Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ең мүмкін болатын диагнозыңыз қалай? 1 страница




Нефрология модулі

Нефрология» пәні бойынша 7 курс интерн-педиатрларға арналған тесттік тапсырмалар

(2015-2016 о.ж.)

Балалардағы ЗШЖИ

 

#1

*!НШЖИ-ң ұзақ уақыт рецидивке қарсы емін антибактериалды препараттардың қандай дозасымен және қанша уақыт жүргізу керек?

 

*+Терапиялық дозаның 1/2-1/3-і, ұзақтығы ҚНР сақталуымен (5 жылға дейін рефлюкс-нефропатияның қауіптілігі) анықталады

*Инфекцияны толық жойғанға дейін үнемі терапиялық дозамен

*Айына 10 күннен үнемі

*Толық дозамен 5-7 күн

*Толық дозамен 10-14 күн

 

#2

*!7 жасар балада фебрилді қызу фонында катаралді белгілерсіз ішінде, бел аймағында ауру сезімі, қабақтарының ісіңкі болуы анықталды. ЖЗА лейкоцит 50 к/а, белок 0,033 г/л, несептің бак. себіндісінде гемолитикалық ішек таяқшасы 1 мл-де 100000 мкр. денешіктері анықталды. Баладағы мейілінше ықтимал диагноз:

 

*Жедел цистит

*Цистит

*Жедел гломерулонефрит

*+Жедел пиелонефрит

*НШЖИ

 

#3

*!7 жасар балада фебрилді қызу фонында катаралді белгілерсіз ішінде, бел аймағында ауру сезімі, қабақтарының ісіңкі болуы анықталды. ЖЗА лейкоцит 50 к/а, белок 0,033 г/л, несептің бак. себіндісінде гемолитикалық ішек таяқшасы 1 мл-де 100000 мкр. денешіктері анықталды. «Жедел пиелонефрит» диагнозы қойылды. Пиелонефриттің емін қай препараттан бастаған жөн?

 

*Пенициллин

*Гентамицин

*+Ампициллин

*Рокситромицин

*Нитроксалин

 

#4

*!Пиелонефрит кезінде бүйрек паренхимасының қай бөлімі зақымдалады:

 

*Шумақшалар

*+Милы қабат

*Қыртысты қабат

*Астауша-тостағанша жүйесі

*Юкстагломерулярлы аппарат

 

#5

*!«Асимптомды бактериурия» термині төмендегі қай жағдайдың болуын немесе болмауын көрсетеді:

 

*+Зәр жолдарының шырышты қабатында қабынудың болмауы

*Шырышты қабатқа микробтардың адгезиясы және жоғары өрлеуі

*Қабыну үрдісі зәр жүйесінің эпителийінде

*Қабыну үрдісі бүйректе

*Қабыну уретрада

 

#6

*!Микробты-қабыну үрдісі дамитын бүйрек тінінің құрылымдық бөлімі:

 

*Астауша

*+Интерстиций

*Тостағанша

*Шумақша

*Юкстагломерулярлы аппарат

 

#7

*!Асқынбаған зәр инфекциясы деп айтылады, егер бүйрек пен зәр жолдарында:

 

*+Анатомиялық өзгерістер, конкременттер табылмаса

*Сепсис белгілері болмаса

*Зәрде протей табылмаса

*Зәрде көк іріңді таяқша табылмаса

*Өзгеріске байланыссыз тек балаларда кездеседі

 

#8

*!«Жедел пиелонефрит» термині айқын клиникалық және зертханалық белгілердің төменде көрсетілгендердің қайсысымен байланысты болғанда қолданылуы керек:

 

*Астауша мен тостағаншалардың кеңеюі

*+Бүйрек тінінде бактериалды қабыну ошақтарының болуы

*Туа пайда болған бүйрек пен зәр жолдарының ақауы

*УДЗ-дегі өзгерістер және зәрдегі қабыну белгілері

*Зәрде кез-келген инфекция белгілері немесе УДЗ-дегі өзгерістер

 

#9

*!Ауруханаішілік жағдайда дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында емдеуге резистентті қандай қоздырғыш ЕҢ жиі анықталады?

 

*Клебсиелла

*Стрептококк

*Ішек таяқшасы

*+Көкірің таяқшасы

*b-гемолитикалық стрептококк

 

#10

*!Ауруханадан тыс дамыған зәр шығару жолдарының инфекциясында қандай флора ЕҢ жиі анықталады?

