Табиғи шабындық пен жайылымның жер отының өнімділігі мен сапасы климаттық жағдайға, әсіресе ылғалдыққа, сумен қамтамасыздығына байланысты болады. Ауыл шаруашылық алқаптардың құрамында табиғи мал азықтық алқаптарының үлесі солтүстіктен оңтүстікке қарай өседі.
Жайылымды ұйымдастыру мына қажеттіктерді шешу үшін жасалады:
1. малды далада жою мерзімінде үзбей көк шөппен қамтамасыз ету;
2. жайылымның өнімділігін әрқашан орнына келтіріп, жақсартып отыру;
3. малды алысқа айдамауды, мал азығын тасу және адамдарды тасымалдау транспорттық шығынын азайту;
4. малды семірту, өнімділігін жақсарту және т.б.
Жайылымды ұйымдастыруды жобалау үшін өте көп деректерді жинау және оларды талдау қажет. Мысалы геоботаникалық, су шаруашылықтық, агроклиматтық, гидротехникалық, гидрогеологиялық жағдайларын (вегетациялық уақытта жауын қай кезде жиі немесе аз жауады, жер асты суларының орналасу тереңдігі) және басқа өсімдіктердің өсуіне, өнуіне әсер ететін факторлар бойынша мәліметтерді жайылымды ұйымдастыруда ескеру өте қажет.
Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз:
- жайылымды мал тобына бекіту;
- отарлар мен табындарды, жазғы лагерлерді, мал суаратын орындарды орналастыру;
- ауыспалы жайылым жүйесін орналастыру және оның территориясын ұйымдастыру;
- кезегімен малды жаю, загондарға бөлу, мал айдау жолдарын орналастыру.
Жайылатын малдың түріне, жасына қарай топтарға бөлінеді және олардың түрлеріне қарай жайылымның оптималдық мөлшері белгіленеді. Бір табынға тиісті жердің көлемі (Р), га:
, (6.6)
онда: Т – бір топтағы мал басы, бас;
Н – бір бас малға бір күнде тиісті жасыл шөп, ц;
К – ауыспалы жайылым коэффициенті (мал жайылатын танаптың жалпы ауыспалы жайылым бойынша талаптардың санына қатынасы);
М – жайылу мерзімі, күн;
У – жайылымның өнімділігі, ц/га.
Жайылымды және шабындықты тиімді пайдалану үшін олардың территориясында ауыспалы жайылым және ауыспалы шабындық жүйелері енгізіледі.
Жайылымның типіне және шөптің өсіп шығу жылдамдығына қарай керекті жайылым және ауыспалы шабындық схемалары таңдалып алынады. Мысалы кейбір зонада жайылым мерзімінде шөп бір-екі-үш рет өсіп шығып үлгереді. Сондықтан кейбір жерде жайылым мерзімінде мал бір-екі-үш рет жайылады.
Шөл және шөлейттік жайылымда жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады (Кесте 6.1):
Кесте 6.1
Төрт танапты ауыспалы жайылым схемасы
Танап нөмірлері | ||||
Пайдалану мерзімі | Көктемде | жазда | күзде | қыста |
Шөп бір рет қана оталады. Ол үшін жайылымның танаптары загондарға бөлінеді.
Кұрғақ-дала жайылымында үш танапты ауыспалы жайылым орташа екі рет оталады (Кесте 6.2):
Кесте 6.2
Үш танапты ауыспалы жайылым схемасы
Танап өнімдері | |||
Жайылым мерзімі | 3 рет көктемде | 2 рет жазда | 1 рет күзде |
Ауыспалы жайылымның әр танабы мал жайыларда загондарға бөлінеді.
Суландырылатын жерлерде көпжылдық мәдени жайылым 5-6 рет оталады және 3-5 жылда бір дем алынады.
Жайылымды ауыспалы жайылым жүйесінде пайдалану оның жер отының ботаникалық құрамын және табиғи өнімділігін сақтауға әсер етеді.
Жайылым территориясын ұйымдастыру загонның қолайлы көлемі мен санын, мал айдайтын жерлерді, суаратын және дем алдыратын орындарды анықтауға байланысты жасалады. Загонның қажетті көлемін есептеу үшін (бір отар қойға, гектар есебімен, мыналарды білу керек:
1. мал жейтін азық массасының қоры (ц/га) және оның қажеттілігі;
2. бір қойға және барлық отарға тәулігінде қажетті азық мөлшері;
3. бір загонда жаю ұзақтығы.
