Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин 8 страница




2.Мақсаты. Геморрагиялық синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

3.Оқытудың міндеттері:

Когнитивті компетенция

2. Геморрагиялық синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың жалпы сипаттамасы, әсер ету механизмі, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру.

3. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білімін қалыптастыру.

4. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

5. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

6. Геморрагиялық синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу жөнінде білімін қалыптастыру.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын қалыптастыру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу дағдысын қалыптастыру.

Коммуникативті компетенция:

  1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.
  2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.
  3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.
  4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.
  5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы – 30 мин.

· Студенттің оқытушынмен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Геморрагиялық синдромда қолданылатын препараттар, жіктелуі.

2. Қанның ұйығыштығын жоғарылататын заттар. Тікелей әсер ететін коагулянттар, жіктелуі, әсер механизмі, қолданылуы. Жанама әсерлері.

3. Тікелей емес әсер ететін коагулянттар. Әсер ету механизмі, қолданылуы, жанама әсерлері.

4. Фибринолиз ингибиторлары. Жіктелуі. Әсер механизмі, қолдануға көрсетілулері, жанама әсерлері.

5. Тромбоциттердің агрегациясы мен адгезиясын жоғарылататын заттар, ю тромбоцитов.

6. Қан тамырларының өткізгіштігіне әсер ететін заттар.

5.Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, тесттік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді, нұсқаулықтар бойынша тапсырмаларды шешу және қорытынды беру, талдауымен және бір реттік мөлшерін анықтауымен бірге рецепт жазу, пікірталастар, кіші топтарда жұмыс жасау, көрнекті құралдармен жұмыс жасау, кейс-стади.

Бағдарламалық препараттар: аскорбин қышықылы, рутин, этамзилат, адроксон, серотонина адипинат, кальций хлориді, викасол, фитоменадион, тромбин, фибриноген, гемостатикалық жүке, аминокапрон қышқылы, контрикал.

Рецепт жазуға арналған препараттар: аскорбин қышқылы, викасол, кальций хлориді, аминокапрон қышқылы.

6. Әдебиет:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

7.Бақылау: Операционалды компетенция бағаланады (дағды)

Геморрагиялық синдромда қолданылатын дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау

«Қан жүйесі» модулі бойынша студенттің оқытушымен өзбетінше жұмысы тақырыптарына арналған әдістемелік нұсқау

1.Тақырыбы: «Қан жүйесі» модулі бойынша аралық бақылау

2.Мақсаты: Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктері жөнінде білім қалыптастыру.

3.Оқыту міндеттері:.

Когнитивті компетенция

1. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын препараттар топтарының жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлері жөнінде білу.

2. Қолдануға қарсы көрсетулер, жағымсыз әсерлер және оларды дер кезінде түзету жөнінде білу.

3. Негізгі әсерлерін күшейту немесе жекелеген препараттардың жанама әсерлерін жою үшін жұптастырып қолдануға дәрілік заттарды таңдай білу.

2. Емдік әсердің тиімділігін арттыру мақсатында әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің қызметін бағытталған түрде өзгерту үшін қолданылатын дәрілік заттарды таңдай білу.

3. Анемиялық және геморрагиялық синдромдарда, миело- және пролиферативті синдромдарда қолданылатын дәрілік заттардың дәрілік қалпын, енгізу жолын таңдай білу.

Операционалды компетенция

1. Дәрілік заттарды рецептте жазу және талдау дағдысын игеру.

2. Препараттың бірреттік дозасын есептей білу.

Коммуникативті компетенция:

1. Шешендік сөйлеу мәнерін игеру.

2. Даулы жағдайдың дамуын алдын алу және шеше білу.

3. Ұжым мүшелері арасында мотивация, сенімділік, достық райды қалыптастыру мәселелерін пайдалана білу.

4. Мәселеге өзінің көзқарасын білдіре білу.

5. Фармакологияның мәселелері бойынша логикалық ойлау, пікірталас, жарыс сөз өткізу.

Өзіндік даму (үздіксіз оқу және білім алу):

1. Өз бетінше ақпараттар іздену, өңдеу және оны қазіргі заманғы зерттеу әдістерін, компьютерлік технологияны пайдаланып талдау.

