Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азіргі заман талаптарына сай кейбір дақылдардың тұқым шаруашылығын ұйымдастыру.




Жоспар:

3. Тұқымдық материал, оның маңызы мен сипаттамасы.

4. Мемлекеттік тұқымдық бақылау.

Тұқымтану –тұқым туралы ілім. Алайда, ботаника мен өсімдік шаруашылығындағы «тұқым» түсінігі бір мағына бермейді.

Ботаникалық ұғымда тұқым – қосарлана ұрықтанудың нәтижесінде дамыған дән болып табылады. Ол ұрықтан қоректік заттар қорынан және қабықтан тұрады.

Өсімдік шаруашылығында тұқым деп жоғары өнім алуға арналған әртүрлі тұқымдық материалды атайды.

Танаптық дақылдарда тұқымдық материиалдар ретінде төмендегідей түзілімдер пайдаланылады:

- нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат, зығыр тұқұмдас дақылдар, мақта өсімдігі ж.б):

- жалаңаш және қабақты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері- бидай, арпа, судан шөбі ж.б; күнбағыс пен мақсары шекілдеуіктері, қарақұмық жаңғақшасы т.б);

- жеміс шоғырлары (мысыққұйрық масақшалары, қызылша домалағы);

- түйнектер (картоп, жер алмұрты).

Тұқымдар – өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімі тұқымның бастау алатын ертеден белгілі ақиқат. Танапты сапасыз тұқыммен сепкенде жағдайды ешнәрссе түзей алмайды: топырақ өңдеу де, тыңайтқыш та, егістікті күтіп-баптау да, жауын-шашын да. Осыны Ресейдің бұрынғы Н.И. Вавилов атындағы Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ерлігі де дәлелдей түседі. М.К. Фирсова және басқа ғалымдардың деректері бойынша жоғары сапалы тұқым қатардағы тұқымға қарағанда егін өнімін ешқандай қосымша шығынсыз 15-20% арттырады.

Тұқым үш топ сапаға көрсеткіштермен сипатталады:

- себу (егістік) сапасы- олардың себуге жарамдылығы дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері;

- сорттық сапасы – сорттық тазалығына, репродукциясына және тегіне қойылатын талаптарына сәйкес келуі;

- өнімділік сапасы – нақты жағдайларды белгілі бір деңгейде өнім беру қабілеті.

Аталғаан тұқым сапаларының көрсеткіштері бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ жекелеген пәндердің зерттеп, оқып-үйрену объектісі болып табылады. Егер тұқымның сорттық сапасын тұқым шаруашылығы оқытса, онда оның себу сапасын – тұқымтану пәні оқып, үйретеді.

Бұрынғы Одақ аумағында тұқымды алғаш рет Ресейде 1864 жылы Рига политехникалық институтында талдап зерттей бастады. Алғашқы ғылыми мекеме «Тұқым сынау стансасы» 1977 жылы А.Ф. Баталиннің басшылығымен Санкт-Петербургте Бас Ботаника бағында пайда болды. Бүкілодақтық өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының»Тұқымтану» бөлімі, Украинада тұқымдық бақылау қызыметінің қарқынды дамуы, Қазақстанда бұрынғы Бүкілодақтық астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында (Шортанды) аталған салада ірі көлемді жұмыстар атқарылады.

Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардың бас кезінде бұрынғы Одақтың нұсқалар, талаптар деңгейінде тұқымдық-бақылауды іскеасырады.

Қазіргі кезде Қазақстанда (Мемлекеттік тұқым инспекцияларын» орнына «Мемлекеттік тұқым сапасына сараптама жасау лабораториялары» қызмет жасау және тұқымдық бақылаудың екі түрібар: мемлекеттік және шаруашылық-ішілік бақылау.

 

2. Мемлекеттік тұқымды бақылау «Мемлекттік тұқым сапасын сараптама жасау лабораториялары» арқылы іске асырылады. Еліміздегі барлық ауыл шаруашылық нысандары (агрофирмалар, ұжымдық шаруашылықтар, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары және т.б.) Мемлекеттік «Тұқым сапасына сараптама жасау» лабораторияларында өздерінің барлық тұқым қорларын дер кезінде тексертіп отыруға міндетті.тексеру нәтижелері бойынша лабораториялар шаруашылыққа тиісті құжат береді: мұнда тұқымның себуге жарамдылығы, себу (егістік) стандарт талаптарына жеткізу үшін, қандай өңдеу жұмыстарын жүргізулері қажет екендігі көрсетіледі.

Қазіргі кезде тұқымтану ботаника пәнінің шағын бөлімінен өсімдік шаруашылығының ірі саласын айналды. Әуелде тұқымтануда тұқымның аналық өсімдікте пайда болуы, дамуы, олардың себу сапасы мен анықтау тәсілдері зерттелді. Кейіннен аналық өсімдіктегі тұқымның даму үдерісі, егін жинаудан сепкен дейін, «себу-көктеу» кезеңінде өсімдіктердің автотрофты қоректенуге көшкенге дейін үдерістер зерттеледі. Одан әрі тұқым сапасына экологиялық, агротехникалық жағдайлардың әсері зерттеледі.

Тұқымтану- мәдени өсімдіктердің тұқымдарын, олардың құрылысы мен аналық өсімдікте пайда болу жағдайлардың, тұқымдағы физиологиялық үдерістенрді, қоршаған орта мен агротехникалық шаралардың тұқымының қалыптасуына әсерін, тұқымның егістік сапасын анықтау тәсілдерін оқытатын ғылым. Тұқымтану ғылымының басты зерттеу объектісі – тұқымдық материалдар, негізгі мақсаты- оның сапасын арттыру.

Тұқымтанудың мәнін, оның тұқымдық бақылаумен байланысын И.Г. Строна төмендегіше түйіндеген.

Тұқымтану пәні танаптық, көкөніс, әсемдік, шалғындық-жайылымдық дақылдардың, жеміс және орман өсімдіктері мен жабайы өсімдіктер дүниесі тұқымдарының биологиясы және олардың физикалық – механикалық қасиеттерін, физиологиясы мен биохимиясы, микробиологиясы мен фитопатологиясын, тұқымның әртүрлі сапалығын, физикалықәсер ету арқылытұқым сапасын өзгерту мәселелерін оқытады, ал тұқым шаруашылығы пәні негізінен тұқымтану пәнінің дақылдарынан (жабайы өсімдіктер дүниесінен басқалары) бастапқы материалдар, агротехника, механизация, апробация, тұқымды, өңдеу және сақтау, экономика және ұйымдастыру мәселелерін қарастырады да аталған екі пән бір-бірімен тұқымдық бақылау арқылы байланысады.

Тұқымдық қасиеттерді қалыптастыруда тұқым қуалаушылықтың шешуші рөлін мойындай отырып, дамып келе жатқан тұқымға әртүрлі сыртқы фактордың қуатты әсерін есепке алмай болмайды. Толыққанды, жоғары өнімді тұқым өндіру құпиясын ашуда биологиялық және экологиялық жағдайларды жан-жақты біліп үйрену ғана мүмкіндік береді, әрі тұқымдық алқаптарда өсіру технологиясының шараларын айқындауға көмектеседі.

Бақылау сұрақтары:

1. Тұқымның биологиялық қасиеттері

2. Мемлекеттік тұқымдық бақылау қалай жүргізіледі.

3. Тұқымның сапалық көрсеткіштерін ата.

 

Дәріс №13





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1327 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2107 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.