Лекции.Орг


Поиск:




Шырша ойыншықтарын жасау.




Жұмысты топ бойынша ұйымдастыруға болады. Топты екі немесе үшке бөлу керек. Олар бір мезгілде әр түрлі ойыншықтарды жасайды. Мысал ретінде кішкентай себеттерді жасауды қарастырып көрелік:

· кезең кішкене себеттерді жасауға қажетті үлкен қағаз беттерін белгілеп, бірдей бөліктерге бөлу;

· кезең: кішкентай себеттердің контурларын белгілеу;

· кезең: контур бойынша себеттерді қою;

· кезең: кішкене себеттерді желімдеу.

Жұмыс операциялары біртіндеп жүзеге асырылады. Сондай-ақ, алқагүл, жалаушалар, карнавалдық бас киімдер және басқа да әшекейлерді дайындауды шамамен осылайша ұйымдастыруға болады.

 

***

Тәрбиеші мен ата-аналарға әдістемелік кеңестер.

Бала біздің алтын қазынамыз, сондықтан:

· әрбір қадамына, ісіне өте сақтықпен қараңыздар;

· қателеспеуге, қате жібермеуге тырыс;

· балаға да, ата-анаға да қиянат жасама, жаманшылық ойлама;

· баланың үміті, арманы, қиялынан көре біл;

· өзіңді, өз өміріңді балаға арна

· үнемі баланың жан дүниесінен, байлықты, құндылықты таба білуге, тани білуге тырыс.

· бала бойындағы керемет ғажайыппен кездесуге шыдамдылық көрсет және оған дайын бол.

·

***

Мақал-мәтелдер

1. Жақсы болсаң-жақын көп

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

 

2. Үлкенді құрметтеген бақыт табар.

3.Сөзіңе сүйінген, ісіңе күйінбейсің.

4.Биік төбеге шықсаң,

Көзің ашылады.

Жақсымен сөйлессең

Көңілің ашылады.

5.Ел намысын қуғанның еңсесі биік.

 

***

Өз сөзіңде және уәдеңде тұра біл (жауапкершілік, адалдық):

· - біреуге, топқа, ұжымға беретін уәдеңді орындай алатындығыңды білмей тұрып, алдын ала ойланбай уәде берме;

· -егер уәде беріп, содан соң берген уәдеңді орындай алмайтыныңды түсінсің, онда бұл жөнінде бірден шыныңды айт;

· өз сөзіңде тұруға уәделерің мен саған жүктелген міндеттерді орындауға әлі үйренбесең, онда аз-аздан баста, бірақ істі міндетті түрде аяқтайтын бол;

· өз кінәңді басқаға аударма.

 

***

Адамдарға енжар қараушы болма (тілектестік, әділеттілік):

· өз көмегіңді өзгелерге ұсынудан қорықпа, бірнеше кезекте қайғыға душар болаған, әлсіз, ауру адамдарға көмектес;

· айналаңдағы адамдардың жұмыс істеуіне және дем алуына бөгет болма;

· басқаларға сыпайы, жайдары, ілтипатпен қарайтын бол, үлкендерге құрмет көрсет;

· өзгенің пікірі мен өзгенің әдет-дағдыларын сыйлай біл, яғни адамдарға төзімділікпен қара, бірақ олардың кемшіліктеріне, қате пікіріне немесе теріс мінез-құлқына әсте төзуші болма.

 

***

Басқалармен бірге оқуға, жұмыс істеуге, ойнай білуге үйрен (ұжымшылдық, әділеттілік):

· ұнамды және ұнамсыз, жеңіл және ауыр, қызықты және қызықты емес міндеттерді әділеттілікпен, бірдей етіп және әрқайсысының мүмкіндігін есепке ала отырып бөл. Өзіңді жоғары ұстауға тырыспа;

· жалпы жұмыстағы өз үлесіңді жақсы, тез және дер кезінде орында, өзіңе жүктелген істі ақырына дейін аяқтап шық, басқаларға көмектес;

· ұжымның жалпы шешімдерін, көпшілік қабылдаған ережелерді құрметте, оларды мүлтіксіз орындайтын бол;

· ұжым сенім білдірген адамдарға және оның әділ талаптарына құрметпен қара, олардың тапсырмаларын ынта қойып орында;

· сенің қолғабысың қай жерде керек екенін өзің аңғаруға үйрен, басқаларға әдептілікпен көмектесе біл;

· егер өзіңдікін дұрыс деп есептесең, онда мұны басқаларға дәлелде және шындық үшін күрес;

· егер жолдасың жаман іс істесе, оны тоқтат.

