсы жетілген, қызғылт стриялар көрінеді. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы. Артериальды гипертензияның ЕҢ негізгі себебін таңдаңыз.

 

*Конн синдромы

*Феохромоцитома

*Аорта коарктациясы

*+Иценко-Кушинг синдромы

*дәрілік гипертензия

 

#487

*!Әйел адам жоғары артериальды гипертензиямен ауырады. Шөлдеуге, полиурияға, бұлшық еттің әлсіздігіне, ауруына, тартылуына шағымданады. Зимницкий зерттеуінде зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1005-1015, калий деңгейі 2,5ммоль/л. Артериальды гипертензияның ЕҢ негізгі себебін таңдаңыз.

 

*+Конн синдромы

*Феохромоцитома

*Аорта коарктациясы

*Иценко-Кушинг синдромы

*дәрілік гипертензия

 

#488

*!Науқас 50 жаста міндетті медициналық тексеруге келді. Шағымы жоқ. Тұқым қуалаушылық анасы жағынан бар (анасы артериальды гипертензиямен ауырады). Тексергенде: дене температурасы 36,8°С. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, аорта үстінде II тон акценті, АҚ 170/100 мм. с.б.б, ЖСЖ 72 рет мин. ЭКГ-да: сол қарынша гипертрофиясы. Артериялық гипертензияның БАРЫНША тән себебін таңдаңыз.

 

*созылмалы пиелонефрит

*вазоренальды гипертензия

*созылмалы гломерулонефрит

*+эссенциальды артериальды гипертензия

*оқшауланған систоликалық гипертензия

 

#489

*!Әйел адам АҚ өте жоғары (180/110мм.с.б.б. дейін) Фозиноприл 10мг қабылдағаннан кейін қанда креатинин көрсеткіші 130 ммоль/л жоғарылады. Бүйрек артериясын допплерлік зерттеуде қан ағымы және турбуленттілігі жоғарылаған. Артериялық гипертензияның БАРЫНША тән себебін таңдаңыз.

 

*созылмалы пиелонефрит

*+вазоренальды гипертензия

*созылмалы гломерулонефрит

*эссенциальды артериальды гипертензия

*оқшауланған систоликалық гипертензия

 

#490

*!Әйел адам 30 жаста бас және бел аймағының ауыратынына шағымданады. 10 жылдан бері ауырады. Соңғы 2 аптада жағдайы нашарлаған, суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері қабаты бозарған, сол жақта ұрғылау симптомы оң. АҚ-180/110 мм с.б. Қанда: ЭТЖ-28 мм/с. ЖЗА: белок-0,98 г/л, лейкоциттер к/а көп мөлшерде. Бүйректің УДЗ тостағанша астау жүйесінің деформациясы. Артериялық гипертензияның БАРЫНША тән себебін таңдаңыз.

 

*созылмалы пиелонефрит

*вазоренальды гипертензия

*+созылмалы гломерулонефрит

*эссенциальды артериальды гипертензия

*оқшауланған систоликалық гипертензия

 

#491

*!35 жасар әйел адам, 5 жылдан бері жүйелі қызыл жиегі бойынша 60 мг преднизолон қабылдайды, АҚ 170/90 мм с.б.б. жоғарылайды. Тексергенде: бет аймағында «көбелек» белгісі, қан анализінде: эритроциттер – 2,0*1012/л, Hb 85 г/л, лейкоциттер -2,5*109/л, тромбоциттер – 100*109/л, ЭТЖ 55 мм/с, Sm антиген - оң, антицентромерлі антитела – оң. Зәрде салыстырмалы тығыздығы 1018, лейк 2-3 в к/а, белок – теріс. Артериальды гипертензияның ЕҢ негізгі себебін таңдаңыз.

 

*Конн синдромы

*Феохромоцитома

*Аорта коарктациясы

*Иценко-Кушинг синдромы

*+дәрілік гипертензия

 

#492

*!15 жасар пациентте АҚ 180/110 мм.б.б. Аяғының жансыздануына шағымданады. Объективті тексергенде кеуде торы жақсы жетілген, жамбасы тар, аяқтары арық. Кеуде торының рентгенографиясында қабырғаларында өрнектер бар. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*қандағы калий деңгейі

*қандағы катехоламин деңгейі

*+ангиография

*қандағы кортизол деңгейі

*қалқанша без гормондары

 

#493

*!43 жасар ер адам, ауыр артериялық гипертензияны емдеу үшін қаралды, қарап тексергенде АҚ-190/120 мм.с.б.б. және тахикардия. Бірнеше жылдан бері психиатрда мазасызданумен, ұстамалы қорқыныш сезімімен, тершеңдікпен, жүрек айну және бас аурумен қаралады. Бета-блокатормен ем тағайындалды. Бірнеше күннен кейін ол өкпе ісігімен, АҚ -220/130 мм.с.б.б. ауруханаға түсті. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*қандағы калий деңгейі

