#1
*!15 күндік ұл бала, өмірінің 5-ші күнінен бастап жасанды тамақтандырылады. Әкесінде – таға тәрізді бүйрек; анасында пиелонефрит. 15 тәулікте жағдайы нашарлады: емшектен бас тартты, дене қызуы көтерілді, іші өтті, үлкен дәреті сұйық, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Бүйрек УДЗ-де – оң жақты пиелоэктазия. Пневмония жоққа шығарылды. Қандай тактика науқастың білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?
*+жедел жәрдеммен шұғыл нефрология бөлімшесіне жатқызу
*жедел жәрдеммен шұғыл жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызу
*роцефин көктамырға
*ЖҚА, ЖЗА, несепті бак.себу
*зинацеф бұлшық етке
#2
*!НШЖИ-да мына зерттеулердің қайсысы бірінші кезекте жүргізілуі тиіс, яғни науқастың білікті медициналық көмек алуға құқығына сәйкес келеді?
*қанды бак.себу
*цистография
*цистоскопия
*+бүйрек УДЗ-і+несепті бак.себу
*экскреторлы урография
#3
*!1,5 жастағы ұл балаға НЖИ+ҚНР ІІ-ІІІ дәрежесі деген диагноз қойылды. Антибактериалды ем курсынан кейін клинико-зертханалық көрсеткіштер қалпына келді. Науқасты ары қарай жүргізудің қандай тактикасы оның білікті медициналық көмек алу құқығына сәйкес келеді?
*хирургиялық ем
*фитотерапия 6-8 ай бойы
*1-1,5 ай бойы қуық аймағына физиоем жасау
*бір жыл бойы терапиясыз нефрологтың бақылауында болу
*+нитрофурандарды ұзақ уақыт емдік дозаның ½-1/3-ін түнге қарай тағайындау
#4
*!6 жасар балада нефротикалық синдром анықталды. Ата-анасы преднизолонмен емдеуден бас тартты. Баланың білікті медициналық көмек алуға құқығы:
*алдын ала нефробиопсия жасау
*циклоспорин А-ға ауыстыру
*мофетил микофенолатқа ауыстыру
*амбулаторлық емге шығару
*+ата-анасын преднизолонмен емдеудің қажеттілігіне көздерін жеткізу
#5
*!6 жасар ұл балада рецидивирлеуші макрогематурия. Науқастың мамандандырылған көмек алуға құқығын қамтамасыз ету үшін мына зерттеу бірінші кезекте жүргізіледі:
*цистоскопия
*бүйрек УДЗ
*нефробиопсия
*экскреторлы урография
*+несептің фазалық-контрасттық микроскопиясы
#6
*!13 жасар қыз бала, диагнозы: нефротикалық синдром. Биопсия жасалынды, морфологиялық варианты – ФСГС. Кешенді емді қажет етеді: глюкокортикостероидтармен және Циклоспорин А-мен. Қымбат тұратын бұл препараттарды қабылдауға науқастың құқығы?
*ақылы
*+тегін
*төлемнің 25%-ы
*төлемнің 50%-ы
*төлемнің 75%-ы
#7
*!9 жасар ұл балада гломерулопатияның морфологиялық нұсқасы – ФСГС, соған байланысты циклоспорин А және метилпреднизолон алады. Науқастың мамандандырылған көмек алуға құқығын қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде оған мына міндетті тексеру жасап отырылуы тиіс:
*ФГДС
*бауыр ферменттері
*окулистің кеңесі
*стоматологтың кеңесі
*+қандағы циклоспорин А концентрациясы
#8
*!Ауруханаға түскен 14 жастағы науқаста 2 апта ішінде креатинин 75-тен 170 мкмоль/л-ге дейін жоғарылаған, шағымдары: ауру басталғанда несептің түсі өзгерген. Ертеректегі анамнезін жинағанда бүйрек ауруының болмағандығын айтты. Зертханалық мәліметтер: гематурия – басым көпшілігі дисморфты эритроциттер, протеинурия 1 г/тәул, ЭТЖ 45 мм/сағ, УДЗ-де бүйрек ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Емдеу тактикасын анықтауға қандай тексеру әдісі көмектеседі және науқастың мамандандырылған көмек алуға құқығын қамтамасыз етеді?
*бүйрек тамырларының УДДГ
*бүйрек КТ
*АСЛ-О
*+бүйрек биопсиясы
*экскреторлы урография
#9
*!Жақсы дамып жатқан 1 жастағы балада 4 күнге созылған диареядан және құсудан кейін олигурия дамыды. Балада осы жағдайдың дамуына қандай себеп әкелгендігін ата-анасына айту керек?
*туа біткен тубулопатия
*шумақшалардың иммундық патологиясы
*несеп шығару жолдарының жедел инфекциясы
*респираторлық жолдардың жедел инфекциясы
*+диареялық синдром салдарынан дамыған дегидратация
#10
*!Ауруханаға 9 айлық қыз бала түсті, анасының шағымдары: бала ісінген, қайталап құсады, несебі азайған. Анамнезінен: 3 күн бойы дене қызуы 39-40˚С дейін жоғарылаған, күніне 5-6 ретке дейін құсқан, 8-10 ретке дейін сұйық нәжіс. Соңғы тәулікте несебі азайған, ісінуі артқан. Тексергенде: қанда Нв 85 г/л, Ле 18 мың, Тр 190 мың, с 72%, л 18%, м 7%, э 3%, ЭТЖ 43 мм/сағ. Биохимия: креатинин 220 ммколь/л, калий 6,2 ммоль/л, натрий 147 ммоль/л, қант 4,5 ммоль/л. ЖНТ – белок 0,165 г/л, Ле 5-6 к/а, Эр 3-4 к/а. Қандай асқыну жөнінде ата-анасын хабардар ету керек?
*бүйрек веналарының тромбозы
*жедел гломерулонефрит
*+бүйректің жедел зақымдалуы
*жедел жүрек жеткіліксіздігі
*гемолитикалық-уремиялық синдром
#11
*!Салмағы 9 кг 1,5 жасар балада туа біткен нефротикалық синдром, БСА. Емдеудің қандай тактикасы туралы баланың ата-анасына айту керек?
*гемодиализ
*плазмаферез
*гемофильтрация
*гемосорбция
*+перитонеалды диализ + трансплантация
#12
*!17 жастағы науқастың БСА-ның терминалды сатысымен гемодиализде жүргеніне 5 жыл. Гемодиализ аптасына 3 реттен 4 сағат қабылдайды. Науқастың әкесі ұлына бүйрек доноры болуға келісімін берді. Донор ретінде әкесінің қандай құқығы бар?
*бір жолғы ақша компенсациясын қажет етеді
*өмірбақи әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады
*ота жасау кезінде мед.қызметкерлерінің денсаулығына залал келтірген жағдайда ақылы ем
*+алдағы жасалатын отаға байланысты оның денсаулығына әсер ететін мүмкін болатын асқынулары жайында толық ақпаратты қажет етеді.
*өткізілген отаға байланысты денсаулық сақтау ұйымында тек ақылы ем алу, оның ішінде медикаментозды
#13
*!9 жастағы қыз балаға 5 жасында ФСГС диагнозы қойылған. Қазіргі кезде ШСЖ 5 мл/мин. Мамандандырылған білікті медициналық көмек алуға науқастың құқығы:
*фозиноприл
*ЦсА
*+бағдарламалық гемодиализ
*+бүйрек трансплантациясы