Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫ ЖАРАҚАТТАНҒАН НАУҚАСТАРДЫ ТАМАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРҒА КҮТІМ КӨРСЕТУ




Тамақтандыру

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарды тамақтандыру өте ауыр мәселе, өйткені шайнау, кей кезде жұтыну қызметтері толық бұзуылуына байланысты олар кәдімгі тамақты қабылдай алмайды.

Адам тамағына қойылатын негізгі мақсат оның физиологиялық құндығы. Сондықтан жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға кәдімгі физиологиялық тағамдар тағайындалады, тек механикалық және химиялық тұрғыдан қарағанда науқасқа ауыртпалық түсірмеу керек.

Жарақаттанған науқастардың ауыз қуысының анатомиялық құрылымы және физиологиялық қызметтерінің күрт бұзылатындықтан тамақтың температурасы 45° С жоғары болмау керек. 50°С жоғары болса, ауыз қуысы және өңештің шырышты қабатын күйдіруі мүмкін.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастарға үш түрлі физиологиялық диета тағайындалады. Жақтық немесе сүңгі-зонд арқылы (1) жақтық (2) және жалпы диета (15). 1-ші және 2-ші жақтық тағамдардың химиялық құрамы бірдей болады, тек қана консистенцияларында айырмашылығы бар: 1-ші жақтық тағамның консистенцияса кілегей, ал 2-ші жақтық тағамдікі сұйық қаймақтай болады.

1-ші жақтық тағам сүңгі-зонд арқылы — шайнау және жұтыну функциялары бұзылған науқастарға тағайындалады (тілі, маңдайы, ауыз қуысының түбі қатты ісініп жарақаттанған, екіжақты сынықтарын тістік шеңдеуішпен бекіткен науқастар т. б.). Тағамның кілегейлі консистенциясы мұрын немесе ауыз арқылы асқазандық немесе дуоденалды сүңгі-зонд арқылы оңай, еркін өтуіне мүмкіндік береді.

2-жақтық тағам шайнау функциясы бұзылған, бірақ жұтыну функциясы сақталған науқастарға тағайындалады. Бұл тағамға сорпа, сүт т.б. сұйықтықтар қосып консистенциясын сұйық қаймақтікіне жеткізеді. 2-ші жақтық тағам аққұман мұрнына кигізілген түтік арқылы кедергіленбей өтеді.

15-ші жалпы диета — ауыз қуысындағы жаралар жазылған және сынықтары біте бастаған науқастарға тағайындалады. Бұл әртүрлі кулинарлық өңдеуден өткізілген күнделікті қолданатын азық-түліктерден дайындалған физиологиялық құндылығы толық тағамдар.

Барлық қоректік заттарды организмге жіберу жолдарын энтералды және парэнтералды деп бөледі. Энтералды әдіске- пероралды, асқазандық немесе дуоденалды сүңгі-зонд арқылы; ректалды, парэнтералды әдіске — вена теріасты, бұлшықет және сүйек арқылы жіберу жатады.

Жалпы парэнтералдық тамақтандыруды ес-түссіз жатқан немесе жарақаттану салдарынан энтералды тамақтанудың бұзылуынан зат алмасуды керекті дәрежеге келтіре алмағанда тағайындайды. Былайша парэнтерадды тамақтандыру бет-жақ аймағы жарақаттанған науқастарға өте сирек тағайындалады. Осыған байланысты парэнтералды тамақтандыруды негізгі энтералды тамақтандыруға қосымша деп білу керек.

Парэнтералды тамақтандыру организмге белоктың, энергетикалық заттарды, витаминдер және гармондарды ендіруді көздейді. Белоктарды организмге полипептидтер және аминқышқылдарының дайын қосынды түрінде ендіреді. Оларға аминопептид, казеин гидролизаты, ЦОЛИПК, Л-103 гидролизин, аминокробин және т. б. жатады.

Парэнтералды тамақтандырудың энергетикалық компоненттеріне (2,5; 5; 10) глюкозаның гипертоникалық ерітінділері, фруктоза т. б. жатады. Суда еритін (С және В тобының) витаминдерді глюкозамен, ал майда еритіндерін (А, Д, К) майлы эмульсиямен бірге жібереді. Натрий тұзы, кальций, калий т. б. минералдық заттарды әртүрлі трансфузиялық сұйықтықтардың құрамында немесе бөлек ендіреді.

