Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Алқаптарды ұйымдастыру жайында түсінік, оның мазмұны және шешетін мәселелері




Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз - оларды экономикалық тиімді және экологикалық нәтижелі құрамға және өзара ара қатынасқа келтіру және аймақта орналастыру.

Жобаланған ауылшаруашылық алқаптардың құрамы, ара қатынасы және орналасуы келесі талаптарға сәйкес болулары керек:

- табиғи қасиеттеріне байланысты барлық жерлер нәтижелі пайдаланулары тиіс;

- эрозиялық процесстер тоқтатылып, олардың болмауына әсері тиюі керек;

- әрқашан алқаптардың өнімділігі орнына келтіріліп, жақсарылуы тиіс;

- алқаптарды ұйымдастыру бойынша жоба шешімдері белгіленген мамандыққа сәйкес болуы тиіс;

- мал азығын қамтамасыз етуді;

- өнімді тасымалдауға және сақтауға аз шығын шығаруды қамтамасыз етуі;

- өндірістің нәтижелігін көтеруге;

- ауылшаруашылық алқаптардың ішкі территориясын ұйымдастыруға ыңғайлы жағдай жасау.

Өндірісте пайдалануына және табиғи қасиеттеріне байланысты ауылшаруашылық алқаптары бірнеше түрлерге бөлінеді.

Ауылшаруашылық алқаптары дегеніміз - әрдайым белгілі бір өндірістік және басқа қажеттілікке пайдаланылатын, табиғи, тарихи қалыптасқан ерекшеліктері бар, немесе кейін пайда болған қасиеттері бар жер массивтері.

Әр жер алқабы өсетін өсімдіктерімен, олардың сапасымен, суланғандығымен, жер бедерінің элементтеріннің орналасуымен, өндірісте пайдалану ерекшеліктерімен айырықшаланады.

Қазіргі классификация бойынша әрдайым ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын ауылшаруашылық алқаптарға егістік, шабындық, жайылым, тыңайтылған жер, көпжылдық өсімдіктер жатады. Ауылшаруашылық алқаптар бойынша мемлекеттік стандарт (Мем.СТ) бекітілген.

Ауылшаруашылық алқаптардың құрамы табиғи – климаттық жағдаймен өте тығыз байланыста. Жылдық орташа жауын-шашынның мөлшері 100мм аспайтын жерлерде егістік алқаптары - 10-13%. Дәнді-дақыл өсіруге ылғалдығы жеткілікті солтүстік аудандардың жерінің құрамында - 72% егістік жерлер.

Қалыптасқан ауылшаруашылық алқаптардың құрамы шаруашылық-тардың маманданғандығына әсерін тигізеді. Егістіктің үлесі - 70-80% солтүстікте дәнді-дақыл өсіретін шаруашылықтар көп, ал мал өсіретін шаруашылықтарда мал азықтың алқаптардың үлесі өте жоғары.

Тыңайған жердің үлесі егістіктен шығарылған жерлердің мөлшеріне өсті.

Жобаның бұл құрам бөлігінің негізгі міндеті жерді жоғарғы тиімділікте пайдалануға және қорғауға жағдай жасау үшін алқаптардың тиімді ара қатынасын және орналасуын белгілеу.

Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшу трансформациялау деп аталады. Трансформациялаудың негізгі мағынасы тиімді қатынасқа келтіру және ауылшаруашылық алқаптарды нәтижелі түрге әкелу.

ҚР Үкіметiнiң 29.08.2001ж. №1123 Қаулысы бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау жұмыстарын жүргізу жер учаскесі орналасқан жергiлiктi атқарушы органға жер пайдаланушының өтiнiшi, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың бастамасы негiзiнде жүзеге асырылады.

Жүйелі түрде ауылшаруашылық өнімін алу үшін қолданылатын алқаптарды ауылшаруашылық алқаптары дейміз. Оларға: егістік жерлер, көпжылдық көшеттер, шабындық, жайылым, тыңайған жерлер жатады.

Егістік алқаптары – ең қымбат өнімді алқаптар. Ондай жерлерге құнарлылығы жоғары, жүйелі түрде ауылшаруашылық мәдени дақылдарын егетін жерлерді жатқызамыз. Оларға пар да жатады.

