Иық үсті мен иықтың зақымдалуы
Бұғананың акромиальды ұшынының шығуы
Бұғананың акромиальды ұшының шығуы барлық шығулардың 15% құрайды.Ол 25-50 жас арасындағы ерлерде жиі кездеседі.Зақымдалу синонимі – бұғана-акромиальды бірігудің үзілуі.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері. Бұғананың дистальды бөлігінің жауырынның акромиальды өсіндісімен қосылуы буын құрайды, оның тұрақтылығы акромиальды-бұғаналық және бұғана-тұмсықты байламдармен қамтамасыз етіледі.акромиальды-бұғаналық байлам буынды қаптайды, ал бұғана-тұмсықты байлам буыннан тыс орналасып, жауырынның тұмсық тәрізді өсіндісін бұғананың дистальды бөлігіндегі төмпешік аймағымен қосады.
Сурет. 1. Акромиальды – бұғаналық буын:
1 – акромиальды – бұғаналық байлам, 2 – бұғаналық – тұмсықты байлам
Буында қозғалыс көтерілген қолды әкеткенде болады.Буындағы ығысу осы айтылған байламдардың біреуі немемсе екеуі бірдей үзілгенде болады.
Жіктелуі.
Акромиальды ұштың шығулары:
- аромион үсті, акромион асты
- толық (акромиальды-бұғаналық және бұғана-тұмсықты байламдардың үзілуі)
- толық емес (акромиальды-бұғаналық байлам үзілуі)
Зақымдалу механизмі жүктеме акромион үстінен болғанда тура болуы мүмкін.Әкелінген және ішке ротацияланған иықта иық буынына жүктеме түскенде шығу болады.Бұл механизмді XXғ. басында «фракты костюмнің төс қалтасынан зат алуда бүйіріне құлау» деп түсіндірген.Сонымен қатар шығуға әкетілген иықтың осі бойынша түсірілген күш те әкелуі мүмкін.
Диагностикасы. Акромиальды-бұғаналық байлам аймағында күшті емес ауырсыну байқалады.Сол жерде ісіну, пальпация кезінде ауырсыну, сау жақпен салыстырғанда бұғананың көтеріліп тұруы байқалады.
Байламның зақымдалуы туралы акромиальды-бұғаналық сынама да дәлелдейді.Оны келесідей іске асырады.Иықты 90 әкетіп, шыңтақты алдыға қарай ортаңғы линияға ығыстырады, сол кезде байламға күш түскендіктен, ол ауырсынудың күшеюіне әкеледі.Акромиальды-бұғаналық байлам зақымдалуына «клавиша» симптомы тән: денеге әкелінген қолдың шыңтағы астынан фиксация жасаймыз және бұғананың жоғары ығысқан ұшына басамыз.Сол ол оңай ішке кіреді.Қолды алғанда бұғананың ығысқан бөлігі қайтадан сыртқа шығады клавиша тәрізді.
Бұл симптомдардың барлығы жартылай шығудан қарағанда толық шығуда анық көрінеді.Осылай, толық шығу кезінде бұғананың акромиальды ұшының жоғары ығысуы соншалықты болады, сол кезде оның буындық бетін пальпациялауға болады.Мұны жартылай шығу кезінде істеу мүмкін емес.Толық шығу кезінде бұғана мен жуырынның ажырауының үлкен болуы соншалықты, тіпті жауырынның қозғалуы бұғана жағдайынының өзгерісінсіз жүреді.Жартылай шығу кезінде жауырынның қозалысы қалыпты кездегідей бір уақытта бұғананың дистальды ұшының қоғлысына әкеледі.
Сурет.2. Бұғананың акромиальды ұшының толық шығуындағы иық үсті деформациясы
Ескірген шығулар кезінде бірнеше симптомдар көрінуі бәсеңдеуі немесе керісінше күшеюі мүмкін.Мысалы, бұғананың акромиальды ұшының шығуы артуы, ал клавиша симптомы айқын көрінбеуі байқалады.
Радиологиялық диагностика. Қорытынды диагноз үшін екі иық үстінің алдыңғы-артқы рентгенограммасын жасайды.Бұдан айқын көрініс функциональды рентгенография кезінде болады.
Функциональды рентгенографияны тұрған жағдайда, екі қолға 3-5 кг жүті фиксациялап жасайды.Екі иық үстін мүмкін болса бір пленкаға түсіреді.
