Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тест тапсырмасы 1 страница




М.Х.Дулати атындағы Тарз Мемлекеттік Университеті

 

Кафедра «Конституциялық және халықаралық құқық»

 

ТЕСТ ТАПСЫРМАСЫ

Пәні: «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқығы»

 

2 курс, мамандығы 5В030100 – Құқықтану

/шифр, атауы/

 

1. Әкімшілік құқық - бұл:

А) Әкімшілік-құқықтық нормалар жүйесі;

B) Қоғамдық қатынастар жүйесі;

C) Моральдық нормалар;

D) Халықаралық шарттар;

E) Мемлекеттік қызмет саласын реттейтін нормалар.

 

2. Әкімшілік құқық қандай құқық саласына жатады?

А) Жариялық құқыққа;

В) Жеке құқыққа;

С) Кешенді құқық саласы;

D) Жеке құқық институттары бар құқық саласына;

Е) Халықаралық құқыққа.

 

3. Әкімшілік құқықтың пәні болып қандай қатынастар табылады?

А) Мемлекеттік органдарды ұйымдастырудағы қатынастар;

В) Мәслихаттардың қызметін ұйымдастырудағы қатын астар;

С) Прокурорлық қадағалаудағы қатынастар;

D) Қоғамдық бірлестіктердің қызметіндегі қатынастар;

Е) Тең тараптар арасындағы қатынастар.

 

4. Әкімшілік құқықтың пәніне қандай қатынастар жатпайды?

А) Саяси партиялардың қызметін ұйымдастыру саласындағы;

В) Әкімшіліктердің қызметін ұйымдастыру саласындағы;

С) Прокурорлық қадағалау саласындағы;

D) Соттардың қызметі саласындағы;

Е) Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру саласындағы.

 

5. Әкімшілік құқықтың пәніне келесі саладағы қатынастар жатады:

А) Атқарушы билік саласындағы;

В) Өкілдік органдар саласындағы;

С) Заңшығарушы билік саласындағы;

D) Сот билігі саласындағы;

Е) Еңбек саласындағы.

 

6. Әкімшілік құқық басқарудың мынадай салаларын зерттейді:

А) Мемлекеттік органдар мен ұйымдар жүйесіндегі;

В) Қоғамдық және діни бірлестіктердегі;

С) Мемлекеттік емес ұйымдардағы;

D) Жоғары атқару және өкілдік органдардағы;

Е) Кәсіподақ ұйымдары арасындағы.

 

7. Әкімшілік құқық дербес құқық саласы ретінде қашан пайда болды?

А) XVIII ғасырда;

В) XVII ғасырда;

С) XIX ғасырда;

D) XX ғасырда;

E) ХІІ ғасырда.

 

8. Қандай атау әкімшілік құқыққа алғашқы кезде тән болды?

А) Полицейлік құқық;

В) Жариялық құқық;

С) Мемлекеттік құқығы;

D) Муниципалды құқық;

Е) Атқарушылық құқық.

 

9. Әкімшілік құқық ғылым ретінде қай елде пайда болды?

А) Еуропа елдерінде;

В) Азия елдерінде;

С) АҚШ – да;

D) Африка елдерінде;

Е) Қытайда.

 

10. Әкімшілік құқық ғылым ретінде қай елде кең тарады?

А) Еуропа елдерінде;

В) Азия елдерінде;

С) АҚШ – да;

D) Африка елдерінде;

Е) Қазақстанда.

 

11. Тарихи тұрғыда әкімшілік құқықтың дамуына анағұрлым жоғары үлес қосқан елдер:

А) Франция және Германия;

В) АҚШ – да;

С) Ресей және Францияда;

D) Қытай және Жапонияда;

Е) Ұлыбритания.

 

12. Әкімшілік құқықтың әдістеріне жатады:

А) реттеуші, рұқсат етуші, тиым салушы;

В) тек императивтік;

С) тек диспозитивтік;

D) диспозитивті, ал ерекше жағдайларда императивті;

Е) салыстырмалы, рұқсат етуші.