*+қандағы катехоламин деңгейі

*ангиография

*қандағы кортизол деңгейі

*қалқанша без гормондары

 

#494

*!70 жасар ер адамда жоғары тұрақты систоликалық гипертензия, желке аймағындағы таңғы уақыттағы бас ауру, жиі жүрек соғу, көрудің нашарлауы мазалайды. Тексеруде оң жақ 2 қабырға аралығынан систоликалық шу және көз түбінде ангиоретинопатияның IV дәрежесі анықталды. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*тәуліктік протеинурия

*бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*бүйрек УДЗ-і

*кеуде торының рентгенографиясы

*+АҚ тәуліктік мониторингілеу

 

#495

*!32 жасар ер адам гипертоникалық кризбен АҚ 220/120 мм.с.б.б. өтпелі ми қан айналым бұзылысымен түсті. Объективті: толық, ішінде және санында тері асты май қабаты жақсы жетілген, қызғылт стриялар көрінеді. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның айқын гипертрофиясы.

ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*қандағы калий деңгейі

*қандағы катехоламин деңгейі

*ангиография

*+қандағы кортизол деңгейі

*қалқанша без гормондары

 

#496

*!16 жасар бозбалада профилактикалық тексеруде артериалды қысымның 170/110 мм.с.б. жоғарылағаны анықталды. Оң жақ бүйрек артериясы аймағынан систоликалық шу естіледі. Зәр анализинде: белок іздері, лейкоциттер 0-2 к/а, эритроцит 0-1 В к/а. ыберите НАИБОЛЕЕ подходящий метод обследования. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*тәуліктік протеинурия

*+бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*бүйрек УДЗ-і

*кеуде торының рентгенографиясы

*АҚ тәуліктік мониторингілеу

 

#497

*!Әйел адам АҚ өте жоғары (180/110мм.с.б.б. дейін) Фозиноприл 10мг қабылдағаннан кейін қанда креатинин көрсеткіші 130 ммоль/л жоғарылады. Бүйрек артериясын допплерлік зерттеуде қан ағымы және турбуленттілігі жоғарылаған. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*+қандағы калий деңгейі

*қандағы катехоламин деңгейі

*ангиография

*қандағы кортизол деңгейі

*қалқанша без гормондары

 

#498

*!Науқас 50 жаста міндетті медициналық тексеруге келді. Шағымы жоқ. Тұқым қуалаушылық анасы жағынан бар (анасы артериальды гипертензиямен ауырады). Тексергенде: дене температурасы 36,8°С. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, аорта үстінде II тон акценті, АҚ 170/100 мм. с.б.б, ЖСЖ 72 рет мин. ЭКГ-да: сол қарынша гипертрофиясы. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*бүйрек биопсиясы

*+эхокардиография

*АҚ тәуліктік мониторингілеу

*зәрді Нечипоренко әдісімен зерттеу

#499

*!Әйел адам АҚ өте жоғары (180/110мм.с.б.б. дейін) Фозиноприл 10мг қабылдағаннан кейін қанда креатинин көрсеткіші 130 ммоль/л жоғарылады. Бүйрек артериясын допплерлік зерттеуде қан ағымы және турбуленттілігі жоғарылаған. Выберите НАИБОЛЕЕ подходящий метод обследования. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*+бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*бүйрек биопсиясы

*эхокардиография

*АҚ тәуліктік мониторингілеу

*зәрді Нечипоренко әдісімен зерттеу

#500

*!18 жасар қыз бала бел аймағының ауруына, бетінің ісінуіне, дене қызуының жоғарылауына, басының ауруына, жүрек айнуға шағымданады. Жағдайының нашарлауы баспадан кейін басталды. Объективті: АҚ 170/110 мм рт.с.б., ұрғылау симптомы екі жақтада оң. Қанда: ЭТЖ-38 мм/с. Зәр анализінде: түсі – «ет жуындысы тәрізді», белок-2,0 г/л, эритроцит – 35-40 к/а, цилиндр – гиалинді 10-12 в к/а. ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*+бүйрек биопсиясы

*эхокардиография

*АҚ тәуліктік мониторингілеу

*зәрді Нечипоренко әдісімен зерттеу

#501

*!Әйел адам 24 жаста бас ауруына, бел аймағының сыздап ауруына, жиі ауырсынумен зәр шығаруғу шағмданады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 90 рет мин, АҚ 170/110 мм с.б.б. Тексергенде лейкоцитоз 10,2*109, СОЭ 25мм/с. Жоғарылаған. Зәр анализінде: лейкоцитурия жайылған к/а, бактерия +++ ЕҢ тән келетін зеррттеу әдісін таңдаңыз.

