Жоспары:
1. Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері
2. Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасы
4. Жеке дақылдарды арнайы апробацияда өткізу
Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері
Тұқым шаруашылығы- ауыл шаруашылығында дақылдарының аудандастырылған сорттары мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымның көбейтіп, шаруашылықтарды қамтамассыз етумен қатар, тұқымдық дәннің сорттық, биологиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалып отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.
Тұқым жаңарту негізгі элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда өте жақсы деген мағынаны білдіреді. Яғни, бұл дегеніміз-сорттың ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.
Сорттың генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.
Элиталы тұқым өсіру кестесі:
І-жекелей сұрыптауда:
1) 1-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі;
2) 2-шіжылғы тұқымды сынау питомнигі;
3) 1-4 жылғы көбейту питомнигі;
4) суперэлита;
5) элита
Жаппай сұрыптау:
1) 1-2 жылғыпитомнигі;
2) суперэлита
3) элита.
Өздігінен жеке айқас тозаңданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.
Тұқымның егістік сапасы оның тазалығымен, өскіндік қуатымен, ылғалдылығымен, 1000 тұқымның салмағымен, аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады. Сорттың сапасы сорттың тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады. Сорттың тазалығы деп пайызбен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақ санының жалпы дамыған сабақ санына қатынасын айтады. Тұқым өзінің тұқымқуалаушылық белгілері мен қасиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек қана жоғарғы сорттың тазалығымен қамтамасыз етеді. Жоғары сапалы тұқымның жоғары сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорттың тазалығына байланысты үш санатқа (категорияға) бөлінеді.
Бірінші класты және бірінші санатты тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартқа сәйкес келетін тұқымды кондицалы деп атайды.
Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады. Өздігінен тозаңтанатын дәнді және бұршақ дақылдарының 1,2 және 3 санатты тұқымдарының сорттық тазалығы 99,5,98,0 және 95,0% кем болмауы керек.
Селексия тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, егістік сапасы 1 кластан төмен болмауы керек, тұқым жақсы толыққан, сонымен қатар 1000 тұқымдық салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.
Сорт сапасының төендеу себептері-тұқымның механикалық ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырауы болып табылады.
Механикалық қоспа-басқа сорт тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда-қара бидай, жұмсақ бидайда-қатты бидай, сұлыда-қара сұлы мен арпа, арпада-сұлы және бидай.
Биологиялық қоспа-егістіктегі сорттың басқа сортпен немесе түрмен тозаңдануының әсерінен болады.
Жіктеу мутацияның пайда болуы-көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалған. Өсімдіктердің ауруларымен зақымдануының ұлғайуының салдарынан болады.
Өсіп-өніп жағдайының тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататынан агро-техникалық шараларды қолданып отыру керек.
Тұқым шаруашылығы жүйесі-кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамассыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.
Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастырудағы бірінші ғылыми-өндірістік түр-1996 жылы қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық “асыл-тұқым” ассоцициясы. “Асыл-тұқым” ассоциациясы қызметінің арқасында ғылым мен өндірістің күші бірігіп, нарықты жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады. Оның айырмашылығы, бұрынғы 7-8 жылмен салыстырғанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.
Тұқымның сорттық және егістік сапасынбұрмалауға жол бермеу үшін және қазақстандық тұқым өндірушілік халықаралық нарыққа шығу үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен: “Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне” тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жүйесіне толыру керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау ассоциациясында шоғырланған әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.
Академик Р.А. Оразалиев ұсынған республикадағы
тұқым шаруашылығы жүйесін жеделдетіп жүргізу
сызбасы
Тұқым шаруашылығы мекемелері | Т.ш-ғы питомниктары | Т.ш-ғы питомниктердің өндірілетін тұқымның түрлері | Алғашқы және өндірістік т.ш.-да өндірілетін тұқымның көлемі | |
Алаң көлемі, га | Тұқымның көлемі, т | |||
Ғылыми-зерттеу мекемелері-оригинатор | П-1, П-2, П-Р-1 | П-1,П-2 және Р-2 | ||
Тәжірбие шаруашылығы элита тұқым шаруашылықтары | Р-2с/элита, элита | Р-2,с/элита | ||
Өндірістік кооперативті ұжымдық және фермерлік шаруашылығы | Элита 1және келесі жоғарғы репродукциялар | Элита және 1 репродукция |
2. Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы
Тұқым шаруашылығының ғылыми әдістемелік негізгі барлық мемлекеттерде бірдей. Бірақ ұйымдастыру негізі мен тұқым шаруашылығы құрамының элементтері айтарлықтай өзгеше болуы керек.
Тұқым мемлекеттердің экономикалық әр түрлі секторларында: жеке, мемлекеттік, кооперативтік өндіріледі. Кейбір мемлекеттерде тұқым шаруашылығы жеке секторларда жүргізіліп, мемлекеттік селекциялық және тәжірбиелік станциялар өзінің қызметін бастапқы селекциялық тұқымды алумен шектесе, кейбіреулерінде тұқым өндіруді мемлекеттік тәжірбие станциялары және тұқым шаруашылығы мекемелері арқылы түгелімен мемлекет қамтамассыз етеді.