 

13. Әкімшілік құқықта анағұрлым кең қолданатын шаралар:

А) Шек қою мен тыйым салу;

В) Рұқсат ету мен тыйым салу;

С) Рұқсат ету мен шек қою;

D) Рұқсат ету;

Е) Марапаттау.

 

14. Азаматтардың жеке куәлік алу мерзімін бекітудегі әкімшілік құқықтың әдістері:

А) міндеттеу;

В) рұқсат ету;

С) тыйым салу;

D) шек қою;

Е) үгіттеу.

 

15. Әкімшілік теріс қылық үшін жауапкершілік тағайындау кезіндегі пайдаланатын әдістер:

А) тыйым салу;

В) рұқсат ету;

С) шек қою;

D) міндеттеу;

Е) марапаттау.

 

16. Позитивтік міндеттеу әдісі – ол:

А) Әрекеттер жасау;

В) Әрекеттер жасаудан ұстану;

С) Әрекеттер жасаудан бас тарту;

D) Әрекет жасау үшін жауапкершілік;

Е) Оқиғаның болуы.

 

17. Әкімшілік құқық келесідей бөлімдерден тұрады:

А) Жалпы және ерекше;

В) Жалпы және арнайы;

С) Ерекше және арнайы;

D) Ерекше және кешенді;

Е) Арнайы және кешенді.

 

18. Әкімшілік құқықтың жалпы бөлімінің институты:

А) Азаматтар субьектілер ретінде;

В) Қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

С) Құқықтық тәртіп;

D) Төтенше жағдай режимі;

Е) Әкімшілік іс жүргізу.

 

19. Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімінің институты:

А) Органдарды басқару;

В) Кәсіпорын субьект ретінде;

С) Азаматтар субьект ретінде;

D) Мемлекеттік қызмет;

Е) Әкімшілік жазалар.

 

20. Әкімшілік құқықтың ерекше бөлімі мынадай институттарды қамтиды:

А) Қоғамдық өмірдің әртүрлі саласындағы басқару;

В) Мемлекеттік қызмет және әкімшілік мәжбүрлеу;

С) Әкімшілік процесс және әкімшілік жауапкершілік;

D) Әкімшілік құқықтың субьектілерінің құқықтық мәртебесі;

Е) Әкімшілік құқық бұзушылық.

 

21. Қандай құқық саласына әкімшілік құқық жақын болып келеді?

А) Конституциялық құқық;

В) Азаматтық құқық;

С) Қылмыстық құқық;

D) Еңбек құқығы;

Е) Жер құқығына.

 

22. Қандай нормалар лауазымды тұлғаларға мемлекеттік – биліктік өкілеттіктерін береді?

А) Өкілеттік беруші;

В) Көтермелеуші;

С) Міндеттеуші;

D) Тыйым салушы;

Е) Жазалаушы.

 

23. Әкімшілік–құқықтық қатынастардың негізгі ерекшелігі:

А) Мемлекеттік орган міндетті қатысушы болуында;

В) Оның құқық бұзушылық жасаудан шығуында;

С) Әкімшілік даулар мен сотта қаралуында;

D) Ұйымдар басым көпшілікті қатысушы болуында;

Е) Жеке тұлғаның міндетті қатысушы болуында.

 

24. Әкімшілік – құқықтық қатынастар мынадай субьектілер арасында туындамайды:

А) Кәсіпорын мен азамат арасында;

В) Мемлекеттік орган мен мемлекеттік ұйым арасында;

С) Мемлекеттік орган мен кәсіпорын арасында;

D) Мемлекеттік орган мен азамат арасында;

Е) Мемлекеттік органдардың өзара қатынасында.