 

*Протей

*+Ішек таяқшасы

*Көкірің таяқшасы

*А тобының b-гемолитикалық стрептококкы

*В тобының b-гемолитикалық стрептококкы

 

#11

*!Бүйрек паренхмасының гематогенді жолмен зақымдануы болады:

 

*Циститте

*Дисбактериозда

*Бүйрекке ота жасағанда

*+Сепсис дамыса

*Рентгенурологиялық зерттеу әдістерін жүргізгенде

 

#12

*!Пиелонефрит кезінде нефронның милы бөлімінің зақымдалуын анықтау үшін мейілінше ақпаратты әдіс қандай?

 

*Шварц сынамасы

*Амбурже сынамасы

*+Зимницкий сынамасы

*Нечипоренко сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

 

#13

*!Зәр жүйесі инфекциясының диагностикасында ең жиі қолданылатын және ақпаратты зерттеу әдісі:

 

*Цистография

*+Бүйрек пен зәр жолдарының УДЗ

*Аддис-Каковский сынамасы

*Компьютерлік томография

*Магнитті резонансты томография

 

#14

*!Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде емдеу тактикасын анықтау үшін жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу әдісі міндетті түрде жүргізіледі:

 

*Амбурже сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Нечипоренко сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*+Зәрді бактериологиялық себу және флораның сезімталдығын анықтау

 

#15

*!Зәрді бактериологиялық себуге жинаудың қай түрінде зәрдегі кез-келген микроб саны зәр жолдары инфекциясының бар екендігін көрсетеді:

 

*Тәуліктік зәрден

*Кез-келген зәрден

*Қуықты катетеризациялағанда алынған зәрден

*Стерильді ыдысқа орта порциясын жинағанда

*+Қуық пункциясында

 

#16

*!15 жасар қыз бала. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Мейілінше маңызды зрттеу әдісі:

 

*Бүйрек биопсиясы

*Цистография, бүйрек УДЗ

*Цистоскопия, бүйрек УДЗ

*+Зәрді бактериологиялық себу, бүйрек УДЗ

*Экскреторлық урография тұрып жасалынған

 

#17

*!15 жасар қыз бала. Белдегі, әсіресе оң жақтан сыздаған ауру сезіміне, дене қызуының 39С-қа дейін жоғарылауына, қалтырауға, зәрінің лайлануына шағымданды. Объективті: тері жабындылары табиғи түстес, ісінулер жоқ, АҚ 100/70 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоциттер 16 мың., ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр анализінде: меншікті салмағы 1009-1016, белок 0,66 г/л, лейкоциттер – жаппай, эритроциттер 1-2 к/а, гиалинді цилиндрлер – бірен-саран. Мейілінше ықтимал диагноз қандай?

 

*Нефроптоз

*+Жедел пиелонефрит

*Несеп-тас ауруы

*Жедел гломерулонефрит

*Созылмалы пиелонефрит

 

#18

*!Ішек таяқшасының қандай қасиеті зәр жүйесі инфекциясының дамуында маңызды емес:

 

*Вируленттілігі

*Фимбрияларының болуы

*Жіпшелерінің болуы

*Адгезивті қасиеттері

*+Шигатоксинінің болуы

 

#19

*!Пиелонефрит дамуында негізгі инфекция көзін көрсетіңіз:

 

*+Ішек және дистальді уретра

*Кіндік жарасы және тері

*Лас ауа

*Су қоймаларында шомылу

*Тамырішілік манипуляциялар

 

#20

*!Зәр жүйесі инфекциясының өршуінде келесі зерттеу әдісі мейілінше ақпаратты:

 

*УДЗ-дегі АТЖ деформациясы

*Шумақ фильтрациясы

*+Зәрді бак.себу және зәр талдауы

*Зәрдегі кристаллдар

*Зәр шығару жиілігін анықтау

 

#21

*!Қай симптом зәр жүйесі инфекциясы немесе пиелонефритке күдіктенуге негіз емес:

 

*Дене қызуының жоғарылауы

*Лейкоцитоз

*Іштің ауруы

*Жиі кіші дәретке бару

*+Бүйрек УДЗ-дегі «микролиттер»

 

#22

*!Қандай зерттеу әдісі пиелонефрит ошақтарын анықтауға мүмкіндік береді:

 

*Бүйрек УДЗ

*Цистография

*Цистоскопия

*+Нефросцинтиграфия

*Экскреторлық урография

 

