Атман - Болмыстың жоғарғы субъективті бастауы, жоғарғы рухани бастау
Джива - кең мағынасында жан немесе өмір ұшқыны, монада, әлемді өмірдің бастамасы
Дхарма -моральды заң, парыз, рухани ілім
Агни - от құдайы
Яма - өлім құдайы
Рита - ғарыштық тәртіп
Карма - себеп пен салдар заңы; жазалану; рок немесе тағдыр
Мукти(мокша) - сансарадан және жергілікті кармадан босатылу, жоғарғы адамгершілік бастамалар
Нирвана - сананың жоғарғы рухани жағдайы, рухани болмыс сферасына жетумен байланысты
Пракрити - материалды табиғат, материалды субстанция
Пуруша - рухани табиғат; рухани субстанция; Абсолютті рух
Сансара - қайта туылған жанның әруақытта материалды және рухани әлем шеңберімен жанның айналуы
11. Аристотельдің негізгі концепцияларын сол кездегі араб тұрмысына тұңғыш рет енгізген ойшыл – Аль-Кинди шығыс перипатетизмінің (шығыс перипатетизмі) атасы деп есептелді. Аль-Кинди (800-870 ж.ж.) – араб философы, астрологі, математигі әрі дәрігері, «арабтардың философы» деген құрметті атаққа ие. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортақ себептілік байланыс идеясын алады, бұл идеяға орай, кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бұл зат бүкіл ғаламдық нәрсені ойдағыдай тануға мүмкіндік береді. Құран жолын ұстанушылар Аль-Киндиге күпірлікпен қарады. Аль-Киндидің көптеген шығармаларына тек шағын үзінділері ғана сақталған. Араб тілді философиядағы перипатетизм әл - Кинди шығармашылығынан басталған. Әл – Кинди Птоломей, Эвклидтің жаратылыстану саласындағы еңбектерін жақсы білген. Аристотель шығармаларына және Порфирийдің «Кіріспесіне» түсініктеме жазған. Әл-Кинди философияны жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста қарастырған. Философиямен терең айналысу үшін математиканы білу қажет дей отырып, әл – Кинди ғылымдардың жүйесін жасаған. Бұл жүйеге «сан туралы ғылым» арифметика мен гармония, алаңды өлшейтін ғылым – геометрия, жұлдыздар туралы ғылым – астрономия кірген. Төртінші орында алдыңғы үш ғылымды біріктіретін гармония туралы ғылым тұрған. Өйткені, гармония немесе үйлесімділік барлық жерде бар, яғни дыбыстарда, әлемнің құрылымында, адамның жанында т.т. осы төрт ғылымның негізін сан туралы ғылым қалайды, өйткені сан болмаса, ешнәрсе де болмас еді. Математиканың ерекше проподевтикалық ролін көрсете отырып, әл – Кинди философияның рационалдық табиғатына көңіл бөледі. Философия – барлық нәрсе туралы білім. Сонымен қатар, ол – материя, форма, орын, қозғалыс және уақыт сияқты болмыстың жалпы анықтамалары туралы ілім. Әл – Кинди идеяларын одан әрі дамытушы әл – Фараби. Оның даңқы әлемге тарап, көзінің тірі кезінде-ақ Аристотельден кейінгі екінші ұзтаз атанған. Антикалық, орта ғасырлық білімді терең түсініп, шығармашылық деңгейге көтеруге көп еңбек еткен әл – Фараби Платон мен Аристотель еңбектеріндегі көптеген философиялық ойларды дамытты.
Ибн-Сина (Авиценна) (980-1037) – ғылымдарды класификациялаған. Философиялық білімді 2-ге бөлді: практикалық және теоретикалық.
Теоретикалық – ақиқатқа жетуге бағытталған ғылымдар, олар: физика, математика, метафизика.
Практикалық – саясат, экономика, этика. Бәрі логиканы пайдаланады, логика – ғылымның құралы, бәріне таным әдістерін ұсынады.
Ибн-Сина философия мен теологияның ерекше статустары туралы айтты, кейін ол Ибн-Рушдтың «екі удайлы ақиқат теориясынан» көрініс тапты.
Ибн-Рушд (Аверроэс) (1126-1198) – Кардова халифатының тұсында Испанияда өмір сүрген араб-испан философы, «фальсафа» (философия) терминін ендірген.
Материалды дүние мәңгілік, бірақ кеңістікте шекті, Құдай мәңгілік, табиғат та мәңгілік.
Ол жанның мәңгілігін теріске шығарды. Индивидтің жаны тәнімен бірге өледі, яғни тән өлгенде оның сезімі, есі тарап жоғалады. Адам әрекеті келесі өмірде шартты түрде, адам өзі жақсылықтар жасауы керек.
«Екі удайлы ақиқат» теориясы – ғылым мен философияны дінен босату керек, бір ғана шындық бар, ол – философиялық шындық деген.
12. Абай сияқты Шәкәрім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.
Діни ұғымдар, ғажап жағдайларға сену (магентизм,
Ұждан, былайша айтқанда ынсап, әділет, мейірім
моральдық мәселелерін арнайы қозғайды. Ұжданды орысша
Бірінші аныққа, дүние өздігінен жаралады деген
Екінші анық магнетизм, спиритизм (о дүниеге,
1. Магнетизм - оның пікірінше бір
2. Спиритизм - Рухты материяға қарсы
3. Телепатия, оның пікірінше, алыста жүрген
Үшінші анық – ұждан. «Абайдағы -
Инстинкт - сезімдік жан,
Сана (сознание) - аңғарымпаз жан,
Ой (мысль) - ойлайтын жан,
Ақыл (ум) - ақылды жан.