 

25. Қандай қатынастар әкімшілік - құқықтық сипатқа ие:

А) Министрліктің шешімі министрдің бұйрығымен бекітіледі;

В) Заңды тұлғаның өзінің атауы мен мөрі болады;

С) Мемлекет өз азаматтарын құқықтық қорғайды;

D) Кәсіподақ ұйымы ұжымдық шарт үшін жауапты болмайды;

Е) Тараптар бір-біріне тең құқылы;

 

26. Қандай нормалар әкімшілік – құқықтық болып табылмайды?

А) Президент өз өкілеттігіне кіріскенде партиядан шығады;

В) Мемлекеттік қызметке кіру тағайындаумен жүзеге асырылады;

С) Жолаушылар жолда еркін жүруге құқылы;

D) Шетел азаматы ҚР – ң аумағынан қуылуы мүмкін;

Е) Сот актілерін орындамау және жалтару.

 

27. Қандай нормалар әкімшілік – құқықтық болып табылады?

А) Төлқұжаттарды тіркеу ІІМ – мен бекітіледі;

В) ҚР – да жеке меншік пен мемлекеттік меншік теңдей қорғалады;

С) Жұмысшыі төмен жұмысқа ауыспайды;

D) Басқа елде қылмыс жасаған ҚР – ның азаматы берілмейді;

Е) Жер жеке меншікке берілуі мүмкін.

 

28. Қандай нормалар әкімшілік – құқықтық болып табылмайды?

А) Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырыс міндетті;

В) Азаматтар медициналық жәрдем көрсетуге міндетті;

С) Лицензия – ол белгілі қызметпен айналысуға рұқсат;

D) ҚР – да қос азаматтық берілмейді;

Е) Әкімшілік жауаптылық 16 жастан туындайды.

 

29. Әкімшілік–құқықтық нормалар сипатына қарай келесідей болады:

А) Императивтік;

В) Диспозитивтік және процессуалдық;

С) Диспозитивтік, ал ерекше жағдайларда императивтік;

D) Тек диспозитивтік;

Е) Императивтік-диспозитивтік.

 

30. Төмендегі әкімшілік – құқықтық нормалардың қайсысы белгілі бір әрекеттер жасауға сілтейді:

А) Міндеттеуші,

В) Тыйым салушы;

С) Шек қоюшы;

D) Марапаттаушы;

Е) Көтермелеуші.

 

31. Төмендегі әкімшілік – құқықтық нормалардың қайсысы белгілі бір әрекеттер жасауға тыйым салушы?

А) Тыйым салушы;

В) Міндеттеуші;

С) Өкілеттік беруші;

D) Алға тартушы;

Е) Көтермелеуші.

 

32. Төмендегі әкімшілік – құқықтық нормалардың қайсысы белгілі бір әрекеттер жасауға шек қойды?

А) Шек қоюшы;

В) Міндеттеуші;

С) Алға тартушы;

D) Өкілеттік беруші;

Е) Марапаттаушы.

 

33. Қандай әкімшілік – құқықтық нормалар материалдық болып табылады?

А) Азаматтардың шағымдары 3 тәулікте қаралады;

В) Азаматтар жоғары тұрған органдағы шағымдануға құқылы;

С) Азаматтар сотқа шағымдануға құқылы;

D) Азаматтар сот және әкімшілік тәртіптен шағымдануға құқылы;

Е) Әкімшілік өндіріс төрт сатыдан тұрады.

 

34. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі болмайды:

А) Заңды тұлғалар ассоциациясының актісі;

В) Мәжілістің актілері;

С) Ведомстволардың актілері;

D) Конституциялық Кеңестің актілері;

Е) Президенттің Жарлығы.

 

35. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі болады:

А) Нормативтік қаулылар;

В) Соттың үкімі;

С) Соттың шешімі;

D) Соттардың актілер;

Е) Еңбек шарттары.

 

36. Заңдарды ресми жариялаудың қайнар көзі болып табылады:

A) Қ.Р-ң Парламентінің ведомосты;

B) Парламентпен бекітілген басылымдар;

C) Президентпен белгіленген басылымдар;

D) Жергілікті басылымдар;

E) Әділет Министрлігінің Жаршысы.

