Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рентгенологиялық көрінісі




Туберкулеманың рентгенологиясында жиегі айқын дөңгелек немесе шар тәріздес жеке көлеңке тін. Көлеңке бір тектес, кейде кальцинаттар болуымен сипатталады. Ыдырау болған жағдайда кальцинаттар ортадан шеті түзу емес (қол орақ және бухта тәріздес) формада, жиі секвестрлер болады. Туберкулема айналасында ұсақ ошақты көлеңкелер.

Емі.

Өкпе туберкулемасының емі туберкулездің осы түрінің патоморфологиялық ерекшеліктерін және ұзақ этиотропты терапияның нәтижесінің аздығын есепке алып жүргізеді. Ауруларға қарсы көрсеткіші болмаған жағдайда өкпеге шағын экономды резекция жасалынады. Операцияға айқын көрсеткіштер болып – туберкулема көлемінің үлкен болуы, ыдырау қуысы, туберкулема ағымының дамуы, бактерия бөлушілік болғанда туберкулеманың көлеміне қарамай операция жасау керек. Операция алдында 3-4 ай этиотропты химиотерапия курсын жүргізеді. Операциядан кейін туберкулезге қарсы дәрілерді схема бойынша екінші санаттың жалғастыру кезеңімен берілу керек.

Нәтижесі

Қолайлы Қолайсыз
Сауығу Даму, Казеозды пневмонияның пайда болуы Фиброзды-кавернозды туберкулез

 

КПЕНІҢ КАВЕРНОЗДЫ ТУБЕРКУЛЕЗІ

Жұқа қабырғалы кавернамен сипатталатын, аз өзгерген өкпе тінінде инфильтративті, ошақты және фиброзды өзгеріссіз өтетін туберкулездің түрі.

 

Патогенез

Өкпенің кавернозды туберкулезі өкпе тканінің ыдырауымен жүретін инфильтративті туберкулезінен кейін дамиды. Басқа өкпе туберкулезі деструкциясы кезінде – сирек. Кейбір осындай ауруларада туберкулезге қарсы химиотерапияны 4-6 ай жүргізгеннен кейін перифокальды қабыну мен жаңа бронхогенді ошақтар сорылады, ал жұқа қабықты каверна сақталады.

Каверна түрлері

Пайда болуына байланысты Казеозды массалардың еру тәсіліне байланысты
1. Пневмониогенді каверна –(инфильтрация участкелерінде пайда болады) 2. Бронхогенді каверна – (спецификалық процеспен зақымданған бронхтардан пайда болады) 1. Протеолитикалық 2. Секвестірлік 3. Альтеративтік 4. Атероматозды

Патоморфология

Эластикалы түрлі каверна Фиброзды каверна (ригидті)
Құрылымы жиі 2 қабатты: ішкі қабаты грануляциялық тканнен, сыртқы қабаты өкпе тканінің қабыну-тығыздалу және жұқа қабатты фиброздан тұрады. Каверна айналасындағы өкпе тканінен жұқа қабырға арқылы бөлінеді және қысқанда көлемі төмендейді Каверна ұзақ уақыт болғанда (жыл-жыл жарым) сыртқы фиброзды қабаты қабыршақтанады. Каверна ригидті болып емге нашар көнеді.
Барлық жағдайда дренажды бронхтың спецификалық зақымдануы болады.

 

Ауру ағымы

Жиі инапперцентті (симптомсыз) ағым.

Ауру симптомдары

Интоксикация симптомдары + тыныс органдарының зақымдануы симптомдары (жиі құрғақ немесе аз продуктивті жөтел, жауырын аралықтың ауыруы) 24% науқастарда кездеседі. Физикалды тексеруде тимпанит немесе өкпе дыбысы аз ғана қысқарған, бұл каверна айналасында азғана қабыну өзгерістері болуымен түсіндіріледі. Аускультация – 17 % - везикобронхогенді тыныс, 17 % - әлсіз тыныс. Ылғалды дыбыстар кавернаның дренажды бронхысының бас жағында және кавернаның өзінде (34 % науқастарда) естіледі. Кавернаның резонанстық әрекетіне байланысты сырылдар қатты дыбысты болады. Сырылдар аз ғана уақыт естіледі, ем басталған соң (7-8күнде) жоғалады. Бронх ішінің тарылуы «мылқау каверналардың» пайда болуына әкеледі.
Туберкулин сынамалары нормергиялық.
Бактерия бөлушілік аз ғана болуы мүмкін
Қандағы қабыну өзгерістері Қандағы қабыну өзгерістері 37 % науқастарда табылған.

Рентгенологиялық көрініс

Сақина тәріздес ішкі жиегі тегі, айқын, сыртқы жиегі айқын емес көлеңке. Кавернадан өкпе түбіріне созылған дренажды бронхтың көлеңкесі көрінуі мүмкін. Айналасындағы өкпе тіні өзгермеген немесе аздаған фиброз бен аздаған тығыздалған ошақтар болуы мүмкін. Процесс жиі жоғарғы бөліктің (қң немесе сол) 1-2 сегменттерінде орналасады.

 

Емі

Этиотропты терапия  
Емді 1 санат бойынша бастайды 2-4 HRZS (E) / 4HR
Патогенетикалық терапия  
a)Витаминотерапия b)Дәрілерді эндобронхиялды енгізу c)Коллапсотерапиялық әдістер. d)Физиотерапиялық емдер. e)Стимуляциялық терапия және т.б.
Хирургиялық ем  
Радикалды және паллиативті операциялар




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 671 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Бутерброд по-студенчески - кусок черного хлеба, а на него кусок белого. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2412 - | 2331 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.