Бұл түрінде остеомиелиттік жарақаттануы байқалады. Себебі сынық жиегінің барлық бетін қамтиды. Жұмсақ тіндердегі қабыну процесстері мен анық ауыру сезімі байқалады. Дене қызуы көтеріліп, қанда өзгерістер болады. Науқастарда үшкіл жүйкесінің үшінші тармағының иннервациялау аймағында сезімталдық бұзылады.
Рентгендік көріністе сүйек тінінің резорбциясы байқалады. Сынықтың жиегі анық емес. Әртүрлі мөлшердегі секвестрлер сынық сызығының бойымен орналасады.
Созылмалы остеомиелиттің ұзақ мерзімі нәтижесінде жақтың ақауы пайда болады. Гемограммада қан жағынан өзгерістер байқалмайды. Тек нейтрофилез, салыстырмалы және абсолютті моноцитоз, лимфопения байқалады. Егер жарақатты остеомиелит жақ маңындағы абсцесс немесе флегмонамен асқынса эритроциттердің тұну жылдамдығы артады және лейкоцитоз байқалады.
Жарақатты остеомиелитті емдеу. Бірінші емдік шара, іріңдерді ауыз ішінен немесе сыртынан тіліп шығару. Абсцестер ауыздың ішінен ашылады. Ол үшін міндетті түрде жұмсақ тіндерді 3 см сүйекке дейін кеседі. Жайылған қабыну процессінде 5-6 см сыртқы тілік жасалады, тіндер ажыратылып, төменгі жақтың тінін тексереді.
Ірің көбейсе қанат тәрізді бұлшықеттің ішкі жағынан тіліп ашып антибиотикті ерітінділермен жуады. Гипертониялық ерітіндіге суланған дәкемен орап, стерилді резина қолғаптың қиындысымен қашыртқы-дренаж қояды. Бұл отадан соң қабыну процессі азаяды.
Жарақатты остеомиелитті емдеген кезде негізгі қағида себепкер факторды жою. Егер ол фактор жақ сынығы дұрыс бекілмегенінен болса, шұғыл түрде төменгі жақ сынығын дұрыс бекітіп, бір мезгілде іріңдікті тіліп ашу қажет. Іріңнен тазарған соң отасыз-консервативті ем тағайындалады. Антибиотикотерапия, сульфаниламидті препараттар, нитрофуран препарат-тары, витаминотерапия, жалпы жағдайды көтеретін, сезімталдықты жоятын ем.
Іріңді тіліп ашқанда-микрофлора мен оның антибиотикке сезімталдығын анықтау үшін жұғынды (мазок) алған жөн. Микробиологиялық тексерулер қорытындысы 48 сағаттан соң белгілі болады. Сондықтан басында кең спектрлі антибиотиктер белгіленеді (тетрациклин 200000 Б 4 рет күніне немесе монолицин 2000 Б-4 рет). Анализдер қорытынды алынған соң бағытталған антибиотерапия белгіленеді. Бұдан басқа сульфадемизин немесе күніне 4 реттен норсульфазол 1,0, фуразалидон 0,15 белгіленеді. Антибактериалды аралас ем 5-6 күн жүргізіледі, егер процесс тоқтамаса, қайтадан жарақаттан бөлінген сұйықты зерттейді. Антибиотикті өзгертеді. Кейбір авторлар антибиотикті қабыну ошағына салуды ұсынады.
Жарақатты остеомиелитті емдеу үшін Д.А.Энтин (1940) сынық аймағына 70% спирттегі 2% новокаин ерітіндісін енгізуді ұсынады. Мұндай инъекциядан кейін ауыру сезімі жойылады, жағымсыз сезімдер басылады. Спирт-новокаин ерітіндісі 2-3 күннен соң 5 рет енгізіледі (1,5-2 мл).
Көп жағдайда спирт баяу созылмалы процесстерде енгізіледі. А, В, С витаминдерін глюкоза ерітіндісімен бірге көк тамырға-венаға жібереді. Сезімталдықты жою үшін димедрол, кальций хлориді белгіленеді.