2. СӨЖ әртүрлі формасын орындау (эссе, тесттік тапсырмалар, презентация, реферат және т.с.с құрастыру.)

Хронометраж

Сабақтың ұзақтығы 2 сағат (100 мин.)

· Ұйымдастыру бөлімі – 3 мин.

· Студенттің өзіндік жұмысы (рецепт жазу, тесттік тапсырманы шешу) – 30 мин.

· Студенттің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы – 35 мин.

· Білімнің соңғы деңгейін бақылау - 25 мин.

· Жалпы білімді бағалау – 3 мин.

· Өзіндік дайындыққа тапсырма – 2 мин.

4. Білім беру және оқыту әдістері: тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау, жағдайлық есептерді және тесттік тапсырмаларды шешу, рецептті талдап жазу, жағдайлық есептерді шешу.

5. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Анемиялық синдромда қолданылатын препараттар. Эритропоэзге әсер ететін заттардың жіктелуі.

2. Темір препараттары железа. Жіктелуі. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

3. В12 витаминінің, фоль қышқылыпрепараттары. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

4. Эпоэтин-альфа. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері. эффекты.

5. Геморрагиялық синдромда қолданылатынпрепараттар. Гемостатикалық. Жіктелуі.

6. Жергілікті және резорбтивті әсер ететін гемостатикалық заттар. Әсер ету механизмі, қолдануға көрсетулер, жанама әсерлері.

7. ҚТІШҰ синдромында қолданылатын заттар, негізгі фармакологиялық әсерлері, жанама әсерлері.

8. Миело- және лимфопролиферативті синдромдарда қолданылатын бластомаға қарсы заттар. Бластомаға қарсы заттардың фармакологиялық сипаттамасы, қолдануға қарсы көрстеулер. Негізгі жанама әсерлері және оларды алдын алу, түзету шаралары.

6. Қолданылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар, үлгілер, суреттер

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

Бағдарламалық препараттар: шала тотыққан темірлактаты, темір фумараты, темір хлориді, шала тотыққан темір сульфаты (актиферрин, тардиферрон, ферроградумет), «ферроплекс», ферковен, феррум лек, мальтофер, ферлатум, эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, фоль қышқылы, циклофосфан, цисплатин, хлорбутин, нитрозометилмочевина, ломустин, кармустин, миелосан, метотрексат, меркаптопурин, фторурацил, цитарабин, винкристин, доксорубицин, интерферон, трастузумаб, ритуксимаб, рутин, этамзилат, адроксон, серотонина адипинат, кальций хлориді, викасол, фитоменадион, тиклопидин, дипиридамол, гепарин

Рецепт жазуға арналған препараттар: «Ферроплекс», феррум лек, аскорбин қышқылы, цианокобаламин, викасол, кальций хлориді, метотрексат, меркаптопурин.

8. Бағаланатын компетенциялар: когнитивті, операционалды, коммуникативті

1. Бөлімнің негізгі сұрақтары бойынша ауызша сұрау.

2. Тесттік тапсырмаларды орындау.

3. Рецепттерді талдаумен жазу, бір реттік дозасын есептеу.

Өзіндік бақылауға арналған тесттік тапсырмалар.

Тест №1. Миело- және лимфопролиферативті синдромда қолданылады:

1. алкилдеуші қосылыстар 2. коагулянттар 3. антиагреганттар 4. антиметаболиттер 5.ферменттік препараттар

Тест №2. Темір тапшылықты анемияда келесі препараттар қолданылады:

1. «ферроплекс», темір фумарат, ферковен, феррум лек

2. темірдің кешенді препараттары (мальтофер, ферлатум), эпоэтин альфа, аскорбин қышқылы

3. темір хлориді (гемофер), цианокобаламин, фоль қышқылы

4. эпоэтин альфа, шала тотыққан темір лактаты, варфарин, адроксон

5. викасол, аминокапрон қышқылы, шала тотыққан темір сульфаты (тардиферрон), ферроградумет

Тест №3. Препаратты анықтау. Организмде ДНҚ мен нуклеопротеиндердің, миелиннің синтезі үшін, сондай-ақ гомоцистеиннің метионинге трансформациялануы үшін қажет кобамамид кофакторына айналады.