#23

*!Зәр жүйесі инфекциясы бар науқастарда зәрлік симптомдарды зерттеудің заманауи әдісі:

 

*Нечипоренко сынамасы

*Центрифугаланбаған зәр

*Амбурже сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*+Тест-жолақшалар және зәр тұнбасының микроскопиясы

 

#24

*!Жедел пиелонефритке ТӘН ЕМЕС зертханалық белгіні анықтаңыз:

 

*Лейкоцитурия көру аймағын тұтас жауып жатыр

*+Ет жуындысы тәрізді зәр

*Лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы

*Зәрдің меншікті салмағының төмендеуі

*Бактериурия 1 мл зәрде 100000 м.д. асады

 

#25

*!Сәбилерде пиелонефриттің өршуі кезінде қандай зертханалық өзгерістер мейілінше басым болады:

 

*+Пиурия

*Гематурия

*Протеинурия

*Лейкоцитурия

*Цилиндрурия

 

#26

*!Нәрестеде зәр жүйесінің инфекциясына күдік туғанда қандай зерттеуді жүргізбеген жөн:

 

*Зәрді бак. себу

*Қан талдауы

*Зәр талдауы

*+Экскреторлық урография

*Бүйрек және зәр шығару жолдарының УДЗ

 

#27

*!Клиникалық көрінісі бар циститте зәрмен шартты-патогенді флораның қандай санда шығуының диагностикалық маңызы бар (1 мл зәрде микроб денешіктері):

 

*1000

*5.000

*10.000

*+50.000

*1 000.000

 

#28

*!8 жасар баладағы мына белгілер зәр инфекциясының белгілеріне жатпайды:

 

*+Оң жақ қабырға астындағы ауру сезімі, жүрек айну, УДЗ – «микролиттер»

*Іш ауруы, улану белгілері, қызу, мазасыздану

*Қанда ЭТЖ 40 мм/сағ, УДЗ – бүйрек ісінуі

*Лейкоцитурия, бактериурия, лайлы зәр

*Қанда лейкоциттер 12 х 109/л, нейтрофилдер 55%, таяқша ядролы нейтрофилдер – 10%

 

#29

*!Жедел пиелонефрит белгілеріне жатпайды:

 

*1 мл зәрде бактериурия 100000-нан көп м.д., қанда лейкоцитоз

*Қызу, улану белгілері, ЭТЖ жоғарылауы

*+Ісіну, зәрде эритроциттердің көп болуы

*Лайлы зәр, УДЗ – бүйрек мөлшерінің ұлғаюы

*Зәрде лейкоциттер көру алаңын толтырған, иісі жағымсыз зәр

 

#30

*!Зәр жүйесі инфекциясын емдеу үшін антибактериалды препаратты таңдағанда маңызды емес:

 

*Клиникалық көрінісі мен науқастың жасы

*Ауырлық дәрежесі мен баланың жасы

*+Лейкоцитурия мен эпителиалды жасушалар

*Микроорганизмнің сезімталдығы мен аурудың ауырлық дәрежесі

*Зәр жолдарында обструкцияның болуы мен гипертермия

 

#31

*!Асқынбаған жедел циститті бір реттік мөлшермен емдеу үшін қолданылатын препарат:

 

*Цефазолин

*Гентамицин

*Амоксиклав

*Цефураксим

*+Фосфомицин

 

#32

*!Көкіріңді инфекцияны емдеуге арналған мейілінше тиімді препарат:

 

*+Цефтазидим

*Тетрациклин

*Трихопол

*Гентамицин

*Амикацин

 

#33

*!Зәр жүйесінің туа біткен даму ақаулары және зәр жүйесі инфекциясының қайталамалары бар науқастарды ұзақ уақыт диспансерлік бақылағанда қандай зерттеу әдісі міндетті түрде жүргізіліп отырылуы тиіс?

 

*+Цистография

*Зимницкий сынамасы

*Экскреторлық урография

*Компьютерлік томография

*Қан сарысуындағы креатинин мөлшерін анықтау мен ШСЖ есептеу

 

#34

*!Жедел пиелонефритте қандай препараттарды ҚОЛДАНБАЙДЫ:

 

*+Стероидтар

*Антибиотиктер

*Нитрофурандар

*Фторхинолондар

*Сульфаниламидтер

 

#35

*!Фосфомицин (монурал) қашан және қалай тағайындалады:

 

*Жүйелі ауруларда

*Балалардағы зәр жүйесі инфекциясында

*+Цистит кезінде бір рет

*Постинфекциялық жедел гломерулонефритте

*Постинфекциялық интерстициалді нефритте

 