Шығу немесе жартылай шығу туралы бұғананың төменгі контурының акромионнң сәйкес контуры қатынасы бойынша жоғары ығысуы байқалады.
Егер ығысу бұғана қлыңдығының жартысына дейін болса, бұл жартылай шығу, ал одан артық болса толық шығу деген сөз.Шығуды бұдан нақты бағалау үшін тұмсық тәрізді өсіндіден бұғанаға дейінгі арақашықты салыстырмалы түрде өлшеу керек.бұл арақашықтықтың сау жақпен салыстырғанда 5мм және артық болуы бұғана-тұмсықты байламның үзілуін көрсетеді, яғни – толық бұғана шығуы.кезінде болады. Бұғана-тұмсықты байлам ұзындығы5мм аз болуы оның бүтіндігін білдіреді, яғни толық емес шығу.
сурет.3. Функциональды рентгенологиялық зерттеу
А - бұғаның төменгі контурының жоғары ығысуы
Б – шығу – бұғаналық өсінді және бұғанадан 5 мм және одан артық,
В – жартылай шығу - 5 мм аз ығысу.
Госпитализацияға дейіңгі көмек. Анальгетиктермен жансыздандыру және косынкалы таңумен иммобилизациялау.
Емі. Көптеген авторлардың айтуы бойынша жартылай шығуларды консервативті, ал толық шығуды – оперативті емдеу дұрыс.
Бұғананың жаңа шығуын орнына келтіру көп қиындық тудырмайды.Бұл үшін анестезиядан кейін, қолды шыңтақтан ұстап әкелінген иықты жоғары және артқа қарай ғыстырады.бір уақытта бұғананың дистальды бөлігінен төмен басаады.Шығу орнына келді.Бұдан қиыны бұғананы орына түскен жағдайда ұстап түру.
Консервативті емдегенде осы мақсатпен 4-6 аптаға шинамен таңулар салады, олар бұғананың акромиальды ұшына ұзақ қысымды қамтамасыз етеді.Мұндай фиксацияның бір мысалы болып Шимбарецкий бойынша винтті пелотты гипстік торакобрахиальды таңу болып табылады.
Сурет. 4. Шимбарецкий бойынша компрессиялаушы винтпен торакобрахиальды таңу.
Мұндай таңуларлардың кемшіліктері болып жұмсақ тіндердің қысылуына байланысты ойық-жаралар пайда болуы қауіпі, таңудың әлсіреуіне байланысты шығу рецидиві, кеуде қуысының экскурсиясының шектелуімен ұзақ фиксациясы.
Оперативті ем науқас үшін қайталама шығудың алдын алу үшін ыңғайлы және мықты.Ең қарапайым және жарақаты аз операция әдісі болып орнына келген бұғана ұшын спицамен перкутанды трансартикулярлы фиксация (сурет 5,а), 4-6 аптаға Дезо типті таңу салу.Сонымен қатар көп авторлар бұғананың толық шығуы кезінде бұғана-тұмсық тәрізді байламды қалпына келтіруді міндетті деп санайдыҚосымша акромиальды-бұғаналық бірігудің пластикасын немесе бұғананың металл спцамен трансартикулярлы фиксациясын жасайды (сурет 5,б).Операциядан кейін 4-6 аптаға гипстік Дезо таңуын немесе әкеткіш шинаны салады.
Сурет. 5. Бұғананың акромиальды ұшының шығуының фиксациясы:
а – жартылай шығуда спицамен трансартикулярлы,
б – толық шығуда бұғана-тұмсықты байлам платикасы трансартикулярлы спицамен
в – «форманы есте сақтау» фиксаторы (титан никелиді).
Операциядан кейіңгі кезеңде қосымша гипстік иммобилизацияны қажет етпейтін, бұғананың мықты фиксациясын қамтамасыз ету үшін «форманы есте сақтаушы» қасиеті бар арнайы металлды конструкцияны қолдану арқылы жетуге болады (титан никелиді).Бұл фиксатор бұғана-тұмсықты байламға имплантациясынан кейін қосымша вертикальды компрессияны тудырып, бұғананы тұмсық тәрізді өсіндіге тартып тұрады (сурет 5,в).
Еңбекке жарамдылық 7-8 аптадан кейін қалпына келеді.
Асқынулар иммобилизация уақытының жеткіліксіздігімен немесе операцияның қтеліктерімен байланысты болады.
Бұғананың төстік ұшының шығуы.