1. фоль қышқылы 2. цианокобаламин 3. викасол 4. этамзилат 5. феррум лек

Тест №4. Тікелей әсер ететін антикоагулянттар:

1. варфарин, фенилин 2. гепарин, фраксипарин 3. викасол, фитоменадион 4. контрикал, гепарин 5. аминокапрон қышқылы, феррум лек

Тест №5. Препараттардың тобын анықтау. Көптеген эндогенді заттарға сутегі атомын алкилді топқа (алкилдеу реакциясы) алмастыра отырып бірігу қабылеті бар. Бұл заттардың негізгі әсер ету механизмі –этиленмониум ионы түзілетін жасушаішілік циклизациялау үрдісі, яғни тікелей немесе карбоний-катионын түзу арқылы алкилді топты жасушаның құрамдас бөліктеріне жеткізу. Нәтижесінде тотығудан фосфорлануға қатысатын ферменттердің белсенділігі бұзылады, синтездік үрдістердің энергиямен қамтамасыз етілуі, жасушаның митоздық бөлінуі және өмір сүру қабілеті тежеледі.

1. цитокиндер 2. ферменттік препараттар 3. антиметаболиттер 4. алкилдеуші қосылыстар 5. эритропоэтин препараттары

Тест№ 6. Метотрексат және меркаптопуриннің жанама әсерлері:

1. диспепсиялық бұзылыстар 2. қан жасаудың тежелуі 3. бүйректің зақымдануы 4.асқазанның шырышты қабығының ойылуы 5. кардиотоксикалық әсер

Тест№ 7. Контрикал:

1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт

Тест№ 8. Препаратты анықтау. Тиімділігі жоғары агрегант, простациклиннің әсерлерін тежейді, тіндік тромбопластиннің түзілуін біршама төмендетеді. Капиллярлардың базалді мембранасын қатайтып, қан сарысуының сұйық бөлігінің транссудациясын да, экссудациясын да азайта отырып, қан тамырларының жарылғыштығын және өткізгіштігін төмендетеді.

1.аминокапрон қышқылы 2. фибриноген 3. аскорбин қышқылы 4. этамзилат 5. викасол

Тест№ 9. Сәйкестендіру: 1-жергілікті әсер ететін коагулянттар, 2-резорбтивті әсер көрсететін коагулянттар, 3- антикоагулянттар:

1. кальций хлориді, этамзилат 2. фитоменадион, викасол 3. тромбин, фибриноген

4. тромбин, гемостатикалық жөке 5. гепарин, варфарин

Тест№ 10. Дәрілік заттардың топтарын анықтау. Табиғи метаболиттерге құрылымдық ұқсастықтары бар, дегенмен олардан біршама ажыратылады. Дамитын бәсекелестік қарым-қатынас белгілі биохимиялық үрдістердің тежелуіне және жасушалар мен тіндердің өмір сүру қабілетінің бұзылуына әкеледі.

1. цитокиндер 2. алкилдеуші қосылыстар 3. қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер 4. антиметаболиттер

5. моноклоналды антиденелер

Тест№ 11. Дәрілік заттардың топтарын анықтау. Химиялық құрылымы бойынша пептидтер немесе көмірсулармен біріккен циклді топтардан тұрады. Циклді топтар арқылы ДНҚ немесе РНҚ-ның арнайы негіздерінің көршілес жұптарының арасына енеді. Нәтижесінде нуклеин қышқылдарының тізбектері ажырайды, жаңа ДНҚ синтезі тежеледі, жасушаның репликациясы бұзылады.