 

37. Қ.Р-да кездеспейтін құқықтың қайнар көздерінің бірі:

A) Сот прецеденті;

B) Әкімшілік прецедент;

C) Әдет-ғұрыптар;

D) Нормативтік-құқтық актілер;

E) Құқықтық шарттар.

 

38. Кімдердің арасындағы қатынастар әкімшілік-құқықтық қктынастар болып табылады?

A) Мемлекеттік орган мен саяси партияның;

B) Жеке тұлға мен заңды тұлғаның;

C) Бірлестік пен одақтың;

D) Қ.Р-ң азаматтары мен шетел азаматтарының;

E) Азамат пен саяси партияның.

 

39. Әкімшілік құқықтық қатынастағы субъектілердің арасындағы қатынастар қандай сипатқа ие?

A) Бағыныстылық, биліктік;

B) Диспозитивтік;

C) Тең құқықтық;

D) Превентивтік;

E) Тепе-теңдік және тежемелік.

 

40. Әкімшілік-құқықтың міндетті қатысушысы:

A) Мемлекеттік орган;

B) Азамат;

C) Мемлекеттік ұйым;

D) Мемлекеттік кәсіпорын;

E) Саяси партия.

 

41. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін сипаттайтын элементтер:

A) Құқықтар мен міндеттер;

B) Деликт қабілеттілік;

C) Әрекет қабілеттігінің шектеуі;

D) Құқық қабілеттілігінің шектеуі;

E) Құқықтар мен бостандықтар.

 

42. Ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін анықтайтын элементтер:

A) Құқықтар мен міндеттер;

B) Деликт қабілеттілік;

C) Құқық субъектегі шектеулер;

D) Қалыптасу ережесі;

E) Құқықтық жауапкершілік.

 

43. Төмендегі аталған ұйымдардың қайсысы әкімшілік-құқықтың субъектісі бола алмайды:

A) Кәсіподақ ұйымы;

B) Әкімнің аппараты;

C) Министірлік;

D) Президент;

E) Орталық атқару органы.

 

44. Әкімшілік құқықтың субъектілерінің құқықтық мәртебесі мынадай актілермен бекітеді:

A) Заңдар, Жарлықтар және Үкімет Қаулылары;

B) Саяси партиялардың актілері;

C) Соттардың Үкімі;

D) Қоғамдық бірлестіктердің актілері;

E) Кәсіпорынның жарғысы.

 

45. Әкімшілік құқықтық субъектілердің құқықтық мәртебесін реттемейтін актілер:

A) Діни бірлестіктердің актілері;

B) Президент Жарлығы;

C) Үкімет қаулысы;

D) Заңдар;

E) Үкімет Қаулысы.

 

46. Әкімшілік-құқықтың субъектілері болып табылады:

A) Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар;

B) Тек Қ.Р-ң азаматтары;

C) Қ.Р-ң азаматтары, өзгеше жағдайлардағы азаматтығы жоқ адамдар;

D) Қ.Р-ң азаматтары, өзгеше жағдайлардағы шетел азаматтар;

E) Дипломаттар.

 

47. Әкімшілік-құқықтың субъектісі болып табылады:

A) Ведомство;

B) Акционерлік қоғамның байқаушы Кеңесі;

C) Саяси партияның ревизиялық комитеті;

D) Жоғарғы оқу орныңнын әдістемелік Кеңесі;

E) Өндірістік кооператив.

 

48. Әкімшілік-құқықтық субъектілердің құқықтық мәртебесін реттейтін актілер:

A) Мәжіліс актілері;

B) Діни бірлестіктердің актілері;

C) Қоғамдық бірлестіктердің актілері;

D) Саяси партиялардың актілері;

E) Қоғамдық бірлестіктің актілері.

 

49. Әкімшілік-құқықтық субъектілер болып табылады:

A) Заңды және жеке тұлғалар;

B) Тек заңды тұлғалар;

C) Тек мемлекеттік органдар;

D) Тек ұйымдар;

E) Тек және тұлғалар.

