Мақсаты: Медициналық қызмет сапасын бақылаудың теориялық жағдайымен, денсаулық сақтау саласындағы сапаны бақылау жүйесімен және денсаулық сақтау саласындағы стандарт түрлерімен таныстыру.
Қазіргі уақытта, күрделі әлеуметтік – экономикалық жағдайдың маңызды міндеттері мен мемлекеттік әлеуметтік саясаттың құрушы бөлігі - денсаулық сақтау және халықты қол жетімді, қауіпсіз және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету. Халық аралық тәжірибеде денсаулық сақтау саласында қолданылатын, медициналық көмек сапасы (МКС) деп - науқастың қажеттіліктеріне сәйкес, қазіргі медициналық ғылым және технология деңгейінде көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын жиынтықты айтамыз. Сонымен қатар медициналық көмек сапасына сапалы кәсіпке негізделген, дәрігердің науқасқа тиімді және білікті медициналық көмек көрсетудегі дәрігер мен науқастың өзара іс-әрекетін жатқызуға болады.
Дүнежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) Еуропалық аймақтық және медициналық көмек сапасымен (МКС) қамтамасыз ету және бақылауға сәйкес 4 негізгі қызмет түрлерін есепке алады: кәсіптік – емдеу-диагностикалық үрдістің технологиясын орындау; науқас үшін қауіпті жағдай, қорларды үйлесімді қолдану, науқастың талаптарын барлық медициналық қызмет түрлерімен қанағаттандыру.
Медициналық көмек сапасын бағалауда науқасқа көрсетілетін 4 бағыттағы медициналық қызмет түрлерін есепке алады: 1) медициналық қызметтің қол жетімділігі; 2) медициналық көмектің қауіпсіздігі; 3) медициналық қызметтің үйлесімділігі; 4) науқастың медициналық қызметке қанағаттанушылығы.
Медициналық қызмет сапасының кілттік критерилері: 1) тиімді және уақтылы көрсетілетін медициналық көмек; 2) қорларды тиімді пайдалану; 3) науқастың қажеттіліктерін қанағаттандыру; 4) емдеудің нәтижелі болуы.
Сапамен қамтамсыз етуді бағалаудың 3 жолына сәйкес (Донабедиан триадасы)
медициналық көмек сапасының 3 компонентін ажыратады:
- құрылымдық сапа (құрылымдық тәсіл);
- технологиялық сапа (іс жүргізу тәсілі);
- нәтижелік сапасы (нәтижелік тәсіл).
Құрылымдық сапа – бұл көрсетілетін медициналық көмек сапасын сипаттайтын құрам (компонент). «Жағдай» түсінігіне кіретіндер: білікті маман, жабдықтардың болуы мен жағдайы, жабдықтардың жүйелі қолданылуы, қоғам үйлері мен ғимараттың жағдайы, медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, жұмсалған материалдарды толықтыру және т.б. Құрылымдық сапаға, сонымен қатар медициналық мекемелер және оның материалдық-техникалық базасы, мамандармен қамтамасыз етілуі, жұмысының ұйымдастырылуы, сервистік жағдайлары (бұл жағдайды емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) медициналық қызметті қажетті деңгейде көрсете алу мүмкіндігі деп түсінуге болады), және де әрбір медициналық қызметкердің жекеше іс-әрекетінің деңгейі де жатады. Тіпті соңғы жағдайда, оның нақты бір емдеу-диагностикалық амалдарды орындаудағы білімі, дағдылары және кәсіпкерлік сапасы да бағаланады.
Технологиялық сапа – бұл нақты бір науқасқа үйлесімді көрсетілген емдеу-диагностикалық шаралардың кешенін сипаттайтын медициналық көмек компоненті. Сапамен қамтамасыз етуді іске асырудың негізгі ұстанымы - медициналық технологияны орындауда үрдістің өздігінен ауытқуынан немесе нақты орындаушының жіберген қатесінен медициналық көмек нәтижесінің төмендеуін болдырмайтын жағдайды құру.