«Қазақ шабындық және жайылым шаруашылығы» ғылыми-зерттеу институтының деректері бойынша ауыспалы жайылым жүйесіндегі жусан-эфимерлі типіндегі жайылымды пайдалану кезінде оның орташа көпжылдық шығымдылығы гектарына:
- көктемде – 5.1 ц;
- жазда – 5.6 ц;
- күзде – 4.5 ц.
Бір қойдың жайылым шөбіне тәуліктік қажеттілігі:
- көктемде – 4.5 кг;
- жазда – 3.1 кг;
- күзде – 3.3 кг.
Ал азық өлшемі тиісінше:
- көктемде – 1.12;
- жазда – 1.24;
- күзде – 1.20.
Жыл маусымдары бойынша малды жаю ұзақтылығы мынадай:
- көктемде – 60 күн;
- жазда – 90 күн;
- күзде – 90 күн, барлығы 240 күн (Алматы облысы бойынша).
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес бір загонда қой 6 күннен артық ұсталмайды.
Осы көрсеткіштерді пайдалана отырып бір загонның көлемін мына формула бойынша анықтауға болады:
, (6.7)
онда: З – загонның ауданы, га;
А – бір қойға қажетті жайылымдық азықтың тәуліктік нормасы, кг;
Б – малдың жалпы саны;
В – малды загонда жаю ұзақтығы, күн;
У – мал жаю кезеңіндегі жайылым шөбінің шығымы (ц/га);
К – орташа дәрежеде мал жаюға сәйкес алынған түзету коэффициенті, К = 0.6.
Мысалы 300 қойдан тұратын отарды загонда алты күн жаятын болса, оның ауданы (З) мынадай болады:
Көктемде:
(6.8)
Жазда:
(6,9)
Күзде:
(6.10)
Маусымдағы жайылым кезенінің ұзақтығы, отардың загонда болу мерзімі, отардағы малдың саны туралы мәліметтерге сүйене отырып маусымға қарай загонның санын және тұтастай алғанда ауыспалы жайылым бойынша оңай есептеп шығаруға болады. Мысалы, көктемдегі маусымның ұзақтығы 60 күн және бір отардың загонда болу ұзақтығы 6 күн болғанда көктемде жайғанда көлемі 26,5 гектардан 10 загон, жазда жайғанда 16,6 гектардан 15 загон және күзде жайғанда 22,0 гектардан 15 загон қажет болады.
Сөйтіп ауыспалы жайылым жыл маусымдарына қарай шығымдылығы мен шөбінің желінгеніне байланысты ауданы әртүрлі (26,5, 16,6, 22,0) 40 загоннан тұрады. Загонның орташа мөлшері 21,5 га.
Загонның тік бұрышты болғаны жақсы, мұндай загонның ұзындығы көлденеңінен бір жарым – екі есе үлкен болады. Жайылымдардың әртүрлі типінде загонның ұзындығы мен көлденеңі бірдей емес. Біздің жағдайымызда 300 қойдан құралған отар үшін орташа загонның көлемі 716м х 300м (21,5 га) болуы керек. Загонның пішіні, оның көлемі мен орналасуы қойды жайылымнан суатқа, тынықтыратын орынға айдап әкелудегі артық жүрісті болдырмауы, сондай-ақ жайылымдық жерді пайдалануға байланысты қолданылатын техниканы айдауға ыңғайлы болуы қажет. Жан-жағы қоршалған жайылымдарда суат көздері, ашық сулар, шахталы құдық, ал мүмкіндігіне қарай арнайы су құбырлары болуы тиіс. Қой бір күнгі жайылым кезінде орта есеппен 4-5 литр су қажет етеді. 300 қойдан құралған отарға бір күнде 1200-1500 литр су керек. Жайылымда тұрақты су көздері болмаған жағдайда мұндай мөлшердегі су тасып беру арқылы қамтамасыз етіледі.
Қойды суаруға арналған астаудың алып жүруге ыңғайлы болғаны дұрыс. Оларды загонның шетіне, яғни оның бір жағы мал жүріп өтетін жаққа қаратылып орнатылады.
