*+Экстракапиллярлы ГН
*Мардымсыз өзгерістер
*Мембранозды гломерулонефрит
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*Мезангиопролиферативті гломерулонефрит
#173
*!15 жасар қыз бала қызбаға, әлсіздікке, ісінуге, тыныс алғанда кеудесінің ауыруына, аяқтары мен қолдарының ұсақ буындарындағы ауыру сезіміне шағымданады. Осыдан 4 ай бұрын босанғаннан кейін ауырған. Тексергенде: t 38,4, ps мин. 100 рет, АҚ 140/90 мм с.б., буындары ісіңкі, ауырады. Плевраның үйкеліс шуы бар, балтыры мен табаны ісінген, диурез тәулігіне 500 мл. Зертханалық мәліметтер: Нв 102 г/л, лейкоциттер 3,6 мың, тромбоциттер 118 мың, ЭТЖ 45 мм/сағ. ЖНТ: менш.салм. 1014, белок 5 г/л, эритроциттер 60-80 к/а, лейкоциттер 6-8 к/а. Биохимия: ж. белок 56 г/л, альбумин 27 г/л, креатииин 184 мкмоль/л, холестерин 5,6 ммоль/л. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*Амилоидоз
*Жедел нефрит
*Ревматоидты артрит
*+Қызыл жегілік нефрит
* Вегенер гранулематозы
#174
*!12 жасар ұл бала бас ауыруына, қабақтары мен аяқтарының ісінуіне шағымданып ауруханаға түсті. Қарағанда: қабақтары мен аяқтары аздап ісінген, АҚ 160/90 мм с.б. Зертханалық: қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, ж. белок 60 г/л, креатинин 150 мкмоль/л, мочевина 10 ммоль/л, калий 5,0, холестерин 5,6 ммоль/л; несепте белок 2 г/л, эритроциттер к/а көп мөлшерде, лейкоциттер 2-3 к/а. Қанның бақылаулық талдауында креатинин 300 мкмоль/л, мочевина 16 ммоль/л, жалпы белок 56 г/л., несепте белок 2,2 г/л, эритроциттер көп мөлшерде. Қандай патогенетикалық ем қолданған жөн?
*Стероидтар + нефропротективті ем
*Стероидтар + микофенолат мофетил
*+Стероидтар + циклофосфамид
*Стероидтар + циклоспорин-А
*Стероидтар + плазмаферез
#175
*!Ауруханаға түскен 10 жастағы ұл балада 2 апта ішінде креатинин 75-тен 170 мкмоль/л-ге дейін жоғарылаған, шағымдары: ауру басталғанда несептің түсі өзгерген. Ертеректегі анамнезін жинағанда бүйрек ауруының болмағандығын айтты. Зертханалық мәліметтер: гематурия – басым көпшілігі дисморфты эритроциттер, протеинурия 1 г/тәул, ЭТЖ 45 мм/сағ, УДЗ-де бүйрек ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Емдеу тактикасын анықтауға қандай тексеру әдісі көмектеседі?
*NGAL
*АНЦА
*АСЛ-О
*+Бүйрек биопсиясы
* С3, С4 комплементтері
#176
*!Тәуліктік протеинурияны (мг/дл) сандық анықтаудың мейілінше заманауи әдісі:
*Белоктың несеп калийіне қатынасы
*Белоктың несеп натрийіне қатынасы
*Белоктың несеп кальцийіне қатынасы
*Белоктың несеп фосфатына қатынасы
*+Белоктың несеп креатининіне қатынасы
#177
*!Тәуліктік протеинурияны белок/креатинин қатынасын тексеру арқылы анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда несеппен белоктың шығуын қандай сандық әдіс мейілінше анық көрсетеді?
*Таңғы несептегі
*+Тәулік бойы жиналған несептегі
*6 сағат бойы жиналған несептегі
*2 сағат бойы жиналған несептегі
*12 сағат бойы жиналған несептегі
#178
*!Несеп тұнбасында дисморфты эритроциттердің қанша пайызы гломерулярлы гематурияны сипаттайды?
*>5%
*>10%
*>20%
*>30%
*+>40%
#179
*!Мына төменде көрсетілген әдістердің қайсысы реналді/гломерулярлы және экстрареналді/гломерулярлы емес гематурияларды ажырату үшін қолданылады?
