Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Патоморфологиялық өзгеріс




Туберкулезді инфильтрат – бұл екі компоненттен тұратын (орталық спецификалық ошақ және фокустың айналасының қабынуы) экссудативті пневмониялық фокус. Балалар мен жасөспірімдерде туберкулезді инфильтраттар спецификалық өзгерістер үстінде біріншілік туберкулез бен оның реинфектері нәтижесінде пайда болады. Кейде зақымдалмаған өкпе экзогенді суперинфекцияның нәтижесінде болады. Бұл кезде реакция гиперергиялық сипат алады, ал сақталған жалпы иммунитет процесті бір органға орналасуын қамтамасыз етеді. Асқынған кезде іркілген массалардың еруі байқалады және олар бронх арқылы бөлініп өкпеде ыдырау қуысы пайда болады. ТМБ бронхолимфогенді шашырау нәтижесінде бронхолобулярлы ошақтар мен қосымша инфильтраттар пайда болады. Сорылу кезеңінде фокус айналасындағы қабыну жоғалады, ыдырау қуысы тыртықтанады, казеозды фокус капсуласымен қапталып тығызданады. Перибронхиалды және периваскулярлы склероз дамиды.

Инфильтрат түрлері

Дөңгелек (ассман, бұғана астылық) Бұлт тәріздес Перисциссурит Лобит
Диаметрі 1-3 см дөңгелек немесе доғалды көлеңке 50% жағдайда өкпе ыдырауы болады және сол орында каверна түзіледі. Біртекті емес үлкен көлеммен сипатталады. Ыдырау 60-70% жағдайда. Бұлт тәріздес инфильтрат бөлік аралық саңылауда орналасады. Түрі трапеция пішіндес, кең түбі қабырға жағында, ұшы өкпе түбіріне қараған. Жайылған инфильтраттар өкпенің бір бөлігін алып жатады. Ыдырау 90% жағдайда

Клиникалық көрінісі

Дөңгелек Бұлт тәріздес перисциссурит Лобит
50 % жағдайда интоксикация симптомдары мен тыныс алу органдарының бұзылуы ағымымен жүреді. 50%-де ағымы жасырын. Ауру жағдайы қанағаттанарлық. Көп уақытта жедел басталумен сипатталады, тымау, пневмония немесе басқа жұқпалы ауруларға ұқсас болып келеді. Кейде созылмалы «катар», асқынған тымау және басқа аурулар сияқты басталуы мүмкін. Басталуы жедел. Алдында жиі аз ғана инфильтраттың болуы мүмкін.
Қандағы өзгеріс
Лейкоцитоз, нейтрофилдердің солға ығысуы, лимфопения, СОЭ ұлғайған, альбуминдер азайған, α2 – және γ- глобулиндер көбейген.
       
Дөңгелек Бұлт тәріздес және перисциссурит Лобит  
50 % дейін 70 – 86 % 90%  
Туберкулин сынамалары
Дөңгелек Бұлт тәріздес перисциссурит Лобит
Нормергиялық, гиперергиялық Нормергиялық, гиперергиялық Нормергиялық, гиперергиялық Нормергиялық, гипоергиялық

Рентгенологиялық көрініс

Дөңгелек Бұлт тәріздес Перисциссурит Лобит
1 см жоғары фокусты көлеңке. Төмен және орташа интенсивті жиегі айқын емес, лимфангоитпен өкпе түбірімен байланысқан. 1-2 сегменттерде орналасады. 50% жағдайда өкпе тіні ыдырайды Төмен және орташа интенсивті жиегі айқын емес, лимфангоитпен өкпе түбірімен жалғасқан, ошақты жіне фокусты көлеңкелерден пайда болған біркелкі емес қараю. Ыдырау 70-8- % жағдайда. Бұлт тәрізді инфильтрат (шеткілік) бөлік аралық саңылау бойында орналасады. Трапеция немесе үшбұрыш тәріздес,кең түбі қабырға жағына, ұшы өкпе түбіріне қараған Үлкен инфильтраттар өкпенің бүтін бір бөлігін алады. Төмен және орташа интенсивті жиегі айқын емес ошақты және фокусты көлеңкелерден құралған, ыдырау әсерінен (90%) біркелкі емес.

Емі

Дөңгелек Бұлт тәріздес, перисциссурит, лобит
10 аз зақымданса ем 3 санат бойынша 2HRZ/ 4 HR, 10 көп болса санат 1 бойынша 2-4 HRZS(E) / 4 HR Емді 1 санат бойынша бастайды 2-4 HRZS (E) / 4 HR, Бұрын емделіп, қазіргі уақытта асқынған жағдайда 2 санат бойынша 3-5 HRZE 2S / 5 HRE
Дөңгелек Бұлт тәріздес, перисциссурит, лобит
Эндобронхиалды ем, витаминотерапия, физиотерапия, сорылу, қуаттандыру терапиясы. Дезинтокцикациялық, қабынуға қарсы, эндобронхиалды терапия, витаминотерапия, физиотерапия, коллапсотерапиялық ем, сорылу, стимуляциялық терапия.
Көрсеткіштерге байланысты хирургиялық ем қолданылады.

Нәтижесі

Дөңгелек Бұлт тәріздес, перисциссурит, лобит
· толық сорылу · индурациялық алаң · туберкулема · өкпенің кавернозды туберкулезі · толық сорылу · индурациялық алаң · туберкулема · өкпенің кавернозды туберкулезі · казеозды пневмония · өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі · өкпенің циррозды туберкулезі · өлім

КАЗЕОЗДЫ ПНЕВМОНИЯ

Өкпе туберкулезінің ең қатал түрлерінің бірі, негізінен альтеративті қабыну реакциясымен жүреді. Қазіргі клиникалық жіктелу бойынша аурудың жеке түрі болып бөлінген. Бірінші рет табылған өкпе туберкулездері арасында соңғы 10 жыл уақытта КП 1,3%-тен 4,9%-ға көбейді.

Патогенезі

КП дамуына әсер ететін қолайсыз факторлар: жоғары вирулентті ТМБ-ның жұғуы, қоректің бұзылуы, қосарланған аурулар: ӨСНА (ХНЗЛ), гепатит, асқазан жарасы, қант дибеті, өкпеден қан кетуден кейін аспирация нәтижесінде және осы патологиялық процесс иммунды жетіспеушілік жағдай мен гормондар мен цитостатиктерді ұзақ уақыт қабылдаған науқастарда болуы мүмкін. Экссудативті реакция тез казеозды-некротикалық өзгерістермен казеозды массалардың жұмсаруы және көптеген немесе гигантты ыдырау қуыстардың пайда болуымен алмасады.
Ацинозды Милиарлы экссудативті туберкулездің дамуында пайда болады.
Лобулярлы Бөлікшелер зақымдалып бір-біріне қосылады да ортасында ыдырау қуысы бар үлкен казеозды фокус түзейді. А) Гемопоитикалық – өкпеден қан кетуден кейін дамиды, зақымдану бронх бойында орналасады.
Б) Үлкен ошақты – жеке үлкен казеозды ошақтар. Ортасында бронх казеозды қабырғалармен алмасқан.
В) Ошақта- жаралы – ыдырау тез дамуымен ерекшеленеді. Жиі қант диабеті және әйелдерде босанғаннан кейінгі уақытта кездеседі.
Лобарлы Көпшілігінде жеке түрі болып саналады. Бөлікті немесе бөліктің көп жерін қамтиды.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 685 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Жизнь - это то, что с тобой происходит, пока ты строишь планы. © Джон Леннон
==> читать все изречения...

2267 - | 2040 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.