 

*бүйрек қан тамырларының УДЗ-і

*бүйрек биопсиясы

*эхокардиография

*АҚ тәуліктік мониторингілеу

*+зәрді Нечипоренко әдісімен зерттеу

 

#502

*!14 жасар қызды әсіресе тәуліктің бірінші жартысында, тамақтан кейін, ортостазда үнемі пайда болатын талма тәрізді сезімдер мазалайды. Бас айналу, айқын әлсіздік, жүрек айну, көзінің бұлдырауы қосарласып жүреді. Синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

 

*+жағдайлық талма (постпрандиальная гипотензия)

*инфаркт миокарды

*ортостатикалық талма

*вазовагальды талма

*аралас талма

 

#503

*!1,5 жасар қыздың анасы қызында талма эпизодтарының пайда болуына шағымданады. Қатты жылағанда қыз көгереді, апное және тырысулар пайда болып, қысқа уақытқа есінен талады. Талмадан кейін қыздың жағдайы нашарламайды. Апное және синкопе кезінде холтерлік зерттеу барысында брадикардия тіркелді. Ашнера-Данини окуло-кардиальды рефлексі балада үш секундтан көп паузаға алып келеді. Синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

 

*жағдайлық талма (постпрандиальная гипотензия)

*инфаркт миокарды

*ортостатикалық талма

*+вазовагальды талма

*аралас талма

 

#504

*!35 жасар ер адамды кейде болатын ангинозды ауру сезімдер және ентігу, айқын бас айналу мазалайды. Соңғы айда үш рет физикалық жүктеме кезінде талма болды. Анамнезінде жиі баспа, жастық шақта жедел ревматикалық қызба бойынша ем алған. Об-ті: жүрек аускультациясында оң жақтан 2 қабырғааралықта барлық систоланы алатын, айқын дөрекі систолалық шу естіледі; шу мойын қантамырларына және жауырын арасына беріледі. Синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

 

*аорта аневризмасының сылынуы

*аритмогенді талма

*+аорта саңылауының стенозы

*ишемиялық инсульт

*цереброваскулярлы талма

 

#505

*!Түнгі тұншығу пароксизмдері және қарыншалық тахикардия фонында пайда болатын, жиі талмасы бар 13 жасар баланың ЭКГ-да келесі өзгерістер анықталды: Гисс бұдасы оң аяқшасының бөгемесі, STV1-V3 сегментінің элевациясы, PR интервалының ұзаруы. Тұқым қуалаушылығы бар: баланың әкесі 40 жасында кенет қайтыс болған. Синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

 

*аорта аневризмасының сылынуы

*+аритмогенді талма

*аорта саңылауының стенозы

*ишемиялық инсульт

*цереброваскулярлы талма

 

#506

*!18 жасар жігітті талма, ентігу, бас ауруы, көзінің алдында "шыбын шіркей" болуы, аяқтарының жансыздануы мазалайды. Об-ті: кәрі жілік артериясында пульс қатаң, жылдам, ал сан артериясында әлсіз, толуы аз. АҚ қолда 175/95 мм сб.б., аяғында 90/70 мм сб.б. Жүрек аускультациясында: Боткина-Эрба нүктесінде, жүрек ұшында паравертебральды аймаққа берілетін әлсіз систолалық шу естіледі. Синкопальды жағдайдың БАРЫНША пайда болу генезі қандай?

 

*аорта аневризмасының сылынуы

*аритмогенді талма

*аорта коарктациясы

*ишемиялық инсульт

*цереброваскулярлы талма

#507

*!Төс артында қысқан тәрізді ауру сезімі және жиі жүрек соғуы бар 38 жасар ер адам физикалық жүктеме кезінде болатын талмаларға шағымданады. Тұқым қуалаушылығы бар: әкесі және ағасы 40 жасында кенет қайтыс болған. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты.

 

*бас миының магнитті резонансты томаграфиясы

*+эхокардиография

*коронароангиография

*электрокардиография

*жүректің оң бөлігін және өкпе артериясын катетерлеу

 

#508

*!Вена ішіне инъекция кезінде 14 жасар балада тері жабындыларының айқын бозаруы, гипергидроз, тонико-клоникалық тырысулар және пульсінің жоғалуымен талмалық жағдай пайда болды. Науқасқа клиножағдайды келтірген соң талма 50–60 сек. кейін басылды. Талмадан кейін бала өзін қанағаттарлық сезінді. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты.

 

*бас миының магнитті резонансты томаграфиясы

*эхокардиография

*коронароангиография

*+электрокардиография

*жүректің оң бөлігін және өкпе артериясын катетерлеу

 

#509

*!Туа пайда болған кереңдігі бар 2 жасар балада физикалық белсенділігінің кеңеюімен талма пайда болды. Баланың әкесінде де кереңдік және жиі есінен талуы бар. Қандай зерттеу әдісі БАРЫНША ақпаратты.

 

*бас миының магнитті резонансты томаграфиясы

*эхокардиография

*коронароангиография

*+электрокардиография

*жүректің оң бөлігін және өкпе артериясын катетерлеу





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 542 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2216 - | 2044 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.