Массалық үлес, % | |||||||
5і02 | АІА | Ғе203+ҒеС | СаО | МдО | №20+К20 | 503 | п.п.п. |
ЖЭЦ күлі | |||||||
49,5 | 15,6 | 28,9 | 1,1 | 0,9 | 0,4 | 1,5 | 1,3 |
ГРЭС күлі | |||||||
15,3 | 5,7 | 13,6 | 36,9 | 5,6 | 0,5 | 0,4 | 22,9 |
Шлактыдомналы | |||||||
41,5 | 11,5 | 1,6 | 42,9 | - | 2,5 | - | - |
Шлак медеплавильный | |||||||
44,5 | 11,5 | 32,3 | 7,7 | 1,1 | 2,8 | - | - |
Бокситті шлам | |||||||
17,4 | 7,6 | 22,1 | 35,7 | 1,2 | 1,9 | 0,3 | 11,8 |
Қалыпталатын топырақ | |||||||
95,3 | - | 1,7 | іздер | - | - | - | 2,4 |
Никель өндірісіндегі қалдықтар | |||||||
46,1 | 13,1 | 14,2 | 7,6 | 9,8 | 2,9 | 2,2 | 3,2 |
- ЖЭС күлі пайдаланғандағы кірпіш өндірісінің технологиялық схемасын жасаңдар.
- ЖЭС шлагын пайдаланғандағы кірпіш өндірісінің технологиялық схемасын жасаңдар.
Бақылау сұрақтары:
- Техногенді шикізаттың қандай түрін білесіз?
- Құрылыс керамика өндірісінде техногенді шикізатты пайдаланудың маңызы.
- Керамика дайындау үшін техногенді шикізаттың химиялық құрамына қойылатын талаптар.
- ЖЭС шлагы қандай процесстер нәтижесінде түзіледі?
- ЖЭС күлі қандай процесстер нәтижесінде түзіледі?
- ЖЭС шлагы мен күлдің химиялық-минералогиялық құрамы.
- ЖЭС шлагы мен күлдің қасиеттері.
- Қалыптау, кептіру және күйдіргенде ТЭС қалдықтарының ерекшеліктері.
- «Золокерам» кірпіш өндірісінің технологиялық схемасының айырмашылығы.
Практикалық сабақ №12. Керамикалық кірпіштің қасиеттерін талдау және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бағалау
Сабақтың мақсаты: Керамикалық қабырғалық материалдар технологиясының ерекшелігін меңгеру және оның сапасын бағалау.
Керамикалық кірпіш пен тасты саздан, сонымен қатардиатомит, лесс және өндіріс қалдықтарынан минералды, органикалық қоспалармен немесе қоспасыз дайындайды. Оларды ғимараттардың сыртқы және ішкі қабырғалары мен басқа да элементтерін қалауға және қабырғалық панель (екі- және үш қабатты) және блоктар дайындау үшін пайдаланады.
Кірпіштің өлшемдері 250х120х65 мм, қалыңдатылған кірпіш – 250х120х88 мм, модульді кірпіштің өлшемі 288х138х63 мм. Тасты келесі өлшемдерде шығарады:250х120х138, 288х138х138, 250х250х138, 250х250х120, 250х200х80 мм.
Кірпіш толық және қуыс денелі, ал тас-тек қуысденелі болады, қуыс пішіні мен орналасуы, саны әр түрлі. Қырларының беттерін көбінесе рифленді етіп жасайды, кеуектері постельге перпендикуляр немесе параллель бағытта орналасады және өтпелі не бітеу болады. Кірпіш пен тасты құрғақ күйдегі орташа тығыздығы бойынша 3 топқа бөледі:
а) әсерлі, ол қабырғаның жылутехникалық қасиеттерін жақсартып кәдімгі кірпішке қарағанда қабырға қалыңдығын жұқартуға мүмкіндік береді. Бұл топқа: а) орташа тығыздығы 1400 кг/м3 аспайтын кірпіш; б) шартты әсерлі, жылутехникалық қасиеттерін жақсартатын: орташа тығыздығы 1600 кг/м3 көп кірпіг пен тас. Кірпіш пен тастың салмақтары МемСт талап етілген нормадан асып кетпеуі керек.
Беріктігі бойынша кірпіш пен тас келесі маркаларға бөлінеді: 300, 250, 200, 175, 150, 125, 100 аязға төзімділігі бойынша Мрз 35 и Мрз 50. Олардың белгілі бір қысу және иілу беріктік шегі болуы тиіс.
Сыртқы пішіні мен өлшемдерінің дәлдігі әрекеттегі МемСт талабын қанағаттандыруы қажет. Кірпіш пен тастың жеткіліксіз және аса қатты күйдірілуі жіберілмейді. Жеткілікті күйдірілмеген кірпіштің (алау кірпіш) беріктігі мен аязға төзімділігі төмен, ал қатты күйіп кеткен кірпіштің (темір) беріктігі мен жылуөткізгіштігі жоғары және пішіні қисайған болады.
Салмақ бойынша толықденелі кірпіштің сусіңіргіштігі 8% кем болмауы; қуысденелі бұйым үшін - 6% кем болмауы тиіс.
Қуыс денелі кірпіш пен тас үшін массаны мұқият өңдейді, қалыптауды қуысты тесіктерін түзу үшін арнайы қондырғылары (керн) бар вакуумды прессте жүргізген дұрыс. Бұл бұйымдарды фундамент, цоколь және ылғалды бөлмелерде қолдануға болмайды.
Қуысденелі кірпіш пен тасты өндіру шикізат пен отынды үнемдеуге,
кептіргіш пен пештің өнімділігін жоғарылатады, транспорттық шығынды азайтуға әкеледі.
Ғимараттың қасбетін қаптауға, ішкі қабырға, монтажды тор, вестюбиль және т.б. арналған беттік кірпіш қабырғалық керамиканың бір түріне жатады. Беттік кірпіш кәдімгі кірпіштен табиғи-боялған шикізат пен бояғыш қоспаларды қолданып және беткі қабатын механикалық әсемдеп өңдеу есебінен болатын сыртқы беттерінің сапалылығымен ерекшеленеді.
Беттік кірпішті табиғи-боялған ашық-сары және қызылшаңқай саздан, сонымен қатар түрлі түстегі саз араласынан пластикалық әдіс бойынша өндіру кеңінен тараған. Шикізатты түс беру үшін минералды қоспалар: марганец, хромды және темірлі минералдар, әртүрлі әктастар қосады. Беттік кірпішке қатаң талаптар қойылған.
Тапсырма:
1. Керамикалық қабырғалық бұйымның түрлерін салыңыздыр.
2. Қабырғалық және беттік кірпіш өндірісі үшін пайдаланатын сазды шикізатқа сипаттама бере отырып, кестені толтырыңыздар. Массаны дайындау мен қалыптау әдістерін және бұйымдарға қойылатын мемлекеттік стандарт талаптарын көрсетіңіздер.