Нәтижелік сапа – бұл жоспарланған нәтижеге жетуді сипаттайтын медициналық көмек сапасының компоненті.(жоспарланған). Бағаланатын объектіге байланысты жоспарланатын нәтижені түсінуге болады: 1) нақты бір науқастың денсаулық жағдайының динамикасы; 2) есеп беру кезеңіндегі емдеу-профилактикалық мекемелердегі (ЕПМ) барлық науқастың емделу нәтижесі; 3) аймақтағы халық денсаулығының жағдайы.
Медициналық көмек сапасын бақылау жүйесіне қатынасатындар:
- медициналық қызмет көрсететін қызметкерлердің бақылауы (сапаны ішкі бақылау);
- медициналық қызметті тұтынушылардың бақылауы (сапаны тұтынушылық бақылау);
- медициналық қызмет көрсететіндер мен тұтынатындарға байланыссыз мекеме бақылауы (сапаны сыртқы бақылау).
Қазіргі таңда медициналық қызмет сапасын бақылау тәсілдеріне сәйкес бақылаудың негізгі құралдары:
1) медициналық стандарттар; 2) емдеу-профилактикалық мекеме (ЕПМ) жұмысының көрсеткіштері; 3) сараптамалық баға.
Стандарттар — бұл стандарттау туралы жұмыстарымен айналысатын органдарымен бекітілген және міндетті стандарттау объектілерінің талаптары, ережелері, белгіленген нормалары көрсетілген нормативтік-техникалық құжаттар.
Денсаулық сақтаудағы стандарттау – бұл денсаулық сақтау саласында талаптарды бекітіп және оны іске асыруда қолайлы деңгейге жетуге бағытталған, денсаулық сақтауда қолданылатын қызмет, жұмыс, технология, өнім, жағдай сипаты, ережелер және нормалар. Стандарттаудың мақсаты - халықты медициналық көмектің қолжетімділігімен қамтамасыз ету және сапасын басқаруда денсаулық сақтаудағы нормативтік құжаттардың талаптарын сақтауды қалыпты нормативті қадағалау жүйесін құру.
Медициналық стандарттаудың келесі түрлерін ажыратады:
1. Әкімшілік–аймақтық бөлімі бойынша: халық аралық, ұлттық/мемлекеттік, аймақтық және жергілікті/бірлескен.
2. Стандарттау объектілері бойынша: құрылымдық-ұйымдастырушылық, кәсіпкерлік, технологиялық (медициналық-экономикалық).
3. Қолданылу механихмі бойынша: жай және топтық.
ҚР медициналық қызмет сапасымен қамтамасыз ету жүйесінің жағдайы:
Басқару деңгейін шектеудегі мемлекет саясатына сәйкес, Қазақстан Республикасында экономикалық қайта құру, медициналық ғылым дамуының жоғары даму бағыты мен халық аралық тәжірибені есепке ала отырып, медициналық қызмет сапасын басқаруда жаңа жолдардың болу қажеттілігін айқындайды.
Медициналық көмек сапасын басқарудың міндеттерін іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 2005 жылы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысымен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрінің құрамында медициналық қызмет сапасын қадағалау бойынша Комитет (Комитет), яғни мемлекеттік орган құрылды. Комитеттің медициналық қызмет сапасын қадағалаудағы тапсырмасы, халықты сапалы, қол жетімді және қауіпсіз медициналық көмекпен кепілді түрде қамтамасыз ету мақсатында - республикада ұсынылатын медициналық көмек сапасын, денсаулық сақтаудағы стандарттардың сақталуын, медициналық көмекті жақсарту бойынша шараларды мемлекеттік қадағалаумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Комитеттің барлық жұмыс түрлерін шартты түрде екі категорияға бөлуге болады:
Бақылау жұмысына кіретіндер.
1) денсаулық сақтаудағы құзырлы органдармен бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен көлемін бақылау;
2) лицензиясы бар көрсетілетін медициналық көмек түрлерінің сәйкестігін анықтау;
3) медициналық салада бекітілген норматив талаптарына медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін, медициналық мекемелердің медициналық жабдықтармен толықтырылуын, бекітілген нормативтергк сәйкес тағайындалған медициналық өнімдерді бақылау;
Бақылау объектілеріне - түр ерекшелігі мен ведомствалық құрамына, географиялық орналасуына байланыссыз медициналық іс-әрекетті жүзеге асыратын физикалық және заңды тұлғалар жатады. Комитеттің вертикальді құрылымына медициналық пункттерден бастап ғылыми зерттеу институттарына дейін, медициналық көмектің барлық деңгейлерінде медициналық көмек сапасын тиімді бақылауды іске асыратын аймақтық бөлімшелер жүйесі кіреді.