 

50. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық қабілеттілік пайда болатын жас:

A) Туылған кезден бастап;

B) 18-жастан бастап;

C) 16-жастан бастап;

D) 14-жастан бастап;

E) Қызметке кіргеннен бастап.

 

51. Азаматтардың ішінара әрекет қабілеттігі пайда болады:

A) Кез келген жастан, соның ішінде 14-жастан;

B) 18-жастан бастап;

C) 16-жастан бастап;

D) 14- жастан бастап;

E) Қызметке тұрғаннан бастап.

 

52. Әкімшілік-құқықтың жеке субъектісінің құқық субъектігінің көлеміне негізіне әсер ететін:

A) Айналысатын қызметі;

B) Діни ұстамы;

C) Жынысы;

D) Отбасылық жағдайы;

E) Абыройы.

 

53. Қандай құқықтар азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жатады:

A) Оқуға түсу құқығы;

B) Жеке меншікке ие болу құқығы;

C) Серіктестік меншіктерін шығарып жіберу құқығы;

D) Іс-сапар шығындарын өтеп алу құқығы;

E) Диведент алу құқығы.

 

54. Қандай құқықтар азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жатпайды:

A) Есімге ие болу құқығы;

B) Құрылып жатқан мекемені құрылу құқығы;

C) Жеке меншікке ие болу құқығы;

D) Оқуға түсу құқығы;

E) Фирмалық атауға ие болу құқығы

 

55. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жататын құқықтар:

A) Азаматтар өз балаларының денсаулығын сақтауға міндетті;

B) Кез-келген қызметпен айналысуға құқылы;

C) Кез-келген адамның өмірге құқығы;

D) Тергеу әрекетінің хаттамасы мен танысу құқығы;

E) Куә болу құқығы.

 

56. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жатпайтын міндеттер:

A) Алдын-ала тергеу органдарына шақыру бойынша бару;

B) Жоғары қауіп төнетін объектіні сақтандыру міндеті;

C) Заңда көзделген жағдайда дәрігерлік қараудан өту;

D) Жол полициясында көлікті тіркеу міндеті;

E) Салық төлеу құқығы.

 

57. Азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне жататын міндеттер:

A) Ішкі еңбек тәртібін сақтау міндеті;

B) Әскери тіркеуге тұру міндеті;

C) Мысықтар мен иттерді ұстау міндеті;

D) Кәсіпкерлік қызметпен айналысуға рұқсат алу міндеті;

E) Некеге тұру міндеті.

 

58. Қандай міндеттер азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кіреді:

A) Карантиндік зонаға кіруге рұқсат алу міндеті;

B) серіктестікке кіру үшін үлесін қосу міндеті;

C) Қ.Р-ң рәміздерін құрметтеу міндеті;

D) Кәсіпорын ұйымының жарғысын сақтау міндеті;

E) Шарттың талаптарын орындау міндеті.

 

59. Мелекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар әкімшілік тәртіпте қаралуы тиіс:

A) 10-күннің ішінде;

B) 20-күннің ішінде;

C) 1-айдың ішінде;

D) 2-айдың ішінде;

E) 1.5 ай ішінде.

 

60. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекетіне шағымдар сотта қаралуы тиіс:

A) 15 күннің ішінде;

B) 20-күннің ішінде;

C) 10-күннің ішінде;

D) 2-айдың ішінде;

E) 3-ай ішінде.

 

61. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдардың әкімшілік тәртіпке қарау қандай нормативтік актімен реттеледі:

A) «Азаматтардың шағымдарын қарау ережесі туралы» Жарлығымен;

B) Азаматтық іс жүргізу кодексімен, Азаматтық кодекспен

C) Азаматтық кодекспен Әкімшілік кодекс;

D) КСРО-ң заңдарымен;

E) Қылмыстық кодекспен.

