При эпитимпаните больные жалуются на периодически появляющуюся боль в височно-теменной области, ощущение давления в ухе. Также у больных с эпитимпанитом нарушена слуховая функция.
Если кариес поражает костную стенку горизонтального полукружного канала, может появляться головокружение.
Перфорация, как правило, находится в ненатянутой части барабанной перепонки.
Дыбыс анализаторының жас ерекшелігі. Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. 1 жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан (ересек кісіде 45 градус, балада 15 градус). Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіңдеп барып ауаға толады. 1 жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ 1 жылдың ішінде ересек адамның құлағы мен теңеседі.
2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіледі де, 4-6 жаста ересек адамның түтігіндей болады. Дабыл жарғағы 2-3 жаста-ақ ересек адамның жарғағына жақындайды, бірақ орналасуы 30-35 градус болып, тек 4-6 жаста 45 градусқа теңеледі. Ортаңғы құлақтың көлемі 2-3 жаста ересек адамның құлағынан кішірек келеді. Ол 4-6 жаста ересек кісінің ортаңғы құлағының көлеміне жетеді. Евстахи түтігі 2-3 жаста ұзарып 6 жастан асқанда ғана ересек адамдай болады. Ішкі құлақ 2-3 жастың арасында-ақ ересек адамның құлағы мен теңеседі.
Жаңа туған сәбидің дыбыс нерві әлі миелинденіп болмаған, төрт төмпешіктің және басқа аймақтарыны нейрондары дифференцияланбаған. 1 жаста дыбыс нерві жылдам дамып жетіледі де, 4-6 жаста ересек кісінің дыбыс нервімен бірдей болады. Есту анализаторының қыртыс бөлімінің сенсорлық (сезгіш) зонасы алдымен дамып, ассоциативтік зонасы кейінірек жетіледі. 1 жастан аса 41-ші сезгіш аймақ, 6 жаста 42-ші ассоциативтік, 7 жаста 22-ші ассоциативтік аймақтар жетіледі.
Баланың дыбыс есту қабілеті алғашқы жылдың ішінде тез жетіліп, қарапайым дыбыстарды есту қабілеті болады. Тіпті 1 жастан аса мүзыкалық қарапайым әуенді аздап ажырата алады. Дегенмен ми қыртысындағы дыбыс орталығы алғашқы жылы нашар жетіледі. 4 жастан аса 41-ші сенсорлық аймақтың дамуы, ал 6 жаста 42-ші ассоциативтік аймақтың дамуы, 7 жаста 22-ші аймақтың дамуы аяқталады. 6 жастан аса дыбыс орталығы ересек адамның дыбыс орталығындай болып, талдау және талқылау қабілеттері жоғарылайды. 6 жаста дыбыс есту шегі 22000 герц болады, яғни ересек адамнан анағұрлым жоғары. 7-13 жаста баланың дыбыс анализаторының барлық бөлімдері ересек кісінің дыбыс анализаторындай, бірақ есту қабілеті анағұрлым жоғары болады. Ми қыртысының талдау және талқылау қасиеттері одан әрі дами түседі.
Жаңа туған сәбидің сыртқы құлақ түтігі тар, оның терісінде түктер көп болады. Бір жасқа дейін құлақ түтігі өсіп, ұзарып, кеңейеді. Дабыл жарғағы жаңа туған нәрестеде ересек адамға қарағанда анағұрлым көлбеу орналасқан. Жарғақтың екі жағындағы эпидермисі қалың болғандықтан қозғалысы нашар. Сәбидің ортаңғы құлағы сұйыққа толы болады да, біртіндеп барып ауаға толады. Бір жастағы балада Евстахи түтігі қысқа, кең, түзу болады. Ішкі құлақ бір жылдың ішінде ересек адамның құлағымен теңеседі. 2-3 жаста сыртқы құлақ түтігі сәл иіліһ
Есту талдағышының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші шудың әсерін ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру керек. Айқай-шу есту талдағышына 2 түрлі әсер етеді: құлақтың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық бездердің қызметін бұзады, жалпыжүйке жүйесін тоздырады. 4-5 жыл бойы жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады: қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш, ашуланшақ болады қанның қысымы артады есту қабілеті төмендейді мамандығына байланысты кереңдік пайда болады. Мысалы, тракторшының басы аурып, дыбыс нервтерінің қабынуы пайда болады. Тіпті 6 сағат бойы 90 децибелдік шуда болғанның өзінде есту қабілеті щұғыл төмендейді (90 децибелдік шу – көлік ағылып жатқан көшенің шуына бараба).