Жанның әртүрлі қасиеттері, әртүрлі бөлінуі дене
Ол жанды өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда
Ұжданның негізі - әділдік ұғымы, оның
Ұжданың келесі ұғымы - мейірім. Бұл
Ұждан - ынсап. Көшпелі өмір
13. Монизм – бүкіл дүниедегі нәрселердің бір ғана бастамасын мойындайтын философиялық ілім. Материалистік монизм идеясы бойынша негізгі ұғым материя болып табылады. Идеалистер барлық құбылыстың бірден-бір бастамасын рух, идея деп санаған. Идеалистік монизмнің ең дәйекті бағыты Гегельдің философиясы болып табылады.
Дуализм – материалистік және рухани субстанцияларды өзара тең құқылы бастаулар деп есептейтін монизмге қарама-қарсы философиялық ілім. Дуализм Декарт пен Кант философиясына тін.
Плюрализм – дүниенің бастамасы ретінде көп субстанцияларды мойындайтын философиялық ілім. Плюрализм – (лат. Plurais- көптік) дүниенің негізгі бір-бірімен байланыссыз, белгілі бір бастамасы жоқ, рухани мәндерден туралы дейтін ілім. Болмыстың негізінде көптеген (жер, су, рух, т. б.) нәрселер бар деп санайды.
14. Схоластика – бұл кезеңнің негізгі міндеті діни догмаларды негіздеп, дәйектеп, қорғау болды. Схолостикалық философияның әдісі – ақыл көмегімен, яғни философия арқылы ақиқатты анықтау болды. Схоластикалық ойлау мәні жағынан 2 мәселеге шоғырланды: 1) әмбебаптылық мәселесі бойынша номинализм мен реализмнің таласы; 2) Құдайдың бар екендігін дәлелдеу.
Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.
Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан дінітұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдің логикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал. Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді.
15. XVIII ғ. философиясы сан қилы көзқарастарға толы кезең, онда: материалистік және идеалистік бағдардағы ойлар, атеистік және деистік көзқарастар да болды. Бұл дәуір философиясын ағартушылық кезең деп атауға болады.
XVIII ғ. француз материализмі – материалистік философияның жаңа тарихи баспалдағы. Аталмыш философия табиғат, адам және қоғам туралы материалистік ілімдерге сүйенді.
Сонымен, француз ағартушылары тарихтың қозғаушы күші адамзат ақылы, ағартушылық процесс екендігін басты атап көрсетті.
Барлық ағартушылық философияның негізін қалаушы, философ-материалист, либерализм доктринасын жасаушы, психолог және педагог Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) болды, ол Отанындағы діни және саяси қозғалыс ықпалында өскендіктен, XVII ғ. екінші жартысында педагогиканы жеке тұлғаны зерттейтін ғылым ретінде ала отырып, сана-сезім психологиясы ілімінің негізінде таным теориясын құрды. Ол бірінші болып адамның табиғи құқы негізінде сөзсіз жеке бостандық идеясын тұжырымдады.
Ғасырдың ұлы идеясы әдебиет арқылы көпшілік көңілін баурап алды. Ағарту әдебиеті жаңа оқушының пайда болуына әкелді, бұл оның өз бетімен білім алуға құштарлығын арттырды. Ағарту жазушылары өздерін философтар деп атады. Жазушы-философтың шығармалары бірнеше данада қайтадан басылып шықты.
Әдебиет қоғамдық ой-пікірге сүйенді, ол ой-пікір үйірмелер мен салондарда қалыптасты. Сарай жалғыз орталық болудан қалды. Париждің философиялық салондары сәнге енді, онда Вольтер, Дидро, Руссо, Гельвеций, Юм, Смит болды. Оқыған білімді қоғам ағартушылардың жаңадан басылып шыққан шығармаларын құмартып оқыды. 1717 жылдан 1724 жылға дейін Вольтердің жарты миллион томы және Руссоның шамамен миллион томы басылып шықты.
16. Легистер (заңгерлер) Негізгі өкілдері Шан Ян (б.д.д IV ғ.), Хань-Фэй-цзы (шамамен б.д.д IIIғ.). Легистер конфуцийшылдардың мемлекетті әдептілікке негізделген заңдарды жүзеге асыру арқылы басқару керек деген пікірлеріне қарсы болып, керісінше, мемлекетті тек қана заңға сүйеніп басқаруға болады, себебі «мейірімділік пен адамгершілік» — қылмысқа апаратын бірден-бір жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады деп уағыздайды. Сөйтіп, легистер ар-ожданның орнына қорқынышты дәріптейді. Елде тәртіпсіздік болмас үшін: 1. Мақтаудан жазалау көп болу керек. 2. Аямай жазалау арқылы халық арасында үрей тудыру қажет. 3. Ұсақ қылмыс жасағандарды аямай жазалау керек, сонда олар үлкен қылмыс жасамайтын болады. 4. Адамдар арасында бір-біріне сенімсіздік тудыру керек. Осы қағидаларды бұлжытпай орындағанда ғана халық билеушінің айтқанын екі етпей орындайды және керек болса, өлімге де барады. Конфуцийшылдардың «Мемлекет — үлкен отбасы, оның басшысы — халықтың әкесі» деген ілімінің орнына легистер: «Мемлекет — өз алдына бір машина сияқты құбылыс, билеуші — өзін ата-баба аруағынан да, халықтан да, Аспаннан да жоғары қоятын деспот. Мемлекеттің негізгі мақсаттары: 1. Ұсақ патшалықтарды біріктіріп, Аспан аясыңдағы (Қытай) мемлекет құру; 2. Осы мемлекетке басқа халықтарды бағындыру. Осы тұрғыдан өнерге, білімге деген қүштарлық теңелуі қажет. Мемлекеттің экономикалық негізі қолөнер немесе сауда емес, егін шаруашылығы болуы керек. Мемлекеттегі қызмет орындары адамдардың жүмыс істеу қабілетіне қарай бөлінуі тиіс». Конфуцийшылдар мен легистердің арасындағы күрес көп жылдарға созылды. Тіпті қазірдің өзінде де осы философиялық бағыттарды жақтаған немесе қарсы шыққан саяси топтардың кездесетінін ескерткен артық болмас.
