Саяси жанжалдар мен дағдарыстарды реттеудің әдістері мен түрлері.
Этносаяси жанжалдар.
Біздің елдің болсын, шетелдердің қоғамтану ғылымдарында болсын ұзақ жылдар бойы үлкен саяси қопарылыстар тұрсын, өткір қайшылықтар, терең дағдарыстар болса, мемлекеттің қалыпты, ойдағыдай дамымағандығы, жетілмегендігі, ауруы болып саналады. Ол үшін мемлекет тұрақты, тепе-теңдік жағдайында бірқалыпты дамуы керек сияқты болып көрінеді. Сондықтан тұрақтылық қоғамның негізгі мақсаттарының, құндылықтарының бірі саналады.
Ал, шын мәнінде, бұ дұрыс емес еді. Себебі, қоғамда әр түрлі топтар, таптар, жіктер болатынды. Олардың өзіндік мақсат- мүдделері, талап тілектері, арман-аңсарлары, мұқтаж-қажеттіліктері болады. Олар сөз жоқ сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар пайда болады. Олар дер кезінде шешілмесе, шиеленістерге, жанжалдарға айналады.
Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушіліктерді, өткір таласты айтады.
Шиеленіске адамзат өте ерте заманнан -ақт көңіл аударған. б. з. б. VII-VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң(ян) және теріс(инь) бастаулардан тұрады деп есептеді. Ежелгі грек фәлсафашысы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама-қарсылықтардың күресінент туады деді. Макиавелли қоғамдық процестердің дамуында қайшылықтардың пайдалылығын атап көрсетті. Гегель қарама- қарсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.
Саяси шиеленістер теориясына әсіресе көп көңіл бөлген марксизм. Маркс пен энгельс “Коммунистік партияның манифесінде”. “Ерікті мен құл, патриций мен плебей, помещик пен крепосной, мастер мен кіші мастер, қысқасы, езуші мен езілуші бірімен бірі ылғи антогонист болып, бірде жасырын бірде айқын түрде үздіксіз күресіп келді.
Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда.Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Ол мейірімсізділікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады.
Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады, дегендерін істейді. Дарендорф: “Бұл қайшылық әрқашан болған және бола бермек, сондықтан Маркстің коммунистік қоғамда таптар, дау дамайлар болмайды деуі бекер сөз” дейді.
Шиеленістің екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждықтың, талап-тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырлықсыз өтелуі жатады.
Үшінден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т.б. Бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өміріндегі орнын айқындайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Мысалы Ресейдің кейбір халақтары, Солтүстік Ирландиядағы католиктер, Канададағы Квебик провинциясы, Испаниядағы баскілер және т.с.с.
Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістің (төртінші) себебін адамның санасынан іздейді.Мысалы жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олпрдың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі, т.т. Шиеленістерге қатысатын субьектілерге байланысты мемлекеттер, ұлттар, діндер, нәсілдер арасындағы; қатынасатын жақтарға байланысты саяси, экономикалық, идеологиялық, экологиялық, сауда, қаржы, әскери, мәдени; қамтыған шеңберінде қарай халықаралық, аумақтық, жергілікті болып бөлінеді. Оларды антропогонистік және антогонистік емес, негізгі және негізгі емес, шындыққа жататын және жатпайтын, ұзақ уақыттық және қысқа мерзімді, т.т.етіп те бөліп жүр.