Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

ОРЫТЫНДЫ




Нарық жағдайында бәсекелестiк күресте клиенттерге көрсетiлетiн қызметтердiң түрiн ұдайы кеңейтiп, салымдық және несиелiк қызмет көрсету сапасын жақсартып отыратын және әртүрлi комиссиондық-делдалдық қызметтер ұсынушы банктер ғана жеңiп шығады.

Ұсыныс ретіндешетелдiк тәжiрибенi ескере отырып және нарықтық қатынастарға деген бiздiң экономиканың курсы сақталған кезде халықтың ақшалар қаражаттарын салымдарға тарту жөнiндегi банк операцияларын дамытудың негiзгi бағыты (халықты несиелендiрудiң кезiнде коммерциялық банктердiң ресурстық базасы ретiнде қызмет етуi мүмкiн) төмендегiдей болуы мүмкiн:

1. Банктерге ағымдағы депозиттер мен негiзсiз жинақтар тарту үшiн жинақ салымдарының банктiк тәжiрибесiне ақша рыногының депозиттiк шоттарын енгiзген жөн. Олардың инфляция жағдайында келешегi бар, себебi олар бойынша пайыздық ставкалар еркiн белгiленiп, ақша рыногындағы сұраным мен ұсынымға байланысты өзгередi. Аралас режимдегi шоттарды пайдалануға болады. Мысалы, шоттардағы қаражаттар бiр жағынан есеп айырысу үшiн, екiншi жағынан, инвесторға белгiлi бiр кiрiс әкелетiн өзгеше қаржылық инвестициялар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.

2. Үй сатып алу үшiн мақсатты салымдар қалыптастыру. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыратын қаражат көзiн табу проблемасы, бiздiң ойымызша, банктер, құрылыс ұйымдары мен жергiлiктi өкiмет органдарына өзара бiрлескен iс-қимылдарының нәтижесiнде ғана шешiлуi мүмкiн.

3. Жаңа салымшылар тартудың тиiмдi құралы ретiнде пластикалық карточкаларды және смарт-карталарды кеңінен қолданыста қолдану. Келешекте қазақстандық банктердiң АҚШ банктерiнiң жұмыс тәжiрибесiн назарға алуына болады, олар халыққа әртүрлi қызметтер пакетi - байланысты қызметтер шоттарын ұсынады, мысалы, әдеттегi чектiк шот, қажет болған жағдайда оған жинақ салымнан ақша аударады және содан аккредитивтер ашылады, туристiк чектер, овердрафттар жасауға болады, несиелiк және дебет карточкалары, чек кiтапшалары берiледi.

Банктердiң халықтық қаражаттарын салымдарға тарту жөнiндегi жұмыстың жандануы тек банктiң ресурстық базасын нығайту үшiн ғана емес, сонымен бiрге ел экономикасы дамуының балансын сақтау үшiн де маңызы бар.

Депозиттік саясат мәнін қарастырған кезде оның объектісін, субъектілерін және де депозиттік саясаттың құрылу қағидалары мен депозиттік саясат шекараларын қарастыру қажет.

Коммерциялық банк депозиттік саясаттың субъектілері құрамына банктің клиенттері, коммерциялық банктер және мемлекеттік мекемелер кіреді. Ал депозиттік саясат объектілеріне банктің тартқан қаражаттары және банктің қосымша қызметтері жатады.

Жалпы халықтың көзқарасы бойынша банк жүйесіне депозит ретінде тартылған қаражаттардың барлығы несиелік операцияларға пайдаланылады деген болжамдар бар. Бұл сырт қараған көзге осылай көрінуі мүмкін. Өйткені, әрбір банк өзінің депозиттік және несиелік саясатын қаржылық операциялардың тұрақтылығын негізге ала отырып құрады. Сонда ғана банктер тұрақты жоспарланған табыс алу мүмкіндігіне ие болады. Банктердегі тартылған депозиттердің несиеге берілуі, яғни мультипликациялануы нәтижесінде белгілі бір уақыт ішінде бірнеше есе депозиттік салымдар мен несиелік ресурстарды көбейтетінін ескерсек, онда халықтың қолындағы банк жүйесіне тартылмай отырған қаражаттардың қаншалықты маңызды екенін түсінуге болады.

Осы барлық сандық салыстырмалы талдау нәтижелерін негізінде ала отырып айтар болсақ, коммерциялық банктер үшін несиелік операциялардың бүгінгі таңдағы табыстылығы барлық басқа активтік операцияларға қарағанда өте жоғары. Оның себебі банк несиесінің қайтарылу шартының банктер үшін ыңғайлы болып құрылуында.

Экономикалық тұрақтылық факторының бірі болып банк жүйесінің тұрақты түрде жүзеге асуы табылады. Осыған байланысты екінші деңгейлі банктердің қызметі өзекті, ал салымшылар мүддесін қорғауға кепілдік беретін банк салымдарын сақтандыру өлшемді болып табылады.

 






Дата добавления: 2015-09-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 550 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.