17. әл-Фараби (870-950) – шығыс перипатетизмінің көрнекті өкілі. Аристотель шығармаларының шығыстағы комментаторы. Философиясына болмыс мәнін түсінуге тырысты. Негізгі еңбектері «Бақытқа бастайтын жол» «Азаматтық саясат», «Мемлекет қайраткерлерінің көзқарастыры», «Қайырымды қала тұрғындары» және т.б. бақытқа ұмтылудың себебі – адамның өзін-өзі жетілдіруі мен саясаттың соңғы мақсаты деп түсіндірді.
Әл Ғазали (1059-1111) — мұсылман дүниесінде беделі мықты, Мұхам-мед пайғамбардан кейінгі екінші мұсылман деген атаққа ие болған ойшыл. Мұсылмандық Шығыс жұртының әлеуметтік-тарихи дамуы Ибн Сина кезеңінен соң құлдырай бастады, бірақ мұсылмандық оқу орындары көбейді. Солардың бірінде, селжүк сұлтаны Мелик шахтың уәзірі Низам әл Мүлік Бағдатта ашқан теологиялық академияда әл Ғазали ұстаздық және басшылық етті. Ол үнемі ізденіс-күдік процесін басынан кешті, ақиқатқа Августин Аврелий секілді қиын жолмен жетті, фикх — мұсылмандық құқықтан дәріс бергенімен, өмірінің соңында таза сопылық жолына түсті. Әл Фараби мен ибн Синаны кеп зерттеген әл Ғазали өзінің пікірлерін «Философтарды терістеу» еңбегінде баяндады.
Әл Ғазалиді ғылым мен философияны мүлдем теріске шығарушы деп санауға болмайды. Мысалы, ол математика, физика, медицина, логиканың практикалық пайдасын мойындайды, бірақ белгілі бір шекара болуы қажет, ғылыми тұжырымдарды теологиялық сұрақтарды шешу үшін пайдалану дұрыс емес, себебі философтардың бәріне сенбеу және құдайсыздық тән дейді. Әл Ғазали философтарды үш категорияға беледі:
1 ) дахриттер — Эмпедокл, Анаксагор, Демокрит және тағы басқа ежелгі философтар. Олар жаратушыны мойындамайды, дүниені мәңгілік деп есептейді;
2 ) жаратылыстанушылар — бәрін табиғи себептер арқылы түсіндіреді, о дүниені жоққа шығарады;
3) метафизиктер — Сократ, Платон, әл Фараби, ибн Сина — «философ-мұсылмандар».
Әл-Бируни ғылымның түрлі салаларынан көптеген еңбектер, оның ішінде «Ертедегі халықтар хронологиясын», «Үнді суреттемесін», т.б. жазды. Философиялық көзқарасы бойынша ол да идеалист болды, дегенмен өзінің жаратылыстану шығармаларында әл-Фараби сияқты кең құлашты ғалым бірқатар материалистік пікірлер айтты.
18. 16 ғ-да адамзат баласының сауда-саттықты өрістетіп, теңіз жолын меңгеруі, ірі мануфактураларға ие болуы бірнеше келелі міндеттерді теор. және тәжірибелік тұрғыдан шешу қажеттігін алға тартты. Нақ осы кезде ғылым Қайта өркендеу дәуірі идеяларының әсерімен схоластикалық дәстүрлерден қол үзіп, практикаға жүгіне бастады. Шығыс жұртыныңкомпасты, оқ-дәріні ойлап табуы және кітап басу тәсілін меңгеруі ғыл. және тех. қызметтердің берік одағын құруға жетелеген ұлы жаңалықтар болды.
Мануфактуралық кезең ірі өнеркәсіптің бастапқы ғыл. және тех. нышандарын дамытып, Г.Галилей, И.Ньютон,.Торричелли, кейін Д.Бернулли, Э.Мариотт, Ж.Л.Д’Аламбер, Р.А.Реомюр, Л.Эйлер, т.б. ғалымдар тарихқа «өндіріс қызметшілері» деген атпен енді. 18 ғ-дың соңында машина өндірісінің пайда болуына математиктердің, механиктердің, физиктердің, өнертапқыштар мен шеберлердің үлкен бір тобының ғыл.-тех. жасампаз іс-әрекеттері негіз қалаған еді. Дж. Уаттың бумен жүретін машинасы конструкторлық-тех. ізденістің ғана емес, «ғылымның жемісі» саналды. Ал машиналы өндіріс өз кезеңінде ғылымды технол. тұрғыдан қолдану үшін тың, шын мәнінде шектеусіз мүмкіндіктерді ашты.
1637 жылы Галилей екі көзінен айырылады. Галилей XVII ғасырдағы механика, оптика және астрономия ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Ол ашқан жаңалықтар дүниенің гелиоцентрлік жүйесі туралы ілімнің жеңіп шығуына ықпал етті. Статика тарихыАрхимедтен басталса, динамика тарихы Галилейден басталады. Ол ұлы ғалым болумен бірге, музыкант, суретші, ақын, әдебиетші де болған. Тепе-тендік принципіне негізделген машина жайлы зерттеуі, дененің еркін түсуі, дененің көлбеу жазықтықтағы қозғалысы, көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған дененің қозғалысы, маятник тербелісінің изохрондығы туралы жаңалықтары осы кезеңге жатады. Галилей өзінің алғашқы телескопын (1609) құрастырады да, осы телескоптың көмегімен Шолпан планетасының фазасын, Күндегі дақты, Юпитердің төрт серігін, Сатурнның сақинасын ашты.