Физиологиялық ем. УЖЖ немесе қысқа толқынды ем, операциядан соң белгіленеді. Жарақатты остеомиелитті емдегенде физиопроцедура керек. Р. Н. Михайлова мен Я. Г. Зайковский (1968) дәлелденген.
Созылмалы процесстерде беттегі жұмсақ тіндердің ұйыспа-инфильтраты тез сіңіп кетеді.
Төменгі жақтың ұяшық өсіндісінің жарақаты остеомиелитінде сынықтың тұсындағы себепкер тіс жұлынады да ұяшыққа қыру-кюретаж жүргізіледі. Осы кезде секвестрленген түбіраралық перде мен ұяның қабырғасы алынады. Ауыз қуысын фурациллин ерітіндісімен жуып шаяды.
Төменгі жақтың сынық жиегінің остеомиелитінде секвестрэктомия немесе остеотомия жүргізуге асықпау керек, өйткені ол ақаудың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Жарақатты остеомиелиттің алдын алу шаралары:
1. Сүйек сынықтарын ерте және тиімді бекіту (жарақатты хирургиялық
өңдегеннен кейін).
2. Сынық тұсындағы созылмалы процесс бар тістерді дер кезінде
жұлу.
3.Сынықтың саңылауын антисептикалық ерітінділермен жуып
шайғаннан соң ауыз қуысынан мұқият оқшаулау.
4. Сынықтағы микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін ем жүргізу
антикоагулянттар тағайындау: (қанның реологиялық қасиетін
жақсартатын ерітінділер енгізу).
5. Сүйек тініне сезімтал антибиотикті ерте пайдалану.
6. Жалпы жағдайын көтеретін ем, репаративті остеогенезді нығайту.
7. Ауыз қуысы тазалығын сақтау.
Жарақатты гайморит. Жарақатты гайморит-тек оқ тиген жарақаттың асқынуынан ғана емес, тұрмыстағы әртүрлі жағдайдың салдарынан бет қаңқасы сүйектерінің жарақаттануынан да, соның ішінде жоғарғы жақтың бет сүйек доғасының және ЛОР — мүшелердің жарақаттануынан дамиды. Бет қаңқасының жарақатынан басқа, бет сүйек доғасы сынған кезде де бет қаңқасы көп жағдайда төмен, ішке және артқа қарай кіріп кетеді (қозғалады). Осы кезде бет сүйек доғасы гаймор қуысына кіріп, оның сүйекті және шырышты қабықтарын жарақаттайды. Егер қуысқа сүйек еынықтары түсетін болса — жарақатты гайморит дамиды.
Жарақаттан соң алғашқы күндері жарақатты гаймориттің айқын клиникалық белгілері болмайды, себебі, бұл уақытта жақ сынығының клиникалық көрінісі басым келеді. Науқастың басы ауырып, мұрын арқылы дем алысы қиындайды, мұрынынан алғашында серозды, сонан соң іріңді қан бөлінеді, дене қызуы көтерілуі мүмкін.
Жарақаттанғаннан бірнеше күннен кейін жедел көріністер созылмалы түрге ауысады. Созылмалы гаймориттің клиникалық көрінісі қуыстың қабырғасы мен шырышты қабығының жарақатының сипаты мен көлеміне, қуысты жарақаттаған сүйек сынығы немесе бөгде дененің мөлшеріне байланысты болады. Созылмалы гаймориттің ең басты белгісі — жыланкөз, мұрын жолдарынан бөлінген ірің мен жергілікті ауыру сезімі. Қан ұюы мен кейбір шырышты қабықтың және жақ сүйек некрозының салдарынан шырышты қабықтың полипозды түрінде продуктивті процесстер дамиды. Жоғарғы жаққа оқ тию салдарынан болған жарақатты гайморит ағымының өзіне тән ерекшелігі бар. Жарақаттанған кездегі қуысқа түскен сүйек сынықтары, кейін пайда болатын секвестрлер ұзақ уақыт бойына қуыстың шырышты қабығын қабындырады. Соңынан қуыстың грануляция тіні осында қалған сүйек сынықтарымен, бөгде денемен бірігіп фиброзды тінге (тыртыққа) айналады, ол өз кезегінде ауық-ауық процестің асқынуына соқтырады (көзасты аймағының ауыру сезімі және ісінуі, мұрын мен жыланкөзден ірің бөлінуі және т. б.).