Бұғананың төстік ұшының шығуы немесе төс-бұғаналық бірігудің үзілуі бұғананың акромиальды ұшының шығуынан қарағанда бірнеше сирек кездеседі.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері. Бірігудің тұрақтылығы төс-бұғаналық және бұғана-қабырғалық байламдармен қамтамасыз етіледі (сурет 6,а).Буындағы қозғалыс иық пен иық белдеуінің қозғалуында іске асады.
Жіктелуі. Бұғаананың проксимальды ұшының ығысуы бойынша алдыңғы (төс алды, антестернальды), бұл кезде бұғана алдыға және жоғары ығысады.Артқы (төс арты, ретростернальды), бұл кезде бұғана артқа және жоғары ығысады.
Жартылай шығу төс-бұғаналық және жартылай бұғана-қабырғалық байламның үзілуінде, шығу – екі байламның да толық үзілуі.
Сурет.6. Төстік-бұғаналық байлам:
а – қалыпты, б – жартылай шығуда, в – толық шығуда.
Механизмі. Тура емес, иықты алдыға итеруші күш әсер ету, иық буынының фронтальды аймақтарына қысым түсуі.
Диагностикасы. Келесідей симптомдар тән:
- Иықпен иық үстінің қозғалысы кезінде күшейетін төс-бұғана бірігуі аймағындағы ауырсыну
- Шығу аймағындағы деформация, бірігу аймағының ассиметриясы
- Пальпацияда ауырсыну, бұғананың төстік ұшының алдыға шығуы немесе ішке круі
Артқы шығулар алдыңғылармен салыстырғанда сирек кездессе де, бірақ олардың ¼ бұғананың дорсальды ығысуына байланысты асқынулармен:пневмоторакс, тіндердің жаншылуы және жыртылуы, бұғана асты артерия мен венаның окклюзиясы, жоғарғы қуысты венаның жыртылуы.
Радиологиялық диагностика. Төс-бұғаналық бірігудің симметриялы алдыңғы –артқы рентгенографиясын жасайды.Сау жақпен салыстырғанда шыққан бұғананың стернальды ұшының көленкесі төстің буындық еніп, жоғары және медиальды ығысқан.Шыққан бұғана ұшы туралы бұдан нақты мәліметті компьютерлі томография береді.
Госпитализацияға дейіңгі көмек. Косынкалы таңумен иммобилизациялау.
Емі. Шығуды науқас арқасына жатқанда орнына салады: алдыңғы – жергілікті жансыздандыру, артқы – жалпы наркоз.Жауырын арасына валик салады.Қолды 90 әкетіп, осі бойынша бұрайды.Алдыңғы шығуда бұғананың стернальды ұшына дорсальды бағытта, ал артқы шығуда бұғана ұшын алдыға қарай орнына келгенше ығыстырады.
Бұғананың акромиальды ұшының шығуындағыдай үлкен қиындықты шығуды орнына салғаннан кейіңгі оны орнында ұстап тұру тудырады.Шығуды орнына салғаннан кейін 4-5 апта бойы торакобрахиальды таңғыш немесе әкеткіш шинамен алдыңғы шығуда фронтальды сызықтан иықты 90 алдығы шығару немесе артқы шығуда оны алдыға ығыстырады. Оперативті жолмен тұрақты фиксацияны қамтамасыз етуге болады (сурет7).Дезо таңуымен 4-5 аптаға иммобилизациялау.
Сурет. 7. Бұғананың стернальды ұшының шығуының оперативті емдеу тәсілдері:
а – трансоссальды тігіс,
б – I қабырғадан қосымша фиксация,
в – спицамен қосымша фиксация.
Иық шығуы барлық шығулардың 50-60 % құрайды, олардың ішінде 60-70 % 30 жасқа дейіңгі адамдарда жиі кездеседі.
Анатомо-биомеханикалық ерекшеліктері.Жауырынның буын шұңқырының беті шар тәрізді иық басы бетінен 3-4 есе кіші.Жауырынның буын беті шұңқырының сәйкессіздігі оның шеміршекті ернімен қамтамасыз етіледі.
Буын капсуласы үлкен, әсіресе төменгі бөлігінде, онда ридерлік қалта бар,ол қолды әкеткенде жазылады.Оның тыртықтануы (жиі травмадан кейіңгі гематомалардан соң) контрактураларды түзеді.Иықты әкеткенде тамырлы-нервті шоғыр иық басына жақындап жаншылуы және шығу кезінде зақымдалуы мүмкін.Капсула қалыңдығы әртүрлі аймақта әртүрлі болып келеді.Капсуланың жоғарғы бөлігіндегі күшті байлам аппаратына байланысты иықтың жоғары шығуы болмайды.Ең әлсіз жері болып капсуланың алдыңғы медиальды бөлігі табылады.