*Амбурже сынамасы
*Нечипоренко сынамасы
*Протеомдық анализ
*Аддис-Каковский сынамасы
*+Фазалық-контрасттық микроскопия
#180
*!17 жасар қыз ісінуге, бас ауыруына, несебінің түсінің өзгеруіне шағымданып келді. Бұл шағымдар баспамен ауырғаннан кейін 2 апта өткен соң пайда болған. Тексергенде: беті, аяқтары ісінген, АҚ 140/90 мм с.б., макрогематурия. Қанда: белок 60 г/л, калий 41 ммоль/л, натрий 140 г/л, холестерин 3,7 ммоль/л, креатинин 128 мкмоль/л, мочевина 9,2 ммоль/л; Несепте белок 2,0 г/л, эритроциттер – көру алаңын тұтасымен алып жатыр. Биопсия жүргізген жағдайда гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?
*Мембранозды нефропатия
*Мембрано-пролиферативті ГН
*+Диффузды-пролиферативті ГН
*Мардымсыз өзгерістер ауруы
*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероз
#181
*!16 жасар жасөспірім ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: бір жыл бұрын өтпелі артралгия мен терілік синдром болған, тексерілмеген. Бұл шағымдар бір апта шамасында мазалайды. Протеинурияның 3,7 г/л дейін анықталуына байланысты ауруханалық тексеруге жіберілді. Қарағанда: анасаркаға дейінгі ауқымды ісіну, АҚ 100/60 мм с.б.. Талдауларда: креатинин 70 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 11,3 ммоль/л. ЖНТ: протеинурия 4 г/тәул., эр. 2 к/а. Стероидтарға қандай дәрілік препаратты қосқан жөн?
*Микофенолат мофетил
*Циклофосфамид
*+Циклоспорин-А
*Фраксипарин
*Фозиноприл
#182
*!Шумақшалардың экстpaкапилляpлы типте зақымдалуы (жарты айшықтар түзілуі) гломерулонефриттің келесі түріне тән:
*Нефритикалық синдромға
*Нефpотикалық синдромға
*Оқшауланған несептік синдромға
*Гематуриямен жүретін нефротикалық синдромға
*+Тез үдемелі гломерулонефритке
#183
*!16 жасар жасөспірімде нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен сәтсіз терапия. Морфология: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресценция– IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электронды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер.
Осы жағдайда қандай ем қолданған мейілінше дұрыс?
*+Циклоспорин-А
*Симптоматикалық ем
*Метилпреднизолонмен пульс-терапия
*Преднизолонмен емді жалғастыру
*Преднизолонның альтернирлеуші курсы
#184
*!Мембрано-пролиферативті гломерулонефритке қандай морфологиялық көрініс мейілінше тән?
*ГБМ қалыңдауы
*Өзекшелер атрофиясы
*Интерстициалды фиброз
*Мезангиалды пролиферация
*+ГБМ-ң «трамвай рельстері» түрінде қосарлануы
#185
*!9 жастағы ұл балада респираторлық инфекциядан кейін қайталаушы макрогематурия анықталды. АҚ 90/60 мм с.б., ісіну жоқ. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*МӨНС
*+IgA-нефропатия
*Мембранозды ГН
*Мембрано-пролиферативті ГН
*Эндокапиллярлы-пролиферативті ГН
#186
*!Амбулаторлық тексеру барысында 16 жасар жасөспірімде БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Биопсия жүргізген жағдайда бүйрек зақымдалуының қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?
*Диффузды эндокапиллярлы пролиферация
*ГБМ қалыңдауы және субэпителиалды депозиттер
*+ГБМ-ң «баскетбол себеті» тәріздес өзгеруі
*Подоциттердің кіші аяқшаларының оқшауланып еріп кетуі
*Жарты айшықтар және некроздық қабыну өзгерістері
#187
*!Амбулаторлық тексеру барысында 16 жасар жасөспірімде БСА белгілері, естудің төмендеуі анықталды. Несепте: протеинурия, гематурия. Атасы бүйрек ауруынан қайтыс болған, 12 жасар қарындасында микрогематурия анықталды. Нефропротективті ем алады. Ауру қандай ағымда өтеді?