1 цитокиндер 2. алкилдеуші қосылыстар 3. қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер 4. антиметаболиттер

5. моноклоналды антиденелер

Тест № 12. Қатерлі ісікке қарсы өсімдік тектес препараттарға жатады:

1. винкристин, винбластин 2. дактиномицин, доксорубицин 3. меркаптопурин, цисплатин

4. циклофосфан, ломустин 5. метотрексат, L-аспарагиназа

Тест № 13. Сәйкестендіру: 1- қатерлі ісікке қарсы өсімдік тектес препараттар, 2- моноклоналды антидене, 3- қатерлі ісікке қарсы антибиотиктер:

1. трастузумаб, ритуксимаб 2.цисплатин, кармустин 3. винкристин, винбластин 4. доксорубцин, дактиномицин

Тест № 14. Сәйкестендіру: 1- фибриндік тромбтардың түзілуін арттыратын заттар 2. гиперхромды анемияда қолданылатын заттар, 3- фибринолиз жүйесін белсендіретін заттар

1. фибриноген, викасол 2. цианокобаламин, фоль қышқылы 3. гепарин, ацетилсалицил

4. фибринолизин, стрептокиназа 5. шала тотыққан темір лактаты, эпотин альфа

Тест № 15. Миело-, лимфопролиферативті синдромды емдеуде қолданылады:

1. тиклопидин, клопидогрел 2. аминокапрон қышқылы, контрикал 3. трастузумаб, винбластин

ломустин, кармустин 5. циклофосфан, меркаптопурин

Тест №16. Контрикал:

1. жергілікті әсер көрсететін коагулянт 2. фибринолитик 3. антиагрегант 4. фибринолиздің ингибиторы 5. резорбтивті әсер көрсететін коагулянт

Тест №17. Препаратты қасиеті бойынша анықтау. Гемостатикалық зат, қанның табиғи құрамдас бөлігі, қан ұюына қатысады, көлемді қан кетулерде қолданылады.

1. кальций хлориді 2. викасол 3. тромбин 4. фибриноген 5. аминокапрон қышқылы

Тест №18. Тікелей әсерлі коагулянтқа жататындар:

1. тромбин, фибриноген 2. контрикал, аминокапрон қышқылы, фибриноген 3. феррум лек, эпоэтин альфа, цианокобаламин 4. тромбин, андроксон, гепарин

Тест №4. Фибринолиз жүйесін тежейтін заттар: синтетикалық (1), жануартектес (2):

1.аминокапрон қышқылы 2. контрикал 3.варфарин 4. гепарин 5. фибриноген

Тест №5Тромбоциттердің агрегациясын ынталандыратын заттар:

1. серотонин адипинаты 2. гепарин 3. кальций хлориді 4. Контрикал 5. адроксон

«Қан түзу жүйесі» модулі бойынша студенттердің өзіндік жұмысына арналған әдістемелік нұсқау

№1 СӨЖ

1.Тақырыбы: «ҚТІШҚҰ-синдромы емінің принциптері»

2.Мақсаты: «ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбы бойынша материалды өз бетінше зерделеу

3.Міндеттері:

«ҚТІШҚҰ-синдромын емдеудің негізі принциптері» тақырыбына хабарлама жазу

4. Орындау түрі: Реферат орындау. Оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу. Балл жүйесі бойынша оқытушының бағалау.

5. Орындалу критериі:

а) соңғы жылдардың әдебиеттерін таңдау және оқу

б) мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру

в) жоспар құру

г) библиография құрастыру

д) реферат жұмысын безендіру

Реферативті жұмысының құрылымы:

- мұқаба парақ (үлгі бойынша безендіріледі);

- мазмұны (негізгі бөлімдердің беттерін көрсетіп, кезектестіріп жазу);

- кіріспе (зерттелетін мәселені негіздеу, оның мәні мен өзектілігі; жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтау);

- негізгі бөлім (әр бөлім жеке мәселенің алдыңғы бөлімнің жалғасы ретінде, бір жағын немесе бір бөлігін дәлелмен анықталуы қажет; бұл бөлімде кестелер, сызбалар, суреттерді қолдануға болады немесе оларды реферативті жұмыстың жалғасы ретінде қосымша безендіруге болады);

- қорытынды (қорытынды жасалады, тұжырымдар мен кеңестер ұсынылады);

- әдебиеттер тізімі (үлгі бойынша безендіріледі)

Рефератты безендіруге және орындалуына қойылатын талаптар:

а) рефераттың көлемі 10-15 басылым бетінен артық болмауы қажет* (рефераттың көлеміне қосымша кірмейді);

б) реферативті жұмыстың жазылуы ұқыпты түзетілген және грамматикалық қатесіз болуы қажет;

в) әдебиетке сілтеме жасау санмен көрсетіледі және ол әдебиет тізіміндегі санмен сәйкес болуы қажет;

г) әдебиет тізімі рефератты жұмыстың аяғында жазылады және мәтіне көрсетілген пайдалану ретімен жазылады.