Эйлердің негізгі еңбектері сол кездегі математика мен механиканың барлық саласына, серпімділік теориясына, математикалық физикаға, оптикаға, музыка теориясына, машиналар теориясына, баллистикаға, теңіз ғылымына, т.б. арналған.
Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді. Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты.Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.
19. Герменевтика — түсіну туралы, рух туралы ғылымдарды ғылыми менгеру туралы ілім. Терминнің өзі көне Грецияда пайда болды, алынған хабарды белгілі бір ережелер мен интуицияға сүйене отырып түсіндіру өнері дегенді білдіреді. ХХ-ғасырда феноменология және экзистенциализм бағыттарының шеңберінде дамыған герменевтиканың негізін қалаушы Ф.Шлейермахердің (1768-1834) түсіндіруі бойынша, бұл Евангелие мәтіндері авторларының рухани дүниесіне ену тәсілі. Герменевтикада философиялық пайымдау объектісі болып тіл танылады. Неміс философы В.Дильтей герменевтиканың өрісін кеңейтіп, оның міндетін белгілі бір философиялық бағыттың өкілінің ғана емес, тұтас дәуірдің, мәдениеттің ішкі дүниесін түсінуге мүмкіндік беру деп анықтады. М.Хайдеггердің ойынша, «тіл — болмыстың үйі», яғни тіл арқылы адамның ішкі феномендеріне үңілуге болады, ол түсінудің бастауы.
Неміс философы Х.Г.Гадамер мәтін-тексті ақырғы реалдылық деп жа-риялап, оны философиялық пайымдау объектісіне айналдырды. Герме-невтика тәсілі арқылы жеке тұлғаның ішкі дүниесіне, философиялық ой-ларының тылсым қатпарларына үңілуге болатындығын қазақ философы, академик Ғарифолла Есім «Хакім Абай» атты еңбегінде жақсы дәлелдеп шықты. Абайдың шығармаларына герменевтикалық талдау жасау арқылы ол ұлы ақынды терең ойлы философиялық тұлға ретінде тамаша ашып көрсетті.
Герменевтика – (гр.hermeneo) түсіндіремін, мәтіндерді түсіндірудің өнері. Неопозитивизмнен ерекше, ол тілдің өзі дүниетанымды қамтитынына сүйеніп, дүниені түсіну үшін тілді оқу жеткілікті деп есептейді.
20. Платонның түсінігінше игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеум. топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған — философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар — әскербасылар, т.б., ал игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар — қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеум. топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеум. топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды. Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында "барлық нәрсенің өлшемі — Құдай" деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с айналысады.
Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократ. мемлекетті жатқызды. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады
21. Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік сана мен философиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды.
Осы себептен де Абай: "... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді",— деп қайыра түсінік беріп отыр...
Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласыныңқайнар көзі осы жақта жатыр.
22. Дүниегекөзқарас – дүние мен ондағы адамның орны жайындағы жалпылама көзқарастардың, принциптердің, бағалардың жиынтығы немесе жүйесі.
Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рациональды дүниеге көзқарастың жүйесі.
Философияға дейінгі дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи типтері – мифология және дін.
Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы.
Мифте маңызды дүниегекөзқарастық сұрақтар бейнеленген: әлемнің, адамның пайда болуы, өмір мен өлім, тағдыр, қайрымдылық пен қатігездік туралы сұрақтар. Басқа дүниегекөзқарастар – дін мен философия – мифологиядан қалған сол сұрақтарды қарастырды. Бірақ оларға жауаптарды басқаша жолмен іздеді..
Дін – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.
Діни дүниегекөзқарас түрлі діни формаларда түрліше көрінетін, бұрынан және қазір де түрлі елдер мен аумақтардағы бұқаралық санаға көп әсер ететін діни көзқарастарға сүйенді. Мәдениеттің кез-келген құбылысы сияқты дін адамға өз тағдырын табуға, адамилыққа үйрететін өзінше ойлау жолы мен білімді ұсынады.
Дін мен философияның айрмашылығы неде? Философия – ғылым, бұл рационалды-теоретикаллық дүниетанымның. Дін тек сенімге ғана сүйенеді. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Дін – шіркеудің, діни ілімдердің авторитетіне сүйенеді. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады. Дін бәрінен бұрын интуицияға сүйенсе, философия рационалды танымды негіздейді.
23. Психоанализдің гуманистік психоанализ немесе неофрейдизм деп ата-латын бағытының негізін салушы неміс-американдық философ, психолог. социолог Э.Фромм (1900 -1980) Фрейдтің биологизмін, либидо теориясын. табиғилық пен әлеуметтікті қарама-қарсы қоюын, психологияны философия мен этикадан бөлектеуін сынады. Ол адамды әлеуметтік тіршілік етуші, табиғи және адамдандырылған дүниемен үнемі байланыс жасаушы ретінде қарастырады. Оның ойынша. Фрейдтің ілімі адамды тереңірек тануға мүмкіндік бергенімен, оның өмірінің мән-мағынасы, моральдық және этикалық нормалар туралы, адам қалай өмір сүруі керек және не істеуі тиіс деген сұрақтарға жауап бермеді. Э. Фромм К.Юнгтің аналитикалық психологиясы да адам өмірінің мәні мәселелерін назардан тыс қалдырды деп есептеді. Адамның этикалық мінез-құлықтарының бастауын адамның өзінен іздеген гуманистік этиктердің еңбектеріне сүйене отырып, Фромм моральдық ұстанымдар адамның ішкі қасиеттеріне негізделген болуы керек, әйтпесе оларды бұзу тұлғаның психикалық және эмоциялық құлдырауына әкеледі деген тұжырым жасайды. Осыдан келіп гуманистік психоанализдің мақсаты шығады — гуманистік этиканың құндылықтарын меңгеру, өзінің ішкі табиғатын танып-білу және «өмір өнерін» игеру арқылы адамның ішкі мүмкіндіктерін дамытуына, өмір сүруге ұмтылуына ықпал ету.