*+Баяу үдейді
*Тез үдейді
*Жедел циклді
*Жиі ремиссиямен
*Рецидивирлеуші
#188
*!Ходжкин лимфомасымен ауыратын 15 жасар ұл балада анасаркаға дейін ауқымды ісіну пайда болды, АҚ 95/55 мм с.б., креатинин 65 мкмоль/л, ж. белок 35 г/л, холестерин 19,3 ммоль/л, протеинурия 12 г/тәул., эр. 2 к/а. Жарықтық микроскопияда ешқандай өзгеріс табылмады. Қандай морфологиялық диагноз мейілінше ықтимал?
*+Мардымсыз өзгерістер
*Диффузды-пролиферативті ГН
*Мембранозды гломерулонефрит
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит
#189
*!12 жастағы ұл бала. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде анықталды: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgA депозиттері. Қандай патология мейілінше ықтимал?
*Люпус-нефрит
*+IgA-нефропатия
*Мембранозды ГН
*Мардымсыз өзгерістер ауруы
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
#190
*!12 жастағы ұл бала. Тексеру кезінде: протеинурия, қайталамалы макрогематурия. Морфологиялық түрде анықталды: мезангиалды жасушалардың диффузды пролиферациясы және мезангийдегі IgA депозиттері. Бұл ауруға қандай ағым тән?
*Тез үдемелі
*Жедел циклды
*Әрқашан болжамы қолайлы
*Ұлдарда болжамы жақсы
*+Бүйректің біртіндеп склероздануымен созылмалы ағым
#191
*!Гломерулярлы базалды мембрананың аномалиясы мына аурудың себебі болып табылады:
*АА немесе АL типті бүйрек амилоидозының
*Туа пайда болған нефротикалық синдромның
*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероздың
*Мардымсыз өзгерістермен нефротикалық синдромның
*+Альпорт синдромының немесе жұқа базалды мембраналар ауруының
#192
*!10 жастағы ұл балада жедел стрептококктан кейінгі гломерулонефрит болжанды. Төменде көрсетілген клиникалық симптомдар мен зертханалық көрсеткіштердің қайсысы осы патологияға мейілінше тән?
*Дизурия мен гематурия
*Протеинурия мен жайылған ісінулер
*Артериалды гипертензия және гематурия
*Қайталаушы ағымы және лейкоцитурия
*+Гематурия, АСЛО+, С3 төмендеген, циклді ағымы
#193
*!Гломерулонефриттің қандай морфологиялық нұсқасы ем болмаған жағдайда бүйрек қызметінің қайтымсыз бұзылыстары мен артериалды гипертензияның дамуының мейілінше жоғары ықтималдылығымен өтеді?
*IgА-нефропатия
*Мембранозды
*Мембранопролиферативті
*Мардымсыз өзгерістер
*+Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
#194
*!16 жасар қыз бала 4 жылдан бері жүйелі қызыл жегі бойынша бақылауда тұрады, иммуносупрессивті ем алады. Люпус-нефрит қосарланған жағдайда қандай симптомдар жиынтығы мейілінше ықтимал:
*Нефритикалық синдром, гиперкреатинемия, гематурия
*Протеинурия және гематурия түрінде оқшауланған несеп синдромы
*Нефротикалық синдром, гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия
*Нефритикалық синдром, артериалды гипертензия, олигурия, азотемия
*+Жедел нефритикалық синдром, гипокомплементемия, ДНҚ-ға антиденелер титрі
#195
*!18 жастағы бойжеткен айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырды. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. С3 төмендеген. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-2, меншікті салмағы – 1025. Биопсия жүргізген жағдайда гломерулопатияның қандай морфологиялық нұсқасы табылауы мейілінше ықтимал?
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*+Мембранопролиферативті ГН
*Мембранозды нефропатия
*Мардымсыз өзгерістер
*Экстракапиллярлы ГН
#196
*!4 жасар қыз бала айқын ісінуге, асцитке, сирек аз көлемде несеп шығаруға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Суықтанудан кейін жедел ауырған. АҚ 110/70 мм с.б., несебі ашық түсті. ЖҚА: лейкоциттер – 6х109, ТК – 0,9, Нв – 110 г/л, ЭТЖ – 55 мм/сағ. Қан сарысуында: жалпы белок – 48 г/л, холестерин – 7,5 ммоль/л. ЖНТ: белок – 6,8 г/л, лейкоциттер – 1-2 к/а, эритроциттер – 0-2, меншікті салмағы – 1025. Биопсияда ФСГС анықталды. Осы патологияда қандай препарат көрсетілген?