Мектепке дейінгі балалар мекмелеріндегі айқай –шудың мөлшері -40-100 децибел, ал метеп бөлмелеріндегі айқай-шу одан артығырақ болады. Ер балалардың шеберханасиндағы шудың шамасы 60-110 децибел,сынып болмесінде -40-90децибел. 40децибел шамасындағы шу балаларға зақым келтірмейді.50 децибелден әсқанда балалардың еңбек қабілеті томендейді. Әсіресе 60 децибелдегі шу оқушылардың зейінін томендетіп, еңбек қабілетін нашарлатады Осыған байланысты баланың еңбек шеберханасында шулы жумыспен көп шұғылданбағаны жөн.
Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту үшін лның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады. Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік жолыан қашықтығы 25 метрден кем болмау тиіс. Гигиеналық талапқа сай сынып кабінеттерінің есігі тығыз жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге азаяды.
Есту қабілеті төмен оқушыларды алдыңғы қатардағы парталарға отырғызған жөн. Мектеп үйінің шулы бөлмелерін, айталық спорт залы, шеберханалар негізгі оқу бөлмелерінен бөлек әрі алыс орналастырады. Олардың қабырғасын қалың, есігін шу шығармайтындай етіп орнату керек. Балалар жұмыс істеп жатқан шеберханаларда, шулы жерде әр 30-50 минөт сайын 10-15 минөтке созылатын үзіліс жасау керек.
6-7 жаста мектепке барар алдында емханаларда баланың есту қабілетін тексереді, балалар бақшасына баратын балаларды мектеп алдындағы тексеру кезінде балалар бақшасының комиссиясы тексереді. Содан кейін 4-5-ші, 7-ші, 8-ші, 9-ші сыныптарда баланың дыбыс есту қабілетін бала дәрігері анықтап отырғаны жөн.
Баланың есту қабілетін сақтауда мұғалімніңсөйлеу ерекшеліктерінің әсері күшті. Сондықтан мұғалім, әсіресе бастауыш сыныптарда асықпай, ақырын, мәнерлеп сөйлегені дұрыс. Мұғалімнің әр сөзі анық болуы керек. Бастауыш сыныптарда мұғалімнің сөзі көрнекі құралдарды пайдалану арқылы оқушылардың есту қабілетін жеңілдетеді. Ұзақ уақыт ақырын, біркелкі дауыспен сөйлегенде баланың есту орталығы тез шаршап, қызмет қабілеті төмендейді, қоғаныс тежелуі пайда болад.
Бастауыш сыныптағы оқушылардың есту қабілетіне ұзақ уақыт қатты дауысты теледида, музыка аспаптарының дыбыстары күшті әсер етеді. Кішкентай балаларға құлаққа киіп тыңдайтын аспапты пайдалануға болмайды.