6.Тапсыру мерзімі: «Қан жасау жүйесі» модулі бойынша аралық бақылауға дейін.

7. Бағалау критерилері: максималды 100 балл

Критерий Деңгейі, балл түрінде бағалау
Өте жақсы Қолайлы Түзетуді талап етеді Қолайлы емес
1. Реферат мазмұнының тақырыпқа, реферат жоспарына және қойылған міндеттерге сәйкес келуі   9,75 6,5  
2. Тақырыптың толықтығы және ашылуының логикаға сай болуы     9,75 6,5  
3. Материалды жалпыландыру, қорытынды жасай білу қабілеті   9,75 6,5  
4. Ақпарат көздерімен жұмыс жасай білуі   9,75 6,5  
5. Реферат бойынша сұрақтарға жауап бере білуі        
6. Рефераттың безендірілуі модульдің талаптарына сәйкес келуі        
7. Көрнекті материалдардың сапасы мен толықтығы        
8. Әдебиетті іріктеу          
  Барлығы        

Бағдарламалық препараттар: гепарин, фраксипарин, пентоксифиллин, тиклопидин, дипиридамол, реополиглюкин, преднизолон, кислота аминокапроновая, контрикал

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Фармакология: оқулық /Д.А. Харкевич; жауапты редактор С.Б.Сламжанова. – 11ші басылым және толықтырылған. – М.: ГЭОТАР-Медиа, 2014. - 784 б.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.-608 б.

3. Машковский М.Д. Лекарственные средства. – 16-е изд., перераб., испр. и доп. - М. Новая волна: издатель Умеренков, 2012.- 1216 б.

Қосымша:

1. Клиническая фармакология: Учебник, 4-е издание, перераб. и доп.\ Под ред. В.Г.Кукеса.– М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2009, - 1056 б.

2. Клиническая фармакология. \Под ред.Ю.Б.Белоусова, В.Г. Кукеса, В.К. Лепахина, В.И. Петрова. – М: ГЭОТАР-МЕДИА, 2014. – 976 б.

3. Венгеровский А.И. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров: уч. пособие.-М.: Гэотар-Медиа. 2012.- 726 б.

4. Р.Н. Аляутдина. Фармакология.4-е изд. перераб. и доп. «ГЭОТАР-МЕД». 2013.- 832 б.

5. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. \Под ред. Д.А. Харкевича, «ГЭОТАР-МЕД». 2012.- 488 б.

9. Бақылау:

1. ҚТШҚҰ-синдромының ерте кешенді емінің принциптері

2. ҚТШҚҰ-синдромы кешенді емінің компоненттері

3. Гепаринотерапия асқынулар

«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі

«Жүрек-қантамыр жүйесі» модулі бойынша практикалық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

№1 сабақ

1. Тақырып: «Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттар»

2. Мақсаты: Тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың негізгі фармакокинетикалық және фармакодинамикалық заңдылықтарын үйрету, әртүрлі патологиялық жағдайларда рационалды таңдау

3. Оқыту міндеттері:

Когнитивті компетенция:

1. Әртүрлі патологиялық жағдайларды түзетуге бағытталған тәждік қантамыр жетіспеушілігі синдромында қолданылатын заттардың жалпы сипаттамасын, әсер ету механизмін, негізгі фармакологиялық және жанама әсерлерін зерделеу;

2. Емдік әсерін күшейту мақсатында әртүрлі ағзалар мен жүйелердің қызметтерін бағыттап өзгерту үшін қолданылатын антиангиналды заттарды таңдау;





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 623 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2217 - | 2049 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.