*Азатиоприн
*+Такролимус
*Преднизолон
*Циклофосфамид
*Микофенолат мофетил
#197
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жастағы қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Қандай нәтиже мейілінше күтіледі?
*Диффузды мезангиопролиферативті гломерулонефрит
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз
*+Экстракапиллярлы пролиферация
*Эндокапиллярлы гломерулонефрит
*Мардымсыз өзгерістер
#198
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Бірінші кезекте қандай тактика жүргізіледі?
*+Метилпреднизолонмен және циклофосфамидпен пульс-терапия
*Преднизолон А циклоспоринмен біріктіріліп
*Преднизолон альтернирлеуші режимде
*Преднизолон эндоксанмен біріктіріліп
*Метилпреднизолонмен пульс-терапия
#199
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда тез үдейтін гломерулонефриттің белгілері. Иммуносупрессивті ем жүргізіліп жатыр. Ремиссияға қол жеткізгеннен кейін сүйемелдеуші қандай ем жүргізіледі?
*Көрсетілмеген
*Стероидтармен альтернирлеуші режим
*Циклофосфамидті ½ мөлшерінде жалғастыру
*Циклофосфамидті күнара жалғастыру
*+Азатиоприн немесе микофенолат + преднизолон
#200
*!Анамнезінде жүйелі бөртпемен және полиартралгиямен өткен қызыл жегі бар (2 жылдан бері) 16 жасар қыз бала. Плаквенил 200 мг, жүйелі түрде СЕҚҚП алады. Қарағанда: АҚ 160/100 мм с.б. (бұған дейін 130/75), аяқтары тізесіне дейін қатты ісінген. Несеп: қан, белок, цилиндрлер өте көп. Қанда панцитопения, гипоальбуминемия, креатинин 224 мкмоль/л (6 ай бұрын 60 мкмоль/л болған). Аурудың ауырлығы мен зақымдалудың жайылуын ескеріп мына төменде көрсетілген шаралардың қайсысын қолдануға болмайды?
*Ас тұзын шектеу
*Антигипертензивті ем тағайындау
*+Тұтас қанды құю
*Кортикостероидтармен пульс-терапияны бастау
*Люпус-нефриттің дамуына байланысты ауруханаға жатқызу
#201
*!16 жастағы жасөспірімде нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен сәтсіз терапия. Морфология: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресценция– IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электронды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Нефротикалық синдромның екіншілік сипаты жоққа шығарылды. Диагноз қандай және қандай емдеу тактикасын қолданған жөн?
*Мембранозды нефропатия, симптоматикалық ем
*+Мембранозды нефропатия, А циклоспоринмен емдеу
*Экстракапиллярлы ГН, метилпреднизолонмен пульс-терапия
*Фокалді-сегментарлы гломерулосклероз, преднизолонмен емдеу
*Мембрано-пролиферативті ГН, преднизолон альтернирлеуші режимде
#202
*!16 жастағы жасөспірімде нефротикалық синдром, анамнезінде преднизолонмен сәтсіз терапия. Морфология: жарықтық микроскопия – күмістендіру кезінде капиллярлар қабырғасын бойлай субэпителиалды «тікенектер»; иммунофлюоресценция– IgG + С3 гранулярлық жарқырауы; электронды микроскопия – ретті субэпителиалды иммунокешенді депозиттер. Тағы қандай қосымша тексеру жүргізу керек?
*cANCA, pANCA
*IgA, IgG, IgM деңгейлері
*Иммунограмма – CD4, CD8
*АСЛО, аңқа мен мұрыннан бак. себінді
*+ANA, dsDNA-ға антиденелер, гепатиттерге ИФА
#203
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда экстракапиллярлық гломерулонефриттің белгілері. Иммуногистохимия: IgA депозиттері. Иммуносупрессивті ем жүргізіліп жатыр. Жалғыз симптомы аздаған протеинурия болған жағдайда ТҮГН-ді емдегеннен кейін ішінара әсерде қандай нефропротективті ем жүргізіледі?