Фромм еркіндік және жаттану категориялары арқылы адамдардың ба-сым көпшілігі өзінің нағыз «Менін», «Өздігін» емес, «Жалған Менін» да-мытатынын, осы процестің нәтижесінде өзін жоғалтып, ешшеңеге айна-латынын көрсетеді. Бірақ Фромм адамның онтологиялық және тұлғалық сипаттамаларына, әсіресе «үмітп» элементіне сүйене отырып, оптимистік болжамдар жасайды. Оның пікірінше, «үміт» өмір құрылымының ішкі элементі, ол пассивті үміттену, күту емес, белсенді әрекетке дайын болу,адам рухының динамикасы, адам болмысының маңызды шарты, сондықтан да Фромм адамды Ното еsрегапs (үміті бар) деп сипаттайды.
24. Шопенгауэр философиясының орталық ұғымы –ерік.
- Ерік – абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;
- Ерік – тіршілік негізінде жатқан космостық күш;
- Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік – дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;
- өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;
- дүние – еріктің жүзеге асуы.
Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді.
Қоршаған дүние мен өмір негізінде ерік жатыр. Ницще адам еркін бірнеше түрге болді:
1. өмірге деген ерік;
2. адамның өз ішіндегі ерік;
3. басқарылмайтын бейсаналық ерік – аффектілер;
4. билікке ерік.
Ницще еріктің соңғы түрі «билікке ерікке» көп көңіл болді, ол адамның бәріне тән. «Билікке ерік» табиғаты бойынша өзін-өзі сақтау инстинктіне ұқсас.
25. Философия – дүниегекөзқарастың жоғарғы деңгейі. Бұл теоретикалық түрде құрастырылған, рациональды дүниеге көзқарастың жүйесі.
Философияға дейінгі дүниеге көзқарастың алғашқы тарихи типтері – мифология және дін.
Мифология – қоғамдық дамудың алғашқы сатысына тән, дүниені түсінудің алғашқы тәсілі, қоғамдық сананың бастапқы формасы.
Мифте маңызды дүниегекөзқарастық сұрақтар бейнеленген: әлемнің, адамның пайда болуы, өмір мен өлім, тағдыр, қайрымдылық пен қатігездік туралы сұрақтар. Басқа дүниегекөзқарастар – дін мен философия – мифологиядан қалған сол сұрақтарды қарастырды. Бірақ оларға жауаптарды басқаша жолмен іздеді..
Дін – дүниеге көзқарастың екінші формасы, дүниенің жаратылысын жоғарғы күшке сенімге негіздеп жасады.
Діни дүниегекөзқарас түрлі діни формаларда түрліше көрінетін, бұрынан және қазір де түрлі елдер мен аумақтардағы бұқаралық санаға көп әсер ететін діни көзқарастарға сүйенді. Мәдениеттің кез-келген құбылысы сияқты дін адамға өз тағдырын табуға, адамилыққа үйрететін өзінше ойлау жолы мен білімді ұсынады.
Дін мен философияның айрмашылығы неде? Философия – ғылым, бұл рационалды-теоретикаллық дүниетанымның. Дін тек сенімге ғана сүйенеді. Философиялық ойлау еркінойшылдыққа сүенеді, белгілі бір авторитетке тәуелді емес. Дін – шіркеудің, діни ілімдердің авторитетіне сүйенеді. Философия білім жүйесінсіз мүмкін емес, ол тарихи білімді ұсынады. Дін бәрінен бұрын интуицияға сүйенсе, философия рационалды танымды негіздейді.
26. Гуманизм – (лат. Humanus) орта ғасырдың соңғы кезеңінде пайда болып, схоластика мен шіркеудің рухани үстемдігіне қарсылық арқылы адам баласын босатып, еркін жетілуді мақсат еткен әлеуметтік қозғалыс. Гуманистік қозғалыстың негіздеушісі Франческо Петрарканың негізгі міндетті «өмір сүру өнерін» жасау болды. Оның пікірінше, адам нақты осы өмірінде бақытқа кенелуге құқы бар. Петрарка адамның тұлғалық мәні адамның ішкі дүниесінің үміті, бастан кешкендері мен қорқынышымен ерекшеленеді. Петрарканың көзқарастарында индивидуалистік тенденция орын алған, бұл тенденция да Қайта Өрлеу дәуірінің негізгі сипаты болып табылады. Тұлғалақты шыңдау жағымсыз әрекетерден арылуға тырысқанда, әруақытта өзін жетілдіргенде мүмкін болады (Джованни Бокачоға да осы идеялар тән).
Антропоцентризм – дүниені адам арқылы бағалайтын дүниенің тетігі, адам деп білетін идеалистік ілім, көзқарас.
27. Неміс классикалық философиясының негізін қалаған – Иммануил Кант (1724-1804). Оның өмірлік ұраны: «Шыдамдылық және өзіңді ұстай білу». Кант философиясы трансцендентальды идеализм деген атау алды. Кант таным теориясында барлық білімдер 2-ге бөлінді: 1) тәжірибелік білімдер – апострорий;
2) тәжірибеге дейінгі білімдер – априорий.
Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) негізгі шығармалыры: «Рух феноменологиясы», «Логика ғылымы», «Құқық философиясы», «Философия тарихы бойынша дәрістер». Гегельдің пайымдауынша, әлемнің негізінде жеке-даралық емес, жалпылық-бүтіндік жатыр. Әлем жеке даралықтардан, атомдардан немесе жандардан тұрмайды, жекелердің мұндай бірлігі иллюзия. Абсолютті идея өз кезегінде 3 стадиядан өтеді. Тұтастай ол триаданы құрайды: 1) Тезис (әлденені ұстанушы); 2) Антитезис (терістеуші); 3) синтез (біріктіруші).
28. Философия біздің өмірлік тәжірибеміздің бір бөлігі болып табылады.Біз мұны мойындасақ та, теріске шығарсақ та философиялық ой-толғаулар біздің күнделікті өмірімізді толықтырып, адамзат дамуының бүкіл ұзақ жолы ілесіп келеді. Философия б.з.д. VІ-V ғасырларда қалыптасты, осы кезден бастап адазат әлемі туралы, ондағы өзнің орны мен тағдыры туралы рационалды көзқарас қалыптастыра бастады. Философиялық рефлексияның пайда болуы күрделі үдеріс болыптабылды.адазат ойының дамуы архайкалық, фантастикалық, илюзиялық көзқарас қалыптастан оның рационалдық-танымдық формаларына дейін ұзақ жолдан өтті. Ғылым философиясы— ғылымды адам іс-іәрекетінің ерекше аясы және ұдайы дамудағы білімнің жүйесі деп қарайтын философияның тарауы. Ғылымда білімді философияның гносеологиялық және методологиялық тұрғыдан зертеудің аздаған тарихы болғанымен, Ғылым философиясы –соңғы кезде 20 ғасыр кеңінен тарй бастады. Ең алғашқы бұл термин логикалық позитивтер деп аталатын философтардың еңбектерінде қолданылып, ғылым тілін философиялық тұрғыдан зерттеулер тек ғана формальдық (математикалық) логика шеңберінде болуы керек. Ал ғылыми ғымдарды эмпирикалық, тәжірибе, байқау арқылы түсіндіруге болады деп түсіндірілді. Ғылым, бұл концепция бойынша— адамның ең жоғарғы ісі
29. Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон, Анакси-мен – ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Элея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рацио-нальдік танымға деген қүштарлық күшейді. Адамдардың орісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси омірге дайындайтын, созге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын ин-теллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адам-дармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.
30. Материалистік философияны жүйелеп көрсеткен Поль Анри Гольбах (1723 – 1789) болды.
Оның ең ірі трактат «Табиғат жүйесі» (1770). Оның негізгі идеясы – материя біздің сезім түйсіктерімізге әлдеқандай жолмен әсер ететін нәрселердің бәрі. Ол өзгермейтін және бөлінбейтін атомдардан тұрады, олардың негізгі қасиеттері – ұзындық салмақ, пішін, бітеулік. Қозғалыс ол да материяның атрибуты, оны денелердің кеңістікте жай ғана орын ауыстыруы ретінде қарады. Адам – табиғат заңдарына бағынатын оның бөлігі. Детерменизмді қорғап, сонымен бірге себептілікті механистік тұрғыдан қарастырды. Ол кездейсоқтықты жоққа шығарды. Гольбах таным мәселесінде сенсуализмді ұстанды, агноститсизмге қарсы болды. Саясаттак – конституциялық манархияның, ал бірқатар жағдайда – білімдер абсолютизмнің жақтаушысы болды. Қоғамдық көзқарастарда идеялис «Пікір – дүниені билеп-төстейді» деді. Ол заң шығарушылардың қызметі тарихта шешуші роль атқарады деп ойлады. Адамдардың азаттық алу жолы оқу-ағартуда деп білді.
Клод Андриан Гельвеций (1715-1771) «Ақыл туралы» трактатының авторы. Гелвеций Бойынша, объективті өмір сүретін материя сезім – түйсік арқылы танылады. Гельвеций еске сақтауды танымның екінші құралы деп санады, оған ұзаққа созылатын бірақ әлсіз түйсік деп анықтама берді. Ойлауды қарапайым түрде түсіне келіп, түйсіктердің араласуы деп анықтады. Адам мінез-құлқын тәрбиелеудегі қоғамның атқаратын рөлін атап көрсетті, осымен феод. Қатынастарды капит. Қатынастармен ауыстыру қажет екнндігін түсіндірді. Қоғам дамуында адам санасы мен құштарлығының айқын рөлін көрсетті. Сонымен ол адам қалыптасуындағы ортаның шешуші рөлі, жеке және қоғамдық мүдделердің жарасымды қауышу идеясы, ақыл қабілеттің теңдігі марксизмдекгі утопиялық соцализмді қалыптастыруда негіз болды.
Франсуа Мариаруэ Вольтер (1694-1778) - француз жазушысы, философы, тарихшысы, француз ағартушыларының көсемдерінің бірі. Өзініңшығармаларына феодалдық қатынастарды, деспотияны, дінді қатты сынайды.[1] Жоғарыдан реформа жасау арқылы қоғамда өзгерістерге жетпекші болды. Әлеуметтік жамандық білмеушіліктен деп есептеген. Оның пайымдауынша, теңдік, еркіндік жаратылыстан берілген құқықтар. Барлық азаматтар заң алдында тең. Бірақ мүліктік теңсіздікті адамдардың жаратылысынан солай деп түсінді. Кез келген еркіндіктің бастауы - ұят пен сөз еркіндігі. Католиктік шіркеу мен католицизмге Вольтер қарсы болғанымен, жалпы дінге қарсы болған жоқ. Көпшілік халықты қолда ұстау үшін дін өте қажет деп есептеді. Қоғамды демократиялық негізде қайта құру мәселесі оны алаңдатқан жоқ. Ол үшін маңызды мәселелер: жаратылыс құқы, еркіндік, тендік. Еркіндік ол үшін бірінше кезекте жеке адамның, индивид еркіндігі, ал жалпы қоғам еркіндігіне мән бермеді. Жеке адам еркіндігінің негізі - сөз еркіндігі, онымен бірге баспасөз еркіндігі. Католиктік шыдамсыздыққа қарсы ар-ұятеркіндігін ерекше қарсы қойған.