Дыбыс есту қабілетті жарықтың әсерінен күшейеді, сондытан музыкалы әендердің дыбстарын күшейте түсу үшін, оны жақсы қабылдау үшін ойын –сауық орындарында, концерт залдарында түсті жарықты кеңінен қолданады. Мұнымен қатар қатты дауыстағы музыка адамның жүйке жүйесіне, әсіресе көңіл күйінің қалпына күшті әсер етеді. Сондықтан музыка аспаптарының дыбысын тым қатты қойып, ұзақ тыңдауға болмайды. Музыканы қатты қойып тыңдаумен әуестенген жастардың ішінде, әсіресе 1-15 жастағы кереңдер саны көбеюде. Қатты дауысты музыканы тыңдау мөлшері 7-10 жаста-жарты сағаттай, 11-16 жаста 1-1,5 сағат, 17-20 жаста 1,5-2 сағаттан аспауы тиіс. Музыка аспаптарының қатты дауыстары кейбір мамандықтар үшін аса зиянды. Айталық, көлік жүргізушілер ұйықтап қалмас үшін музыка ойнатады, бірақ оның шуы 40-60 децибелден аспауы тиіс. Егер жүргізуші музыка шуын 90 децибелден асырып (бұл-жастарда жиі байқалатын жағдай),1-2 сағат тыңдаса,онда шаршау белгісі пайда бола бастайды және, ең қауіптісі, жол оқиғаларына деген жауап реакциясы нашарлайды да, жол апаттарына себеп болады.Сонымен қатар,көліктегі музыка дыбысы қала көшелеріндегі жалпы шудың мөлшерін күшейтеді.
Вестибуляр анализаторының анатомиясы, физиологиясы
Сүйекті лабиринт. Вестибулярлық талдау рецепторлары құлақ иірімінің екі бөліміне: кіреберіс епн үш иірімді каналда орналасқан. Сүйекті кіреберіс кішкене сфералы қуыс, сиымдылығы ¼ куб. См шамасында. Оның алдынғы қабырғасында ұлу кіреберісінің баспалдағына баратын тесік бар, ал дабыл қуысына қарап тұрған шеткі қабырғаны үзеңгі негізі алып жатыр. Ішкі (медиальды) қабырғадан шағын: элипсті және сфералы екі ойық көрініп тұрады. Біріншісіне жарғақты лабиринттің – элипсті, екіншісінде сфералы ойығы орналасқан. Кіреберістің артқы қабырғасынан оны үш иірімді каналмен жалғастыратын 5 тесік орналасқан. Оларды «сыртқы» иірімді канал дейді, оның шығыңқы (томпақ) жері лабиринт бөлімдерінен гөрі шеткерірек орналасқан.Оны сонымен қатар – «горизонтальды» деп те атайды. Өйткені ол аталған қуысқа жақын. Осыған орай жоғарғы немесе фронтальды (қарсы алды) және артқы немесе жеке «қарапайым сүйекті аяғы» бар, ал алдыңғы және артқы каналдардың ортақ бір қарапайым аяғы болады. Бұдан басқа әрбір каналдың кеңитін ампулярлы аяғы болады. Сондықтан да, кіреберістің артқы қабырғасынан үш иірімді каналға баратын 5 тесік көрінеді.
Жарғақты лабиринт сүйекиінің бейнесін қайталайды. Онда жарғақты ұлудағыдай эндолимфа, ал оның сырт жағында – перилимфа бар. Кіреберіс қалташалары – саккулюс және утрикулюс жарғақты иірімнің құрамдары (элемнттері) болып табылады. Біріншісі – жарғақты ұлумен жіңішке өзектер арқылы жасалған, екіншісі иірімді каналдың ампулаларымен және олардың қарапайым аяқтарымен жалғасады. Екі қалташа да бір-бірімен жарғақты сала арқылы жалғасып, кіре беріс су құбырының эндолимфалық саласына айналады. Ол самай сүйек пирамидасының артқы жағында, артқы басч сүйек шұңқырына оналасқан. Перилимфатикалық кеңістік ұлудың су құбыры жолы арқылы субарахноидальды (мидің ішкі қабының асты) кеңістікпен қатынас жасайды. Кіре беріс қалташаларында нейроэпителий клеткалары бар, олар утрикулюсте - сагитальдыға жақын орналасқан. Бұл біздің денеміздің жазықтықтағы белгілі бір бағытын анықтайды.
Кіреберіс қалташаларының рецептор бөлімі – нейроэпителий клеткалары – түкті клеткалар түрінде келеді. Олардың түктері клеткалар үстіне көтеріліп, желе сияқты субстанцияға өтіп, онда біршама қою тор құрайды. Тор ілгектерінде сірке қышқылды және фосфор қышқылды кальцийден түзілген микроскоптық кристалдар болады.