Медициналық қызмет толықтылығы мен сапасын бақылау аймағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру функциялары:
1) тәуелсіз сараптамаға сәйкес профильді мамандардың қатарынан тәуелсіз сараптамаға жұмылдыру үшін мәліметтер қорын қалыптастыру;
2) медициналық қызметпен айналысатын және өзіндік түріне байланыссыз физикалық және заңды тұлғаларды аккредитациялау;
3) дәрігерлік және медициналық іс-әрекеттерді, сонымен қатар халық медицинасының емдеу әдістерін лициензиялау;
4) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік мекемелер жетекшілерінің біліктілігіне және денсаулық сақтауды мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын жергілікті органдар жетекшілерінің кәсіптік біліктілігіне аттестация жүргізу;
5) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ұйым қызметкерлерін қоспағанда, медициналық қызметкерлердің біліктілігіне сәйкес жоғары және бірінші квалификациялық категорияларын тағайындау;
6) көрсетілген сұрақтар бойынша азаматтардың шағымдарын қарастыра отырып, көрсетілген медициналық қызмет және медициналық көмек сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау.
Медициналық көмек сапасын бақылауға медициналық мекемелерде көрсетілетін медициналық көмек көлемін бақылау мен сапасына сараптама жасау кіреді. Медициналық мекемелердегі сапалық сараптама таңдамалы түрде жүргізіледі, тек кейбір жағдайларда міндетті сараптама (аурудың өліммен аяқталуы, аурухана ішілік жұқпалар, емдеудегі асқынулар, онкологиялық аурулардың, түберкулездің кездейсоқ жіберілген жағдайлары анықталғанда және т.б.) жүргізіледі. Медициналық қызметтің сараптамалық сапасының негізіне, дәлелденген және өз уақытындағы диагностикалық зерттеудің және емдеудің, емдеу-диагностикалық шаралардың емдеу және диагностикалау бойынша стандарттарға сәйкестігіне баға беру.
Медициналық көмек көлемінің орындалуына бақылау медициналық мекемелердегі есеп-реестріндегі тіркелген төлемдерге сараптама жасау арқылы жүргізіледі. Осы жүргізілген бақылаулардың нәтижелері бойынша емдеу-профилактикалық мекемелердің (ЕПМ) экономикалық шаралары мен бюджеттен қаржыландырылуы қабылданады. Денсаулық сақтау субъектілеріне қатысты жүзеге асырылатын бақылау жұмыстары бойынша министрлік ведомстваларының іс-әрекеттерін үйлестіру мақсатында денсаулық сақтау Министрінің бұйрығымен, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және медициналық қызмет сапасына бақылау жасау бойынша фармация Комитетінің мамандарымен бірге медициналық мекеме біріккен тексеру жүргізу реті қабылданып, онда олар тексерулер санын қысқартып және бақылау қызметі қайталанбайтын болды.
Медициналық қызметкерлердің білім деңгейінің сәйкестігін бақылау.
Комитет жұмысының бір бағыты денсаулық сақтау мекемелерінің жетекшілерін аттестациядан өткізу және медициналық қызметкерлерге жоғары және бірінші біліктілік категориясын беру. Осы жұмыс түрін, яғни біліктілік категориясын беру үшін экзамен өткізуге арнайы комиссия құрылып және оның құрамы тағайындалды. Бірінші білім категориясы бойынша комиссия мүшелеріне жоғары медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, жоғары медициналық оқу орындары ғимараттарының базасында ұйымдастырылады, ал бірінші және жоғары біліктілік санатын беретін комиссия үміткерлеріне орташа медициналық білімі бар мамандардан таңдалып алынып, мемлекеттік медициналық колледждер базасында ұйымдастырылады.
