Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 9. Халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру ұстанымдары.




Мақсаты: Студенттер халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастырудың ұстанымдарын білулері тиіс.

Бүгінгі таңда денсаулық сақтау саласының тиімді үлгісін іздестіру барысында, барлық елдер, тіпті мемлекеттік-саяси жүйелер толығымен қарсы болған жерлердің өзі де бір-біріне қарай бет бұрып келе жатқандығын айырықша сеніммен айтуға болады. Қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық құрылымдардың нақты міндеттеріне байланысты денсаулық сақтау ұйымдары мен органдары жұмысының әдістері мен нысандары өзгертілуде, бірақ денсаулық сақтауды ұйымдастырудың ұстанымдары тұрақты болуы тиіс, олар:

- медициналық көмек алудағы азаматтардың әлеуметтік теңдігі мен әділеттілігі;

- денсаулық сақтау саласында мемлекеттік кепілдікті қамтамасыз ету және азаматтардың құқықтарын сақтау;

- қоғамдық және жеке денсаулықты сақтау мен нығайту үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі;

- халықтың медициналық көмек қажеттілігіне қанағаттанушылығы;

- халықтың әлеуметтік және мүліктік жағдайларына қатыссыз медициналық көмекке қолжетімділігі;

- денаулықты қорғау аясындағы азаматтардың қажеттілігіне денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығы: беделін сыйлау немесе құрметтеу; автономияның болуы мен қамтамасыз етілуі; жеке ақпараттың құпиялығының сақталуы; өзара түсіністікпен;

- медициналық көмек сапасы;

- медициналық көмек көрсетудегі уақытылық, жүйелілік және сабақтастық;

- денсаулық сақтау ресурстарын пайдаланудағы тиімділік;

- мемлекеттік медициналық-экономикалық стандартқа сәйкес медициналық көмек көрсетудің қазіргі деңгейі;

- денсаулық сақтау жүйесінің алдын-алу бағыты;

- халықты санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылықпен қамтамасыз ету;

- азаматтардың денсаулығын қорғау аясындағы мемлекетік реттеу және мемлекеттік бақылау;

- сектораралық өзара әрекеттестік.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесі мемелекеттік және мемлекеттік емес денсаулық сақтау секторларынан тұрады.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік секторы мемлекеттік меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік органдардан, денсаулық сақтау ұйымдарынан, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарынан тұрады.

Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторы жеке меншік құқығына негізделген денсаулық сақтау ұйымдарынан, ғылыми ұйымдар мен денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарынан сонымен қатар, жеке меншікпен айналысатын және де жеке медициналық тәжірибемен айналысатын физикалық тұлғалардан тұрады.

Денсаулық сақтау жүйесінің қызметін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылауды денсаулық сақтау аясындағы құзыретті орган - Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңына сәйкес мемлекет азаматтарды кепілдейді:

1) кепілді көлемде тегін медициналық көмек алу:

2) біріншілік медициналық-санитарлық көмек алуға теңдей мүмкіндік;

3) мемлекетік және жеке емдеу ұйымдарында сонымен қатар, жеке медициналық тәжірибемен айналысатын физикалық тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу;

4) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық;

5) дәрілік заттармен, медициналық және санитарлық-гигиеналық тұрғыда тағайындалған бұйымдармен қамтамсыз ету;

6) біркелкі медициналық стандарт бойынша тегін және (немесе) ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы, мазмұны мен көлемі;

7) медициналық және дәрігерлік көмек көрсетудегі, фармацевтикалық өндіріс және жүзеге асырудағы кәсіпкерлік іс бостандығына құқығы.

Қазақстан Республикасында келесі медициналық қызмет түрлері жүзеге асырылады: 1) медициналық көмек; 2) санитарлық авиация; 3) санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы; 4) салауатты өмір салтын насихаттау; 5) шипа-жайлық; 6) халық медицинасы (емшілік); 7) қан құю қызметі; 8) соттық медицина; 9) дәрілік заттарды пайдалану саласында; 10) денсаулық сақтау сапласындағы ғылым; 11)) денсаулық сақтау сапласындағы білім; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қызмет түрлері.

Медициналық көмектің негізгі түрлері:

1) біріншілік медициналық-санитарлық көмек;

2) біліктендірілген медициналық көмек;

3) мамандандырылған медициналық көмек;

4) жоғары мамандандырылған медициналық көмек.

Кепілді көлемде тегін медициналық көмек:

1) халыққа біріншілік медициналық-санитарлық көмек көрсету;

2) жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету;

3) біріншілік медициналық-санитарлық және денсаулық сақтау ұйымдары мамандарының жолдамасы бойынша стационарлық медициналық көмек көрсету;

4) Қазақстан Республиасының Үкіметімен белгіленген тізім бойынша, әлеуметтік маңызды аурулармен және айналадағыларға қауіп туғызатын аурулармен ауыратын адамдарға медициналық көмек көрсету;

5) Қазақстан Республиасының заңнамасымен белгіленген, тәртіппен қабылданған, қосымша медициналық көмек түрлері.

Біріншілік медициналық-санитарлық көмек (БМСК) – медициналық көмекке жүгініп келген азаматтарға көрсетілетін медициналық көмек амбулаторлық-емханалық ұйымдардағы медициналық қызметкерлермен жүзеге асырылатын, халықты қолжетімді, үнемі және тегін медициналық көмек түрлерімен қамтамасыз ететін мемлекеттік қызмет. БМСК-ке кіреді:

1) кең таралған ауруларды және де жарақаттарды, уланулар мен басқа да шұғыл жағдайларды диагностикалау және емдеу;

2) санитарлық - гигиеналық, эпидемияға қарсы шаралар және арулардың алдын-алу;

3) халықты гигиенаға оқыту және тәрбиелеу, отбасын қорғау, аналық, әкелік және балалық;

4) халыққа қауіпсіз сумен қамтамасыз ету және рационалды тамақтану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу.