Иықтың шығуы ылғи буын капсуласының жыртылуымен жүреді.Бұл кезде иықтың ротаторлы айналдырушы манжетасының жыртылуы жауырын үсті, кіші домалақ, ось асты және ось үсті бұлшықет сіңірлерінің толық немесе жартылай үзілуімен қатар жүреді.
10 – 40% байқауларда иық сүйегінің үлкен төмпегінің жұлынуыжиі қарттарда, сирек – иық сүйегінің кіші төмпегінің жұлынуы байқалады.
Жіктелуі.
- Алдыңғы 80%
· Тұмсық тәрізді өсінді асты – иық басының көп бөлігі тұмсық тәрізді өсіндіден вертикальды түсірілген сызықтан сыртта жатыр
· Тұмсық тәрізді өсінді іші - иық басының жартысы тұмсық тәрізді өсіндіден түсірілген сызықтан ішке жатыр
· Бұғана асты – бүкіл иық басы тұмсық тәрізді өсінді сызығынан медиальды жатыр
- Төменгі 15%
- Артқы 5%
Сурет. 8. Иықтың алдыңғы шығуларының түрлері:
а –тұмсық асты, б – тұмсық іші, в –бұғана асты.
Механизмі. Жиі тура емес – әкетілген және сыртқа ротацияланған иық осі бойынша жүктеме түсуі. Диагностикасы. Науқастарды жиі буындағы ауырсыну және травмадан кейін болатын иық қозғалысының болмауы мазалайды.Науқас жағдайы мәжбүрлі: зақымданған жақтағы иық үсті төмен түскен, науқас басын да зақымданған жаққа бұрып ұстайды.Ол зақымданған қолыа тыныштық жасауға тырысып, сау қолымен ақырын ұстайды.Қол аздап әкету жағдайында, шыңтақ буынында бүгілген және ұзарған сияқты болып көрінеді. (сурет. 9).
Сурет.9. Иықтың алдыңғы шығуындағы науқас позасы
Иық осі қалыты жағдайда акромиальды өсінді арқылы өтсе, ал шығуда ол – бұғана арқылы өтеді.Иықтың салыстырмалы ұзындығы (акромионнан иықтың сыртқы айдаршығына дейін), иықтың сыртқы айдаршығынның төмен тұруына байланысты сау жақпен салыстырғанда ұзарған.Иық буыны аймағындағы дельта тәрізді бұлшықеттің қалыпты өлшемі шығу кезінде жоғалып кетеді, мұның орнына кедір-бұдырлы беткей пайда болады (иық басының буында болмауы), оның үстінде бос акромиальды өсінді анықталады.Бұлшықеті жақсы дамыған адамдарда иық буыны деформациясы жұмсақ тіндермен жасырылады.Бұл жағдайда деформацияны Маркс симптомын тексеруде анықтайды:екі жақтан симметриялы түрде екі иық үстіне және сыртқы жақтан иық буынына басады.Сол кезде зақымдалған жақта акромиальды өсіндіден дистальды сау жақпен салыстырғанда саусақ терең енеді, яғни иық шығуы белгісі.Буындағы белсенді қозғалыстар шектелген немесе жоқ.Пассивті қозғалыстар кезінде иықтың серпімді фиксациясы байқалады – «пружиналы қарсылық» симптомы.Шыңтақ буының кеудеге әкелу мүмкін емес.Пальпация кезінде буында жайылған ауырсыну байқалады.
Қолды сыртқа қарай бұрғанда, иық басын тұмсық тәрізді өсінді астында немесе қолтық асты шұңқырының төменгі бөлігінде анықтауға болады.Буынды қаптаған бұлшықеттер кернеулі болады.
Орнына келмеген шығулар кейіңгі кезеңде буын капсуласының тыртықты бүрісуімен, көптеген тыртықты бітісулермен, бұлшықет эластикалығы мен күшінің жоғалуымен жүреді.Буын деформациясы гематоманың сіңірілуінен кейін және бұлшықет гипотрофиясынан соң анық көрінеді.Активті және пассивті қозғалыстар көлемі ұлғаяды, өткір ауырсыну жойылады.Бірақ фиксацияланған жауырынмен қолды әкету және көтеру мүмкін емес.