#36

*!Зәр шығару жолдарының инфекциясын алдын-ала емдеудегі қате ұғым:

 

*Егер инфекцияның қайталануы 3-тен жиі болса 6-12 ай бойы өткізу қажет

*Триметоприм + сульфаметоксазол + нитрофуран – ЗШЖИ қайталауы кезіндегі таңдамалы дәрілер (1/2-1/3 мөлшері)

*Амоксициллин + клавулон қышқылы – альтернативті емдеу жолы

*ЗЖИ алдын алуда аспапты зерттеу әдістерінің алдында және соңында антибактериалды ем жүргізу қажет

*+Алдын алу үшін антибиотиктердің тұрақты емдік мөлшерін түнгі уақытта тағайындау қажет

 

#37

*!Зәр жүйесінің инфекциясы бар науқаста қуық-неспағар рефлюксінің 3 дәрежесі анықталса қандай ем жүргізу керек?

 

*Негізгі антибиотиктер курсынан кейін ұзақ уақыт фитотерапия

*Емді нитрофурандардан бастау

*Фторхинолондармен емдеген тиімді

*Шұғыл хирургиялық ем

*+Антибиотиктермен негізгі және профилактикалық емдеу курсын жүргізу

 

#38

*!Бүгінгі таңда зәр жүйесінің қандай ауруы өте сирек диагностикаланады?

 

*Жедел цистит

*Жедел пиелонефрит

*Зәр жүйесінің инфекциясы

*+Созылмалы пиелонефрит

*Қуық дисфункциясы

 

#39

*!«Созылмалы пиелонефрит» терминіне байланысты дұрыс пікір:

 

*Зәрде ұзақ уақыт бойы өзгерістер кездессе де бүйректердің өзгеріссіз болуы

*Зәрде лейкоциттер мен бактериялар жоқ болуы мүмкін, бірақ УДЗ-белгілері бар

*Аурудың басты симптомдары – белдегі ауру сезімі, пастоздық, УДЗ-белгілер

*«Астауша-тостағанша жүйесінде деформациялар» болуы

*+Көптеген апта, ай, жылдар бойы сақталып тұрған, паренхимадағы дәлелденген инфекцияның персистенциясы

 

#40

*!Біздің елімізде «созылмалы пиелонефриттің» гипердиагностикасы немен түсіндіріледі:

 

*Инновациялық диагностика әдістерінің болмауы

*Компьютерлік томографияны сирек қолдану

*Магнитті-резонансты томографияны сирек қолдану

*Урограмма көрсеткіштерін дұрыс бағаламау

*+УДЗ көрсеткіштерін дұрыс бағаламау

 

#41

*!«Созылмалы пиелонефрит» терминін бүйректе қандай өзгерістер болғанда қолданады:

 

*Астауша-тостағанша жүйесінің деформациясы

*Бүйректегі кистозды өзгерістер

*Зәр жүйесінің қайталамалы инфекциясы

*+Бірнеше айлар немесе жылдар бойы сақталған бүйрек паренхимасындағы белсенді бактериалды үрдіс

*Зәр жүйесі инфекциясының қайталамалы көріністері

 

#42

*!Неліктен зәр жүйесінің қайталамалы инфекциясын «созылмалы пиелонефрит» деп атай алмаймыз:

 

*Қайталамалы ЗЖИ әрқашан қуықтың зақымдалуы болып табылады

*Қайталамалы ЗЖИ тек нефролитизға тән

*Қайталамалы ЗЖИ иммунодефицитпен бірге жүреді

*Пиелонефритттің басты симптомы УДЗ-дегі өзгерістер

*+Қайталамалы ЗЖИ барлығы бірдей бүйрек паренхимасында созылмалы бактериалды үрдісті дамыта бермейді

 

#43

*!Бүгінгі таңда шынайы созылмалы пиелонефриттің сирек кездесуі немен түсіндіріледі:

 

*Диагностика әдістерінің жеткіліксіздігі

*Жедел пиелонефрит кездеспейді

*Пиелонефрит салдарынан бүйректің бүрісуі кездеспейді

*+Күшті антибактериалды препараттарды кеңінен қолдану

*Пиелонефрит дамуы зәр жүйесінің туа пайда болған ақауымен байланыссыз

 