Рентгенограммада қуыс пневмотизациясының өте төмендеуі байқалады. Алғашқы күндердегі рентгенограммадағы қуыстың қараюы жоғарыда айтылғандағыдай қан ұюын кейіннен-шырышты қабықтағы патологиялық өзгерістерді көрсетеді. Процесс айларға, жылдарға созылуы мүмкін.
Созылмалы жарақатты гайморитте жоғарғы жақ қуысына радикальды операция жасайды. Қуыстың алдыңғы қабырғасын алғаннан кейін, оның ішіндегі тыртық пен фиброзды өзгерген тіндерді және бөгде денелер мен сүйек сынықтарын алып тастайды. Бөлек қуыстарды бір-бірімен қосып бір қуыс жасайды да, жоғарғы жақ қуысы мен төменгі мұрын жолының арасына кең түтікше қояды. Қуыстың шырышты қабығының полипозды жерлері кесіліп алынады да, өзгермегендері-қалдырылады. Қуысты жуып, кептіргеннен кейін, оның ішін вазелинді майға батырылған йодоформды тампонмен толтырып, оның ұшын түтікше арқылы шығарып, төменгі мұрын қуысында қалдырады. Ауыз қуысының шырышты қабығының жарақатын саңылау қалдырмай тігіп тастайды.
Церебальды өзгерістер. Өте алуан түрлі. Жалпы олар ми шайқалуы салдарынан болатын қысқа мерзімде немесе ұзақ уақытқа созылған естен тану түрінде байқалады.
Ми жарақатының белгілері басым болған науқастарды жарақатты өңдеп және жақ сынықтарын орнына қойғаннан кейін неврологиялық не нейрохирургиялық бөлімдерге орналастырғанан жөн.
Бас-ми жарақаты кезінде, әсіресе бас қаңқасының негізі жарақаттанған кезде, мамандар травмалық менингиттің профилактикасына аса көңіл бөлуі керек. Бұл үшін антибактериальды заттардың (антибиотиктер), сульфаниламидті препараттардың күшті дозаларын тікелей қанға жіберу керек. Осымен бір мезгілде дезинтоксикациялық, дегидротациялық және жалпы жағдайын жақсартатын ем жүргізу керек. Бұл шаралар жаңа жарақаттанғандардың барлығын менингиттің дамуынан сақтайды, ал болған жағдайда шамамен науқастардың 90%-ін 7-10 күнде емдеп шығарады.
Жарақаттан кейінгі сынықтарды жалпы емдеу. Жүргізілген морфологиялық-клиника-лабораториялық және функционалдық тексеру-лердің негізінде сүйек жарақатының жазылуының 4 кезеңге бөлуге болады. Бұл жалпы организмдегі күрделі биохимиялық, патофизиологиялық өзгерістерді және жарақаттан кейінгі кездегі болжамды анықтауға мүмкіндік береді.
I кезең — Жарақаттағы біріншілік реакциялар кезеңі. Жарақаттанған жерде деструктивті процесстердің болуымен сипатталады. Олар: сүйектің тұтастығының бұзылуы, сыртқы қабығының, Гаверс өзегінің, эндоосттың жыртылуы және дәнекер тінді түзілімдер мен бұлшықеттердің, төменгі жақты қоршаған жүйкелсер, қан, тамыр және лимфа тамырларының өзгерулері. Кезеңнің ұзақтығы 3 күнге дейін.