Көп жылдық екпе ағаштар – ол жерлерде ағаштар, көшеттер, көпжылдық өсімдіктер өседі. Мұнда жеміс-жидек өсіріп, өнім алады. Сол сияқты дәрі-дәрмек дақылдары өсіріледі.

Ауылшаруашылық алқабына орман және бұталар жатпайды.

Тыңайған жер – бұрын егістікте пайдаланған және бір жылдан артық уақытта ауылшаруашылық дақылдары егілмеген жерлер.

Шабындық – жақсы көгалданған, жер бедерінің төмендеу жерінде орналасқан ылғалдылығы жоғары, сондықтан шөбі жетік жер учаскелері. Ол жерден жүйелі түрде пішендеме дайындап отыруға болады.

Жайылым – жүйелі түрде мал жаюға арналған жерлер. Табиғи түрде ол жазық немесе еңістігі күрделі емес жерлер, ылғалданған далалы, құнарлығы төмен, тұзданған, тасты жерлер болып келеді.

Ауылшаруашылығына жатпайтын алқаптарға ормандар, көшеттер, жолдар, батпақтар, қатты және өте қатты тұздалған жерлер, құмдар, құрылыс орындары, тоған, жол, қорғаушы көшеттер және т.б. жерлер жатады.

Ауылшаруашылығына жатпайтын алқаптардың арасынан ауылшаруа-шылық дақылдарының және мал азықтық алқаптарының өнімділігін арттыруға, топырақтың құнарлығын көтеруге, оны эрозиядан сақтауға себебін тигізетін алқаптарды атауға болады. Оларға жерді суландыруға арналған су көздері алқап қорғау орман жолақтары, гидротехникалық ғимараттар жатады. Олардың арасында жерден ажырамайтын өндіріс құралдары: ғимараттар, жолдар, каналдар және т.б.

Ауыл шаруашылық алқаптары ҚР барлық жер қорының 33 пайызын құрайды. Оның ішінде ең құндылары егістік және көпжылдық екпе ағаштар – 26.5 % (2010 ж.).

Алқаптардың бір түрінен екінші түріне көшуі трансформация деп аталады. Трансформацияның негізгі мағынасы ауылшаруашылық алқаптарын тиімді қатынасқа келтіру және нәтижелі түрге әкелу. Оның өндірістік мақсаты жерді пайдаланудың қарқындылығын және топырақ құнарлығын арттыру, ең жоғарғы өнім алу.

Алқаптарды трансформациялаудың негізгі талаптары болып мыналар табылады:

- ауыл шаруашылық алқаптарының ауданын көбейту;

- ауыл шаруашылық алқаптарын пайдалану қарқындылығын көтеру;

- егістік немесе басқа жоғарғы өнімді алқаптардың ауданын үлкейту;

- машина-тракторлық агрегаттардың өнімділігін арттыру үшін ұсақ контурлы учаскелерді жою, учаскелерді ұлғайту және конфигурациясын жақсарту;

- инженерлік құрлыстар, жол және сонымен қатар эрозияға қарсы және табиғатты қорғау шараларына жер учаскелерін бөлу.

Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту дегеніміз, олардың физика-химиялық және басқа жағдайын әртүрлі мелиоративтік немесе мәдени-техникалық шараларды жүргізу, топырақ қабатының сапасын, жердің кеңістік қасиеттерін түбегейлі жақсарту арқылы олардың пайдалану қарқындылығын жоғарылату.

Ауылшаруашылық алқаптарын жақсарту жобаларының ең басты іс әрекеттері ауылшаруашылық емес және ауыл шаруашылық алқаптарын трансформациялау, жоғары өнімді алқаптардың ауданын көбейту.

Мәдени-техникалық шараларға мыналар жатады:

- мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту;

- ауылшаруашылық алқаптарының өнімділігін жоғарылататын әр түрлі шараларды қолдану;

- орманды ағаш көшеттерін және түбіртіктерді жою;

- ор, каналдарды көму, ойыс жерлерді тегістеу;

- үйінділерді жазу.

Мал азықтық алқаптарды түбегейлі жақсарту дегеніміз – бұл аз өнімді табиғи алқаптарда жасанды дақылдарды егу арқылы олардың өнімділігін көтеру. Бұл үшін жерді жырту және мәдени-техникалық шараларды жүргізу арқылы көпжылдық шөпті өсіру негізінде жоғары өнімді жасанды мал азықтық алқаптарды өсіру.