Парэнтералды тамақтандырудың ішінде вена әдісі кеңінен тараған. Тамақты жіберу жылдамдығы оның құрамына тікелей байланысты.

Белокты гидролизатор мен майлы эмульсияларды әдетте минутына 30-40 тамшы, глюкоза ерітінділерін, тұздардың изотоникалық ерітінділерін минутына 60 тамшыға дейін немесе мин 4-5 мл ендіреді. Бір рет ендірілетін ерітіндінің мөлшері 200 мл, тәулігіне 2-4 л-ге дейін.

Пероралды тамақтандыруды шайнау функциясы бұзылған науқастарға мұрнына, ұзындығы 15-20 см резиналы түтік кигізілген аққұманмен береді. Ол үшін науқастың кеудесіне кленкалы алжапқыш жауып, жалпы жағдайына қарай орындыққа отырғызып болмаса төсекке жатқызады. 50 С° дейін жылытқан тамақты аққұманға құйып, тамақтандырушы аққұманды тамақ ағып кетпес үшін орта белінен жоғарырақ саусағымен қысып ұстап түтіктің ұшын тіл түбіріне дейін ендіреді де құманды ауыз қуысынан жогары ұстап, түтікті қысып тұрған саусақтарын босатады. Үш секунд өткен соң түтікті тағы да саусағымен қысып қалып, науқасқа тамақты жұтып және дем алуына мүмкіндік береді. Осы 3 секунд ішінде ауыз қуысына 8-10 мл-дей тамақ құйылады.

Осы әдіспен асықпай науқасты тамақтандырады.

Жақ-бет аймағынан жарақаттанған науқастарды күніне кемінде 4 рет тамақтандыруға тиіс. Азанда сағат 9-ға түсте 13-14-ке кешке сағат 18-ге және ұйқыға жатудан 1-1,5 сағат бұрын жеңіл тамақ (шәй, кисель, айран, т. б.). 4 рет тамақтандыру бойынша тамақтың күндік колориялығы былайша бөлінеді: азанғы – 30%, түскі —40% кешкі — 20-25%, ұйқы алдындағы — 5-8%.

Күтім

Жақ-бет аймағы жарақаттанған науқастардың күтімін жарақаттың түріне және орналасуына қарай жалпы және арнайы деп ажыратады.

Жалпы күтім. Ең әуелі науқастың жүрек-қан тамыр жүйелерінің, тыныс және физиологиялық дәрет алуына назар аударып бақылау керек.

Бронхопульмоналды асқынулардың алдын алу үшін науқасқа кеудесіне арналған жаттығулармен қатар, оларды белсенді түрде қимылдатқан жөн.

Бет-жақ аймағы мидың зақымдануымен бірге жарақаттанған науқастардың амалсыз гиподинамиясын мақұлдағанмен, оларда ауыр жауыр пайда болуының алдын алу үшін төсегінде күнде кешке 3-4 рет тыныс алу гимнастикасын жасату керек.

Арнайы күтім. Бет-жағы жарақаттанған науқастардың жалпы жағдайына қарамастан, әсіресе сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткен соң, ең бірінші ауыз қуысының тазалығына мұқият күтім керек, өйткені бұл науқастардың ауыз қуысы өздігінен жазылуы мүмкін емес. Әдеттегі ауыз шаюдың орнына, сүйек сынықтарын шеңдеуішпен бекіткеннен соң, әсіресе, тамақтанып болғаннан кейін ауыз қуысын дезинфекциялағыш ерітіндімен қатты қысыммен ирригациялайды (80-сурет).

 

 

Сурет-80. Ауыз қуысының гигиенасы және науқасты тамақтандыру

 

Ауыз қуысында тістік шендеуіштерді ұзақ мерзімге қалдыру салдарынан қызыл иектің шырышты қабаты зақымданып жаралануы мүмкін, сондықтан ауытқыған шеңдеуіштерді дұрыстап, босаған лигатураны бұрап бекітіп тұру керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1931 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2459 - | 2138 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.