Осы кезеңде қабыну процесінің айқындылығы мен грануляциялық тіннің түзілуіне әсер етіп қана қоймай, сүйек тұтастығының толық қалпына келтіруге әсер ететін екі түйінді процессті ажырату керек:
1)Тотығу-тотықсыздану процесстерінің өзгеруі, гипоксия көрінісінің ұлғаюы мен қан келудің бұзылуы нәтижесінде тіндердің протеолизі.
2) Полимерлік комплекстердің, мукополиқантсутектер мен белоктардың клеткалық құрылымдарының ыдырауы, дезинтеграция және деградациясы, сынық аймағында гетерогенді органикалық және бейорганикалық қосындыларын түзеді. Ол сыныққа жақын остеогендік және дәнекер тінді клеткалардың пролиферациясы мен дифференциациясының белсенділігін арттырады.
Ауыру сезімі мен психо-эмоциональды импульсация, улы заттардан болатын тітіркенулер, тіңдердің жарақаты салдарынан сүйек тініндегі түзілімдер рефлекторлы және гуморальды жолдармен орталық жүйке жүйесінің жоғары бөлімдеріне беріледі. Ол жерде вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлігінің қозуы нәтижесінде жалпы физиологиялық жауап ретінде қорғану реакциясы түзіледі, шеткі қан ағысы арқылы бүйрекүсті безі гормондары: кортикотропин, глюкокортикоид организмдегі катаболикалық процесстерді күшейтеді.
Бұл кезеңде, сүйек жарақатындағы регенеративті процесстерді арттыру үшін негізгі әрекет:
1. Эмоциональды стресс пен ауру синдромын азайту немесе жою.
2. Қан айналымы бұзылуларын қалыпқа келтіру. Қанмен
қамтамасыз ету дәрежесі сүйек жарақатындағы зат алмасу түріне
байланысты (гликолитикалық, мукополисахаридті немесе оксибио-
тикальды). Олар сүйек, шеміршек тіндердің түзілуіне әкеледі.
3. Тыныс алу бұзылыстарын қалыпқа келтіру (асфикцияның алдын
алу мен себебін жою).
4. Зат алмасу бұзылыстарын қалыптастыру. Біріншілік реакциялар
кезінде ыдыраудың, протеолиздік, симпатико-адреналды жүйенің
күшеюі нәтижесінде катаболикалық процесстер жүреді, олар
белоктың, майдың, гликогеннің витаминдердің ыдырауын күшейтіп,
қанға ыдырау өнімдерінің сіңіруіне әкеледі.
5. Сүйек жарақатының инфекциямен асқынуын болдырмау. Жақтың барлық сынығы тіс қатарының деңгейінде ашық келеді. Тамақтанғаннан соң ауыз қуысын тазалағанда одан әрі бүлініп, гигиеналық жағдай нашарлайды. Егер ауыз қуысында тіс жегісі болса, асқынған тіс жегісі, тіс тастары, пародонт аурулары кездессе сүйек жарақаты инфекциясының одан әрі асқынуына мүмкіндік туады.Сондықтан жоғарғы немесе төменгі жағы сынған науқастарға көмек көрсеткен кезде тістің тағдырын шешіп алу маңызды. Сынық тұсындағы тіс инфекцияны өткізіп тұрса немесе сынықты салуға кедергі жасаса жұлынуға тиіс. Мысалы: сынық маңайындағы тістің созылмалы периодонтиті, пародонттың абсцесстенген түрі, пульпитті тіс және сынған тіс.
ҚазҰМУ-нің хирургиялық стоматология кафедрасының клиникалық зерттеулерінің мәліметтері бойынша сынық тұсында тұрған және функционалдық қажетін жоғалтпаған сау тістердің ұлпасын алып, пломбыланғаннан кейін олардың түбір өзектері арқылы сынық саңылауын брефоматериалмен толтырып сақтауға болады (Оразалин Ж. Б.,Жартыбаев Р. Н.).