*+ААФт немесе АРБ
*Мембраностабилизаторлар
*Антикоагулянттар
*Антиагреганттар
*Дәрумендер
#204
*!Нефрологиялық бөлімшеге ісінумен 11 жасар қыз бала түсті, АҚ 150/100 мм с.б. Несепте белок 3,3 г/л, эритроциттер тұтастай жауып жатыр. Тез өсіп жатқан гиперкреатининемия анықталып, бүйрек биопсиясы жасалды. Биопсияда тез үдейтін гломерулонефриттің белгілері. Метилпреднизолонмен және циклофосфамидпен пульс-терапия жүргізілуде. Иммуносупрессивті емнен кейін бұл патологияның қандай салдары мейілінше ықтимал?
*Стрептококктан кейінгі жедел ГН болған жағдайда толығымен айығу
*ГН-ң созылмалы түрлерінде ұзақ ремиссия
*Терминалды бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі, диализ
*Баяу үдеп бүйректің созылмалы ауруының дамуы
*+Аурудың типіне және емнің қашан жүргізілгеніне байланысты кез келген салдар
#205
*!10 жасар ұл бала макрогематурия және аяқтарында ісінудің пайда болуына байланысты ауруханаға түсті. Анамнезінде бүйрек ауруы жоқ. Қарағанда: АҚ 145/95 мм с.б. Зертханалық мәліметтер: несепте тәуліктік протеинурия 1,5 г, эритроциттер өте көп, қанда креатинин 130 мкмоль/л, мочевина 10,2 ммоль/л. УДЗ-де екі бүйрек те ұлғайған, конкременттер мен несеп іркілісі жоқ. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*Жүйелі васкулит
*Несеп-тас ауруы
*Геморрагиялық цистит
*Несеп жүйесінің инфекциясы
*+Жедел нефритикалық синдром
#206
*!12 жасар қыз бала, ішінің ауыруына, ірі тамырларының ісінуіне, балтыр терісінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Сұрастырғанда белгілі болғаны, бұрын цитрус өнімдерін пайдаланғанда осындай бөртпелер пайда болатын болған. Амбулаторлық талдаулардың мәліметтері: анемия 1 дәрежесі, жылдамдаған ЭТЖ, протеинурия 1,5 г/л, микрогематурия 20-25 к/а, 50%-дан астамы дисморфты эритроциттер. Мейілінше шынайы диагноз қандай?
*Люпус-нефрит
*Вегенер гранулематозы
*Чардж-Стросс синдромы
*+Шенлейн-Генох нефриті
*Жедел интерстициалды нефрит
#207
*!10 жасар ұл бала бетінің, аяқтарының ісінуіне, басының ауыруына, белінің сыздап ауыруына, жалпы әлсіздікке және лайлы қызғылт несептің пайда болуына шағымданады. Өзін 3 күннен бері науқаспын деп санайды. Тұмаумен ауырып кеткен, осыдан 2 апта бұрын баспамен ауырған.
Қарағанда: температура 37,7°С. Жалпы жағдайы орта ауырлықта. Беті ісіңкі, балтыры мен табанына ісіну бар, терісі боз. Пульсі 84/мин., АҚ 165/100 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырмайды. Несебінің түсі «ет жуындысы тәріздес». Қандай зертханалық өзгерістер мейілінше шынайы болмақ?
*Лейкоцитурия, бактериурия
*Гиперпротеинемия, протеинурия
*+Макро-, микрогематурия, азотемия
*Макрогематурия, лейкоцитурия, бактериурия
*Гипопротеинемия, протеинурия, гиперхолестеринемия
#208
*!8 айлық қызда фин типіндегі туа біткен нефротикалық синдром диагнозы болжануда. Бүйректе қандай морфологиялық өзгерістер мейілінше ықтимал болады?
*Шумақшалардың склерозы
*Экстракапиллярлы ГН
*+Өзекшелердің микрокистозы
*Шумақшалардағы мардымсыз өзгерістер
*Мембрано-пролиферативті гломерулонефрит
#209
*!8 айлық қызда фин типіндегі туа біткен нефротикалық синдром диагнозы болжануда. Бұл ауруға қандай ағым мейілінше тән?