Алайда, көптеген елдерде тұқым шаруашылығы жеке шаруашылық пен жеке және мемлекеттік секторлардың аралығында жүргізіледі. Шығарылатын тұқымның санаты тұқым шаруашылығының кез келген ұйымдастыру түрлерінде бірдей болады.
Тұқымның негізгі санатын өндірудің көптеген елдерде қабылданған сызбасы.
Селекциялық элита-сортты шығарған селекциялық (bpeeber seed) станция өндіреді
Базистік тұқым -селекциялық элитаның
(Foundation seed)көбеюінен алынады.
Сертификациялық -базистік тұқымның көбеюінен
тұқым (certified seed)алынады
Тұқымды өндірістік
мақсатта сату
Негізгі тұқым өндірушілер олардың екі санатта шығарыды: базистік және сертификациялық. Алғашқыда базистік және сертификациялық тұқым арасында аралық санат болған, ал қазір ол жойылды.
Халықаралық ереже бойынша, кез келген тұқым партиясының сертификаты және белгілі бір түсі бар этикет қағазы болуы керек.
Базистік тұқым-ақ этикет қағазы.
Сертификациялық тұқым, 1-ші ұрпақ – көгілдір этикет қағазы. Сертификациялық тұқым, 2-ші ұрпақ – қызыл этикет қағазы.
3. Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын әдісі мен техникасы
Тұқым шаруашылығының ең маңызды бөлімінің бірі-сорттық тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылықтың өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынадай әдісткр арқылы атқарылады.
1) егістік анықтау;
2) зертханалық бақылау;
3) жер қыртысын бақылак;
Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі.
Сынауда апробация өткізк үшін:
А) дайындық жұмысы;
Ә) апробация жасайтын бума алу;
Б) алынған бумаларды талдау;
В) сынаудың қортындысы бойынша құжаттарды беру керек.
Апробация жүргізу үшін арнайы дайындықтан өтуі керек және апробация жүргізуге құқығы бар деген куәлігі болу қажет. Апробация апробатор астық оруға дейін жасап, егістікке есепке алып, аға сынақшаға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.
Апробация жүргізу және егістіккі есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымы және будан тұқымы себілген деген құжаттар болуы қажет.
Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бойынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі,апробацияның қортындысың апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.
Ғылыми-зерттеу орындарында, оқу-тәжірбие шаруашылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.
4. Жеке дақылдарды арнайы апробацияда өткізу
Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздық арпаны және сұлыны апробациядан өткізу егістіктің пісу кезеңінің басында, ал тарыны гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізіледі. Егістік сорттылығын анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойынша аз дегенде 150 жерден алу керек.
Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүрілпен жүріп отырып алады. Апробациядан өтетін егістіктің көлемі дәді дақылдар үшін 450га, тары үшін 350 га-ға дейін. Әр бір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.
Шаруашылықтарда бір ғана тұқым себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.
Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да,тжалпы егістікті сынайды.
Апробатор бума алумен қатар егістіктегі карантиндегі арамшөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шкала бойынша анықтайды:
-арамшөптер жоқ-0:
-аздап ластанған-1:
-орташа ластанған-2:
-өте ластанған-3:
Сынау бумасын буып, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды. Этикет қағазында шаруашылықтың атауы, ауыспалы егістіктегі танаптың орны, жер көлемі, дақылдың аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғаннан кейңн екі тәулік арасында талдау жүргізу қажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айқындалады:
1. Сынайтын дақыл сортындағы жақсы жетілген сабақтын саны.
2. Бумадағы басқа сорттың, түрлердің, түршелердің саны.
3. Кінәраттармен, зинкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.
4. Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.
5. Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.
6. Карантин арамшөптердің сабақтары.
7. Кәнігі арамшөптердің сабақтары.
8. Улы арамшөптердің сабақтар.
9. Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.
Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататындар: арпада-бидай, сұлы;
Күздік бидайда-қара бидай, арпа;
Сұлыда-арпа.
Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда-түлкі құйрықты ақ мия, сібір бастышөбі, көккөзшөн, тышқаншөп, татар қарақұмығы;
Тарыда-ірі тұқымды күріш тарысы, көккөз шөп, жатаған үкікіре, сүйелжазар(заразиха), итқонақ.
Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұңғылысы() ценхрус, жатаған кекірке, тікенек алқа, каролнский.
Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жүнсабалақ, тікенқурай, далашырмауығы, сүттеген, шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острей), қарасұлы, дала қаулені (осот).
Дәннің сорттық куәлігіне кәнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.
Тұқымдыққа жарамайтын егістіктер:
а) ұқсас дақылдармен ластануы-5-тен жоғары;
б) ұқсас арамшөптермен ластануы-3%-тен жоғары;
в) бидай мен арпаның тозаңды қара күйемен жарақаттануы-2% дан жоғары, қатты қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары; тары егістігінің тозаңды қара күйемен жарақаттануы-5%-дан жоғары болса. Егер тозаңды қара күйе 0,1%-дан, қатты қара күйе-0,05%-дан жоғары болса элита егістігі элита болып есептелмейді.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым шаруашылығының даму деңгейі
2. Апробация дегеніміз не?
3. Шетелдегі тұқым шаруашылығының деңгейі қандай?
Дәріс №12