Руссо Жан Жак (1717-1778) - "Қоғамдық келісім туралы" еңбектің авторы. Негізгі идеясы - халық егемендігі. Қоғамдық келісімнегізінде ортақ ерік жатыр. Мінеки, осы ортақ ерікпен бағытталатын билікті ол егемендік деп атаған. Мемлекеттегі егеменді биліктің бөлінуін қолдамады. Руссо пікірінше, заң шығарушы билік тікелей егеменді халықтың өзімен іске асырылады. Ал атқарушы билікегемендіктің шешімі бойынша қол астындағылармен байланыс үшін құрылады. Атқарушы билік кімге тапсырылды соған байланысты биліктің түрлерін бөлген: демократия, аристократия, монархия. Географиялық фактор рөлін көрсеткен: демократиялық басқару кішігірім мемлекетте; аристократиялық басқару орта, монархиялық басқару үлкен мемлекетке тән. Руссо пікірі бойынша, демократия - мемлекеттік тетік қана емес, сонымен қатар адамдарды жетілдіру, олардың мүмкіндіктерін дамыту. Руссоның теориясы кішігірім меншігі бар ұсақ шаруалардан құралған квазидәстүрлі қоғамның идеалды жобасына бағытталған.
31. Таным процесіндегі логика мен диалектикаға ерекше назар аударған алғашқы еңбектерінің бірі — “Рух феноменологиясында”Гегель зерде мен пайымның даму процесін тарихи негізде қарай отырып, көптеген жаңалықтар ашқанымен, негізгі мәселеге — философияға қатысты үлкен қайшылыққа ұрынды. Ғасырлар бойы қалыптасып қалған анықтамадан бас тартып, философияның мәні даналыққа ұмтылу да, даналық та емес деп, оны ғылым саласына айналдыруды көкседі. Мұның өзі кейінгі кезеңдерде философияға жалпы дүниені, қоғам мен табиғатты, ойлауды зерттейтін ғылым ретінде қарауға, ақырында оны идеологиямен қойыртпақтап, өз мәнінен айыруға жол ашты. Маркстік-лениндік философия дегеннің өзі осы жаңсақ идеяның “жемісі” еді. Г-дің ойынша, дүниеде бір күйде қалатын, өзгермейтін ештеңе жоқ. Қоғамның, адамның, танымның, тарихтың дамуы — объективті процесс, ешкім оны тоқтата алмайды. Табиғаттың дамуы адамға келіп тіреліп, адамзат, қоғам тарихына ұласып кетеді.
Кант философиясы болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерді қарастырмастан бұрын, танып-білу мүмкіндігінің шегiн белгілеп алуды ұсынады.
«Таза ақыл-ойды сынау» деген еңбегінде таным мәселесін талдайды. Канттың пікірінше, таным процесі үш сатыдан өтеді: 1. Сезім-түйсік сатысы. 2. Сараптаушы ақыл-ой. 3. Таза ақыл-ой. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін «өзіндік зат» (вещь-в-себе) – заттар мен құбылыстардың мәнi, біздің санамызда берiлген «біздік зат» (вещь-для-нас) - заттар мен құыбылыстардың сыртқы көрiнiсi немесе табиғат, деп екіге бөледі. Бұл дуалистік көзқарас. Өйткені, ол материалдық заттардың объективтік өмір сүруін мойындайды, алайда мәнін танып - білуге болмайтын «өзіндік зат» бар деп агностиктік ұйғарымға келеді. Зат ішіндегі мәнді ешуақытта таза ақыл-оймен анықтауға болмайды. Бұл трансцендентальдық, яғни логикалық ойлаудан, тәжірибиеден тыс.
Агностиктік білімнің пайда болуына байланысты, заңды сұрақ туады: егер жеке заттарды және тұтас әлемді тану мүмкіндігі жоқ болса, ғылыми білімнің тегі мен мәні қандай? Кант осыған өзінің гипотезасы мен теориясын жасады? Осы мәселелерді түсіндіру үшін, ол өзінің таным теориясына априорлық білім түсінігін енгізді, бұл ─ тәжірибеге дейінгі және тәжірибеден тыс алынған білім болды. Априорлық ─ ақыл-ойда әуел бастан бар және дәлелдеуді керек етпейді. Мысалы, «Адам өмірі уақытпен өтеді», «Барлық дененің ұзындығы бар». Тек априорлық білім дәлелді және сенімді, жалпылық және қажеттілік қасиетіне ие бола алады. Ол априорлық білім түрлеріне біздің кеңістік пен уақыт туралы түсінігімізді жатқызды. Бірлік, көптік, тұтастық, нақтылық, терістеу категориялары тәжірибеге дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олар «бiздiк заттардың», табиғаттың ретсiздiгiн жоюға, жүйеге келтiруге қолданылады, яғни соңғыларды бiздiң санамыздың өзi жасайды - бұл Кант философиясының субъективтiк идеализмге ауытқуы.
32. Қазақ философиясы бастау алатын екінші ойшыл, қоғам қайраткері – М.Х.Дулаттың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде түркі дүниесінің рухани тұтастығы және оның дүние жүзі халықтары өркениетімен тығыз байланысы нақтылы мысалдармен баяндалған. Дулат философиялық антропологияның басты мәселесінің бірі күнә ұғымына сол заман ойшылдары еңбектеріне сүйеніп, талдау жасаған.