Жайылымда қойды тынықтыратын орын бөлінуі тиіс және негізгі мал өтетін территория қалқанмен қоршалуы керек. Қоршау жайылым территориясын тиімді пайдалануға жағдай жасайды, табиғи және екпелі шөптердің шығымдылығын, 1 гектардан түсетін өнім мөлшерін көбейтеді, сөйтіп, шопанның еңбек өнімділігін арттырып, еңбегін түбегейлі өзгертіп, жақсартады. Қоршау құрылысын Жер ресурстары және жерге орналастыру МемҒӨО жасаған «Мәдени жайылымдарда арналған қоршау құрылысын салу жобасына» сәйкес салу қажет.
Қоршалған жайылымдарды пайдалану
Малды жайылымға шығармастан бұрын жайылымдарды пайдалану графигі жасалу тиіс, онда барлық жайылым кезеңінің ішінде ауыспалы жайылым жүйесінде загондарды пайдалану кезектілігі, отарды әр загонға әкелу мерзімі шамамен көрсетілуі керек. «Көктем» учаскесінің загонына көктемгі жаюды шөп өсе бастағаннан кейін 12-15 күн өткен соң оның негізгі массасы түптену – бүршіктену кезеңіне жеткенде, яғни шөп 10-12 сантиметр өскенде, ал шөл және шөлейт жайылымда 7- 8 сантиметр болғанда бастаған жөн. Шөл жағдайына ерте жайғанда жайылым шығымдылығының массасының 2-2.5 ц. аспайды. Бұл кезде мал негізінен өткен жылғы жусан мен сораңның қалдықтарын жейді.
Күн жылынып, тұрақты температура орныққанша шөптің нашар өсуіне байланысты бір загонда малды екі күннен көп жаюға болмайды. Одан әрі температураның артуына қарай жайылым шөбі қаулап шығатындықтан, оны да төрт күннен артық пайдалануға болмайды.
«Жаз» және «Күз» учаскелеріне малды графикке, сондай-ақ жыл маусымдары бойынша жасалған жайылым күннің тәртібіне сәйкес 6 күннен жаю қажет.
Ауыспалы жайылым жүйесі бойынша қой жайғанда шөл және шөлейт жайылымдарды пайдаланудың тиімділігі артады. Жайылымның биологиялық тұрақты шығымдылығы мен мәдени жайылымдардың ұзақ жылдық өнімділігі қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Жайылымның территориясын ұйымдастыру дегеніміз не?
2. Шөл және шөлейттік жайылымды жыл бойы қой жаю үшін төрт танапты ауыспалы жайылым ұсынылады. Оның құрылымы қандай?
3. Құрғақ дала жайылымында үш танапты ауыспалы жайылым орташа екі рет оталады. Оның құрылымы қандай?
4. Жайылымның танаптары загондарға қалай бөлінеді?
Глоссарий
Ауылшаруашылық мақсаттағы жер - ауыл шаруашылығы мұқтаждықтарына бөлінген жер. Оның құрамына ауылшаруашылық алқаптарымен қатар басқа да, өндірісті жүргізуге қажетті жерлер енеді (жол, ирригациялық жүйелер және т.с.с.).
Ауылды елді мекеннің шебі - ауылды елді мекен жерінің сыртқы әкімшілік шекарасы. Ауыл әкімшілігінің қарамағындағы жерлердің құрамына селитебтік және санитарлық-қорғау зоналары, ауылшаруашылық және басқа алқаптар, босалқы территориялар және т.с.с. кіреді.
Әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасы - жер ресурстарын ұтымды пайдалану жөніндегі өзара байланысты шаралар кешені қамтылған, жоба алдында жасалатын құжат. Жерге орналастыру, жерді мелиорациялау, күрделі құрылыс объектілерін салу және басқа осы тәріздес объектілердің жобаларын жасаудың негізіне алынады.
Дефляция - жел эрозиясы.
Жел эрозиясы - топырақтың аса құнарлы жоғарғы қабатының желмен бүліну процессі.
Жерді жалға алу - келісімде ескерілген шарттар негізінде жер учаскесін уақытша иеленуге немесе пайдалануга беру. Жалға жер азаматтарға, кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге 5 жылдан 49 жылға дейін беріледі.
Жер үлесі - еңбек ұжымының мүшесіне жеке меншікке берілуге белгіленген қайта құрылудағы ауылшаруашылық кәсіпорны алқаптарының бөлігі. Арнайы қорға немесе елді мекендердің шебіне енетін ауылшаруашылық алқаптарынан басқасы таратылуға жатады.
Жер қоры - шаруашылық жүргізу, жеке меншік, иелену және пайдалану объектісі болып табылатын белгілі бір территория көлеміндегі бүкіл жер.