Иықтың ығысқн басы иық шоғырымен тамырларды зақымдауы мүмкін.Осының нәтижесінде саусақ терісінің цианозы,, сезімталдықтың төмедеуі, парестезиялар болуы мүмкін.Кәрі жілік артериясындағы пульс сиреген немесе жоқ.
Нерв шоғыры 10% жағдайда зақымдалады.Жиі қолтық асты нервісі зақымданады (иықтың сыртқы беті бойнша сезімтлдықтың төмендеуі).Сонымен қатар ортаңғы, шыңтақ және кәрі жілік нервтерінің зақымдануы мүмкін.Сондықтан неврологиялық зерттеу міндетті.
Иықтың шығуы кейде иықтың хирургиялық мойынының сынуымен бірге жүреді.Сыну кезінде иық қысқарған және әкетілмейді.Бұл жағдайда қолды әкелу және әкету кезінде иық шығуына тән пружиналы қарсыласу белгісі болмайды.Иықты қозғалтуда крепитация байқалады.Ең қиыны иық шығуымен бірге оның мойынының вколоченный сынығын диагностикалау, себебі ол екіншілік ығысуға дейін клиникалық еш белгі бермейді.Өз уақытындағы диагностика өте маңызды себебіорнына келтіру кезінде сынықтың ажырап кетуі мүмкін.Қосымша үлкен төмпектің сынығы клиникалық еш білінбейді.
Радиологиялық диагностика. Екі проекциядағы рентгенография шығу түрін анықтап қана қоймай, сонымен қатаремдеудің тактикасына әсер ететін қосымша сынықтарды анықтайды.Стандарт болып алдыартқы рентгенограмма табылады.Күдікті жағдайларда жауырынның бұйір проекциядағы рентгенограммасын жасайды.УДЗ және МРТ жұмсақ тіндер патологиясын анықтауға мүмкін береді (ротаторлы манжета жыртылуы, Банкарттың зақымдануы).
Госпитализацияға дейіңгі көмек. Косынкалы таңумен иммобилизациялау және жансыздандыру.
Емі. Жаңа, асқынбаған шығуларды орнына келтірген соң емді амбулаторлы жалғастыруға болады.Шығуы орнына салынбаған және асқынған науқастар стационарлы емделеді.
Жаңа шығуда иық буының орнына келтіруді жедел көмек көрсету реттілігімен жүргізеді.Шығуды орнына келтірудегі жалпы ереже болып капсула-байламды аппараттың қосымша зақымдалуының алдын алу үшін минимальды жарақаттылығы.Бұл үшін жедел травма кезінде ауырсыну контрактурасы жағдайындағы бұлшықеттердің максимальды босауын қамтамасыз ету керек.Сондықтан шығуды орнына келтіруді көктамыр ішілік наркозбаен, тек сирек - өткізгішті немесе жергілікті жансыздандырумен жүргізеді.Иық буынына новокаин енгізу шығуды орнына келтіруде адекватты болмауы мүмкін.
Иықтың жабық орнына келтіру үшін көптеген әдістер бар, ең кең таралғандары болып табылады:
Гиппократ – Купер әдісі (сурет. 10).Дәрігер арқасымен жатқан науқастың шығу жағынан келіп отырады, науқас білегінен ұстап, өз аяғын қолтық астына орналастырып, иық сүйегінің басына баса отырып, бір уақытта қолды осі бойынша тартамыз. Бұл әдістің өте жоғары жарақаттылығына байланысты өте сирек қолданылады.
Сурет. 10. Гиппократ бойынша иықты орнына салу.
Кохер әдісін жас адамдардағы алдыңғы шығуда(остеопороз кезінде орнына салу кезінде иық сүйегінің мойынының сынуы қауіпі бар). Ол төрт біртіндеп жүргізілетін этаптардан тұрады (сурет. 11). Науқастыт үстел үстіне арқасымен жатқызамыз, шыққан қол үстел шетінен шығуы қажет.
1-ші этап (сурет. 11, а). Хирург бір қолымен ауру қолдың иығының төменгі 1/3 ұстайды, ал екінші қолымен тік бұрышпен шыңтақ буынында бүгілген қолды иық осі бойынша тартады, оны ақырын кеудеге әкеледі.
2-ші этап (сурет. 11, б). Иық осі бойынша тартуды босатпай, шынтақты кеудеге қысып, хирург білек құрсақтың фронтальды жазықтығына жеткенше, біртіндеп иықты сыртқа ротациялайды. Бұл кезде иық сүйегінің басы буындық бетімен алдыға бұрылады. Жиі жағдада екінші этапта шығудың орнынакелуі болады: сол кезде щелчок естіледі.
