Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖАҚТАРДЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІКТЕРІ




Жақтың қатерлі ісіктерімен ауыратын науқастар жақ-бет аймағы қатерлі ісіктерімен зақымданған науқастардың жалпы санының 6,6%-ін құрайды. (Соловьев М.М.Сточний В.А. 1974). Кездесетін жағдайлардың 60-70%-і 40-60 жас арасындағы кісілердің жоғарғы жағы. Аймақтық метастаздарды өте сирек береді, шамамен 14,9%. Жоғарғы жақтағы қатерлі ісіктің көп кездесетін түрі (патоморфологиялық) жалпақ клеткалы рак 65%, сирек безді рак 8%, әртүрлі саркомалар 5,8%, меланомалар мен себебі белгісіз рак 11,4% (ПроцыкВ.С. 1984).

I сатысы. Ісік жақтың бір қабырғасындағы шырышты қабық пен оның астындағы қабатпен ғана шектелген. Аймақтық метастаздары жоқ.

II сатысы. Ісік сүйек қабырғасының аумақты жерінің құрылысын бұзады. Бірақ одан әрі тарамайды. Аймақтық метастаздары жоқ. Сонда да болса мына белгілерді есте сақтау қажет, тістердегі жайылмалы ауыру сезімі, парестезия, ісігі бар жағының ауырлауы, нашар иістің шығуы, мұрынның бітуі, қанды судың ағуы, көзден жас ағу, тіс жұлғаннан кейінгі созылмалы альвеолиттер мен уяшықтың іркілдек ісік заты-мен толуы (69-сурет). Өкінішке орай аталған белгілердің бірі болса бірі болмағандықтан, диагноз қоюда маңызды көмекті рентген сурет, компьютерлік томография, цитологиялық тексерулер, инфрақызыл спектроскопия әдістері көрсетеді. Қатерлі ісіктер ағымының жасырын өтуі немесе басқа аурулар клиникасын қайталаиуына байланысты Қазақстанда I—II сатысына қарағанда III—IV сатысы жиі кездесетіні анықталып отыр.

69-сурет. Жоғарғы жақ сүйегінің рагі

 

III сатысы. Ісік бір немесе бірнеше анатомиялық аймаққа (көз ұясына, мұрын қуысына, қатты таңдайға, торлы лабиринтке, альвеолдық өсіндіге және т. б.) сүйек тінін бұза отырып тарайды. Осы сатысында метастаздар шыға бастайды.

IV сатысы. Ісік беттің терісіне өсіп, жақтың қарама-қарсы жағына бас қаңқасының негізіне, бет сүйегіне өтеді. Осы сатысында ісіктің аймақтық метастаздарына қарағанда, алыс метастаздары айқындала бастайды. Аурудың ағымы ауырлаған сайын клиникалық көріністері де анықтала береді. Мысалы: жақтар пішінінің бұзылуы, сау тістердің қозғалмалы болуы және олардың ығысуы, экзофтальм, әртүрлі қызметтердің бұзылуы және т. б.

Емі. I—II сатысында хирургиялық ем (жақ сүйегін шетінен, жартылай, түтел кесу отасы) (70, 71-сурет).

 

 

 

70-сурет. Төменгі жақ сүйегін резекциялау отасы.

 

III—IV сатысында тек кешенді ем қолданылады: Бірінші дистанциялық 30-40 Гр. гамма емі, жергілікті және аймақтық химия емдерімен отаға дайындайды. Ота алдымен алғашқы ошаққа, одан кейін аймақтық метастаздар бар болса. Крайль немесе мойын клетчаткалары мен лимфа бездеріне шандырмен қалталы кесу отасы жасалады.

 

 

 

 

7 I -сурет. Жоғарғы жақ сүйегін жартылай резекциялау отасы.

 

Бұл отаның Крайль операциясынан ерекшелігі төс-бұғана-емізікше еті, қосымша жүйке, сыртқа ұйқы артериясы, жалпы ұйқы артериясы сақталып қалады. Отадан соң жалпы мөлшері 25-30 Гр. сәуле емін, одан соң бір курс адекватты химия емін жүргізуге болады. Отадан соң ауруларды қайта қалыпқа келтіру мақсатымен протездер жасалады.

Жақтың остеосаркома ісігімен зақымданған кезде полихимиялық ем тағайындалады: 1-ші тәсіл. Циклофосфан, адриомицин, цистплатин;

2-ші тәсіл. Платидиам, циклофосфан, карминомицин.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1476 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2539 - | 2234 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.