Лекции.Орг

Поиск:


Устал с поисками информации? Мы тебе поможем!

Гегельдің абсолюттік идеализмі




Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831 жж.) өзінің зерттеулерінде философия ілімінің барлық саласында – диалектика, логика, гносеология, тарих пен құқық, тарих философиясы салаларында қалам тербеп, өзінің пайымдауларын жасады. Ең бастысы – диалектиканыдүниедегі барлық мәнді нәрсенің даму теориясы және объективтік шындықты философиялық танудың әдісі ретінде қарастырды. Гегельдің философиялық жүйесін объективті диалектикалық идеализм жүйесі деп те атайды.

Гегельдің ойынша, дамуды тануға және оған жетуге деген талпыныс әлемнің дамуына қозғау салады. Дүниедегі барлық нәрсенің негізінде «ұғым» бар. Ол ұғым – болашақта болуы мүмкін заттардың бейнесі, яғни рухани қалыптасатын абсолюттік нәрсе. «Абсолюттік рух» дегеніміздің өзі дамитын таным.

Абсолюттік идея ұғымыГегельдің философиялық жүйесінің негізін құрайды. Абсолютті идеяны біртұтас жаһандық ақыл және ол барлық заттардың мәні мен ішкі мазмұнын құрайды деп түсіндірді. Абсолюттік идея (жаһандық рух, жаһандық ақыл), оның ойынша, жасырын түрінде барлық табиғи, қоғамдық, рухани құбылыстардың жиынтығынан тұрады. Осы тұжырымдамаға сәйкес адамзаттың рухани мәдениетінің дамуы «жаһандық ақылдың» шығармашылық күштерінің біртіндеп танылуы деп түсіндіріледі. Ал индивид өзінің рухани дамуы барысында «жаһандық ақылдың» өзін-өзі тану сатыларын басынан кешіреді. «Заттардың сезіммен танылған белгілерін атаудан бастап, «абсолюттік білімге» жеткенге дейінгі кезеңді, яғни рухани даму процесін іштей басқаратын заңдар мен формаларды» танығанға дейінгі кезеңді басынан өткереді».

Абсолют — құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне-өзі тең болады. Абсолюттік идея – нағыз шындық, болмыс және барлық материалдың денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі — әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әрекетшілдік тән, себебі ол — таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір сүре алмайды. Осы қасиетінің арқасыңда ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Бұл процесс төменде көрсетілгендей жүзеге асады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады және сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің диалектикалық мәнін көрсетеді. Таза акыл-ой дамуының диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілетінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр турлі даму кезеңі абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген тұжырым жасайды. Даму ироцесі, Гегельдің пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылануды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу).

Логиканың заңдары табиғат пен тарихи процеске тән болып келеді. Сол себепті Гегель әлемдегі процестердің барлығы ақылға сыйымды, логикасы бар және төменнен жоғары қарай дамиды деді: «Дүниедегі ақылға сыйымды, ақылға қонымды нәрсенің барлығы ерте ме, кеш пе шындыққа айналады».

«Логика ғылымы» еңбегінде Гегель идеалистік диалектиканың негізгі үш заңын, «болмыс», «мәнсіздік», «сапа», «өлшем», «мәнділік», «тепе-теңдік», «айырмашылық», «қайшылық», «қажеттілік пен кездейсоқтық», «мүмкіндік пен шындық» ұғымдарын (категорияларын) қарастырады. Гегельше ұғымдар ақиқаттың және «ойды анықтаудың» негізі, ал табиғат одан төмен, органикалық әлем, «абсолюттік идеяның» «соңғы» нәтижесі (басқа болмысқа ие болуы, өзін-өзі жоққа шығаруы). Табиғаттағының барлығы рухани әлемдегі идеялардың туындысы, оның объективті көрінісі болып табылады.

Осылайша, «абсолюттік идеяға» тірек болатын процесс деп табиғатты емес, адамзаттың рухани дамуын, яғни қоғамдық сана формаларының (өнер мен дін және философия) дамуын айтты. Ол үшін философия өзін-өзі дамытқан «абсолюттік идеяның» (логиканың) ең жоғары үлгісі болып табылады. Сол себепті де Гегель философия тарихын «абсолюттік рухтың» өзін-өзі тану тарихы деп атайды. Ол үшін философиялық білім абсолютті сипатқа ие.

В. Соловьевтің ойынша, Гегель үшін «Құдай дегеніміздің өзі философиялық ақыл, ол тек жетілген философияның арқасында ғана өзіне тән абсолюттік кемелділікке ие болады». Бұл көзқарастың негізі бар, себебі Гегель өзінің ілімімен «философияның дамуы аяқталатынына» сенді. Өйткені Гегель абсолюттік Рухтың пайда болуы мен дамуын, өзін-өзі тануын түсіндіріп берген болатын. Гегельдің философиясына сүйенетін болсақ, Идея Рухтың өзін-өзі дамытуының ең соңғы шегі. Сондықтан осы сатыда ол өзін-өзі танып, өзін-өзі тану процесін аяқтайды, сөйтіп, өзінің рухани «бастауына» қайта оралады. Абсолюттік идеяның өзін-өзі дамытуының осы сатысында «тікелей қатынасқа түсетін» әлем адамзаттық рух (ойлау) деңгейінде, яғни өнер мен діннің, философияның көзқарастары тоғысында ұғынылады.



 






Дата добавления: 2015-08-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1710 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Поиск на сайте:

Рекомендуемый контект:





© 2015-2021 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.