Иірімді канал нейроэпителийлері әр кезек саңылауының кеңейген ампулярлық бөлігіне өтетін жеріне шоғырланған. Бұл жерде табалдырық тәріздес – ампулярлы тарақша көрінеді. Онда нейроэпителийдің өте нәзік жіптерінен шашақ тәрізді құралған, эндолимфамен жауылып тұратын купула орналасқан. Кіреберіс пен иірімді каналдар нейроэпителийлерінің тітіркенуі – біздің кеңістікте басымыз бен денемізді бағыттауымызға мүмкіндік береді.
Эвальд тәжірибесінде (1853 ж.), бірінші рет, эндолимфаның иірімді канал қуысындағы жылжуы вестибуляр аппараты рецепторларының адекваты тітіркендіргіші болып табылатыны дәлелденді және де эндолимфаның ампулаға сәйкес кіреберіске қарай ауысуы бас пен көздің тітіркенген құлаққа қарай қисаюын тудырады.
Эндолимфаның ампулаға қарсы бағытта ауытқуы керісінше әсерімен белгілі: әдетте бас пен көз тітіркенген құлаққа қарсы жаққа қарай қисайды. Эвальд бұл қорытындыға көгершіндерге өте ұқыптылықпен жасаған тәжірибеден кейін келген. Иірімді канлдар қабырғасынан екі тесік жасалған. Өзектің ампулаға жақынырақ орналасқан иірімнің біреуіне кішкнтай поршень қондырған. Екіншісіне, жарғақты лабиринт қабырғасынан оңай ығысуына байланысты өзектің кеңістігін толығымен жауып тастайтын тығын енгізген. Поршеньнің ішке қарай қозғалысы кезінде перилимфа жарғақты иірімнің қабырғасын басып, эндолимфа ампулаға қарай ауысқан. Соның нәтижесінде көгершіннің көзі тәжірибе жасаған құлаққа қарай ауытқыған. Поршеньнің қарсы бағыттағы қозғалыс көгершіннің көзімен басының қарама-қарсы бағытта ауытқуына әкелген. Иірім кеңістігін екінші тесік арқылы енгізген тығынмен жауып тастағандықтан өздігінен – ақ Эвальд жасаған қоырытындыға келуге болады, Яғни тек қана эндолимфаның ауысуы иірімді каналдардың нейроэпителиін тітіркендіреді. Оның ампулаға қарай ауысып баспен көздің тітіркендірген құлаққа қарай ауытқуын, ампуладан әрі ауысуы бас пен көздің тітіркендірген құлаққа қарама-қарсы жаққа қарай қисаюын тудырады. Бұл қорытындыны «Эвальд заңы» деп атайды. Ішкі құлақтың зақымдануындағы клиникалық құбылыстар мен оны зерттеу әдістері осы заңдылықтың негізінде құрылады.
Бастың үш жаққа ауытқуы кезінде яғни өз осінен айналып оң және сол иықтарға иілу, басты шулғу қимылдарында иірімді каналдар рецепторлары, ал баспен беріс рецепторлары тітіркенеді.
Вестибулярлық жүйенің талышқтары кіреберіс қалташаларына және иірімді канал мпуласына, жүйке талшықтарынан тұратын «шашақтарға» келеді. Ішкі құлақтың вестибуляр аппараты дененің бір қатар мүшелерімен және жүйелерімен байланысты болады. Осы байланысты қамтамасыз ететін 5 нерв доғасын ажыратады.
1. Вестибуло – көз қимылдатқыш.
2. Вестибуло – жұлын.
3. Вестибуло – мишық.
4. Вестибуло – вегетативті.
5. Вестибуло – қабықты.
Вестибуляр аппаратының потологиялық жағдайында оның рецепторларына тітіркенуінен туатын аурудың шағымы мен клиникалық құбылыстар осы жүйке байланыстарының болуымен анықталады.