Медициналық іс-әрекеттерді лицензиялау – бұл денсаулық сақтау аймағындағы сапаны басқару жүйесінің базалық компоненті және дәрігерлік, медициналық іс-әрекеттермен шұғылдану үшін физикалық және заңды тұлғаларға рұхсат беретін мемлекеттік органның қызметі. Сонымен қатар, лицензиялау – бұл аз мөлшердегі талаптармен медициналық іс-әрекеттерді орындауда денсаулық сақтау субъектілерінің сәйкестігін анықтау үрдісі. Комитеттің аймақтық бөлімшелері медициналық көмектің жекеленген түрлеріне лицензиялауды жүзеге асырады: акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптама, иммунолологиялық, венерологиялық, бала емдеу, халық медицинасы. Жергілікті атқарушы органдар (денсаулық сақтаудың облыстық департаменті), жеке медициналық тәжірибемен, ұйымдастырумен, іс-әрекеті сол облыстың әкімшілік-аймақтық бірлігінің шегіне сәйкес келетін және акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық, фтизиатриялық, наркологиялық сараптамалық, иммунологиялық, венерологиялық, педиатриялық, наркологиялық қызмет түрлерін қоспағандағы медициналық іс-әрекеттердің қалған түрлерін лицензиялайды,
Денсаулық сақтаудағы аккредитациялау және лицензиялау – сапаны жоғарлатуға бағытталған екі бағдарлама, және де екі бағдарламаны құрушы негізгі құрамы - сыртқы баға және бекітілген стандарттар. Бірақта, аккредитациялау – бұл лицензиялау үрдісі, ал оның мақсаты – салыстырмалы аз көлемде көрсетілетін медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату. Аккредитация - әуелде жоғары стандартты меңзей отырып, ерікті түрде өткізіледі, ал лицензиялау барысы – медициналық қызмет көрсетушіге ең төменгі талаптарды қоя отырып, міндетті түрде жүргізіледі. Аккредитацияның негізгі міндеті - халыққа көрсетілетін медициналық көмек сапасының көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған медициналық мекемелерді ынталандыру. Медицина саласындағы аккредитациялаудың тиімді жүйесін құру нәтижесі, медициналық қызметкерлерге және денсаулық сақтау жүйесіне халықтың сенімділігін жоғарлату, медициналық қызметтің тиімділігін жоғарлату есебінен денсаулық сақтау саласындағы шығын көлемін төмендету болып есептелінеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында үкіметтік емес ұйымдардан, яғни әртүрлі сала өкілдерінен тұратын тәуелсіз сарапшылар шешім қабылдайтын, тәуелсіз сараптама жүйесі құрылуда. Тәуелсіз сарапшылар кең көлемде медициналық қызмет сапасының сараптамасына, денсаулық сақтау мекемелерін аккредитациялауға, медициналық мамандарды аттестациядан өткізуге және басқа да мемлекеттік бақылауға рұхсат ету жұмыстарын орындауға жұмылдырылады.
Емдеу үрдісінің дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету және науқастардың құқықтарын қорғау мақсатында денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде құрамына науқас және оның өкілдерінің бірі, клиницистер, мекеме жетекшілері, сақтандыру ұйымдарының қызметкерлері, кәсіптік біріккен одақ өкілдері кіретін қоғамдық комиссия құру жоспарлануда.
Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд
Әдебиеттер:
1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.
2. Муминов Т.А., Камалиев Т.А. Анализ здравоохранения с позиций социального маркетинга.- Алматы, 2003.- 170 с.
3. Отношение населения к своему здоровью и системе здравоохранения: результаты социологического исследования/ под ред. Г.Нокиной, В.Гуревич. – Алматы: «Фонд XXI век», 2002. – 220 с.
4. Девятко В.Н., Куралбаев Б.С., Захаров И.С., Исаев Д.С., Чен А.Н. Ключевые аспекты развития региональных программ общественного здравоохранения. – Алматы, 2004. – 342 с.
5. Медик В.А., Юрьев В.К. Курс лекций по общественному здоровью и здравоохранению. Часть 3. Экономика и управление здравоохранением. – М.:Медицина, 2003. – 392 с.
Бақылау сұрақтары:
1. Медициналық көмек сапасының анықтамасы.
2. Медициналық көмек сапасының компоненттері.
3. Денсаулық сақтаудағы стандарттаудың анықтамасы.
4. Аккредитация мен лицензиялаудың ерекшеліктері.
5. Медициналық көмек сапасын бақылаудың элементтері.