Қабылдау бөлімінде екіжақты өткізгіштік жансыздандырудан кейін (2,0-5,0% анальгин және 2,0 мл 2% димедрол ерітінділері), сынық саңылауын 0,02% хлоргексидин ерітіндісімен жуып-шайып, сынықтарды орнына салып, жыртылған шырышты қабықты тігіп, бекітеді. Отасыз-консервативті және ота-оперативті әдістер көрсеткіштері бойынша сынықтарды дер кезінде салып бекіту жүзеге асырылады.
Клиникада күн сайын түнде анальгин мен димедрол бұлшықетке, триоксазин 0,3x3 рет, тағайындалады. Қанның реологиялық, қасиетін жақсарту, микроциркуляция мен зат алмасуды қалыптастыру үшін тікелей венаға ерітінділер енгізіледі (Рингер ерт., глюкоза және т.б.). Нитрофуран қатарының препараттары, антибиотиктер тағайындалады. Ауыз қуысының тазалығын сақтап, (0,02% хлоргекседин ерітіндісімен шайқау және) 1-ші жақтық диета тағайындалады.
Екінші кезең — Сүйек шорының түзілу кезеңі. Ұзақтығы 8 күн, 3 сатыдан тұрады:
1.Қабыну-пролиферативті кезі, остеогенді және дәнекер тінді клеткалардың қабыну инфильтрациясы мен пролиферацияның күшеюі.
2. Грануляциялық тіннің түзілуі.
3. Клеткалы-талшықты остеогенді тіннің жетіле бастаған кезі. Бұнда: лейкоцитоз, нейтрофилді солға жылжу, ЭТЖ артады, ГИ-ПО және диспротеинемия, альбумин азайып, глобулин фракциясының күшеюі фибриноген гаммаглобулин, лимон қышқылы және сілтілі фосфатозда құрамдарының өсу тенденциясы байқалады. С-реактивті белогына сынама жүргізілсе оң болады.
ІІ кезеңнің негізгі мақсаты қабыну процесстерінің алдын алу және сүйек тінінің репаративті регенерациясына қалыпты жағдай жасау болып табылады. Сондықтан 1-ші кезеңдегі шаралар одан әрі жалғастырылады, қосымша: метилурацил 0,5-3 рет, кальций глюканаты 0,5x3 рет тағайындалады. Күн сайын құрсаудың жағдайы тексеріліп, ауыз қуысының гигиенасына көңіл бөлінеді. Жарақаттанған кезден бастап 3-ші күні УЖЖ, жалпы кварц сәулесі тағайындалады.
III кезең -Сынықтардың бітуі мен шорлану кезеңі. 2 сатыдан тұрады:
1. Жетілмеген сүйек құрылымдарының қалыптасуы.
2. Сүйек шорының жетілуі.
Кезеңнің ұзақтығы орташа 9 күннен бастап 21 күнге дейін. Науқас
толық бейімделіп кетеді. Сондықтан тамақ ішкенде қолайсыздық
болмаса негізінен шағым жасамайды.
III кезеңнің емдік-профилактикалық шаралары репаративті остео-
генезді жеделдету.
Бұл мақсатпен жалпы және жергілікті шаралар кешенді-комплексі жүзеге асырылады. Лазерлі ем остеогенезді күшейтеді (20 мВт, тығыздық күші 150 мВт), экспозициясы 2-3, барлығы 12-15, сәулеленуі 12-14. Соңғы кезеңде 2-ші жақ столы, кальций хлоридімен электрофорез тағайындалады, ол сүйек шорының тығыздануына қолайлы жағдай жасайды.
ІІІ кезеңнің алдында науқастар амбулаторлы емделуге реабилитация
бөлмесіне жіберіледі.
IV кезең — сауығу кезеңі. 2 сатыдан тұрады:
1. Сүйек шорының түбегейлі жетілуі.
2. Жетілген сүйек шорының функциональды-детерминальды қайта қалыптасуы.
IV кезеңнің 1-ші сатысы орташа 21-ден 29-30 күнге созылады.
Сүйек жарақаты процесінің кезеңдеріне жоспарлы болжам жасауға болмайды. Ал егер процесс ағымы күрделі болса тікелей алдын алу мен емдеу шаралары жүзеге асырылуы тиіс.