БМСК денсаулық сақтау ұйымдарымен және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен қамтамасыз етіледі. БМСК тұрғындарға амбулаторлық-емханалық, стационар алмастырушы, жедел медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

Біліктендірілген медициналық көмек – мамандандырылған диагностика әдістерін, емдеуді және күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап етпейтін аурулары кезінде, азаматтарға көрсетілетін дәрігерлік медициналық көмек.

Мамандандырылған медициналық көмек –арнайы диагностика әдістері мен емдеуді және де күрделі медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулары кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек.

Мамандандырылған медициналық көмек денсаулық сақтаудың көп салалы ұйымдарында амбулаторлық-емханалық немесе стационарлық медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек –айрықша күрделі диагностика әдістері мен емдеуді, сонымен қатар бірегей медициналық технологияларды пайдалануды талап ететін аурулары кезінде, азаматтарға медициналық ұйымдармен көрсетілетін медициналық көмек.

Азаматтарға медициналық көмек келесі түрде көрсетілуі мүмкін:

1) жедел медициналық көмек;

2) амбулаторлық - емханалық көмек;

3) стационар алмастырушы көмек;

4) стационарлық көмек;

5) санитарлық авиация;

6) шипа-жайлық емдеу.

Сол заңмен медициналық және фармацевтикалық қызметкерлердің құқығы мен міндеттері регламенттелген.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер құқылы:

- кәсіби қайраткерлігін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыздандырылуға;

- егер мемлекеттік емес денсаулық сақтау ұйымының жұмысшысы болып табылса, бес жылда кемінде бір рет мемлекеттік бюджет немесе жұмыс беруші қаржысы есебінен, өзінің біліктілік деңгейін жоғарлатуға;

- денсаулық сақтау ұйымдарының жабылуына немесе штат санының қысқаруына байланысты жұмыскерлерді босату жағдайларында, мемлекеттік бюджет немесе жұмыс беруші қаржысы есебінен дайта даярлаудан өтуге;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте, еңбек міндеттерін орындауымен байланысты, оның денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды өтеу;

- ұйымдардың немесе азаматтардың меншікті байланыс құралын және де азаматтардың өміріне қауіп төніп тұрған жағдайда жақын жердегі медициналық ұйымдарға жеткізу үшін кез-келген көлік түрін бөгетсіз және тегін пайдалануға;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметі көшeпелі сипатта болса көліктік шығыстарын өтеуге;

- өзінің кәсіби абыройы мен қадір -қасиетін қорғауға.

Мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау мемлекеттік бюждет қаржысының есебінен, жұмыс беруші қаржысынан, өз қаржысынан, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған басқа да қаржы көздері есебінен іске асырылады.

Ауылдық жерлерде және қала типіндегі ауылдарда жұмыс істейтін, денсаулық сақтау секторының мемлекеттік ұйымдарындағы медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге келесі өтемдер беріледі:

- жергілікті өкілетті органдармен анықталған өлшемде қызмет ақысына қосымша ақы қосу;

- жергілікті өкілетті органдармен анықталған өлшемде жергілікті бюджет есебінен коммуналдық қызмет пен жағармай шығыстарын өтеу;

- жергілікті өкілетті және орындаушы органдардың шешімі бойынша жеке меншігінде малдары барларды мал азықтарымен, мал жаюға және пішен шабуға арналған жер участкелерімен қамтамасыз ету.

Медициналық және фармацевтикалық қызметкерлер міндетті:

- медициналық көмек көрсетуге, азаматтардың денсаулығын нығайтуына және ауруларының алдын-алуына жәрдемдесуге;

- шұғыл жағдайларда тұрғындарға жедел медициналық көмек көрсетуге;

- тұрғындар арасында медициналық білім мен салауатты өмір салты бойынша үгіт-насихаттық жұмыстар жүргізуге;

- кәсіби этика талаптарын сақтауға, дәрігерлік құпияны сақтауға, азаматтардың аурулары, сырлас және отбасылық өмірі туралы мәліметтерді жарияламауға;

- үнемі кәсіби деңгейін жоғарлатуға.

Үйлестіру материалы: «Rower Point» бағдарламасындағы 10 слайд

Әдебиеттер:

1. Аканов А.А., Куракбаев К.К., Чен А.Н., Ахметов У.И. Организация здравоохранения Казахстана. – Астана.Алматы, 2006. – 232 с.

2. Конституция Республики Казахстан.

3. Лисицын Ю.П. Общественное здоровье и здравоохранение: Учебник. – 2-е изд., перераб. и доп. – ГЭОТАР-Медиа, 2007. – 512 с.

4. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты. – Алматы: ЮРИСТ, 2004. – 182 с.

5. Сагиндыкова А.Н. Конституционно-правовые проблемы охраны здоровья граждан в Республике Казахстан. – Алматы, 1997. – 167 с.

Бақылау сұрақтары:

1. Емделушінің негізгі құқықтары.

2. Медициналық қызметкерлердің негізгі құқықтары.

3. Денсаулық сақтау жүйесіндегі әлеуметтік әділеттілікке жетудің мақсаттары.

4. Денсаулық сақтау жүйесінің қайырымдылығына жетудің мақсаттары.

5. Медициналық көмек сапасы мен қолжетімділігін жоғарлату бағыттары.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 437 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

2205 - | 2093 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.