Жер пайдалануы (жер иеленушілігі) - меншікте, иеленуде, пайдалануда немесе жалда болып табылатын, ауданы мен межелері белгіленген территория, белгілі бір құқықтық статусы бар жер учаскесі.
Жерге орналастыру процесі - жерге орналастыру іс-қимылдарьшың құрамы мен жүзеге асыру реттілігі. Ол мыналарды қамтиды: 1) дайындық жұмыстарын; 2) жобалауды; 3) жобалық құжаттаманы қарауды және бекітуді; 4) жобаны орындауды: жер бетіне түсіруді; жерге орналастыру құжаттарын рәсімдеуді және тапсыруды; авторлық қадағалауды.
Жер ресурстары - халық шаруашылығы салаларында пайдаланудағы немесе пайдалануға жарамды жерлер.
Жерге орналастыру құжаттамасы - жердің пайдалануын ұйымдастыруға қатысты өзара байланысты жобалық құжаттардың біртұтас жүйесі.
Жерге орналастыруды жобалау - ғылыми пән ретінде - территория мен онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын ұйымдастыру заңдылықтары туралы ілім; нақты іс-әрекеттер ретінде - жерге орналастыру жобалары мен схемаларын жасау, оларды экономикалық, экологиялық жөне қүқықтық түргыдан негіздеу, жүмыс сызбалары мен сметалық есептерді өзірлеу жөніндегі іс-қимылдар.
Жерге орналастыру жобасы - жерге орналастыру жобалық шешімдер, олардың графикалық бейнеленуі, негізделуі және сипаттамасы қамтылған экономикалық, техникалық және жоспарлау құжаттарының жиынтығы.
Жерге орналастыру - жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жердің ұтымды пайдаланылуын және қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүйесі.
Межелерді рәсімдеу - жер иелері мен жер пайдаланушылар учаскелерінің межелерін жер бетінде белгілеу және бекіту. Қүқықтық және техникалық рәсімдеуді, межелік белгілерді орнатуды және т.с.с. іс-қимылдарды қамтиды.
Пайдалануға қолайсыз жерлер - табиғи қалпында ауылшаруашылық пайдалануға жарамсыз жерлер. Бұлардың қатарына жыра-жылғалармен кескіленген территориялар, сусымалы құмдар, батпақтар, тым тұзданған және тастақ жерлер жатады.
Сервитут - бөтен межелес учаскелерді шектеулі түрде пайдалану құқығы (өтуге, инженерлік тораптарды жүргізуге және жөндеуге, мал айдауға және басқа да осы тәріздес іс-әрекеттерді жүзеге асыруға).
Ситуация - шартты белгілермен топографиялық пландар мен карталарда бейнеленген бүкіл объектілердің жиынтығы.
Су көзінің дебиті - су көзінің пайдалы су өндіргіштігі.
Су эрозиясы - топырақтың аса құнарлы жоғарғы горизонтының сумен шайылу процесі. Су эрозиясының екі түрі ажыратылады: сызықтық (тереңдік, жыралы) және жазықтық (үстіртін эрозия, топырақтың шайылуы).
Сызықтық объектілер - жер пайдаланушылық (жер иеленушілік) территориясында орналасқан ұзын пішінді объектілер мен шептер (жолдар, орман белдеулері, каналдар, межелер және т.с.с.).
Территорияның контурлық ұйымдастырылуы - территорияны жер бедерін барынша ескере отырып реттестіру.
Техникалық рекультивация - бүлінген жерді қалпына келтіру кезеңі. Негізгі мақсаты - жердің кеңістік қасиеттерін қалпына келтіру.
Учаскелік жерге орналастыру (УЖО) - жеке алқаптардың, шағын учаскелердің экологиялық және экономикалық талаптарға сай территориялық реттілігін жасау жөніндегі шаралар жүйесі. УЖО шеңберінде әртүрлі жұмыс жобалары жасалады.
Үй маңындағы жер учаскесі - заң негізінде азаматқа жеке меншікке жеке үй, қосалқы шаруашылығын жүргізуге, үй салуға, бағбандыққа тегін берілген жер учаскесі.
Шалғайжерлік - жер пайдаланудың кеңістік кемшілігі. Ауылшаруашылық кәсіпорны жерлерінің кейбір бөлігінің шаруашылық орталықтарынан тым шалғай орналасуы.