3-ші этап (сурет. 11, в). Сыртқы ротация жағдайын сақтап, тартуды босатпай, білекті жоғары және алдыға көтереді, денеге жақын шыңтақты ортаңғы линияға және жоғарыға әкеледі.Бұл кезде иық басы қалта жыртылған жерге қарсы тұрып, орнына келуі мүмкін.
4-ші этап (сурет. 11, г). Білекті рычаг ретінде қолданады, иықты лезде ішке ротациялайды.Науқас білезігін қарама-қарсы иық буынына ауыстырады, ал білекті кеудеге орналастырады.
Сурет. 11. Этаптар (а-г) Кохер бойынша иық шығуын орнына салу.
Егер орына келу болмаса, біртіндеп, асықпай барлық этаптарды қайталау керек.
Джанелидзе әдісі (сурет. 12). Науқасты ауру жағымен бүйірімен жатқызады, үстел шеті қолтық астына келуін байқау, шыққан қол бос салбырап тұруы қажет.
Сурет. 12. Джанелидзе бойынша шығуды орнына салу.
Науқас басын арнай үстелшеге орналастыру.Осы жағдайда науқас 10- 20 мин болуы керек, иық белдеуінің бұлшықеттерінің босаңсуы үшін.Хирург науқас алдында тұрады, шыңтақ буынында бүгілген білекті ұстап, шыңтаққа жақын жерінен біртіндеп басады, қысымды иық буынындағы айналмалы қозғалыстармен қоса үйлестіреді.Осы кезде иық орнына келеді.
Чаклин әдісі (сурет. 13). Науқас арқасымен жатады.Дәрігер әкелінген иықты ұзындығы бойынша тартады, иық басын қолтық астына енгізілген екінші қолымен сыртқа итереді.Барлық айтылған әдістердің ішінде Чаклин әдісі ең жарақаттылығы аз әдіс және әсіресе иықтың шығуы мен сынуы қатар болғанда, яғни қолды рычаг ретінде қолдану мүмкін емес жағдайда.
Сурет. 13. Чаклин бойынша шығуды салу.
Ауырсыну синдромымен жүретін тұрпайы, епсіз орнына салу міндетті түрде иық шығуының рецидивтеріне әкеледі.
Шығуды орнына салғаннан кейін, қолды кеудеге фиксациялаушы гипстік байлам салынады (мысалы, Дезо таңуы). Қарт науқастарда кеуде қуысының экскурциясын ұзақ уақыт шектеудің жағымсыздығына байланысты жеңілдетілген (косынкалы) таңуды және иммобилизацияның қысқа уақытын (3 апта) қолданады.Жас адамдарда иммобилизация уақыты 1 айдан аз емес уақытты құрау керек, рецидивтердің алдын алу үшін.Міндетті түрде рентгенологиялық бақылау қажет. 5 – 7 күннен соң ЕФК және физиотерапевтикалық процедуралар тағайындалады. Еңбекке жарамдылық 4 – 6 аптадан кейін қалпына келеді.Науқастарға ауыр физикалық еңбекпен 3 ай бойы айналысуға болмайды.
Жабық түрде 3 күннен 3 аптаға дейіңгі уақыттағы орнына келтіру тек наркозбен жасалады. Ескірген шығулар (> 3 апта), көбінесе жабық әдіспен салу мүмкін емес, сондықтан ол ашық түрде орнына салуға көрсеткіш болып табылады.
Жедел кезеңде иық буынының артроскопиясытек қана буын ішілік зақымдануы сипатын анықтап қана қоймай, артротомиясыз зақымданған құрылымдар реконструкциясын жасауға мүмкіндік береді.Ол иық буынының жарақаттан кейіңгі тұрақсыздығы мен шығу рецидивтерінің алдын алады.Сондықтан бүгінгі күнде артроскопиялық диагностика жасауға көрсеткіштер саны өте жоғары.
Асқынулар шығу кезіндегі тамыр мен нервтердің зақымдануымен және емдеудің қателіктерімен байланысты.Жарақатты орнына келтіру, толық емес иммобилизация немесе оның уақыттарын сақтамау, ерте функциональды жүктеме (әсіресе қолды вертикальды жоғары көтеру) иық буынының созылмалы тұрақсыздығына, шығу рецидивтеріне, функцияның шектелуіне алып келеді.