#44

*!Қазіргі көзқарас бойынша, егер бактерия персистенциясы болмаса бүйректегі бактериалды үрдістің нәтижесінде дамыған бүйрек бүрісуі «созылмалы пиелонефрит» деп қарастырылмауы мынаған байланысты:

 

*+Склероз болғанымен бактерия болмаса антибактериалды ем тағайындалмайды

* Бүйректегі кез-келген созылмалы үрдіс антибиотиктермен емделеді

*УДЗ-дегі «астауша-тостағанша жүйесіндегі деформация» антибактериалды емді қажет етеді

*Зәр жүйесіндегі туа пайда болған және жүре пайда болған өзгерістер – созылмалы пиелонефрит

*АТЖ-дегі деформациялар, «құм» - созылмалы пиелонефрит белгілері

 

#45

*!«Зәр жүйесінің инфекциясы» термині қолданылады:

 

*Бактериурия анықталғанда

*Қуықта инфекция орныққанда

*Бүйрек тінінде инфекция орныққанда

*Термин қазіргі уақытта қолданылмайды

*+Белгілі бір орналасу орны жоқ зәр инфекциясын анықтайды

 

#46

*!Қыздар неге зәр жүйесінің инфекциясымен жиі ауырады:

 

*Иммунды жүйенің ерекшеліктері

*Обструктивті уропатияның болуы

*Қуықтың дисфункциясының болуы

*Қуық-несепағар рефлюксінің болуы

*+Анатомиялық ерекшеліктері және уретра мен анустың жақындығы

 

#47

*!Төменде аталғандардан «асимптоматикалық бактериурия» диагнозы қашан қойылады?

 

*Тек лейкоцитурия болғанда

*Клиникасыз бактериурия 103 және гематурия болғанда

*Басқа белгілерсіз бактериурия 102 м.д/мл болғанда

*+Басқа белгілерсіз бактериурия 105 м.д/мл болғанда

*Басқа белгілерсіз бактериурия 105 м.д/мл және лейкоцитурия болғанда

 

#48

*!Асимптоматикалық бактериуриямен антибактериалдық емді қажет етпейтін жағдай:

 

*+Пиелонефрит дамитын қауіп факторлары жоқ науқастарда

*Физиологиялық жүктілікте

*Патологиялық жүктілікте

*Қант диабетінің 1-ші түрінде

*Қант диабетінің 2-ші түрінде

 

#49

*!8 жасар қыз бала ауруханаға Т - 39°, интоксикациямен түсті. Тексергенде несебі лайлы, белок 0,066 г/л, лейкоциттер к/а тұтастай жауып жатыр, бактериурия +++. Қанда: лей- 10×109 /л, ЭТЖ – 45 мл/мин. Мына диагноздардың қайсысы мейілінше ықтимал?

 

*Цистит

*Уретрит

*Гломерулонефрит

*+Жедел пиелонефрит

*Интерстициалды нефрит

 

#50

*!Ерте жастағы балаларда пиелонефриттің кеш диагностикасы мен сәйкессіз емі ненің дамуына алып келеді:

 

*Цистит

*Уретрит

*Остеопороз

*+Бүйрек бүрісуі

*Бүйректің жедел зақымдалуы

 

#51

*!7 айлық ұл балада бірінші рет ЗШЖИ мен ІІ дәрежелі ҚНР анықталды. Негізгі антибактериалды ем курсынан кейін науқасты жүргізу тактикасы қандай?

 

*Цистоскопия жасау

*Контрастты цистография жасау

*Антирефлюксті ота жасау

*Экскреторлық урография жасау

*+Нитрофуран қатарының препараттарының емдік мөлшерінің ½-ын түнде тағайындау арқылы алдын алу

 

#52

*!2 жасар баланы мына төменде көрсетілген бұзылыстардың қайсысы ЗШЖИ-ң рецидивтеріне әкеледі?

 

*Қысқа уретра

*Ұзын уретра

*Жиі тубулопатиялар

*+Несеп жолдарының жиі туа біткен обструкциялары

*Иммундық статусқа байланысты бейімділік

 

#53

*!Несеппен мына қоздырғыштың бөлінуі шынайы бактериурия деп саналады, әрі ЗШЖИ ең жиі қоздырғышы:

 

*1 мл-де стафилококктың 1000 м.д.

*1 мл-де стрептококктың 10000 м.д.

*1 мл-де протей вульгардың 50000 м.д.

*1 мл-де ішек таяқшасының 50000 м.д.

*+1 мл-де ішек таяқшасының 100000 м.д.