***

Балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыруда мынадай формаларды қолдануға болады:

- балалардың ұлттық әдет-ғұрып мерекелері мен салтанатты жиынға дайындалуы мен өткізуге белсене қатысуы;

- жас ақындардың, поэма айтушылардың, халық аңызы сыныптарын ашу;

- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінен жарыстар өткізу.

-«Шежіре» қазақ халқының тарихын, әлеуметтік-экономикалық, тарихи-географиялық мемлекеттің орналасуын оқып үйренеді.

Халық батырларының өмірбаяны туралы, хандары, ғалымдары, мәдени құрушылар және саясаткерлер туралы материалдар жинайды. Бұл мақсатта мектепте ақындар, батырлар күні өткізіледі.

-«Толғау» - халықтық шығармашылықтың дамуы мен ауызша жырлануын, айтыс, терме және т.б. оқиды. Балалар арасында айтыстар, терме, жыршы, Абай, Шәкәрім шығармаларын орындаушылар байқауы өткізіледі. Балалар арасынан жас ақынның тәрбиеленуіне ерекше назар аударылады.

-«Наурыз» - бұл бағытта балалар мен тәрбиешілер ұлттық мереке туралы мағлұматтар жинайды. Барлық мектеп киіз үйге ие, барлығын балалар өздері дайындайды, киіз үйді ұлттық мереке күні құрады.

«Зерегер» - шеберлік. Тәрбиешілермен бірге оқушылар қазақ өнерімен және оның қазақ өміріндегі мәнімен танысады. Топ ішіндегі кішігірім өндіріс орнымен ұлттық заттар мен сәндік бұйымдар жасауда тәжірибе алмасады. Балалар қазақтың ою-өрнектерінің құпия сырымен танысып, өздері жасаған заттарынан көрме ұйымдастырады. Соның ішінде қазақтың киіз үйін құрастыруды үйренеді. Оны құрастыруды төмендегі кезеңдермен көрсетуге болады.

Бағдарлама мақсаты – балаларларды сыйлау, күтіп ұстау, халықтың рухани мұрасын сақтап ұстауға үйрету, тұлғаның адамгершілік құндылығын тәрбиелеу. Осы бағдарламаны енгізу жолында ерекше көңілді халық ойындарына бөлген. Олар бастауыш сыныптарында сабақтың әсерін жоғарлатады.

Мысалы: «Бір минутта жаттай біл» ойыны көздің есте сақтау қабілетін дамытады.

«Сиқырлы қобдишадан кім көп сөз жаттайды?» (Сәлеметсің бе? қайырлы таң, көріскенше, қайырлы күн, қайырлы түн және т.б.)

«Мысық туралы кім көп біледі?»(қоңыр түсті, жұмсақ, мамық жүргені естілмейді т.б.)

Ойындар: «Былай істе», «Бізге кім өткір көз?», «Кім қалай дауыстайды?», «Не өзгерді?» назары мен есте сақтауын шынықтыруға бағытталған,ойын ситуациялары барлық балалар мен жұмыс істеу барысында қамтылады.

 

***

Жаңылтпашты айту

Қазақтың халықтық жаңылтпашы да кеңінен қолданылады, мысалы:

"Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті жақтым,

Жілікті шақтым.

 

 

Шалабай шыли шалағай,

Шалағай шыли Шалабай.

Шақша басы шарадай,

Шаладай шала шалабай."

 

Тебіншек ат-шегіншек,

Шегіншек ат-тебіншек.

 

Қазақтың фольклорын оқу оларға бағдарлама құру қызығушылығын арттырады. Бұл бағдарлама баланы қазақ халқының салт-дәстүрі мен әртүрлі әдет-ғұрпымен таныстырады.

***





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1050 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Даже страх смягчается привычкой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

974 - | 840 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.