*+Емге резистенттілік және тБСЖ-не дейін үдеуі
*Стероид-сезімтал, жиі қайталанатын
*Стероид-сезімтал, сирек қайталанатын
*Кеш-сезімтал
*Стероид-тәуелді
#210
*!Нефрин белогының болмауы немесе оның аномалиясы мына аурудың дамуына себеп болады:
*Альпорт синдромының
*Жұқа базалды мембраналар ауруының
*+Фин типіндегі нефротикалық синдромның
*Фокалды-сегментарлы гломерулосклероздың
*Мардымсыз өзгерістермен нефротикалық синдромның
#211
*!3 айлық балада нефротикалық синдром дамыды. Қандай ауру және қандай геннің мутациясы ықтимал емес?
*Denis Drash (WTI) синдромы
*Рецессивті нефротикалық синдром (NPH2)
*+Х-тіркескен Альпорт синдромы (COL4AS)
*Фин типіндегі нефротикалық синдром (NPH1)
*Ересектердегі 1 фокалды-сегментарлы гломерулосклероз (ACTN4)
#212
*!5 жасар ұл балада стероид-тәуелді, жиі қайталанатын нефротикалық синдром. Мынадай шешім қабылданды: емге циклоспорин А қосу. Қандай жағдай циклоспоринді тағайындау үшін дұрыс болып табылады?
*+Ремиссияға қол жеткізгеннен кейін және стероидтардың альтернирлеуші режиміне көшкеннен кейін
*Альтернирлеуші режимнен кейін 2 айдан соң
*Стероидты алып тастағаннан кейін
*Бүйрек биопсиясынан кейін
*Тағайындауға көрсеткіш жоқ
#213
*!10 айлық балада фокалды-сегментарлы гломерулосклероз. Фокалды-сегментарлы гломерулосклероздың қай генезінде иммуносупрессивті ем көрсетілмеген?
*Идиопатиялық
*Екіншілік стероид-резистентті
*Кеш стероид-сезімтал
*+Генетикалық детерминирленген
*Иммундық аурулар фонындағы екіншілік түрінде
#214
*!12 жасар ұл балада баспадан кейін аяқтары ісініп, олигурия дамыды, несебінің түсі күңгірттенді, АҚ 150/90 мм с.б. дейін жоғарылады, несепте белок 1,36 г/л, эритр – тұтастай. Қанда жалпы белок 58 г/л, альбуминдер 34 г/л, креатинин 120 мкмоль/л. Электрондық микроскопияда қандай морфологиялық өзгерістер мейілінше анықталады?
*Мезангийдің ГБМ-ға интерпозициясы
*Субэндотелиалдық шөгінділер
*Подоцит аяқшаларының ғана тегістелуі
*«Тікенектер» тәрізді эпимембранозды шөгінділер
*+«Өркештер» тәрізді субэпителиалды шөгінділер
#215
*!12 жасар ұл балада баспадан кейін аяқтары ісініп, олигурия дамыды, несебінің түсі күңгірттенді, АҚ 150/90 мм с.б. дейін жоғарылады, несепте белок 1,36 г/л, эритр – тұтастай. Қанда жалпы белок 58 г/л, альбуминдер 34 г/л, креатинин 120 мкмоль/л. Төсектік режимді тағайындаудың қандай қағидасы мейілінше жөн болып табылады?
*+Ауыр клиникалық көріністер болған жағдайда ғана (өкпе ісінуі және т.б.)
*1 айға қатаң төсек режимі тағайындалады
*Ауруханада жатқан кезеңнің барлығына
*Қан мен несеп талдаулары қалыпқа келгенге дейін
*1 жылдан кем емес уақытқа
#216
*!Шумақшаның қандай құрылымдық элементінің генетикалық детерминирленген бұзылысы несепте гематурияның пайда болуына ықпал етеді?
*Эндотелийдің
*Мезангийдің
*Подоциттердің кіші аяқшаларының
*Подоциттердің үлкен аяқшаларының
*+Гломерулалық базалдық мембрананың
#217
*!2 жасар ұл балада идиопатиялық фокалды-сегментарлық гломерулосклероз. Осы аурудың патогенезінде басты рөл атқарады:
*+ Т-жасушалық дисфункцияға байланысты айналымдағы фактор
*Комплемент патологиясы
*Иммундық-кешендік
*Гемодинамикалық
*Аутоиммундық
#218
*!13 жасар ұл балада нефротикалық синдромға күдік. Гломерулалық аурулардың ажырату диагностикасын жүргізу үшін қандай иммунологиялық зерттеу мейілінше ақпаратты аз береді?