Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу үшін және әрі қарай даму жолдарын білу үшін соңғы өткен үш-бес жылдық есеп беру көрсеткіштері зерттеледі, келешек 5-10 жылдық әлеуметтік және экономикалық дамуы жайында жоспарлар қаралады. Осы зерттеулер арқылы шаруашылықтың жағдайын мінездейтін мына деректер жиналады:
- өндіріс маманданғандығы және РАПО (аудандық агроөндірістік бірлігіндегі (ААӨБ) шаруашылық аралық байланыстары, агроөндірістік бірлігі құрамында атқаратын міндеті;
- егістік көлемі, егістік құрамы, органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізу, дала жеміс-шөп өсімдіктері көпжылдық өсімдіктер және мал азықты ауылшаруашылық алқаптар, өсімдік шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;
- мал басы, бағалы түрлері және жастары бойынша топтары, құрамы, мал азығының жеткіліктілігі, малдардың өнімділігі, мал шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;
- көмекші салалардың даму көрсеткіштері;
- өндіріс салалары, өндіріс бөлімшелері, елді мекендер бойынша адам еңбегінің жеткіліктілігі;
- техниканың бар екендігі, оны пайдалануды ұйымдастыру түрлері, мал, өсімдік және көмекші салалардағы негізгі жұмыстардың механикаландырылғандығы;
- тұрмыс, мәдени-тұрмыстық және өндірістік құрылыстардың бар екендігі, жағдайы және құны, басқа да территорияның инженерлік жабдықтары;
- энергиямен қарулануы, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, ақшалай кіріс, оны бөлу, өндіріске жұмсалған қаржы, еңбек ақы.
Аудандық жерге орналастыру схемасын және басқа болжау, жобалауға дейінгі жасалатын схемаларды зерттеп, олардың қолдану жайын тексеріп, керекті көшірмелер жасалады.
Территорияны инженерлік жабдықтау (мелиоративтік, орман- мелиоративтік, елді мекенді пландық жоспарлау және салу және т.б.) жобалары, немесе мәдени-техникалық, эрозияға қарсы және басқа шаралар бойынша техно-жұмыс жобаларының көшірмелерін, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті деректерді жазып алу керек (кейін территорияны орналастырғанда пайдалану үшін).
Осы камералдық дайындық жұмыстарында жиналған материалдарды зерттей отырып, далалық жұмыстардың көлемін, мазмұнын анықтайды.
Далалық дайындық жұмыстары
Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.
Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты - территорияның іс жүзінде қалыптасқан жағдайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндірістік ұйымдастырылуымен танысу. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстарының шешетін сұрақтарына, оның мазмұнына, түріне, жобалау жұмыстарының көлеміне байланысты жинайтын материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы өзгереді.
Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.
Дала ізденісінің нәтижесі әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады.
Сызбада ізденістің барлық элементтері мен детальдары түсіріледі, басқа жер иелеріне және жер пайдаланушыларға берілетін жерлер көрсетіледі.
Камералдық және далалық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қаралып, нақтыланады; жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.
Жобалауға тапсырма
Дайындық жұмыстарының материалдары бойынша жобалау мекемесі, тапсырма беруші және жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін объектілердің мамандарының қатынасуымен шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасауға тапсырма тағайындайды.
Жобалауға тапсырма жер иелері, жер пайдаланушылар, мекемелер және ұйымдар, өкіметтің компетентті органдарымен келісе отырып жасалады. Жобалауға тапсырманы заказ беруші бекітеді. Міндетті түрде тапсырма МемжерҒӨО - мен келісуде жасады.
Жобалауға тапсырма өзінің бекітілген формасы бойынша жасалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Ішкі шаруашылық жерге орналастыруға түсінік бер.
2. Шаруашылықтың территориясын ұйымдастыру жолында қандай мәселелер шешіледі?
3. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының шартты құрамды бөліктерін атаңыз және қысқаша сипаттама беріңіз.
4. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының құрылымы.
5. Ішкі шаруашылық жерге орналастырудағы дайындық жұмыстары.
6. Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.
7. Далалық дайындық жұмыстары.
8. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын жасауға дайындық жұмыстарын жүргізуде жинайтын материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы неге байланысты болады?
9. Жобалауға тапсырма.