Мұсылмандық Шығыс дүниесінің тағы бір көрнекті өкілі, ХІ-ғасырда өмір сүрген ғұлама ойшыл Жүсіп Баласағұн еді. Ол өзінің негізгі туындысы «Құтадғу білікте» адам өмірі туралы өсиетін қалдыруға бекінеді. Жүсіп Баласағұн үшін адам баласы — дүниедегі ең басты құндылық. Адамды жаратушы алла тек оны ғана емес, ай мен күнді, күн мен түнді, аспан мен жерді, дала мен тауды, қол мен елді де дүниеге әкелді бірақтек адамға ғана теңіздейін телегей ақыл, білімге бой ұрдырар зерде қайырымды іс қылдырар ар-ұят пен намыс сыйлады. Баласағұнның ойынша, ендігі міндет — осы адам деген атақты жоғары ұстау, оған сай өмірі сүру. Ол өмірді адамға алланың берген қарызы деп түсінеді, осы өмірд мәнді кешкен адам ғана қарызын қайтара алады. Баласағұн Мәнді өмірге жетудің азапты жолында адамға серік болар төрт қасиетті — әділет, дәулет, ақыл, қанагатты бөліп көрсетеді және оларға Күнтуды, Айтолды Өгдүлміш, Одғұрмыш деген есімдер береді.
33. Бенедикт (Барух) Спиноза (1632-1677) – европалық рационализмнің көрнекті өкілі, Р. Декарт ілімін жалғастырушы, Жаңа Заманғы жетілдірілген, толық және негізделген философиялық жүйенің авторы.
Спинозаның философиялық зерттеулерінің пәні:
1.субстанция мәселесі;
2.таным теориясы;
3.этика сұрақтары, бостандық және қажеттілік мәселелері.
Спинозаның философиядағы маңызды үлесі – болмыс мәні қарастырылатын субстанция теориясын жасауында. Негізіне Декарттың субстанция туралы теориясы алынғанымен, өзі онымен келіскенімен. Спиноза Декарттың теориясының кемшіліктерін жойын, өз жүйесін қалыптастыруға тырысты. Спиноза Декарттың субстанция туралы теориясының басты кемшілігі – оның дуализмінде деп санады. Ондағы қайшылық – өз тіршілігі үшін өзгені қажет етпейтін мән болғандарына қарамастан барлық субстанцияларды жаратқан. Жалғыз және Ең жоғарғы Ең ақиқат субстанция - Құдай болып, барлық басқа субстанциялар оған тікелей тәуелді болуында. Субстанциялардың өзара тәуелсіздігі мен олардың бәрінің бір мезгілде басқа субстанцияға – Құдайға жаппай, бірдей тәуелділігіне.
Т. Гоббс (1588-1679) – Бэконның философиялық дәстүрін жалғастырушы шәкірті:
1. теологиялық схоластикалық философияға қарсы шықты;
2. философия мақсаты – ғылыми-техникалық прогреске жол ашу, адам әрекетінің практикалық нәтижелеріне қол жеткізу деп түсінді;
3. эмпиризмді жақтады. Декарттың рационалистік флилософиясын сынады;
4. нағыз материалист болды;
5. қоғам мен мемлекет мәселесін маңызды философиялық мәселе деп санады;
6. мемлекет теориясын жасады;
7. мемлекет пайда болуының негізінде қоғамдық келісім жатыр деген идеяны алғаш ұсынды.
Гоббстың философиялық зерттеу пәні – гносеология және мемлекет мәселесі.
Гоббс адам танымы негізінен сезімдік қабылдау арқылы өтеді деп санады. Сезімдік қабылдау – сезім мүшелерінің (көз, құлақ, т.б.) қоршаған дүниеден сигналдарды қабылдап, өңдеуі.
Дж.Локк (1632-1704) – Бэкон мен Гоббстың философиялық идеяларын дамытып, Жаңа Замандағы ағылшын философиясының эмпиристік және материалистік дәстүрін жалғастырды.
Негізгі еңбегі: «Адамның ақыл – ойы туралы тәжірибе».
Дж. Локк философиясының негізгі қағидалары:
1.дүние материалды;
2.таным негізінде тек қана тәжірибе жатады («сезімде болмаған нәрсе адам ойында (ақылында) болмайды»);
3.адамға «туа біткен идеялардың» болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжірибе арқылы пайда болады;
4.сана – әр адам өз өміріндегі тәжірибемен толтыратын бос бөлме (empty cabinet) тәжірибе жазылатын «таза атқат» (tabula rasa);
5.тәжірибе көзі – сыртқы дүние;
6.философия мақсаты – адамның өз әрекетінде табысқа жетуіне көмектесу;
7.адам идеалы – сабырлы, занды тындайтын және заңды сыйлайтын, адамшершілікті ұстанатын, өзін жан-жақты жетілдіріп, өз саласында жақсы жетістіктерге жеткен джентельмен;
8.мемлекет идеялы – биліктің заң шығарушы, орындаушы және федеративті (сыртқы саяси) болып жіктелген негізде құралған мемлекет.
Мемлекеттегі билік бөлінісі туралы бірінші айтқан Локк болды.
1. Лейбниц – Жаңа Заман философиялық дәстүрін аяқтаушы;
2.Лейбниц – монадологиясы субстанциялардың көптігі туралы теория;
3.Лейбниц гносеологиялық (таным туралы ілім) – рационализм мен эмпиризмді келісімге келтірудің талпынасы.
Г.Лейбниц (1646-1716) – немістің математик-ғалымы, заңгер, философ – Жаңа Заман философиясының соңғы көрнекті өкілі және неміс классикалық философиясының ізашары. Негізгі еңбектері: «Монадология», «Адамның ақыл – ойы туралы жаңа тәжірибелер».
Лейбниц философиядағы рационалистік бағытты жа