 

62. Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдарды сотта қарау қандай нормативтік актілермен реттеледі:

A) Азаматтық іс-жүргізу кодексімен;

B) Азматтық Кодекспен;

C) Президенттің Жарлығымен;

D) КСРО-ң заңдарымен реттеледі;

E) Қылмыстық Кодекспен.

 

63. Мемлекеттік әкімшілік заңсыз әрекеттеріне сотқа шағымдану үшін:

A) Алдымен әкімшілік тәртіпке шағымдану міндетті емес;

B) Алдымен әкімшілік тәртіпке шағымдану міндетті;

C) Соттың ұсынысымен алдымен әкімшілік тәртіпте қарау;

D) Тек әкімшілік тәртіпте қаралуы тиіс;

E) Аралық сотта қаралуы тиіс.

 

64. Лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттеріне шағымдарды азаматтар кімге береді:

A) Шағым беріліп жатқан органдардан жоғары тұрған органға;

B) Сот және прокуратура органдарына;

C) Сол орган немесе лауазымды тұлғаға;

D) Сотқа;

E) Ішкі Ңстер органдарына.

 

65. Лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттеріне әкімшілік шағым құқықбұзушылық анықталған соң қанша уақытта беріледі?

A) 1-ай ішінде;

B) 6-ай ішінде;

C) 1-жыл ішінде;

D) 3-жыл ішінде;

E) 2-жыл ішінде.

 

66. Лауазымды тұлғалардың құқықққа қайшы әрекетіне құқық бұзылған кезден бастап сотқа шағымдану мерзімі:

A) 10-күн ішінде;

B) 6-ай ішінде;

C) 3-ай ішінде;

D) 3-жыл ішінде;

E) 5-жыл ішінде;

 

67. Шетел азматтарының Қ.Р-да қандай құқықтары шектелген:

A) Саяси партияға мүше болу құқығы;

B) Діни бірлестіктерге мүше болу құқығы;

C) Қоғамдық бірлестіктердің жетекшісі болу құқығы;

D) Қоғамдық қорлардың құрылтайшысы болу құқығы;

E) Некеге тұру құқығы.

 

68. Шетел азаматтарына қатысты қай анықтама заңға сәйкес келеді:

A) Еркін жүріп тұруға шектеу қою;

B) Ішкі Істер органдарына ай сайын тіркеліп тұру керек;

C) Әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды;

D) Діни бірлестіктерге мүше болу шек қойылады;

E) Қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

 

69. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу қай жерде жүзеге асады:

A) Әділет органдарында;

B) Мемлекеттік есеп және әділет органдарында;

C) Әкімшілікте;

D) Қаржы Министірлік органдарында;

E) Ішкі Істер органдарында.

 

70. Діни бірлестіктер қай жерде тіркеледі:

A) Әділет органдарында;

B) Қаржы Министірлігінде;

C) Жергілікті атқарушы органдарда;

D) Мәдениет Министірлігінде;

E) Ішкі Істер органдарында;

 

71. Қоғамдық бірлестіктер қай жерде тіркелген?

A) Әділет органдарында;

B) Қаржы министірліктің органдарында;

C) Жергілікті атқарушы органдарда;

D) Мәдениет министірлігінің органдарында;

E) Сауда агенттігі.

 

72. Заңды тұлғалардың қатысуы мен жүзеге асырылатын қандай әрекеттер әкімшілік-құқық нормалармен реттеледі?

A) Шеру өткізуге рұқсат алу;

B) Еңбек шартының мерзімі аяқталған қызметкер;

C) Банктен несие алу;

D) Сол ұйымда басқа жұмысқа ауысу;

E) Көлік сатып алу.

 

73. Заңды тұлғалардың қатысуы мен жүзеге асырылатын қандай әрекеттер әкімшілік-құқық нормалармен реттелмейді:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2091 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Не будет большим злом, если студент впадет в заблуждение; если же ошибаются великие умы, мир дорого оплачивает их ошибки. © Никола Тесла
==> читать все изречения...

2575 - | 2263 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.