Жеңіл жақсарту – бұл мал азықтық алқаптарда табиғи мал азықтық шөптерді сақтап қалып, мәдени-техникалық шараларды жүргізу арқылы олардың өнімділігін арттыру.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру (трансформациялау) қажеттігі табиғи факторларға, оларды бұдан кейін басқа жер алқаптарының құрамында пайдаланудың экономикалық тұрғыдан тиімділігіне негізделеді [33].

Жергiлiктi атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілетін ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау жөніндегі жерге орналастыру жұмыстарын қаржыландыру - бюджет қаражаты есебінен, ал жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өтініштері бойынша - олардың өз қаражаттары есебінен жүзеге асырылады.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау жер учаскесі, учаскелер тобы, суармалы алқап, жер пайдалану бойынша жүргізілуі мүмкін.

Жоспарлау-картографиялық материалдарды, жерге орналастыру, мелиорациялық құрылыс жобаларын, топырақты зерттеу, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық ізденіс материалдарын, тұздану суреттерін, жер кадастры, жерді түгендеу деректерін зерттеу негізінде топырақ-мелиорациялық жай-күйі басқа алқап түріне ауыстыруды қажет ететін ауыл шаруашылығы алқаптары анықталады.

Неғұрлым бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төмен алқаптарға ауыстыруға:

- егістікте - жердің агроөндірістік топырақ сипаттамасының нақты пайдаланылуына сәйкес келмеуі, улы заттармен ластанудың жоғары деңгейі;

- көп жылдық екпелерде - екпелердің шекті жасы, олардың сиреуі, жердің топырақ құрамының төмендігі, қолайсыз топырақ-мелиорациялық сипаттамасы;

- шабындықтарда - жердің шөлейттенуі, шалғындық өсімдіктердің сиреуі, жердің мелиорациялық күйінің нашарлауы;

- жайылымдарда - тапталып бүлінуі негіз болып табылады.

Суармалы жерді суарылмайтын жерге ауыстыру жоғарыда аталған факторлардан басқа, суару көзімен байланысты, сумен қамтылмауы, шаруашылық суару жүйелерінің техникалық жай-күйiне байланысты болуы мүмкін. Ал жайылма суармалы жерде - су ағынын қайта бөлу салдарынан су басудың тоқтауы немесе су ресурстарының болмауы, құрылыстардың техникалық жай-күйi оны суарылмайтын жерге ауыстыруда себеп болуы мүмкін.

Қажет болған кезде жергiлiктi атқарушы органдар бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарын бағасы төмен алқап түрлеріне ауыстырудың басқа себептері: ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігінің тым төмен болуы, топырақтың тұздану, сортаңдану, ластану деңгейінің және алқаптардың сапалық сипаттамасының төмен болуы.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау материалдарында:

- қорытындылар мен ұсыныстары бар түсіндірме жазба;

- трансформациялау белгіленген жерлердің экспликациясы;

- трансформацияға жататын ауыл шаруашылығы алқаптары көрсетілген далалық зерттеу актісі мен сызбасы;

- жер учаскелерінің сапалық сипаттамасы;

- суару жүйесінің, жайылма суару жүйесінің, суландыру құрылыстарының техникалық жай-күйi, сондай-ақ негізгі қорлардың құны туралы мәліметтер болуға тиіс.

Ауыл шаруашылығы алқаптарын трансформациялау материалдары ауданның уәкілетті органына бекіту, ауыл және су шаруашылығының аудандық органдарымен келісу үшін жіберіледі.

Жер ресурстарын басқару орталық уәкілетті орган суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстыру жөніндегі ұсынылған материалдарды ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау орталық уәкілетті органдармен келіседі және өзінің жинақталған қорытындысымен қоса, осы мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін облыстық атқарушы органға жібереді.

Бақылау сұрақтары:

1) Алқаптарды ұйымдастыру дегеніміз не?

2) Алқаптарды ұйымдастырудың әдістемесі жайында түсінік, оның шешетін мәселелері және мазмұны.

3) Трансформациялау дегеніміз не?

4) Мал азықтық алқаптарды жақсарту және түбегейлі жақсарту дегеніміз не?





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2949 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2264 - | 2037 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.