 

#54

*!1,5 жасар балада интоксикация, фебрилді Т° (38,7). Несеп талдауында лейкоцитурия, протеинурия 0,033 г/л. Несеп бак.себу талдауына алынды. Мына төмендегі тактикалардың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*Стероидтар тағайындау

*Цистография

*Экскреторлық урография

*+Эмпирикалық антибактериалды емді тағайындау

*Фитотерапия

 

#55

*!Төмендегі қандай қауіп факторлардың жиынтығы қант диабеті бар науқастарда зәр жүйесі инфекциясының дамуына бейімдейді және инфекцияның қай түрі кездессе де (асимптомды бактериурия, пиелонефрит, цистит) емді қажет етеді:

 

*Глюкозурия, дисбактериоз, иммунитеттің төмендеуі

*+Глюкозурия, зәр жолдарының гипотониясы, иммунитеттің төмендеуі

*Гиперкинетикалық қуық, глюкозурия, полиурия

*Диабеттік нефропатия, глюкозурия, макроангиопатия

*Артериалды гипертензия, гипергликемия, иммунитеттің төмендеуі

 

#56

*!1,5 жасар қыз баланың жағдайы фебрилді температураға, улану симптомдарына, абдоминалдық синдромға байланысты ауыр. Несепте – пиурия. Диагнозды нақтылау үшін мына тексеру әдісінің қайсысын жүргізу керек?

 

*Цистография

*Зимницкий сынамасы

*+Несепті бак.себу

*Экскреторлық урография

*Құрсақ қуысының УДЗ-і

 

#57

*!Туылғанына 10 күн болған нәресте мидың шүйде бөлігінің зақымдалуына байланысты қарқынды емдеу бөлімшесінде жатыр. 5-ші күні жағдайы нашарлай түсті: интоксикация синдромы өршіп, емуден бас тартты, дене қызуы көтерілді, несебі лайланды, иісі жағымсыз. Несеп талдауында – лейкоциттер барлық көру алаңында анықтала бастады. үлкен дәреті ботқа тәрізді, 5-6 рет тәулігіне, патологиялық қоспасыз. Төменде келтірілген аурулардың ішінде ЕҢ болжамалы диагнозы қандай?

 

*Энтероколит

*Нейротоксикоз

*Ротавирусты инфекция

*+Жедел пиелонефрит

*Энцефалит

 

#58

*!Мына симптомдардың қайсысы пиелонефритті төменгі зәр шығару жолдарының инфекциясынан ажыратады?

 

*Дизурия

*Гематурия

*Бактериурия дәрежесі

*Лейкоцитурия дәрежесі

*+Интоксикация, бүйрек қызметінің бұзылысы

 

#59

*!«Уросепсис» термині қай жағдайда қолданылады:

 

*+Нәрестелер мен ерте жастағы балаларда

*Пиелонефритпен науқастарда

*Кез-келген жастағы науқастарда

*Иммунодефициті бар науқастарда

*Жасөспірімдерде

 

#60

*!Бактериялар көбінесе зәр жүйесіне таралады:

 

*Ауалы-тамшылы жолмен

*Қарым-қатынас арқылы

*Гематогенді инвазия арқылы

*Лимфатикалық жолмен

*+Ретроградты инвазия жолымен

 

#61

*!Зәр шығару жолдарының инфекциясына күдік болғанда жалпы зәр талдауымен қатар қандай зерттеу міндетті түрде жүргізіледі:

 

*Амбурже сынамасы

*Зимницкий сынамасы

*Нечипоренко сынамасы

*Аддис-Каковский сынамасы

*+Зәрді бактериологиялық себу және флораның антибиотиктерге сезімталдығын анықтау

 

#62

*!Жалпы зәр анализінің төменде аталған көрсеткіштерінің қайсысы зәр жүйесінің инфекциясын мейілінше анық көрсетеді?

 

*Реакциясы қышқыл

*Түсі сары, толығымен тұнық

*+Лейкоциттер көру аймағында 30-40 артық

*Эпителиалды жасушалар – барлық көру аймағында жаппай

*Эритроциттер барлық көру аймағында жаппай

 

#63

*!Төменде келтірілгеннің арасында 1 жасқа дейінгі балалардағы жедел пиелонефритке тән клиникалық-зертханалық көрсеткіштер:

 

*Диарея және гематурия

*+Фебрилді қызба және пиурия

*Дизуриялық бұзылыстар және гематурия

*Артериалды гипертензия және протеинурия





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 596 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2611 - | 2185 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.